Құран белгілердің өзгеріссіздігі жайында
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Адамзат, Алланың Сөзін, өзінің көзқарасына бейімдеудің үлкен тәжірбиесіне ие. Түптеп келгенде, елшілердің келуінің маңызы, негізінде, дәл осы трансценденттік ақпараттың тазалығын қайтаруда. Алайда, адамның әлсіз болмысына, ақиқат жайындағы түсінікті өзінің пікіріне қарай бұрудың мүмкіндігімен қолданбауға қиын түседі.
Исраил халқымен болған оқиға сондай әрекеттерге мысал бола алады:
Исраилдің балаларынан, Біз оларға неше айқын белгі бергенімізді, сұра. Расында, Алланың жарылқауы келгеннен кейін, оны ауыстырғандарға Алла қатал. (2:211)
Алайда, Иенің қорқытуына қарамастан, діни дегдарлар манипулиция жолымен, Үстем берген Сөзге, өздерінің мүдделеріне сай мағынаны беруге талпынды.
өздерін қарайтқандар, оларға айтылған сөздерді басқа сөздерге ауыстырды. Өздерін қарайтқандарға, жолдан тайғандары үшін, Біз аспаннан жаза түсірдік. (2:59)
Түнекте жүрген адамдар Мухаммадтың кезінде де болды.
Қалып қалғандар, олжаны алуға бара жатқандарыңда:
«Бізді, сендердің артынан еруіміз үшін, қалдырыңдаршы!» – дейді.
Олар Алланың сөзін ауыстырғысы келеді.
«Сендер біздің артымыздан ермейсіңдер! Әуелі сендер жайлы Алла сөйтіп айтты!» – деп жауап бер.
Олар: «Әрине, сендер бізді көре алмайсыңдар!» – деп айтады.
Әрине, олардың түсінетіні тек аз ғана! (48:15)
Біздің заман да ерекше емес. Исламда күштері жойылған және күштерін жоятын белгілер туралы ілімі кең таралған. Алайда, түнекте жүрген адамдардың және оларға тәрізді жалған ғалымдардың жалақорлықтарына қарамастан, Алла келесіні алдын-ала анықтады:
… Алланың Сөздері өзгерілмейді! Расында, жіберілгендер жайлы хабар саған жетті! (6:34)
Иеңнің Сөзі шыншылдықпен әрі әділдікпен аяқталды! Оның Сөздері өзгерілмейді! Ол – Естуші, Білуші! (6:115)
Аллаға сенім артып, абай болып жүргендер, Алланың жебеушілігінде, олар үшін қорқыныш жоқ, олар қайғармайды! Сенім артып, абай болғандар үшін таяу өмір мен ақырғы өмірде қуанышты хабар бар. Алланың сөздеріне алмастыру жоқ, бұл – үлкен жетістік! (10:63-64)
Кітаптан, саған уаһи етілгенді, оқы. Оның сөзінде өзгеріс жоқ! Сен, Онан басқа, тайдырушыны таппайсың! (18:27)
Менің сөзім өзгермейді, әрі Мен қызметшілерімді қарайтпаймын! (50:29)
«Данагөйлер» өзінің ақидасындағы қайшылықтарды жасыру үшін, күштері жойылған және күштерін жоятын белгіглер жөніндегі ойларын дәлелдеуге қалай тырысса да, олар сүйенетін үзінділер мүлде басқа нәрсе жайлы хабарлап тұр.
Біз бір белгінің орнын басқа белгінің орнына ауыстырғанымыз кезде, ал Алла болса, не түсіргенін Өзі жақсы біледі, олар:
«Расында, сен ойдан шығардың!» – дейді.
Әрине, олардың көбісі білмейді! (16:101)
Дін мамандары бұл үзіндіден кейбір белгілердің күші жойылды деген тұжырым шығаруға болады дейді. Яғни, олардың пайымдауы бойынша, бір белгі басқасының күшін жояды. Алайда мынадай түсініктеме қате болып келеді. Мәнмәтін елшінің қарсы жақпен пікірталасқанын баяндайды, қабылданбаған белгілердің орнына Жасаушы басқа қосымша дәлелдерді ұсынып тұр. Осыны, Кітаптың келесі үзіндісі, дәлелдеуде:
Қандай да бір белгі болсын, Біз оны ыдыратпаймыз әрі оны ұмытпаймыз. Біз одан артығын немесе оған ұқсасын келтіреміз. Алланың әр нәрсеге Құдіретті екенін білмеп пе едің?! (2:106)
Жасаушы белгіні өшірмейтінін әрі ұмытпайтынын, бірақ оның орнына қосымша ретінде ғана оған ұқсас немесе одан салмақты дәлел беретінін, үзінді айқын баяндап тұр.
Сенуші адам үшін, белгілермен көрсетілген Алланың ұйғарымдары, барлық уақытта өзгеріске ұшырамайтын заң болып келеді.
бұрын өткендерге арналған Алланың заңына бойынша. Алланың заңдарында өзгерісті таппайсың! (33:62)
Басымдылық Алланың Сөзіне ғана тән екендігі жариялансада, мұсылмандардың арасында адамдардың пікірлері басым болуда. Өйткені, белгілердің күштері жойылуы жайында, адамдардың мазмұндамасына негізделген, аңыздар хабарлайды ғой. Ал аңыздарды сенуге лайықты болып көрсету үшін, оларды Мухаммадқа қатыстырады. Яғни, Жаратушы мен Оның елшісінің арасына жасанды қарама-қайшылық қойылуы көрініп тұр, сондықтан, сенушіге, Жаратушының Сөзі мен елшінің сөзі арасынан таңдау жасау керек болып қалады.
Осындай нәрселер сенуге тұрарлық па? Мухаммад Аллаға қарсы сөйледі ме? Бұған: «Жоқ» – деп, тура жауап беруге болады.
Жоғарыда айтылғанға сүйене тұра, біз, Құранның қазіргі мәтіні өзгермеген әрі белгілердің күші жойылуы жөнінде сөз бола алмайды деп, айта аламыз.
Сен Алланың заңына алмастыру таппайсың және Алланың заңында өзгерісті таппайсың! (35:43)
ілгеріде лақтырып тасталынған Алланың заңына сәйкес. Сен Алланың заңында өзгерісті таппайсың! (48:23)