Құран белгілер жайында. 3-ші бөлім
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Адамзат тарихындағы белгілер
Тарихта әр-түрлі белгілер көп. Олардың болғандығы, жағдайды жан-жақты бағалауға және дұрыс қорытынды шығаруға, мүмкіндік береді.
Тасқын су жайлы біз Нұхпен болған оқиғадан біле аламыз:
Нұхтың халқы, оны өтірікші деп айыптағаннан кейін, Біз оларды суға батырдық та адамдар үшін белгі етіп қойдық! Біз зұлымдарға ауыр азап дайындадық! (25:37)
Кейін Біз басқаларын суға батырдық. Расында, осыда – белгі бар ғой, бірақ олардың көбісі сенбейтін! (26:120-121)
Ибраһимнің өмірінде көптеген белгілер өткен.
Ибраһимнің халқының жауабы, тек қана: «Оны өлтіріңдер немесе өртеңдер!» – дегені болды, бірақ Алла оны оттан құтқарды! Расында, осыда – сенуші адамдар үшін белгі бар ғой! (29:24)
Оның інісі Лұттың да.
«… Расында, осы елді мекеннің тұрғындарына, жолдан тайғандары үшін, аспаннан жаза түсіреміз!» – деп айтты.
Біз осыны, ақылды адамдар үшін, белгі етіп қалдырдық қой! (29:34-35)
Йусуфпен болған оқиға өнегелі болып келеді.
Расында, Йусуф пен оның бауырларында – қызығушылық танытатындар үшін белгілер бар! (12:7)
Белгілерді көргеннен кейін, оларға оны дереу уақытша қамауға ой келді. (12:35)
Мадьян халқы да атап өтілді.
Алайда Біз ұрпақтадры өсірдік, олардың өмірлері жалғасты.
Сен Мадьяннің тұрғындарының арасында, оларға белгілерімізді келтіріп, өмір сүрмедің, бірақ Біз жіберуші болдық. (28:45)
Мұсамен болған оқиға нақтылап суреттелген.
Біз оларға, айқын белгі ретінде, су тасқыны, шегіртке, бит, бақалар мен қанды, жібердік. Олар тәкәппарланып, қылмысты адам болды! (7:133)
Сенен кейін келетін адамдарға белгі болуың үшін, бүгін сенің денеңді құтқарамыз! Расында, адамдардың көбісі Біздің белгілерімізді елемейді ғой! (10:92)
Біз Мұсаны белгілерімізбен жібердік қой:
«Халқыңды түнектен нұрға шығар да Алланың күндері жайлы ескерт!»
Расында, осыда – әр сабырлы, алғысты үшін белгі бар! (14:5)
Біз Мұсаға тоғыз айқын белгі бердік. Исраилдің балаларынан сұра, ол оларға келген кезде, перғауын оған:
«Сен, Мұса, сиқырландың деп ойлаймын!» – деп айтқанын. (17:101)
Қолыңды киімінің тілігіне сұқ, ол одан, саған үлкен белгілеріміздің бірін көрсетуіміз үшін, басқа белгі ретінде, ақ болып зардапсыз шығады! (20:22-23)
Сонан соң Біз басқаларын суға батырдық. Расында, осыда – белгі бар ғой, бірақ олардың көбісі сенбеді! (26:66-67)
Қолыңды көйлегіңнің ойығына сұқ, сен оны ақ түрінде, зардапсыз, шығарасың, бұл, перғауын мен оның халқына, тоғыз белгілердің бірі! Расында, олар – жолдан тайған халық! (27:12)
Исраилдің балаларымен Мұсадан кейін де өте өнегелі оқиғалар болды.
Біз оларға: «Оны сиырдың бөлігімен соғыңдар» – деп айттық. Сөйтіп, Алла өлілерді тірілтеді әрі сендерге белгісін көрсетеді. Мүмкін, ұғарсыңдар. (2:73)
Исраилдің балаларынан, Біз оларға неше айқын белгі бергенімізді, сұра. Расында, Алланың жарылқауы келгеннен кейін, оны ауыстырғандарға Алла қатал. (2:211)
Хабарландырушы оларға: «Расында, сендерге, оның билігінің белгісі ретінде, саркофаг келеді. Онда Иелеріңнен тыныштық және Мұса мен Харұнның жақындарының қалдырғанының жалғасы болады. Оны басқарушылар әкеледі. Расында, осыда сендер үшін белгі бар, сенетін болсаңдар!» – деп айтты. (2:248)
Құран Самуд халқы мен Салих хабарландырушы жайлы хабарлайды.
Самуд халқына, олардың бауыры Салих жіберілді.
