Құран белгілердің ұқсастығы жайында
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Мұсылмандардың арасында өткен ұлылықты аңсаушылық айқын көрініп тұр. Қазіргі «перифериялық» мәртебесімен салыстырғанда, өткен заманның сенушілері көшбасшы болып, дүниежүзілік геополитикасының шарттарын өздері қоятын. Мухаммад өлгеннен кейін, егес бірден басталса да, Құранның импульсі мықты түрткі берді, оның инерциясы мұсылмандарды алдыңғы позицияларда көп уақыт ұстап тұрды.
Бір кездері үстем болған қоғамның регрессиясының себебі неде? Бұл тақырыпқа өте көп еңбек жазылған, көбінесе бұны зиянкестердің тіміскілік әрекеттерімен және Алланың елшісінің жолынан ауытқуымен түсіндіреді.
Ашықтан-ашық айтқанда, мәселе мемлекеттің басқару және даму «механизмінің» қалыпты жұмысының тоқталуында. Қызмет істеу жүйесінің бұзылуы, бұл, түбінде, пайдалану тәртіптемесінің бұзылуы. Біздің жағдайымызда Жасаушының ұйғарымдарын нұсқау етіп дұрыс қолданудан тыйылуы анық көрініп тұр. Жаратушының Сөзімен қалай дұрыс қолдану керек?
Ол саған Кітап түсірді. Оның ішінде айқын белгілер бар, олар Кітаптың іргетасы, және оларға ұқсас (мутәшәәбиһәәтун) басқалары бар. Жүректерінде ауытқу барылар, оларға ұқсастарға ереді, олардың мағынасын ашуға ұмтылады және таңғалдыруға ұмтылады. Олардың мағынасын Алладан басқа ешкім білмейді! Білімдері тұрақтылар: «Біз оған сенім арттық, барлығы – Иемізден!» – дейді. Ақыл иелері ғана еске алады! (3:7)
Ықтимал қателер мен Ие белгілеген бағыттан ауытқудың себебі анық көрсетіліп тұр. Бұл үзіндіде, айқын белгілер мен оларға ұқсас белгілер бар екендігі, ашықтан-ашық айтылып тұр. Бұл пікір келесімен қуатталады:
Алла ұқсас (мутәшәәбиһән), қайталанатын ұйғарымдары бар, ең жақсы әңгімені түсірді. Иесінен қорқатындарда терілері қалтырайды! Сонан соң Алланы еске алған кезде, олардың терілері мен жүректері жұмсарады! Бұл – Алланың Нұсқауы! Кім қаласа, Ол соны онымен бағыттайды! Алла кімді жаңылдырса, соған бағыттаушы жоқ! (39:23)
Осы жағдайда «шәбиһә, шәбәһун» деген морфема қолданылғанын атап өткім келеді, оның аудармасы «ұқсас болу».
Айқын белгілердің орнына ұқсастарын нұсқау етіп қолдануға болмайды. Олар тек анық белгілерге қосымша ретінде ғана қолданыла алады. Адамдардың ұқсасқа бағдарланғаны себепті адасып кетуінің мысалдары Құранда жеткілікті.
Ұқсастықтың мағынасын толығырақ түсіну үшін, бұл терминді қолданысқа алған басқа жағдайларды қарастырайық.
Ол аспаннан суды түсірді. Біз онымен әр-түрлі өсімдікті шығардық, ал олардан көкті шығардық. Біз олардан тығыз орналастырылған тұқымдарды шығардық, сеуіп тасталынғандарынан олар көтеріледі. Жүзімді, зәйтүн ағаштарын, ұқсайтын (муштәбиһән) әрі ұқсамайтын (ғойри мутәшәәбиһин) анарларды бақтарда жақын өсіреді. Олардың жеміс бергендеріне әрі піскендеріне қараңдар. Расында, мұнда сенушілер үшін белгілер бар! (6:99)
Бақтарды төніп тұрған әрі төніп тұрмаған қылып, себілген әрі өңделген қылып, әр-түрлі жемісті қылып; зәйтүн ағаштарын; ұқсайтын (мутәшәәбиһән) әрі ұқсамайтын (ғойри мутәшәәбиһин) анарларды өсірген – Сол. Жемістері піскен кезде, олардан жеңдер. Егін жинаған кезде, тиістіні беріңдер, әрі ысырап қылмаңдар, расында, Ол ысырапқорларды сүймейді! (6:141)
Адам талдау әрі ажырату қабілеттеріне ие болғандықтан, ол қоршаған ортада өтіп жатқан процестерді жүйелей алады. Табиғатта, әр-түрлі, бірақ ұқсас заттар бар екендігін, оның заңдылықтары көрсетеді. Бұл өсімдіктерге ғана қатысты емес, жануарларға да қатысты.
