Құран сенім жайында 8
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Аллаға сенудің, сенімденудің, берілгендіктің ең басты мәні – Одан келген ақпаратты толық, күмәнсіз, қабылдауда. Дәл осы шекара адамдардың жүріс-тұрысын екіге бөледі. Жалпы айтқанда, барлық адамдар мәңгілік бар екендігін түсінеді. Айырмашылық тек оның атауында және шексіздік жайында түсініктің сапалы құрамдас бөлігінде. Сондықтан елшінің оппоненттері онымен пікір таласқан кезде, Кітаптың ақпаратына сенімденбей, оның сөздерін растайтын басқа дәлелдерді талап ететін:
Сендерге тек қана басқарушылар келеді деп, не Иелерің келеді деп, не Иелеріңнің белгілерінің бірі келеді деп ойлап жүрсіңдер ме? Иелеріңнің қандай да бір белгісі келген кезде, тұлғаның сенімі оған пайдасыз болады, ол оған сол уақытқа дейін ие болмаса немесе сенімде ең жақсыға ие болмаса!
«Күтіңдер әрі біз де күтеміз!» – деп айт. (6:158)
Елшілердің уағыздауының бастапқы кезеңінде олармен әкелінген хабарға аз адам сенімденгенін тарихтан көруге болады. Бұл жағдай шынайы берілгендерді уайымдатпайтын, себебі оларға Алланың көмегі уәде етілген:
Расында, Біз Өзіміздің елшілерімізге және сенім артқандарға таяу өмірде әрі куәгерлер тұратын күнде жәрдем етеміз!
Сол күні зұлымдардың ақталуы өздеріне жәрдем етпейді! Оларға – қарғыс, әрі оларға – жаман баспана! (40:51-52)
Алдағы Сот күні жайында білім өмірдің бүкіл сынақтарына сабыр етуге деген қосымша талпыну береді:
Осы өмір жабылғандар үшін өңдеңкірелеген. Олар сенім артқандарды тәлкектейді.
Абай болып жүргендер қиямет күнінде олардан жоғары болады. Расында, Алла, қалағанына ризықты есепсіз береді! (2:212)
Білімге ие болғандар:
«Қайғы сендерге! Алланың сыйы сенім артып, түзелгендерге артығырақ! Оны тек сабырлылар кездестіреді!» – деді. (28:80)
Тапқандары үшін сақсынатын зұлымдарды көресің, алайда бұл оларға жетіп алады!
Сенім артып, түзелгендер бақтағы көгалда болады! Олар үшін, Иелерінде, қалағандарының бәрі бар! Бұл – үлкен артықшылық! (42:22)
Сендерге берілген заттар – таяу өмірдің қолданысы.
Аллада, –
сенім артқандар мен Иелеріне тәуекел ететіндер үшін,
үлкен күнәлардан әрі шектен тысқарылықтан аулақ жүретіндер, ал ашуланған кезде, кешіретіндер үшін,
Иелеріне жауап қайтарғандар, байланысқа шыққандар, ал істерінде өзара кеңесетіндер және Бізден ие болған ризықтан жұмсайтындар… үшін –
жақсырағы мен тұрақтырағы бар! (42:36-38)
Қылмыс жасағандар сенушілерді тәлкектейтіндерден болды!
Олардың қасынан өткен кезде, өзара көз қысысатын, ал отбасыларына оралған кезде, әзілмен оралатын.
Оларды кездестірген кезде: «Расында, олар адасқан ғой!» – дейтін.
Олар солардың үстіне сақшы болып қойылмады!
Сол күнде, сенім артқандар жабылғандарды, тақтада қарап жатып, тәлкектейді!.. (83:29-36)
Тәңірдің ақпаратына сенімдену қорытынды шығарылатын күнінде артықшылық береді, өйткені Жаратушының қарым-қатынасы тиісті болады:
Бірақ тәубе етіп, сенім артып, түзелгендердің тағдыры басқа болады. Оларға Алла жаман істерін жақсы істерге аударады, расында, Алла – Кешіруші, Рақымды! (25:70)
Өмірдің келесі кезеңіне күмәнмен қарау, Жәннатқа кіруге бөгет болады. Болашаққа күмәнмен қарау адамды қызғылықсыз жағдайға қояды:
Жабылғандар: «Сағат бізге келмейді!» – дейді.
«Әрине, оны сендерге, жасырынды білетін Ием, дереу әкеледі! Одан аспандар мен жерде шаң-тозаңның түйіршігі де жасырына алмайды, бұдан кішісі де, үлкені де. Тек Айқын Кітапта, сеніп артып, түзегендерге сый беру үшін! Оларға – кешірім мен құрметті ризық!» – деп жауап бер. (34:3-4)
Иеден келген хабарға сенім артушылық абай болуға талпындырады, бұрыс шешімдерден сақтандырады, осының бәрі болашақта әсерін тигізе алады:
…Сенім артып, сақсынғандарды Біз құтқардық.
