Құран міндеттеме жайында
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Шешім қабылдаудағы ерік бостандығы мен дербестік өзіне бір белгілі міндеттемелерді алуын талап етеді. Адамдардың Алламен қарым-қатынасында да белгілі міндеттемелер бар. Құранда міндеттеме «а’һадә» деген түбір арқылы белгіленеді.
Сенімге ие болғаннан кейін адамдар Алланың алдында өздеріне, толық орындалуға тиісті, белгілі бір міндеттемелерді алады:
… кім міндеттеме (би’аһдиһим) беріп, оны орындаса, бәле, зиянға ұшыраған кезде және мұқтаждық кезде сабырлы болса, сол таупиықты. Бұлар – шыншылдар, олар – абай болып жүретіндер! (2:177)
Әрине, абай болып жүрген адам өз міндеттемесін (би’аһдиһи) орындайды. Расында, Алла, абай болып жүргендерді сүйеді! (3:76)
Сендер сөйлегенде тіпті жақын туысқан болса да, әділ болыңдар! Алланың алдында міндеттемелеріңді (би’аһди) толықтай орындаңдар! Бұл Оның сендерге деген өсиеті, бәлкім естеріңе сақтарсыңдар! (6:152)
Алланың алдындағы міндеттемелерін (би’аһди) толық орындайтындар және шарттарын бұзбайтындар, (13:20)
… аманаттарын және міндеттемелерін (’аһдиһим) сақтайтындар… (23:8)
аманаттарын және міндеттемелерін (’аһдиһим) сақтайтындар, (70:32)
Сенуші ерлердің арасында Алланың алдындағы міндеттемелерінде (’ааһдаһу) шыншылдары бар. Олардың арасында серттерін орындағандары бар, және әлі күтіп, ауыстырмағандары бар, (33:23)
Алайда, өкінішке орай, Алланың алдында өзіне алған міндеттемелерін бұзған жағдайлар тарихта аз емес:
Шарт жасағаннан кейін Алланың алдындағы міндеттемелерін (’аһдә) бұзатындар, Алла оларға байланыстырыңдар деп әмір еткен нәрселерді ажырататындар, бүлінушілікті тарататындар, олар – жеңілгендер! (2:27)
Олар міндеттеме (’ааһаду ’аһдән) берген сайын, арасынан бір бөлігі одан бас тарта бере ме? Әрине, олардың көбісі сенбейді! (2:100)
Расында, Алланың алдындағы міндеттемелерін (би’аһди) және анттарын азғантай құнға сататындардың ақырғы өмірде сыбағасы жоқ! Алла олармен сөйлемей қояды, қиямет күнінде оларға қарамай қояды әрі оларды ақтамайды! Оларға ауыр азап дайын! (3:77)
«Расында, елші бізге от жеп кететін құрбандықпен келмегенше, оған сенбеуіміз керек, Алла бізден осындай міндеттемені (’аһидә) алды!» – дейтіндерден… (3:183)
Олардың көбісінен Біз міндеттемені (’аһдин) таппадық! Расында, Біз олардың көбісін жолдан тайған екенін көрдік! (7:102)
Сенімен міндеттеме (’ааһадә) жасағаннан кеін, өз міндеттемесін (’аһдиһим) үнемі бұзатындар, олар – абай болып жүрмегендер! (8:56)
Сендерден міндеттеме (’ааһадтум) алғаннан кейін, сендерді ешнәрсеге кемітпеген әрі сендерге қарсы ешкімді қолдамаған Аллаға серік қосушылардан басқа. Олармен бірге белгіленген мерзімге дейін міндеттемені аяқтаңдар! Расында, Алла абай болып жүргендерді сүйеді! (9:4)
Серік қосушылардың, шайқасқа тыйым салынған сәжде қылатын орнының қасында міндеттеме (’ааһадтум) бергендерін санамағанда, Алланың және Оның елшісінің алдында қандай міндеттемелері (’аһду) бола алады?! Олар сендермен қалай түзу болса, сендерде олармен солай түзу болыңдар! Расында, Алла абай болып жүргендерді сүйеді! (9:7)
Олар міндеттеме (’аһдиһим) алғаннан кейін, анттарын бұзса және міндеттеріңе кір келтірсе, жабықтықтың жетекшілерімен соғысыңдар! Расында, олар үшін ант жоқ, мүмкін, олар тыйылар! (9:12)
Шарт жасағаннан кейін Алланың алдындағы міндеттемелерін (’аһдә) бұзатындарға, Алланың әмірі бойынша байланыста болуы тиісті нәрсені ажырататындарға, жерде бүлінушілікті тарататындарға – қарғыс пен жаман баспана! (13:25)
Құранда Исраилдің балаларымен болған оқиғалар жеке баяндалған:
Иә Исраилдің балалары! Сендерге берген жарылқауымды еске алыңдар! Менің алдымдағы міндеттемелеріңді (би’аһди) орындаңдар, Мен де сендердің алдыларыңдағы міндеттемемді (би’аһдикум) орындаймын. Менен сақсыныңдар! (2:40)
Олар: «От бізді санаулы күндер ғана тиіп өтеді!» – деп айтты. «Сендер Алладан міндеттеме (’аһдә) алдыңдар ма? Ал Ол болса өз міндеттемесін (’аһдиһи) бұзбайды! Немесе Алла жайлы білмеген нәрселеріңді айтып тұрсыңдар ма?» – деп жауап бер. (2:80)
Жаза келгеннен кейін, олар:
«Иә Мұса! Біз үшін Аллаға жалбарыншы, сенімен міндеттеме (’аһидә) жасалынды ғой! Расында, бізді жазадан құтқарсаң, біз сенім артамыз және Исраилдің балаларын сенімен бірге міндетті түрде жібереміз!» – деп айтты. (7:134)
Мұса өз халқына ашулы өкінішпен қайтты.
