Құран серт жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Көп сенушілердің сенімдерінің адалдығы, Аллаға серт беріп, мынау немесе басқа әрекет жасауға ынталандырады. Әрекет, әдетте, Аллаға арналынады, бұл, мысалы, салт жоралар жағына қатысты бола алады. «Серт» сөзі Құранда «нузуурун, нәзрун» деп белгіленеді.

Сонаң соң тынышталуға және серттерін (нузуурәхум) толық орындауға шешім қабылдасын. Ежелгі үйді айналып өтсін. (22:29)

Серт сенушіге деген ерекше жауапкершілікті жүктейді, себебі Үстем бұл әрекетті елемей қалмайды:

Расында, Алла, жұмсағандарыңды немесе серт (нәзәртум) бергендеріңді біледі! Зұлымдарға көмекші жоқ! (2:270)

Сертті орындауда үлкен жауапкершіліктің барын біле тұра, шынайы сенушілер кез келген жағдайда оны орындауға тырысады:

Олар серттерін (биннәзри) толық орындады және жамандығынан құтылуға болмайтын күнінен қорықты! (76:7)