Құран белгілер жайында. 4-ші бөлім
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Мухаммадтың өміріндегі белгілер
Мухаммадтың хабарландырушы деген мәртебесі, оның өміріндегі болған оқиғалардың белгі болуына себепші болды.
Өз қызметшісін, оған Біздің белгілеріміздің бірін көрсету үшін, шайқасқа тыйым салынған сәжде жасайтын орыннан, айналасын Біз жарылқаған, алыстағы сәжде жасайтын орынға апарғанға мадақ! Расында, Ол – Естуші, Көруші! (17:1)
ол Иесінің үлкен белгісін көрді ғой. (53:18)
Мухаммадтың міндеті Иесінен келген уаһиді адамдарға жеткізуде болатын, осыны әуелгіде Жаратушысынан Ибраһим сұраған:
«…Иеміз! Оларға Сенің белгілеріңді оқитын, оларға Кітапты, талғағыштықты үйрететін әрі оларды ақтайтын елшіні өздерінің арасынан жіберші. Расында, Сен – әр нәрсеге шамасы жетуші, Данасың!» – деді. (2:129)
Мухаммадқа Алланың уаһиі ретінде, белгілерден құралған, Кітап түсірілді, сол белгілерді Мухаммад өз халқына дәлел ретінде келтіретін.
Оларға Біздің белгілерімізді айқын дәлелдермен оқыған кезіңде, Бізбен кездесуді күтпейтіндер:
«Бізге басқа Құранды бер немесе оны ауыстыр» – дейді.
«Мен оны өз қалауымша ауыстырғаным болмайды! Расында, мен тек маған берілген уаһидің артынан ғана еремін! Мен Иеме бағынбасам, ұлы күні азап шегемін деп қорқамын!» – деп жауап бер. (10:15)
Сен оларға Біздің белгілерімізді түсіндірілген түрде оқыған кезде, жабылғандар сенім артқандардан:
«Осы екі топтың қайсысының жағдайы жақсырақ әрі жиналысы әдемірек?» – деп сұрайды. (19:73)
Оларға Біздің белгілеріміз айқын дәлелдермен оқылғанда, жабылғандардың беттерінен қабыл алмаушылықты көресің. Олар, өздеріне белгілерімізді оқитындарға, шабуыл жасауға дайын.
«Сендер үшін осыдан ең жаманын айтайын ба? Бұл – От! Оны Алла жабылғандарға уәде етті! Бұл жаман нәтиже!» – деп айт. (22:72)
Біздің белгілеріміз оларға түсіндірілген түрде оқылған кезде, олар:
«Бұл, сендерді, әкелерің қызмет еткен нәрседен, бездіруді қалайтын ғана ер адам!» – дейді.
Олар: «Бұл – ойдан шығарылған өтірік!» – дейтін.
Өздеріне шындық келгеннен кейін, одан жабылғандар:
«Бұл – айқын сиқыр!» – дейді. (34:43)
Біздің белгілеріміз оларға айқын дәлелдермен оқылған кезде, оларда:
«Шыншыл болсаңдар, біздің әкелерімзді келтіріңдер!» – дегендерінен басқа аргументтері жоқ. (45:25)
Оларға Біздің белгілеріміз айқын дәлелдермен оқылған кезде, өздеріне шындық келгеннен кейін, одан жабылғандар:
«Бұл – айқын сиқыр!» – дейді. (46:7)
Ол тәжірбиесіздерге өздерінің арасынан елшіні жіберді. Ол оларға Оның белгілерін оқиды, оларды ақтайды, оларға Кітап пен талғағыштықты үйретеді, расында, бұрында олар анық адасуда болды ғой, (62:2)
Алла сендерге елшіні ескертумен бірге жіберді, ол сендерге Алланың белгілерін түсіндірілген түрде оқиды… (65:10-11)
Хабарландырушының ісі көбінесе пікірталаста дәлелдемелерді келтіруге қатысты немесе әр-түрлі белгілерді келтіру арқылы уағыздауға қатысты болатын.
Алланың белгілері осындай. Біз оларды саған шындықпен оқимыз.
Расында, сен елшілердің бірісің. (2:252)
Бұл Біздің саған белгілер мен айқын ескертуді оқығанымыз. (3:58)
Алланың белгілері осындай. Біз оларды саған шындықпен оқимыз. Расында, Алла адамдарға түнекті қаламайды! (3:108)
Сенімдері әр-түрлі Мухаммадтың замандастарының арасында, әлбетте, Құранның ұйғарымдарының ақиқатын таныған, дұрыс қабылдайтын адамдар болған.
