Құран белгілер жайында. 1-ші бөлім
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Әлем белгі ретінде
Адам Құран оқыған кезде, міндетті түрде «белгі» деген түсінікпен кездеседі. Кітапта бұл сөзбен әр-түрлі заттар аталады. Арабша бұл сөз «ааййәтун»деп оқылып, «таңба, белгі» деген мағынаны білдіреді.
Адамдарды физикалық құбылыстарды зерттеуге құлшындыру үшін, Жасаушы қоршаған ортаны, ойланатындарына, белгі етіп қойды.
Расында, аспандар мен жердің жаратылысында, түн мен күннің ауысуында, адамдарға пайда әкеліп, теңізде жүзетін кемелерде; жердің өлімінен кейін, оны тірілткен суды, Алла асапаннан түсіргенінде; әр-түрлі жануардың жерде таралуында, аспан мен жердің арасында қолданылатын жел мен бұлттардың ауысуында, ақылды адамдар үшін белгілер бар! (2:164)
Расында, аспан мен жердің жаратылуында және түн мен күннің ауысуында – … ақыл иелері үшін – белгілер бар. (3:190)
Ол, зұлмат кезінде, құрлық пен теңізде бағдарлануларың үшін, жұлдыздарды жасады. Сөйтіп, Біз, түсінетін адамдарға, белгілерді жете түсіндіреміз!
Ол сендерді Бір Тұлғадан көтерді! Мекендеу жерін әрі сақтау орнын орнатты! Біз, түсінетін адамдарға, белгілерді жете түсіндіреміз!
Ол аспаннан су түсірді. Біз онымен әр-түрлі өсімдікті шығардық, ал олардан көкті шығардық. Біз олардан тығыз орналастырылған тұқымдарды шығардық, сеуіп тасталынғандарынан олар көтеріледі. Жүзімді, зәйтүн ағаштарын, ұқсайтын әрі ұқсамайтын анарларды бақтарда жақын өсіреді. Олардың жеміс бергендеріне әрі піскендеріне қараңдар. Расында, мұнда сенушілер үшін белгілер бар! (6:97-99)
Ол – күнді сәулелейтін, ал айды жарқырайтын қылып жасады! Жылдардың санын, есептеуді білулерің үшін, оларға орындарын белгіледі! Алла бұны тек қана шындықпен жаратты! Ол, білетін адамдарға, белгілерді жете түсіндіреді!
Расында, түн мен күннің ауысуында, Алланың, аспандар мен жер үстінде, жаратқанында, – абай болып жүрген адамдар үшін белгілер бар! (10:5-6)
Ол, түнді, сендердің оның ішінде тынышталуларың үшін, жасады, ал күнді – көрулерің үшін. Расында, осыда – тыңдайтын адамдар үшін белгі бар! (10:67)
«Аспандар мен жерде не барын қараңдар!» – деп айт.
Алайда, сенбейтін адамдар үшін, белгілер мен ескертулер пайдасыз! (10:101)
Аспандар мен жерде неше белгі бар! Олар олардың жанынан өтіп кетеді әрі олардан теріс айналады! (12:105)
Алла аспандар мен жерді көрінетін тірексіз тұрғызды, сонан соң оларды мекендеуге арнап жайластырды. Күн мен айды бағындырды. Бәрі тағайындалған мерзімге дейін жарамды.
Ол істі басқарады.
Ол белгілерді жете түсіндіреді, мүмкін, Иелеріңмен кездесетіндеріңе сенерсіңдер!
Ол жерді байтақ етті, оның үстіне таулар мен өзендерді жасады. Барлық жемістерді екі-екіден жасады. Ол күнді түнмен жабады. Расында, осыда – ойланатын адамдар үшін белгілер бар!
Жерде шектесетін аймақтар бар – жүзім бақтары, егістер, бір сумен қоректенетін, бір тамырдан шыққан әрі бір тамырдан шықпаған, пальмалар. Ас үшін бірілеріне, басқаларымен салыстырғанда, артықшылық береміз.
Расында, осыда – ақылды адамдар үшін белгілер бар! (13:2-4)
Ол онымен сендердің егістеріңді, зәйтүн ағаштарыңды, пальмаларыңды, жүзім ағаштарыңды әрі барлық жемістеріңді, өсіреді; расында, осыда – ойланатын адамдар үшін белгі бар!
Ол сендерге түн мен күнді, күн мен айды бағындырды, жұлдыздар да Оның әміріне бағынады. Расында, осыда – ақылды адамдар үшін белгі бар! Ол сендер үшін жерде әр-түрлі түсті шашқанында да; расында, осыда – еске алатын адамдар үшін белгі бар! (16:11-13)
Алла аспаннан су түсірді, онымен өлген жерді тірілтті. Расында, осыда – тыңдайтын адамдар үшін белгі бар!
Малда да сендерге ғибрат бар. Сендерге, олардың қарнының ішіндегісі мен қанның арасында орналасқан, ішетіндерге ұнамды, сүт ішкіземіз.
