Құран уәде жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Адамдардың арасындағы коммуникациясы уәде деген ұғымды қамтиды. Сонымен бірге, уәде тек адамдардың қарым-қатынасымен шектелмейді, уәде Алламен қарым-қатынасында да қолданылады. Құранда уәде «уа’дун» деген түбірі бар терминмен көрсетіледі.

Адамдардың уәдесі

Олардың Онымен кездесу күніне шейін, олардың жүректері сатылғыштықтың артынан ерді, себебі олар Алланың алдындағы уәделерін орындамады және өтірік айтты. (9:77)

Ибраһим әкесіне уәде бергені үшін ғана, ол әкесі үшін кешірім сұрады. Әкесі Алланың қарсыласы екенін ол түсінгеннен кейін, ол одан бас тартты! Расында, Ибраһим есіркегіш, жұмсақ болды! (9:114)

Кітапта Исмаил жайлы ескерт. Расында, ол уәдесінде шыншыл және жіберілген хабарландырушы болды. (19:54)

«Алламен қатар шақыратын серіктеріңді көрдіңдер ме? Олар жерде не жасағанын көрсетіңдерші? Немесе олардың серіктесуі аспандарда бар ма? Немесе Біз оларға Кітап беріп, олар одан түсінік алды ма?» – деп сұра. Расында, әрине, зұлымдар бір біріне тек өзін-өзі еліктіруді уәде етеді! (35:40)

Уәдеге деген қарым-қатынас

Олар: «Біз өліп, шаң мен сүйек болып кеткеннен кейін, тірілтілеміз бе? Бұрын осыны бізге әрі әкелерімізге уәде етті ғой. Расында, бұл тек көнелердің аңыздары!» – деп айтқан. (23:82-83)

Жабылғандар: «Шаң болып кеткенімізден кейін, біз және әкелеріміз шығарыламыз ба? Бұрын осыны бізге әрі әкелерімізге уәде етті! Расында, бұл тек көне аңыздар!» – деп айтты. (27:67-68)

Олар: «Шыншылдардаң болсаң, бұл уәде қашан орындалады?» – деп сұрайды. (27:71)

Жүректерінде ауруы бар сатылғыштар: «Алла мен Оның елшісі берген уәделері тек алдаушылық!» – деп айтқан. (33:12)

Олар: «Шыншыл болсаңдар, бұл уәде қашан орындалады?» – деп сұрайды. (34:29)

«Расында, Алла уәде еткен сағат – ақиқат, оған күмән жоқ!» – делінгенде, сендер: «Біз сағаттың не екенін білмейміз! Расында, біз тек жорамал жасаймыз! Біз сенімді емеспіз!» – деп жауап бердіңдер. (45:32)

Тілазардың уәдесі

Ол оларға уәде етеді және оларда қалау тудырады, алайда тілазар оларға тек елігуді уәде етеді! (4:120)

Іс шешілгеннен кейін, тілазар:

«Алла сендерге хақ уәдесін уәде етті ғой. Менде уәде еттім, алайда мен сендерді алдадым! Менің шақыруыма жауап бергендеріңнен кейін ғана, менің әмірім сендерге жүретін! Мені сөкпеңдер, өздеріңді сөгіңдер! Мен сендерді көмекке шақырмаймын, сендер де мені көмекке шақырмаңдар! Мені бұрын Аллаға серік ретінде қосқандарыңнан мен жабықпын!» – деп айтты.
Расында, зұлымдарға – ауыр азап! (14:22)

Кімге шамаң келеді, соны өз даусыңмен арандат! Оларға қарсы атты әскерің мен жаяу әскеріңді тарт! Олармен бірге олардың мүліктерінде әрі балаларында қатыс! Оларға уәделеріңді бер! Расында, тілазардың уәдесі алдамыш! (17:64)

Алланың уәдесі

Иеміз! Елшілерің арқылы бізге Өзің уәде еткен нәрсеңді бізге берші, және қиямет күнінде бізді масқараламашы, Сен уәдеңді бұзбайсың ғой! (3:194)

Баққа қосылғандар отқа қосылғандардға:
«Біз Иеміздің уәдесі хақ екендігін көрдік, ал сендер болсаңдар, Иелеріңнің уәдесі хақ екендігін көрдіңдер ме?» – деп айғайлады.
Олар: «Иә!» – деп жауап берді.
Олардың арасындағы жаршы:
«Алланың жолынан бас тартып, қисықтық жасауға ұмтылатын зұлымдарға Алланың қарғысы, олар ақырғы өмірден жабылды!» – деп айтты. (7:44-45)

Расында, Алла сенушілерден олардың өздерін және олардың мүліктерін алды! Бұл үшін оларға бақ арналған! Алланың Таураттағы, Інжілдегі және Құрандағы хақ уәдесіне сәйкес, олар Алланың жолында соғысады, өлтіреді және өлтіріледі. Өз міндеттемесін Алладан гөрі кім толығырақ орындайды екен? Алламен жасаған мәмілелеріңе қуаныңдар! Бұл үлкен жетістік қой! (9:111)

