Құран белгілер жайында. 2-ші бөлім

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Белгілердің трансценденттігі

Адам табиғаттан тыс фактілермен кездескен кезде, ол үшін бұл оқиға маңызды болып саналатын болады. Келесі оқиға осындай оқиғаның жарқын мысалы болып келеді:

Немесе сен, елсіз кенттің қасынан өткен адам тәрізді ойламадың ба? Ол:
«Осы өлі кентті Алла қалай тірілтпек?» – деп сұрады. Сонан соң Алла оны жүз жылға өлтірді. Кейін Алла оны тірілтті де:
«Қанша уақыт өлі болдың?» – деп сұрады.
Ол: «Бір күн немесе күнге жуық мерзімдей өлі болдым!» – деп жауап берді.
Алла: «Әрине, сен жүз жыл өлі болдың. Тамағың мен ішімдігіңе қара. Олар бұзылмады. Есегіңе қара. Сүйектерге қара, оларды қалай көтеріп, үстіне ет өсіретінімізді қара. Бұның бәрі – сені адамдарға белгі етіп қою үшін!» – деді. Оған түсінікті болғаннан кейін, ол:
«Мен Алланың әр нәрсеге Құдіретті екенін енді білдім!» – деді. (2:259)

Болған оқиға адамдарға ғибрат болсын деген мақсатпен өтті, адамдар өз болмысының мәні жайлы ойлансын деп әрі алдағы оқиғалар жайлы түсінік алсын деп.

Иә Адамның балалары! Біз сендерге байлықты және, жыныс мүшелеріңді жабуларың үшін, киімді түсірдік, бірақ абай болушылықтың киімі артығырақ! Бұл Алланың белгілерінен, мүмкін, ойланарсыңдар! (7:26)

Расында, Біз сендерге түсіндірілген белгілерді әрі сендерден бұрын өткендердің мысалын әрі абай болушылар үшін үгіт түсірдік. (24:34)

Сендердің айналасындағы елді мекендерді құрттық қой, әрі белгілерді бердік, мүмкін, олар қайтатын шығар! (46:27)

Тіршілік ортасының көп мысалында, ойды трансцендеттікке апаратын, белгілер таралған.

Ол сендерге өзінің белгілерін көрсетеді әрі сендерге аспаннан ризықты түсіреді. Көмек сұрап, жалбарынатындар ғана еске алады! (40:13)

Ол сендерге Өзінің белгілерін көрсетеді. Алланың белгілерінің қайсысын қабылдамайсыңдар? (40:81)

Алайда, ақиқатқа деген скептикалық қатынас зұлымдардың өздеріне, ұсынылған белгілерді ұғынуға, кедергі жасайды.

Адам асығыстықтан жаратылған! Сендерге белгілерімді көрсетемін, Мені асықтырмаңдар! (21:37)

Расында, осыда – белгі бар ғой, алайда олардың көбісі сенбейді! (26:103)

Тек тәуелсіз ойлануға ұмтылатын адамдар Құдайдың белгілерін көре алады.

Жеңдер әрі малдарыңды бағыңдар, расында, осыда – естиярлар үшін белгі бар! (20:54)

Олардан бұрын болған елді мекендерді құртқандарымыз оларды бағыттамады ма? Олар олардың тұрған жерлерінде жүріп жүр. Расында, осыда – естиярлар үшін белгілер бар! (20:158)

Ол, тұлғаны, оның өлімі кезінде, тыныштандырады, өлмей тұрған тұлғаны да, ұйқысы кезінде. Өлім жазылған тұлғаны Ол ұстап алады, ал басқасын болса тағайындалған мерзімге дейін жібереді. Расында, осыда – ойланатын адамдар үшін белгі бар ғой! (39:42)

Әлемді пайымдап қарау, белгілерді ұғыну, әр нәрсені Жасаушыға деген сенімділікке әкеледі.

Алла, қалағанына, ризығын ұлғайтатынын, әрі азайтатынын, олар көрмеп пе еді? Расында, осыда – сенуші адамдар үшін белгі бар ғой! (30:37)

Кеменің, өзінің белгілерін сендерге көрсету үшін, Алланың жарылқауымен теңізде жүзетінін, көрмей тұрсың ба? Расында, осыда – әр сабырлы, алғысты үшін белгілер бар ғой! (31:31)

Аспан мен жерде, олардың алды мен артында не бар екенін, олар көрмеп пе еді? Біз қаласақ, оларды жерге жұтқызамыз немесе оларға аспаннан бір кесекті лақтырамыз! Расында, осыда әр өкінген қызметші үшін белгі бар ғой! (34:9)

Алла, қалағанына, ризығын ұлғайтатынын, әрі азайтатынын, олар білмеп пе еді? Расында, осыда – сенетін адамдар үшін белгі бар ғой! (39:52)

Көздері жеткендер үшін жерде белгілер бар, әрі өздеріңде де, сендер бұны көрмей тұрсыңдар ма? (51:20-21)

Кітапқа деген сенушілік пайда болған кезде, сенушілерге, болып жатқан оқиғалардағы белгілер көрінетін болады.

Қорғанып жатқан екі топта сендер үшін белгі болды. Бір топ Алланың жолында соғысып жатыр, басқасы – жабылған. Жабылғандар оларды өздерінен екі есе көп болып көрді. Расында, Алла, қалағанын, Өз көмегімен әлдендіреді. Расында, осыда – көргіштер үшін ғибрат бар! (3:13)

Алла сендерге мол олжа аласыңдар деп уәде берген, әрі Ол сендерге оны тездетті. Сендердің сенушілерге белгі болуларың үшін және сендер тура жолға бағытталуларың үшін, Ол адамдардың қолдарын сендерден ұстап қалды! (48:20)

Бұдан өзге тарихи белгілер де нұсқау етіп қолдануға алынады.

Сол жерде адамдар үшін нұсқайтын белгілер бар – Ибраһимнің орны. Кім оның ішіне кірсе, сол қауіпсіздікте болады. Үйді қажылық етуге, адамдар, Алланың алдында міндетті, кімнің оған дейін барудың жағдайы болса. Кім жабық болса, Алла адамдарды қажетсінбейді. (3:97)