Пальма мен жүзім ағаштарының жемістерінен өздеріңе масайтатын ішімдік пен жақсы ризық аласыңдар. Расында, осыда – ақылды адамдар үшін белгі бар!
Иең, араға, – тауларда, ағаштарда, асылмалардың астында үй жасасын, – деп уаһи етті. Сонан соң кез келген пайдалы жемістен қоректенсін әрі Иесінің жолдарында бағынып жүрсін деп. Оның ішінен, адамдар үшін шипалық қасиеттері бар, түрлі түсті ішімдік шығады. Расында, осыда – ойланатын адамдар үшін белгі бар! (16:65-69)
Аспанның ауасымен қолданатын құстарды көрмеп пе еді?! Оларды тек Алла ұстап тұр! Расында, осыда – сенуші адамдар үшін белгі бар! (16:79)
Түн мен күнді екі белгі етіп жасадық. Иелеріңнің молшылығына ұмтылуларың үшін, әрі жылдардың санын, есептеуді білулерің үшін, түннің белгісін өшіріп, күннің белгісін орнатамыз. Біз әр нәрсені жете түсіндірдік! (17:12)
Немесе олар жерге қарамай ма? Біз оның үстінде қаншама әр-түрлі асыл жұп өсірдік. Расында, осыда – белгі бар, бірақ олардың көбісі сенбейді! (26:7-8)
Олардың демалуларына түнді жасағанымызды, ал күнді көрінетін қылып жасағанымызды, көрмеп пе еді?! Расында, осыда – сенуші адамдар үшін белгі бар ғой! (27:86)
Алла аспандар мен жерді шындықпен жаратты! Расында, осыда – сенушілер үшін белгі бар ғой! (29:44)
Оның белгілерінен – Оның сендерді тозаңнан жаратуы, сонан соң, сендер адам болғаннан кейін, тараласыңдар.
Оның белгілерінен – Оның сендерге, олармен бірге тұруларың үшін, өздеріңнен жұптарды жаратқаны. Ол араларыңда сүйіспеншілік пен мейірім орнатты. Расында, осыда – ойланатын адамдар үшін белгі бар ғой!
Оның белгілерінен – аспандар мен жердің жаратылысы, тілдерің мен түстеріңнің айырмашылығы. Расында, осыда – білетіндер үшін белгі бар ғой!
Оның белгілерінен – түндегі ұйқыларың, ал күндіз Оның молшылығына ұмтылуларың. Расында, осыда – тыңдайтын адамдар үшін белгі бар ғой!
Оның белгілерінен – қорқыныш пен үмітке сендерге найзағайды көрсетуі. Ол аспаннан су түсіреді және онымен өлген жерді тірілтеді. Расында, осыда – ақылды адамдар үшін белгі бар ғой!
Оның белгілерінен – Оның әмірі бойынша аспан мен жердің тұруы. Сонан соң, Ол сендерді жердің астынан шақырумен шақырған кезде, сол кезде шығасыңдар! (30:20-25)
Оның белгілерінен – Оның молшылығына ұмтылуларың үшін, кемелердің Оның әмірімен жүзулері үшін, Оның мейірімін татып көрулерің үшін қуантушы хабарландырушы желді жіберуі, мүмкін, алғысты боларсыңдар! (30:46)
Оның белгілерінен – күн мен түн, күн мен ай. Күн мен айдың алдында сәждеге құламаңдар, оларды жаратқан Алланың алдында сәждеге құлаңдар, Оған қызмет етсеңдер! (41:37)
Оның белгілерінен – жердің бағынғанын көргенің, оның үстіне су түсіргенімізде, ол дірілдейді әрі шығыс береді. Расында, оны тірілткен, – өлгендерді Тірілтуші! Расында, Ол әр нәрсеге құдіреті жетуші! (41:39)
Оның белгілерінен – аспандар мен жердің, әрі олардың арасында таратылған жануарлардың жаратылысы. Ол қаласа, оларды жинап қоюға Оның құдіреті жетеді! (42:29)
Оның белгілерінен – ту тәрізді, теңізде жүзетіндер. Ол қаласа, желді тыныштандырады әрі олар жотада тыныш тұрады, немесе Ол, тапқандары үшін, оларды өлімге апарады! Расында, осыда – әр сабырлы, алғысты үшін белгі бар ғой! (42:32-33)
Оларға біреусі басқасынан үлкен белгілерді көрсеттік! Біз оларды азапқа ұшыраттық, мүмкін, олар қайтатын шығар! (43:48)
Ол, аспандағы мен жердегі нәрсені, олардағы барлық нәрсені, сендерге бағындырды. Расында, осыда – ойланатын адамдар үшін белгі бар ғой! (45:13)
Физикалық әлемді зерттеу қызметіне бағдар берілуі анық көрініп тұр, бұл өмірдің ғылыми тәртіптері Құдайдың ілімдерінің мәртебесіне толық жанасады.