Сол күні Алланың қарсыластары отқа жиналады әрі олар жайғастырылады… (41:18-19)
Сенушілік әрекеттермен нығайтылу керек, себебі нәтиже негізінде оларға байланысты:
Сендердің мүліктерің мен балаларың тек қана сенім артып, түзелгендерді Бізге жақын жақындатады. Істеген нәрселері үшін оларға көп еселі қайтарылым болады! Олар қауіпсіз бөлмелерде болады! (34:37)
Жабылғандарға – қатты азап!
Сенім артып, түзелгендерге – кешірім мен үлкен сый! (35:7)
Иелеріңнен кешірім алуға асығыңдар және ені аспандар мен жердің еніне тән, Алла мен Оның елшілеріне сенім артқандарға арналған, баққа асығыңдар! Бұл – Алланың молшылығы! Ол оны қалағанға береді! Алла – үлкен молшылықтың иесі! (57:21)
Өмір күнәсіз және қателіксіз өте алады деп санау аңғырттық болар еді. Бұл ешкімді қапаландырмау керек, себебі Аллаға берілгендік артықшылық береді:
Біз сенім артып, түзелгендердің жаман істерін жабамыз да жасағандарынан жақсырағымен жауап қайтарамыз! (29:7)
Сенім артып, түзелгендерің әрі Мухаммадқа түсірілгенге сенім артқандардың, ал бұл болса – олардың Иелері тарапынан ақиқат, – Ол жаман істерін жабады да ақылдарын жақсартады!
Бұл – жабылғандардың бос нәрсеге ергендіктері, – ал сенім артқандардың Иелерінің ақиқатына ергендіктері себебінен. Алла адамдарға осылайша мысал келтіреді! (47:2-3)
Әңгіме жаман істерді жалғастыру жайлы болып отырған жоқ екендігіне айрықша көңіл аударғым келеді. Кері реттілік болу керек: теріс амал жасап жүрген адам, Кітапқа сенімденіп, істеген амалдарына оралмай түзелгеннен соң кешірімге үміттене алады. Егер де, адам, Тәңірдің ақпаратына қатысты жабылғандық танытса, оның тағдыры қызғылықсыз болады:
Алла сенім артқандардың жебеушісі. Ол оларды түнектен нұрға шығарады. Ал жабылғандардың жебеушілері болып шектен шығушылықты жақтаушылар келеді. Олар соларды нұрдан түнекке шығарады. Сондайлар отқа қосылады әрі оның ішінде қалады! (2:257)
Олардың арасында Оған сенім артқандары да болды, Одан бас тартқандары да болды. Жағылған Тозақ жеткілікті! (4:55)
Оларды сол жерге қорлықта бой ұсынып кіргенін көресін! Олар төмен шұқшиып қарайды.
Сенім артқандар: «Расында, зарар шеккендер, бұл – қиямет күнінде өздеріне зарар шеккізгендер және өз отбасыларына зарар шеккізгендер!» – деп айтады.
Иә, расында, зұлымдар – тұрақты азапта! (42:45)
Борыш Күні басталған кезде, әуелде жабылғандардың шындыққа көздері жетеді, сол себептен олар ақыры сенім артады, алайда кеш болады:
Кейін, ол құлағаннан кейін, сендер Оған сенім артасыңдар ма?
Әрине, қазір! Әуелде сендер оны тездеткенсіңдер! (10:51)
Олар: «Біз сенім арттық!» – деп айтады, бірақ қалайша оларды қашық жерден алып шығарады?! Расында, олар әуелде жабық болатын әрі жасырын түрде қашық жерден балағаттайтын! Олар мен олардың қалауларының арасындағы бөгет оларға дейінгі жақтастардың істеріне тән. Расында, олар – жырмалайтын күмәнда! (34:52-54)
Біздің күшімізді көргеннен кейін, олар:
«Біз Жалғыз Аллаға сенім арттық және Оған серік қосқан нәрселерімізден жабылдық!» – деп айтты.
Бірақ, Оның қызметшілері лақтырып тастаған Алла заңы бойынша олар Біздің күшімізді көргеннен кейін, олардың сенімдері өздеріне пайда келтірмеді! Жабылғандар сол жерде зарарда қалды! (40:84-85)
Екіжүзділердің тағдыры ең қызғылықсыз. «Екі орындықта отыруға» ұмтылғандарды түңілушілік күтуде:
Сол күнде, сатылғыш ерлер мен сатылғыш әйелдер сенім артқандарға:
«Бізді күтіңдер! Біз сендердің нұрларыңды алып пайдаланайық!» – дегенде, оларға:
«Кері қайтыңдар да нұрды іздеңдер!» – делінеді.
Олардың арасында қақпасы бар қабырға тұрғызылған. Оның ішінде – мейірім, ал сыртқы жағында – азап.
Солар: «Біз сендермен болмадық па?» – деп оларға сөйлейді.
