Құран шарт жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Шарт – адамдардың қарым-қатынасын реттеуге арналған құрал. Бұл тетіксіз қазіргі заманды елестету мүмкін емес, себебі кері жағдайда қоғамда толық анархия басталуы мүмкін. Алайда медальдің кері жағы да бар, қарым-қатынастың бұл реттеушісі әділетсіз бола алады, себебі бұның біреудің мүддесіне сәйкес жайластырылуы ықтимал. Аллаға берілген адам осындай нәрселерге теріс қарайды.

Шарт тақырыбына қатысты Құранда не жазылғанын көрейік. Біріншіден бұның Құранда қолданылған арабша эквивалентіне қарайық. Шарт деген сөз «миисәәқун» деп оқылады.

Алла мен хабарландырушылардың арасындағы шарт ең маңызды шарттардың бірі болып келеді:

Алла хабарландырушылардан: «Кітап пен талғағыштықтан сендерге беретінім осы. Сонан соң сендерге сендердегіні ақтайтын елші келеді. Сендер оған міндетті түрде сенім артып, көмектесесіңдер», – деп шарт алғаннан кейін: «Сендер осыны қабылдап, өздеріңе Менің міндеттемемді аласыңдар ма?» – деп сұрады. Олар: «Біз қабылдаймыз!» – деп жауап берді. Ол: «Куә болыңдар, Мен де сендермен бірге куәгер боламын! Кім осыдан кейін теріс айналса, сол жолдан тайған болып қалады!» – деді. (3:81-82)

Біз хабарландырушылармен шарт жасадық: сенімен (Мухаммад), Нухпен, Ибраһиммен, Мұсамен және Мәриямнің ұлы Исамен. Біз олармен қатаң шарт жасадық… (33:7)

Көргеніміздей, хабарландырушылар қандай да бір механикалық қуыршақтар болған жоқ, керісінше, оларда, ақиқатты жеткізуге қатысты тапсырмасында да, таңдау еркіндігі болды.
Исраилдің балаларымен байланысты оқиғалар адамдар үшін көрнекті мысал болып келеді:

Сендер өздеріңнің қандарыңды төкпейсіңдер әрі бір-бірлеріңді баспаналарыңнан қумайсыңдар деп Біз сендермен шарт жасадық, сонан соң сендер бұны қабылдап, бұны куәландырдыңдар. (2:84)

Алла Кітап иелерінен: «Сендер Кітапты адамдарға түсіндіресіңдер әрі жасырмайсыңдар» – деп шарт алғаннан кейін, олар оны арт жақтарына лақтырды да оған шағын құндылықтарды сатып алды. Тапқан нәрселері қандай жаман! (3:187)

Біз Мұсаға анық жарлық бердік. Олармен шарт жасаған кезде, Біз олардың үстінен тауды көдердік те оларға: «Қақпадан кіріп, сәждеге жығылыңдар», – деп айттық, сонымен қатар Біз оларға: «Сенбіні бұзбаңдар» – деп айттық.
Біз олармен үлкен шарт жасадық. (4:153-154)

Алла Исраилдің балаларымен шарт жасады. Біз олардан он екі басшыны көтердік.
Алла: «Мен сендермен біргемін. Байланысқа шықсаңдар, ақтайтын шығын шығарсаңдар, елшілеріме сенсеңдер, оларды нығайтып, Аллаға жақсы қарыз берсеңдер, Мен жаман істеріңді жасырамын және төменгі жақтарында өзендер ағатын бақтарға кіргіземін! Сендердің араларыңнан кім жабылса, сол түзу жолдан жаңылған болады!» – деп айтты. (5:12)

Расында, Біз Исраилдің балаларымен шарт жасап, оларға елшілерді жібердік. Елшілер олардың тұлғасы сүймейтін нәрсемен келген кезде, олар елшілердің бір бөлігін өтірікші санап, басқа бөлігін өлтіретін. (5:70)

… Олар Алла жайлы тек шындықты айтады әрі Кітаптағыны зерттейді деген Кітаптың шарты олармен жасалынбап па еді?! Ақырғы баспана абай болып жүргендер үшін жақсырақ. Ақылға келмейсіңдер ме?! (7:169)

Жоғарыда келтірілген хабарламалар Алламен жасалынған шарт барлық уақытта үлкен жауапкершілікті жүктейтінін көрсетеді, қазіргі уақытқа дейін де Исраилдің балаларына шарттын талаптарын ешкім жоққа шығарған жоқ. Шартты бұзудың жауапкершілігі өте қатал. Бұл тек Исраилдің балаларына қатысты емес, бұл шарт жасаған әрбір сенушіге қатысты:

Бірі бірілеріңе тиесілі бола тұра, сендер бұны қалайша аласыңдар?! Ал әйелдер болса сендерден толық құқықты шарт алды ғой. (4:21)

Ал егер олар беттерін аударса, оларды қай жерден тапсаңдар да, оларды ұстап, өлтіріңдер, бірақ сендермен шарт жасаған халықпен байланыстыларға, әлде сендермен немесе олардың халқымен соғысқысы келмей келгендеріне тимеңдер. Олардан жебеушілерді де, көмекшілерді де алмаңдар! (4:89-90)

Сенуші сенушіні өлтіре алмайды, қателіктің кесірінен ғана болмаса! Кім қателікпен сенушіні өлтірсе, сол құқықсыз сенушіні босатып, оның иегеріне құн төлеу керек, бірақ ол бұны садақа деп санамаса! Ал егер өлтірілген сенуші сендерге дұшпан халықтан болса, құқықсыз сенушіні босату керек. Егер ол сендермен шарт жасаған халықтан болса, құқықсыз сенушіні босатып, оның иегеріне құн төлеу керек. Кім құнның төлеуін таба алмаса, сол Алланың алдындағы тәубесі ретінде екі ай үзбей ораза ұстауы тиіс. Расында, Алла – Білуші, Дана! (4:92)

… Міндеттерін орындау үшін олар сендерден көмек сұраса, оларға көмектесулерің тиіссіңдер, бірақ сендермен шарты бар халыққа қарсы көмек болмаса ғана. Алла сендердің істеп жүрген нәрселеріңді көріп тұр! (8:72)

Алланың алдындағы міндеттемелерін (би’аһди) толық орындайтындар және шарттарын бұзбайтындар, (13:20)

Тағы да Құранда «’уқуудун» деген сөз қолданылады, оның аудармасы – келісім:

Иә сенім артқандар! Келісімдеріңді орындаңдар! (5:1)

Келтірілген белгілер сенушілерді өз сөздері мен әрекеттеріне мұқият қарауға итермелейді. Егер әр азамат пен биліктегі адам Алланың кітабін нұсқау етіп қолданса, Иеміз бұл қоғамды міндетті түрде көтереді және оның жұртына күш пен даналық береді.