Құран белгілер жайында. 5-ші бөлім

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Белгілерді түсіндіру әрі оларды ұғу

Жасаушының белгілері тек қана хабарландыратындай емес, олар болып жатқан оқиғаларды әрі ұғымдарды адамның қабылдау шеңберінде түсіндіруге бағдарланған. Белгілерді түсініп, сенім артқандарға, Алла әр-түрлі оқиғалардағы жүріс-тұрыс ережелерін түсіндірді:

Оразаның түнінде сендерге әйелдеріңмен жыныстық қатынасқа түсуге болады. Олар сендер үшін киім, ал сендер олар үшін киімсіңдер. Алла өз-өздеріңді алдағандарыңды білді де сендердің тәубелеріңді қабылдап, кешті. Олармен уақытында жыныстық қатынастықа түсіңдер әрі Алла сендерге ұйғарған нәрсеге ұмтылыңдар. Таңда сәрінің ақ жібін түннің қара жібінен айырмағадарыңша, жеп ішіңдер. Сонан соң түнге қарай оразаларыңды аяқтаңдар. Сәжде жасайтын орындарда үзіліссіз болған кездеріңде, олармен жыныстық қатынасқа түспеңдер. Алланың шектеулері осындай, оларға жақындамаңдар! Сөйтіп Алла Өз белгілерін адамдарға түсіндіреді, мүмкін, олар абай болар! (2:187)

Олар сенен ақылды жабатын заттектер мен ақша үшін ойындар жайлы сұрайды.
«Олардың екеуінде де адамдар үшін үлкен күнә мен пайда бар, алайда екеулеріндегі күнә пайдаларынан артығырақ!» – деп жауап бер.
Олар сенен нені жұмсаулары керектігін сұрайды.
«Қалдықты!» – деп жауап бер.
Сөйтіп, Алла сендерге Өз белгілерін түсіндіреді, мүмкін, таяу өмір мен ақырғы өмір жайлы ойланарсыңдар! (2:219-220)

Аллаға серік қосатын әйелдермен, олар Алланың жалғыздығына сенбегенше, сырластық қарым-қатынастарға түспеңдер. Аллаға серік қосатын әйелден, оны ұнатсаңдар да, сенуші малай әйел артық қой. 
Аллаға серік қосатын ерлермен, олар Алланың жалғыздығына сенбегенше, сырластық қарым-қатынастарға түспеңдер. Аллаға серік қосатын ерден, оны ұнатсаңдар да, сенуші малай ер артық қой. Аллаға серік қосушылар отқа шақырады, ал Алла болса, баққа әрі, Оның рұқсатына сәйкес, кешірімге шақырады! Ол адамдарға Өз белгілерін түсіндіреді, мүмкін, олар ойланар! (2:221)

Әйелдеріңмен ажырассаңдар, әрі олар тиісті мерзімге дейін күтсе, оларды оңды ұстап қалыңдар немесе оларды оңды жіберіңдер. Оларды зарарына ұстап тұрмаңдар, әйтпесе шектен шығасыңдар. Кім соны істесе, сол өзіне осылайша зұлымдық жасайды!
Алланың белгілерін тәлкек ретінде қабылдамаңдар. Естеріңде болсын, Алланың Кітап пен талғағыштықтан сендерге түсіргені – Оның сендерге деген жарылқауы. Ол арқылы Алла сендерге уағыздайды. Алладан сақсыныңдар, әрі Алла әр нәрсені Білуші екенін біліңдер! (2:231)

Араларыңдағы біреулерің, қартайған шағында, өзі әлсіз ұрпақ қалдырып және әр-түрлі жемістері, ағатын өзендері бар, жүзім мен пальма өсетін, баққа ие болып, сонан соң сол бақ отты дауылмен қиратылып, қырылып тасталғаның өзіне қалай ма? Сөйтіп Алла сендерге Өз белгілерін түсіндіреді, мүмкін, ойланарсыңдар! (2:266)