Олар бірдей емес. Кітап иелерінің арасында тұрақты басшылық бар. Олар Алланың белгілерін түннің уақытында оқиды әрі сәждеге жығылады. (3:113)
Алла сенушілерге қамқорлық көрсетіп, оларға өздерінен елшіні жіберді. Ол оларға Оның белгілерін оқиды, оларды ақтайды, оларға Кітап пен талғағыштықты үйретеді. Расында, бұрында олар айқын адасушылықта болды ғой! (3:164)
Расында, сенушілер, бұл – Алланы еске алған кезде, жүректері ығысатындар, ал оларға Оның белгілерін оқыған кезде, бұл олардың сенімдерін арттырады әрі олар Иелеріне тәуекел етеді, (8:2)
Бұл Алла жарылқаған хабарландырушылар, Адамның ұрпағынан. Нұхпен бірге тасымалдағандарымыздан. Ибраһим әрі Исраилдің ұрпақтарынан. Бағыттап, таңдағандарымыздан. Аяушының белгілері оларға оқылған кезде, олар сәждеге жығылып, жылайтын! (19:58)
Үйлеріңде Алланың белгілері мен талғағыштықтан оқылатынды еске алыңдар. Расында, Алла – Жұмсақ, Хабардар! (33:34)
Расында, аспандар мен жерде сенушілер үшін белгілер бар! Біздің жаратқанымызда әрі таралған жануарларда – көздері жеткен адамдар үшін белгілер бар. Түн мен күннің ауысып тұруында, Алланың аспаннан ризық түсіруінде әрі онымен жерді тірілткенінде, жіберілген желдерде – ақылды адамдар үшін белгілер бар.
Бұл – Алланың белгілері! Біз бұларды саған шындықпен оқимыз! Алла мен Оның белгілерінен кейін олар қай әңгімеге сенеді? (45:3-6)
Алайда, Алла түсірген Кітапті қабыл алмағандар да болды:
Араларында елші тұрған кезде әрі сендерге Алланың белгілері оқылып тұрған кезде, сендер қалайша жабыла аласыңдар? Кім Алладан ұсталынып тұрса, сол тура жолға бағытталды! (3:101)
Бізден белгілерге ие болып, оларды лақтырып тастаған жайлы хабарды оқы. Ол тілазардың артынан ерді де адасқандардың арасынан болып қалды. (7:175)
Оларға Біздің белгілеріміз оқылған кезде, олар:
«Біз бұны естігенбіз. Біз қалағанымызда, тура соны айтатын едік. Бұл тек қана көне халықтардың аңыздары!» – дейді. (8:31)
Оған Біздің белгілеріміз оқылған кезде, ол тәккапарланып теріс айналады, бұны естімегендей, құлақтары керең тәрізді. Оны ауыр азаппен қуандыр! (31:7)
Ол өзіне оқылған Алланың белгілерін тыңдайды, ал сонан соң оларды естімегендей, қарысып, тәкаппарланады. Оны ауыр азаппен қуандыр! Біздің белгілерімізден бір нәрсені білсе, бұл оны тәлкек қылады. Сондайлар үшін қорлайтын азап болады! (45:8-9)
Сен оған белгілерімізді оқыған кезде, ол:
«Көне аңыздар!» – дейді. (68:15)
Сен оған белгілерімізді оқыған кезде, ол: «Көнелердің аңыздары!» – дейді. (83:13)
Жасаушының белгілерін қабыл алмағандар ерікті таңдау құқығымен қолданды, алайда бұның салдары оларға мәлім, Сот Күнінде сондай адамдардың жағдайы едәуір қайғылы болады.
Сендерге Менің белгілерім оқылды, бірақ нәтижесінде сендер бұдан шегіндіңдер, (23:66)
Олардан: «Сендерге Менің белгілерім оқылмап па еді, сендер оларды өтірік санадыңдар ғой?!» – деп сұралады. (23:105)
Жабылғандарды топтап, Тозаққа қарай қуады, олар оған келіп жеткен кезде, оның есіктері ашық тұрады.
Оның сақтаушылары оларға:
«Сендерге Иелеріңнің белгілерін оқыған әрі осы күнмен кездесулерің жайлы алдын-ала ескерткен, өздеріңнен елші келмеп пе еді?!» – деп айтады.
Олар: «Әрине!» – деп жауап береді.
Жабылғандар үшін азап сөзі расталды! (39:71)
Жабылғандарға келсек, оларға:
«Менің белгілерім сендерге оқылмап па еді? Сендер тәкаппарланып, қылмысты адам болдыңдар ғой!» – делінеді. (45:31)
Жолдаудың белгілермен түсірілуі білімпаздықтың жоғарғы деңгейіне жеткендігі жайлы айтатын.
Олардың: «Сен оқығансың!» – деп айтулары үшін әрі білетін адамдарға түсіндіруіміз үшін, Біз белгілерді сөйтіп бердік! (6:105)