Олар: «Біз үшін Иеңді шақыршы, Ол бізге оның қандай екендігін түсіндірсінші? Расында, барлық сиырлар біз үшін ұқсас (тәшәәбәһә). Расында, Алла қаласа, біз бағытталамыз!» – деп айтты. (2:70)
Мұсамен салғыласу танымал оқиғасында, Исраилдің балалары, сиырлар бір-біріне ұқсағандығынан, құрбандықтың таңдауында қателік жасаудың ықтималдығына сүйенген. Құрбандықты дәл анықтау үшін Үстем оның барлық белгілерін айтты. Қалыптасқан жағдайда керекті сиырды ұқсасымен шатастырып алу мүмкін емес болды.
Басқа танымал оқиғада да ұқсастық факті бар.
Жабықтықтары мен Мәриямға зор жала жапқандары үшін, әрі:
«Біз Мәриям ұлы Исаны, Алланың елшісін, өлтірдік қой!» – дегендері үшін.
Олар оны керіп шегелеп тастап, өлтірмеді ғой, өлімге дейін керіп шегелеп тастаған жоқ, алайда, бұл олар үшін ұқсас (шуббиһә) болды. Расында, бұл жөнінде таласатындар, болған оқиғаға күмәнмен қарайды, оларда білім жоқ, олар тек жорамалдарға ереді. Олар оны көздерін жеткізіп өлтірген жоқ. Әрине, Алла оны Өзіне көтерді, Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана ғой! (4:156-158)
Көзге көрінген өлімге ұқсастық, «құрбандық» туралы қате көзқарасқа сүйенген дербес бағыттың қалыптасуына әкелді. Исаның айқыш ағашта өлгеніне айқын дәлел жоқтығын Алла анық айтты, осы өлімге ұқсастық монотеисттердің жікке бөлінуіне себеп болды.
Құбылыс пен заттардың сыртқы ұқсастығы келесі өмірде де кездеседі.
Сенім артып, түзелгендерді, оларға арналған төменгі жақтарында өзендер ағатын бақтармен қуандыр. Оларға бақтардан жемістер берілген сайын, олар:
«Бұл бізге бұрын да берілген!» – дейді. Бірақ оларға ұқсасы (мутәшәәбиһән) берілген. Олар үшін сол жерде тазартылған жұбайылар болады, әрі олар сол жерде қалады! (2:25)
«Үлгі» мен оған ұқсастықтың бар болуы, сенушілер үшін сынақтың тағы бір түрі болып келеді. Адамдар қандай да бір белгіні өз түсінігіне «жақындатуға» қатты азғырылады. Бұл адамдардың Құранға сүйене тұра, әр-түрлі ағымдарға бөлінудің себебін түсіндіреді.
Алла белгілеген бағыттан ауытқудың себебі неде? Ауытқудың шынайы себебі жүректе орналасқан.
Білмейтіндер:
«Неліктен Алла бізбен сөйлеспейді немесе бізге белгіні бермейді?» – деп айтты.
Оларға дейінгілер де сөйтіп айтқан. Олардың сөздері іспеттес, жүректері ұқсас (тәшәәбәһәт). Біз, көздері жеткен адамдарға, белгілерді түсіндірдік. (2:118)
Көргеніміздей, адасушылыққа білместік апарады, ал білместіктің себебі – жалқаулық, талдаудан бас тартушылық, барлығын қалыптасқан күйінде қалдыруын қалағаны, яғни зұлматтық. Осыдан көпқұдайшылыққа әрі қарай тереңдетілу туылады.
«Аспандар мен жердің Иесі кім?» – деп сұра.
«Алла!» – деп жауап бер.
«Сендер өздеріңе, Онан басқа, өздері үшін пайдаға да, зиянға да ие бола алмайтын, жебеушілерді алдыңдар ма?!» – деп сұра.
«Көретін мен соқыр тең бе?! Түнек пен нұр ше?!» – деп сұра.
Немесе олардың серік ретінде қосқандары Алла сияқты жасай ма, әрі жасағандары оларға ұқсас (фәтәшәәбәһә) болып қалды ма?
«Алла – әр нәрсені Жасаушы! Ол – Жалғыз, Қаһарлы!» – деп айт. (13:16)
Анығын білмей ұқсастыққа сүйенушілік, кей кезде қатерлі қателікке апарады. Бірдеңеде қалыптасқан доктринамен ұқсастықты қатты көргіміз келсек те, Жасаушының айқын нұсқауысыз бұны ақиқат деп атауға болмайды.