Құран ант жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Қарым-қатынаста өзіне сендірудің әр түрлі әдістері бар. Адамдардың арасында қолданатын осындай құралдардың бірі, бұл – ант беру институты. Құранда «ант» деген сөз арабша «аймәәнун» деп оқылады.
Өздерін жақсы жағынан көрсету үшін, «рухани» болып көріну үшін, адамдар жиі ант береді, бұл, әрине, белгілі бір пайда алып қалу үшін етіледі:

«Біз ізгіміз әрі абай болып жүрміз!» – деп, Алланың атымен ант бермеңдер. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсартыңдар. Расында, Алла – Естуші, Білуші! (2:224)

Расында, Алланың алдындағы міндеттемелерін және анттарын азғантай құнға сататындардың ақырғы өмірде сыбағасы жоқ! Алла олармен сөйлемей қояды, қиямет күнінде оларға қарамай қояды әрі оларды ақтамайды! Оларға ауыр азап дайын! (3:77)

Пайда табушылық көбінесе алдаумен байланысты, алайда бұл әрекетті Алла байқамай қалмайды:

Өздеріңе міндеттеме алсаңдар, сол міндеттемелеріңді Алланың алдында толық орындаңдар! Анттарыңды бекіткеннен кейін, бұзбаңдар! Сендер Алланы өздеріңе сенім жүктелген тұлға етіп қойдыңдар! Расында, Алла істеп жүрген нәрселеріңді біледі! 
Мықтап иіргеннен кейін жібін тарқатып алған әйелдей болмаңдар. Сендердің басшылығың басқасынан үстем болу үшін сендер анттарың арқылы түсімге иеленіп жүрсіңдер. Расында, Алла осымен сендерді сынап тұр! Келіспеушілікке себеп болған нәрселерің қиямет күнінде міндетті түрде түсінікті болады ғой! (16:91-92)

Араларыңдағы анттарыңмен түсімге иеленбеңдер, әйтпесе табандарың нық тұрғаннан кейін тайғанап кетеді, әрі Алланың жолынан бездіргендерің үшін жаманшылықтың дәмін татып көресіңдер, әрі сендерге үлке азап болады! (16:94)

Алдаудың мақсаты алуан түрлі бола алады. Алдаудың сенушілерге қарсы қолдануының үлгісі міне:

«Расында, біз сендермен біргеміз!» – деп, Алланың атымен аса зор ант бергендер жайлы, сенім артқандар: «Амалдары бекерлік болып қалды әрі олар зарар шеккен болды!» – деп айтады. (5:53)

Алла риза болмай жүрген адамдарды жебеп жүргендерді көрмеп пе едің?! Олардың сендерге де, оларға да қатысы жоқ. Олар біле тұра өтірік ант береді! Алла оларға қатты азап дайындады! Расында, істеп жүрген нәрселері жаман! 
Олар анттарын қалқан қылып алып, Алланың жолынан бездіреді. Олар үшін – қорлайтын азап! (58:14-16)

Сатылғыштар, саған келген кезде:
«Расында, сен Алланың елшісі екеніңе біз куәлік береміз!» – дейді.
Расында, сен Алланың елшісі екеніңді Алланың Өзі біледі. Расында, сатылғыштар өтірікші екеніне Алла куәлік береді!
Олар анттарын қалқан қылып алып, Алланың жолынан бездіреді. Расында, істеп жүрген нәрселері жаман! (63:1-2)

Сондықтан ант берген кезде ұшқалақтықтан безу керек:

Алла сендерді анттарыңдағы былшыл үшін жазғырмайды, бірақ Ол сендерді жүректерің тапқан нәрселері үшін жазғырады. Расында, Алла – Кешіруші, Жұмсақ! (2:225)

Алла сендерді анттарыңдағы былшыл үшін жазғырмайды, бірақ Ол сендерді анттарыңды қиындатқандарың үшін жазғырады. Бұны жабу үшін он кедейді өз жанұяларыңды тамақтандыратыңдарыңнан орташасымен тамақтандырыңдар, немесе оларды киіндіріңдер, немесе құқықсызды босатыңдар. Кімде мүмкіндік жоқ болса, үш күн ораза ұстасын. Бұл анттарыңды жабуларың үшін. Анттарыңды сақтаңдар! Сөйтіп Алла сендерге белгілерін түсіндіреді, мүмкін, алғысты боларсыңдар! (5:89)

Олар: «Бізге белгі келсе, біз оған міндетті түрде сенім артамыз!» – деп, Алланың атымен ант берді, өздері үшін ауыр ант. 
Сен оларға: «Расында, белгілер Аллада, бірақ олар келген кезде, сендер оларды белгі ретінде қабылдамадыңдар!» – деп айт. (6:109)

Олар саған: «Бізге әмір етсең, біз сөзсіз шығамыз!» – деп, Алланың атымен ант берді, өздері үшін ауыр ант.
Оларға: «Ант бермеңдер! Бағынуларың мақұлданды! Алла істеп жүрген нәрселерің жайлы хабардар!» – деп айт. (24:53)

Олар: «Бізге ескертуші келсе, біз қандай да бір басшылықтан гөрі артық бағытталған боламыз!» – деп, Алланың атымен ант берді, өздері үшін ауыр ант! Бірақ ескертушілер келген кезде, оларда тек жиреніш сезімі ұлғайды! (35:42)

Ең бастысы, ант берген кезде жауапкершілік қажет. Ант беру кезіндегі жауапкершілік әсіресе соттың талқылауында қажет:

Бұл берілген куәлікті әшкерелеуге немесе антты бергендеріңнен кейін кері қайтарып алуларыңнан қорққан жағдайларыңа жақын. Алладан сақсыныңдар әрі тыңдаңдар, Алла жолдан тайғандарды бағыттамайды! (5:108)

Әскери қимылдар кезіндегі ант бұзушылық ерекше жауапкершілікке тартады. Атап өтілген жағдайдағы ант бұзушылық өте қатты жазаланады:

Олар міндеттеме алғаннан кейін, анттарын бұзса және міндеттеріңе кір келтірсе, жабықтықтың жетекшілерімен соғысыңдар! Расында, олар үшін ант жоқ, мүмкін, олар тыйылар! Сендер анттарын бұзған адамдармен соғыспай тұрасыңдар ма?! Олар елшіні қуып шығуды ойластырды! Олар бірінші болып бастады. Сендер олардан қорқасыңдар ма? Алладан көбірек қорқу керек, сенушілер болсаңдар. (9:12-13)

Алайда Борыш Күніндегі жауапкершілік осы өмірдегімен салыстырғанда тым үлкен, әсіресе ақиқатпен үйлеспейтін ант үшін:

Олар Алланың атымен ант берді, өздері үшін ауыр ант:
«Алла өлгенді тірілтпейді!»
Әрине, Оның хақ уәдесіне сәйкес, тірілтеді, бірақ адамдардың көбісі білмейді… (16:38)

Немесе сендерде қиямет күніне жететін Біздің антымыз бар ма? Расында, талқылап отырған нәрселерің өздеріңде ғой. (68:39)

Анттарымызға мұқият болайық.