Құран белгілер жайында. 6-ші бөлім
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Құранның құрылымындағы белгілер мен таңбалар
Құранның баяндауы бойынша, Кітап Мухаммадқа бүтіндей бір ретте түсірілді. Әрине, түсіндірілу, Құранның түгелдей декламациялауының жолымен емес, бір нақты тақырып бойынша кейбір бөлімдердің декламациялауының жолымен іске асырылды. Осыған байланысты, Жаратушының Өзі, Құранды тарауларға (сүрелерге) бөлді. Сонымен қатар тараулар белгілерден тұрды.
Қандай да бір белгі болсын, Біз оны ыдыратпаймыз әрі оны ұмытпаймыз. Біз одан артығын немесе оған ұқсасын келтіреміз. Алланың әр нәрсеге Құдіретті екенін білмеп пе едің?! (2:106)
Ол саған Кітап түсірді. Оның ішінде айқын белгілер бар, олар Кітаптың іргетасы, және оларға ұқсас басқалары бар. Жүректерінде ауытқу барылар, оларға ұқсастарға ереді, олардың мағынасын ашуға ұмтылады және таңғалдыруға ұмтылады. Олардың мағынасын Алладан басқа ешкім білмейді! Білімдері тұрақтылар: «Біз оған сенім арттық, барлығы – Иемізден!» – дейді. Ақыл иелері ғана еске алады! (3:7)
Немесе: «Кітап бізге түссе, біз міндетті түрде олардан гөрі бағытталғанырақ болатын едік!» – деп айтасыңдар.
Сендерге Иелеріңнен айқын дәлелдер келді ғой – нұсқау мен мейірім! Біздің белгілерімізді өтірік санап, олардан жиренгеннен кім зұлымырақ?! Біздің белгілерімізден жиренгендерге, жиренгендері үшін, жаман азаппен қайтарамыз! (6:157)
Біз бір белгінің орнын басқа белгінің орнына ауыстырғанымыз кезде, ал Алла болса, не түсіргенін Өзі жақсы біледі, олар:
«Расында, сен ойдан шығардың!» – дейді.
Әрине, олардың көбісі білмейді! (16:101)
Сөйтіп Біз оны айқын дәлелдейтін белгі ретінде түсірдік! Расында, кім қаласа, Алла соны бағыттайды! (22:16)
Саған дейін де Біз елші мен хабарландырушыны, ол армандап отырған кезде, тілазар оның армандарына бір-нәрсе тастамағанымен жібермедік. Алла тілазардың салған нәрсесін жояды, сонан соң Алла Өз белгілерін бекітеді! Расында, Алла – Білуші, Дана! (22:52)
Расында, Біз белгілерді түсіндірілген түрде түсірдік! Кім қаласа, Алла соны тура жолға бағыттайды! (24:46)
Расында, бұл – әлемдердің Иесінің түсіргені! Онымен бірге сенің жүрегіңе сенімді Рух түсті, сенің алдын-ала ескертушілерден болуың үшін, айқын араб тілінде! Расында, ол бірінші Кітаптарда ғой!
Исраил балаларының ғалымдары оны білетіндігі олар үшін белгі болмады ма? (26:192-197)
Ол, сендерді түнектен нұрға шығаруы үшін, Өзінің қызметшісіне белгілерді айқын белгілер түрінде түсірді! Расында, Алла сендерге Есіркегіш, Рақымды ғой! (57:9)
Жинап келгенде, табиғат пен тарихтағы белгілер, пергаментте жазылған белгілерден өзге екендігі көрініп тұр. Осыған сүйене тұра, терминнің мағынасына сәйкес, жазылған ұйғарымдарды таңба деп атай аламыз.
Кітаптың таңбалары
Әлиф. Ләм. Ра. Бұл – дана Кітаптың таңбалары! (10:1)
Әлиф. Ләм. Ра.
Кітап.
Оның таңбалары бекітілді, сонан соң Дана, Хабардармен түсіндірілді! (11:1)
Әлиф. Ләм. Ра. Бұл – айқын Кітаптың таңбалары. (12:1)
Әлиф. Ләм. Мим. Ра.
Бұл – саған Иеңнен түсірілген Кітаптың таңбалары, – ақиқат, алайда адамдардың көбісі сенбейді. (13:1)
Әлиф. Ләм. Ра. Бұл – айқын Құранның, Кітаптың таңбалары! (15:1)
Та. Син. Мим. Бұл – айқын Кітаптың таңбалары. (26:1-2)
Та. Син.
Бұл – айқын Кітаптың, Құранның таңбалары, (27:1)
Та. Син. Мим. Бұл – айқын Кітаптың таңбалары! (28:1-2)
Әлиф. Ләм. Мим.
Бұл – дана Кітаптың таңбалары, (31:1-2)
Иеміздің, Кітаптың белгілері ретінде, харфтарға (әріптерге) сілтегендігі айқын көрініп тұр. Яғни жазбаша нұсқада аят (таңба) деп әр араб әрпі (харф) саналады. Сөйтіп, Құранды аяттарға бөлетін, қазіргі цифрлаудың негізі жоқ. Аяттың соңын білдіретін сандар, жиі сөйлемді немесе ойды бөліп жіберетіндігін, зейінді оқырман елемей қала алмайды. Керісінше, цифрлаусыз оқыған кезде, мәтінді адекватты түрде ұғынуға болысатын толық бейне суреттеледі. Әуелде, Құран қазіргі аяттарға бөлінбеген, ал тек сүрелерге (тарауларға) межеленген, олардың шектері «Аяушы, Рақымды Алланың есімімен» деген формуласымен анықталады.
Белгілер жайлы барлық мағлұматтарды талдағаннан кейін, келесі тұжырымға келуге болады:
Белгілер үш категорияға бөлінеді:
1. табиғи;
2. тарихи-оқиғалық;
3. жазбаша.
Табиғи әрі тарихи-оқиғалық белгілер не ол, не бұл құбылысты сипаттаумен шектеледі. Жазбада жазылған белгілер пергаменттегі таңбалармен (харфтармен) белгіленеді.