Жиналып, Алламен байланыстыратын жіптен ұсталыңдар да бөліңбеңдер! Алланың сендерге берген жарылқауын ұмытпаңдар – сендер қарсылас болғандарың кездеріңде, Ол жүректеріңді жақындатты ғой! Оның жарылқауының себебінен сендер бауыр болып кеттіңдер! Сендер отты шыңыраудың шетінде болдыңдар, ал Ол болса сендерді одан құтқарды! Сөйтіп Алла сендерге Өз белгілерін түсіндіреді, мүмкін, бағытталарсыңдар! (3:103)

Иә сенім артқандар! Айналаларыңа өздеріңнен басқа ешкімді алмаңдар. Олар сендерге бөгет жасаудың мүмкіндігін жіберіп алмайды. Олар сендердегі бар нәрсені қалайды. Олардың сөздерінен жеккөрушілік көрінді, ал көкіректерінде жасыратындары одан да артық. Біз сендерге белгілерімізді түсіндірдік, ақылды болсаңдар! (3:118)

Алла сендерді анттарыңдағы былшыл үшін жазғырмайды, бірақ Ол сендерді анттарыңды қиындатқандарың үшін жазғырады. Бұны жабу үшін он кедейді өз жанұяларыңды тамақтандыратыңдарыңнан орташасымен тамақтандырыңдар, немесе оларды киіндіріңдер, немесе құқықсызды босатыңдар. Кімде мүмкіндік жоқ болса, үш күн ораза ұстасын. Бұл анттарыңды жабуларың үшін. Анттарыңды сақтаңдар! Сөйтіп Алла сендерге белгілерін түсіндіреді, мүмкін, алғысты боларсыңдар! (5:89)

«Ұнарлық ризық пен Алланың әшекейлеріне, оларды Ол қызметшілеріне арнап шығарған, кім тыйым салды?!» – деп сұра.
«Бұлар тек таяу өмірде қиямет күніне сенгендер үшін!» – деп айт. 
Сөйтіп Біз белгілерді білетін адамдарға жете түсіндіреміз! (7:32)

Расында, осыда – ақырғы өмірдің азабынан қорқатындар үшін белгі бар! Бұл, адамдардың жиналатын күні! Бұл – куәландырылған күн! (11:103)

Расында, осыда – байқағыштар үшін белгі бар! (15:75)

Иә сенім артқандар! Сендерге тәуелділер әрі есеймегендер, сендерден үш рет рұқсат сұрасын:
— сәрідегі байланысқа дейін;
— түсте, киімдеріңді шешкен кездеріңде;
— түнгі байланыстан кейін.
Сендерде жалаңаштықтың үш уақыты бар. Осыдан кейін, бір-бірілеріңе барсаңдар, бұл сендерге де, оларға да теріс қылық болмайды.
Сөйтіп Алла сендерге белгілерді түсіндіреді! Алла – Білуші, Дана! (24:58)

Әрине, оппонеттер болған жоқ емес, олардың мысалында адекваттырақ адамдарға түсінік берілді:

Білмейтіндер:
«Неліктен Алла бізбен сөйлеспейді немесе бізге белгіні бермейді?» – деп айтты.
Оларға дейінгілер де сөйтіп айтқан. Олардың сөздері іспеттес, жүректері ұқсас (тәшәәбәһәт). Біз, көздері жеткен адамдарға, белгілерді түсіндірдік. (2:118)

Майланған, Мәриямнің ұлы, – тек елші ғана. Одан бұрын да елшілер өткен, ал оның анасы турашыл болды. Екеулері де тамақ жейтін. Оларға белгілерді қалай түсіндіргенімізге қара, бірақ сонан соң олар беттерін кері аударады! (5:75)

Сөйтіп Біз, қылмыскерлердің жолы анық болуы үшін, белгілерді жете түсіндіреміз! (6:55)

Алайда олар тәубесіне келіп, байланысқа шығып, ақтайтын шығын шығарса, олар сендердің міндеттегі бауырластарың болады! Білетін адамдар үшін Біз белгілерді толық баяндадық! (9:11)