Ол: «Иә халқым! Иелерің сендерге көркем уәдені уәде етпеп пе еді?! Сендер үшін міндеттеме (’аһду) ұзақ болып қалды ма немесе Алланың сендерге риза болмағандығын қалайсыңдар ма?! Сендер маған берген уәделеріңді бұздыңдар ғой!» – деп айтты. (20:86)
Олар: «Иә сиқыршы! Біз үшін Иеңді, саған міндеттеме (’аһидә) еткен нәрсесімен бірге, шақыршы. Расында, Біз бағытталамыз ғой!» – деп айтты. (43:49)
Құранға сенетін адамдар үшін Исраилдің балаларының жүріс-тұрысы көрнекті насихат болып келеді, себебі оларға да міндеттемелер ұйғарымдар түрінде жүктелген:
Өздеріңе міндеттеме алсаңдар, сол міндеттемелеріңді (би’аһди) Алланың алдында толық орындаңдар! Анттарыңды бекіткеннен кейін, бұзбаңдар! Сендер Алланы өздеріңе сенім жүктелген тұлға етіп қойдыңдар! Расында, Алла істеп жүрген нәрселеріңді біледі! (16:91)
Алланың алдындағы міндеттемеге (би’аһди) шағын құндылықтарды сатып алмаңдар! Расында, Алладағы нәрселер сендердікінен жақсырақ! (16:95)
Жетім есеймегенше, оның мүлкіне тек қана ең жақсымен жақындаңдар. Міндеттемелерді (биль’аһди) толықтай орындаңдар. Расында, міндеттемелер (әл’аһдә) туралы сұрақ қойылады! (17:34)
Ол жасырын туралы біліп алды ма немесе Аяушыдан міндеттеме (’аһдән) алды ма? (19:78)
Аяушыдан міндеттеме (’аһдән) алғандар ғана жақтаушылыққа ие! (19:87)
Расында, осыған дейін Бізде Адамнан міндеттеме (’аһиднә) болды, бірақ ол ұмытты, Біз одан табандылықты таппадық. (20:115)
Осыған дейін олар теріс айналмаймыз деп Алланың алдында міндеттенді (’ааһадуу). Алла міндеттеме (’аһду) туралы сұрайды! (33:15)
Міндеттемелер тек адамдардың арасы мен адамның Алланың алдында ғана бар емес. Алла да өзіне бір белгілі міндеттемелерді алды:
Иесі Ибраһимді сөздерімен сынаған кезде, ол оны толық орындады.
Алла: «Расында, Мен сені адамдардың жетекшісі етіп тағайындаймын!» – деп айтты.
Ибраһим: «Менің ұрпағымнан ше?» – деп сұрады.
Алла: «Менің міндеттемем (’аһди) зұлымдарға берілмейді!» – деп жауап берді.
Нық орнатылған үйді адамдардың кездесуіне қауіпсіз орын етіп тағайындаған кезімізде: «Ибраһимнің орнын Алламен байланысуға арналған орын етіп қойыңдар!» – деп ұйғардық.
Біз Ибраһим мен Исмаилге: «Менің үйімді, – айналып өтетіндер, арнайтындар, тізе бүгетіндер және сәжде ететіндер үшін, – тазартыңдар!» – деп міндеттедік. (2:124-125)
… Өз міндеттемесін Алладан гөрі кім толығырақ орындайды екен? Алламен жасаған мәмілелеріңе қуаныңдар! Бұл үлкен жетістік қой! (9:111)