Ол: «Иә халқым! Аллаға қызмет етіңдер! Тәңірі тек қана Сол! Сендерге Иелеріңнен айқын дәлел келді – осы ұрғашы түйе сендерге Алланың белгісі. Алланың жерінде бағылып жүрсін. Оған жамандықпен тимеңдер, әйтпесе ауыр азапқа ұшырайсыңдар…» – деді. (7:73)
Осы үйлер, олардың зұлым болғандықтарынан, қиратылды! Расында, осыда білетін адамдар үшін белгі бар ғой! (27:52)
Һуд хабарландырушы жайында да.
Сендер көтеріңкі белгілерді ойнап салып отырсыңдар ма? (26:128)
Үңгірде көп жыл ұйықтаған бозбалалармен болған оқиға да жалпыға мәлім.
Немесе сен үңгіртте қосылғандарды әрі даталанғандарды, белгілеріміздің ғажайыбы деп санайсың ба? (18:9)
Күн шыққан кезде, олардың үңгіртінің оң жағынан шығатынын, ал батқан кезде, олардың сол жағынан жоқ болып кететінін көресің, олар осының арасында болды.
Бұл – Алланың белгілерінің бірі!
Кімді Алла бағыттаса, сол – бағытталған, ал кім жаңылса, соған сен жебеушіні де, парасаттыны да таппайсың! (18:17)
Құран бізге Сәбә патшалығы жайында да баяндайды.
Расында, Сәбәда, оның тұрғындарында, оң және сол жақтарында орналасқан екі бақ белгі болды. «Иелеріңнің ризығынан тамақтаныңдар және Оған алғысты болыңдар!»
Жағымды ел. Ие – Кешіруші!
Бірақ олар шеттеді, әрі Біз оларға ағын жібердік, ол бөгетті бұзды! Біз олардың екі бағын басқа, ащы жемістер, жыңғыл және азғантай лотосқа ие екі баққа ауыстырдық. (34:15-16)
Бірақ: «Иеміз! Сапарларымызды алыстатшы!» – дегендерімен олар өздерін қарайтты. Біз оларды аңызға айналдырдық және тарқатып жібердік. Расында, осыда – әр сабырлы, алғысты үшін белгі бар! (34:19)
Исаның өмірбаяның Зәкәриянің өмірінен бастап, тануға болады.
Ол: «Ием! Маған белгі орнатшы!» – деп айтты.
«Сенің үш күн бойы адамдармен тек ымдап сөйлейтінің белгі болады! Иеңді көп еске ал және кеш пен таңда мадақта!» – деген жауап берілді. (3:41)
Сонан соң Мәриямнің:
Ол: «Сөйтіп сенің Иең айтты: «Бұл Маған оңай! Бұл, Біздің оны адамдарға белгі етіп әрі Бізден мейірім етіп қоюымыз үші!» Бұл әмір шешілген болды!» – деп жауап берді, (19:21)
Өз жыныс мүшелерін қорғаған әйелді еске ал. Біз оған Өзіміздің Рухымыздан үрледік. Оны және оның ұлын халықтарға белгі етіп қойдық! (21:91)
Қорытынды ретінде Исаның өзінің өмірі.
Ол оған Кітап, талғағыштық, Тәурат, Інжілді үйретеді де Исраилдің балаларына хабармен жібереді:
«Мен сендерге Иелеріңнің белгісімен келдім!
Мен, Алланың рұқсатымен, сендерге саздан құстың бейнесін жасап, оған үрлеймін, сонан соң ол құсқа айналады!
Мен, Алланың рұқсатымен, соқыр, алапесті сауықтырамын әрі өліні тірілтемін!
Сендердің не жейтіндеріңді және үйлеріңде не сақтайтындарыңды сендерге хабарлаймын! Расында, осыда сендерге белгі бар, сенуші болсаңдар!
Сендерге тыйым салынғанның бір бөлігін сендерге рұқсат ету үшін, маған дейін Тәуратта болғандығыны ақтаймын!
Мен сендерге Иелеріңнің белгісімен келдім! Алладан сақсынып, мені тыңдаңдар!..» (3:48-50)
Мәриям ұлы Иса:
«Иә Алла, Иеміз! Бізге аспаннан тамақ түсірші! Бұл алғашқы мен ақырғыларымыз үшін мейрам болады, әрі Сенен белгі болады. Бізді ризықтандыршы, Сен ризықтандыратындардың ең үздігісің ғой!» – деп айтты. (5:114)
Ұсынылған белгілерді мойындамаушылық халықтардың жойылғандарының негізгі себебі болып келеді, бұл жағдай жойылған халықтарға деген көзқарасты қалыптастырады.
Иең елді мекеннің басшылығына Біздің белгілерімізді оқитын елшіні жібермегенше, сол елді құртпайды. Біз тек тұрғындары зұлым елді мекендерді құрттық! (28:59)