Біз оны шетелдік Құран етіп қойғанымызда, олар: «Белгілер неге түсіндірілмеген? Неге араб емес, ал шетелдік?!» – деп айтатын еді.
«Сенім артқандар үшін ол нұсқау мен шипа» – деп айт.
Сенбейтіндердің құлақтарында кереңдік бар, олар үшін ол түсініксіз. Оларды қашық жерден шақырып жатқан тәрізді. (41:44)

Алайда белгілерді түсіндіру бір топ адаммен шектелген жоқ, жолдау бүкіл адамзатқа болды:

Бұл – Иеңнің тура жолы! Естерінде сақтайтын адамдар үшін Біз белгілерді толық баяндадық! (6:126)

Жақсы елдің өсімдіктері Алланың рұқсатымен шығады, ал жиеркенішті елдің өсімдіктері тек қиыншылықпен шығады. Сөйтіп Біз алғысты адамдар үшін белгілерді береміз! (7:58)

Сөйтіп Біз белгілерді толық баяндаймыз, мүмкін, олар қайтатын шығар! (7:174)

Алла сендерге белгілерді түсіндіреді! Алла – Білуші, Дана! (24:18)

Ол оларды бағыттамап па еді?! Оларға дейін Біз қаншама елді мекендерді жойдық! Олар олардың мекендерінен жүріп жүреді. Расында, осыда – белгі бар ғой, олар тыңдамай ма? (32:26)

Түсіндірудің мәні адамдарды ойландыруда әрі оятуда:

Соқыр, ақсақ, ауру әрі өздерің үшін, өз үйлеріңде, не әкелеріңнің үйлерінде, не аналарыңның үйлерінде, не бауырларыңның үйлерінде, не әпкелеріңнің үйлерінде, не әкелеріңмен туыс ағаларыңның үйлерінде, не әкелеріңмен туыс апайларыңның үйлерінде, не аналарыңмен туыс ағаларыңның үйлерінде, не аналарыңмен туыс апайларыңның үйінде, не кілттері сендердің қарамағында болған үйлерде, не достарыңның үйлерінде тамақтанғандарың теріс қалық болып саналмайды. 
Бірге немесе жеке тамақтанғандарың теріс қылық болып саналмайды. Үйлерге кірген кездеріңде, Алла бұйырған берекелі, жағымды сәлеммен сәлемдесіңдер! Сөйтіп Алла сендерге белгілерді түсіндіреді, мүмкін, ұғынарсыңдар! (24:61)

Біліңдер, жердің өлімінен кейін, Алла оны тірілтеді. Біз сендерге белгілерді түсіндірдік, мүмкін, ұғынарсыңдар! (57:17)

Түсіндіруді ойланусыз қабылдау мүмкін емес:

Расында, таяу өмірдің мысалы Біз аспандардан түсірген су тәрізді. Онымен, адамдар мен жануарлар қоректенетін, жердің өсімдіктері араласады. Жер гүлденіп, безендірілген кезде, оның тұрғындары оны өздері билеп-төстейміз деп ойлайды. Ал Біздің әміріміз күндіз не түнде келген кезде, Біз оны орылған қыламыз, ол кеше бай болмағанындай. Сөйтіп, ойланатын адамдар үшін Біз белгілерімізді толық баяндаймыз! (10:24)

Сендерге өздеріңнен мысал келтірді.
Сендерге тәуелділердің арасынан, Біз сендерді ризықтандырғанда, сендермен бірге серіктес болғандар бар ма? Осыда сендер теңсіңдер ме? Бір-бірілеріңнен сескенгендей, олардан да сөйтіп сескенесіңдер ме? Сөйтіп ұғынатын адамдар үшін Біз белгілерімізді жете түсіндіреміз. (30:28)

Кітап, белгілері араб тіліндегі Құран түрінде түсірілген, білетін адамдар үшін, (41:3)

Келтірілген мысалдар белгілердің ақылға есептелгенін анық көрсетіп тұр. Бұл жағдай интеллектуалдарды Құранды зерттеуге құлшындыруы тиіс.