Иә, аспандар мен жердегі нәрселер Аллаға тиесілі ғой!
Иә, Алланың уәдесі хақ қой, бірақ олардың көбісі білмейді! (10:55)

Бірақ олар оны жарақаттады, сосын оларға:
«Баспаналарыңда үш күн ләзаттаныңдар! Бұл өтірік уәде емес!» – деп айтылды. (11:65)

… Жабылғандар, істеген нәрселері үшін, апатқа ұшырай береді, немесе ол (апат), Алланың уәдесі келмегенше, олардың баспаналарының қасында тоқтап тұрады. Расында, Алла белгіленген уақытты өзгертпейді. (13:31)

Алла елшілерге берген уәдесін бұзады деп санама! Расында, Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, кектің иесі! (14:47)

Олар Алланың атымен ант берді, өздері үшін ауыр ант:
«Алла өлгенді тірілтпейді!»
Әрине, Оның хақ уәдесіне сәйкес, тірілтеді, бірақ адамдардың көбісі білмейді… (16:38)

Сөйтіп, Біз солар жайлы мәлімдедік, олар Алланың уәдесі шын екендігін, сағатта күмән жоқ екендігін, білсін деп!
Олар солардың істері жайлы өзара таласқан кезде:
«Олардың үстінен құрылыс тұрғызыңдар. Иелері олар жайлы жақсырақ біледі!» – деп айтты.
Істерінде жеңіп шыққандар:
«Біз міндетті түрде олардың үстінен сәжде қылатын орынды саламыз!» – деді. (18:21)

Ол: «Бұл маған Иемнің мейірімі! Ал Иемнің уәдесі келген кезде, Ол оны қиратады, және Иемнің уәдесі хақ болады!» – деді. (18:98)

Саған дейін де Біз тек ерлерді жібердік, оларға уаһи ететінбіз. Білмесеңдер, ескерту иелерінен сұраңдар! Біз оларды тамақтанбайтын дене етіп жаратпадық, әрі олар мәңгіге қалмады! Сонан соң Біздің уәдеміз олар үшін расталды, Біз оларды және қалағандарымызды құтқардық, ысырапқорларды жойдық! (21:7-9)

Ол күні Біз, аспанды, хатшы жазбаларын бүктегендей, бүктейміз. Уәдемізге сәйкес, жаратылысты, әуел баста бастағанымыздай, қайталаймыз! Расында, Біз – жасаушымыз! (21:104)

Олар сенен азаптың тезірек келуін талап етеді, алайда Алла өз уәдесін бұзбайды. Расында, Иеңнің бір күні сендер санайтын мың жылмен тең! (22:47)

Оларға Біздің белгілеріміз айқын дәлелдермен оқылғанда, жабылғандардың беттерінен қабыл алмаушылықты көресің. Олар, өздеріне белгілерімізді оқитындарға, шабуыл жасауға дайын.
«Сендер үшін осыдан ең жаманын айтайын ба? Бұл – От! Оны Алла жабылғандарға уәде етті! Бұл жаман нәтиже!» – деп айт. (22:72)

«… Сол жерде қалағандары бар!» – деп айт. 
Олардың қалулары Иең үшін жауапты уәде болды! (25:16)

Солай, Біз оны анасына қайтардық, анасының көздері тыным тапсын деп әрі өзі (анасы) қайғырмасын деп! Алланың уәдесі хақ екендігін оның (анасының) білуі үшін! Алайда олардың көбісі білмейді! (28:13)
Бізден жақсылыққа тап болады деп уәде алып, сол жақсылықты кездестірген адам, таяу өмірде заттармен қолдануға Бізден мүмкіндік алып, содан соң қиямет күнінде ертіп әкелінгендердің арасында болатын адаммен тең бе? (28:61)

… Алла өз уәдесін бұзбайды, алайда адамның көбісі білмейді. (30:6)

Шыда, Алланың уәдесі хақ қой! Сенімділіктері жоқтар сені елемей қоймасын! (30:60)

… Расында, Алланың уәдесі хақ! 
Таяу өмір сені еліктірмесін! Алла жайлы сендерді алдағыш алдамасын! (31:33)

Иә адамдар, Алланың уәдесі хақ қой! Таяу өмір сендерді еліктірмесін, Алла жайлы сендерді алдағыш алдамасын! (35:5)

Олар: «Өз уәдесін растап, мирас ретінде бізге жерді қалдырған Аллаға даңқы! Бақтың ішінде қалаған жерімізде жайғасамыз!» – деп айтады.
Амал ететіндердің сыйы игі! (39:74)

Иеміз! Оларды Ғадн бақтарына кіргізші, бұны Сен оларға және олардың түзелген ата-аналарына, жұбайыларына әрі ұрпақтарына уәде еттің ғой! Расында, Сен әр нәрсеге шамасы жетуші, Данасың! (40:8)

Сол кезде аспан бөлінеді де Оның уәдесі орындалады! (73:18)