Олар: «Әрине, бірақ сендер, Алланың әмірі келмегенше, өздеріңді азғыртатыңсыңдар, күтіп тұратыңсыңдар, күмәнданатыңсыңдар әрі армандарыңа елігіп кеткенсіңдер! Сендерді Алладан еліктіруші еліктірді. Бүгін сендерден де, жабылғандардан да өтемақы қабылданбайды! Баспаналарың – от! Ол – сендердің жебеушілерің! Бұл жаман нәтиже!» – деп жауап береді. (57:13-15)
«Оттың иерархиясында» орналасуы да тіпті қазғылықсыз:
Расында, сатылғыштар оттың ең шеткі шегіне жетеді! Олар үшін сен көмекшілерді таппайсың, тәубесіне келіп, түзеліп, Алладан ұсталынып, Алланың алдындағы міндетінде ақжүректік танытқандардан басқа! Міне осылар сенім артқандармен, ал сонан соң Алла сенім артқандарға үлкен сый береді! Сендер алғысты болып, сенім артсаңдар, Алла азаптарыңмен не істейді? Расында, Алла – Алғысты, Білуші! (4:145-147)
Көріп тұрғанымыздай, екіжүзділердің де азаптан құтылу мүмкіндігі бар, бірақ тірі кезінде тәубесіне келіп, амалдарын түзету керек. Бұл формула барлықтарға қолданылады:
Оларды ауыр азаппен қуандыр, сенім артып, түзелгендерін қоспағанда! Олар үшін – есепсіз сый! (84:24-25)
Иенің сыйына жету үшін не қажет? Біріншіден, Жасаушы мен Оның елшілеріне сенім арту керек:
Біз, Алла мен Оның елшілеріне сенім артқандарға әрі елшілердің арасына айырма қоймағандарға, сыйларын береміз, Алла – Кешіруші, Рақымды ғой! (4:152)
Алланың өзі мен Оның нақты елшілеріне сенімдену қажет, олар жайлы хабар тарататындарға емес, осыған айрықша назар аудару керек. Осы жерде абайлаушылық қасиетін таныту керек, бұл қасиет теріс шешімдерден сақтай алады:
Аллаға сенім артып, абай болып жүргендер, Алланың жебеушілігінде, олар үшін қорқыныш жоқ, олар қайғармайды! Сенім артып, абай болғандар үшін таяу өмір мен ақырғы өмірде қуанышты хабар бар. Алланың сөздеріне алмасу жоқ, бұл – үлкен жетістік! (10:63-64)
Үстемнің Сөзіне берілгендік бағынбайтын тәкаппарды бас иетін дана адамға айналдырады:
Біздің белгілерімізге сенім артып, бой ұсынғандар, өздерің және жұбайларың, баққа қуанышқа бөленіп кіріңдер! (43:69-70)
Аллаға бойұсынушылық Оның ұйғарымдарын орындауында көрінеді. Себебі сенім әрекеттермен бірге болған кезде ғана есепсіз сыйға қол жеткізуге болады:
Сенім артып, түзелгендерді Біз төменгі жақтарында өзендер ағатын бақтарға кіргіземіз! Олар сол жерде тұрақты түрде қалады! Олар үшін сол жерде таза жұбайлар болады! Біз оларды қалың көлеңкеге кіргіземіз! (4:57)
Сенім артып, түзелгендерді Біз төменгі жақтарында өзендер ағатын баққа кіргіземіз! Олар сол жерде тұрақты түрде қалады! Алланың уәдесі хақ, кімнің сөздері Алланікінен гөрі шынырақ? (4:122)
Сенім артып, түзелгендер, ал Біз болсақ тұлғаға шамасы келетінді ғана жүктейміз, төменгі жағында өзендер ағатын бақтың мекендеушілері болады, олар сол жерде қалады! (7:42)
Расында, сенім артып, түзелгендерді, олардың Иелері сенімдеріне сәйкес бағыттайды! Жарылқанған бақтардың төменгі жақтарында өзендер ағады! (10:9)
Расында, сенім артып, түзелгендер, Иелеріне бағынғандар, олар баққа қосылады, олар сол жерде қалады! (11:23)
Сенім артып, түзелгендер, төменгі жақтарында өзендер ағатын, бақтарға кіргізіледі, олар сол жерде Алланың рұқсатымен қалулары үшін! Амандасулары: «Бейбітшілік!» – болады. (14:23)
Расында, Біз, жақсы амал жасап жүрген сенім артып, түзелгендердің сыйларын жоғалтпаймыз! (18:30)
Расында, сенім артып, түзелгендер үшін бақтар болады! Олар сол жерлерде қалады! (18:107)
Расында, Алла, сенім артып, түзелгендерді, төменгі жақтарында өзендер ағатын бақтарға кіргізеді! Расында, Алла қалаған нәрсесін істейді! (22:14)
Расында, Алла, сенім артып, түзелгендерді, төменгі жақтарында өзендер ағатын бақтарға кіргізеді. Оларға сол жерде алтын мен інжу білезіктер тағылады, ал киімдері жібектен болады. (22:23)
Сенім артып, түзелгендерге, – кешірім мен құрметті ризық! (22:50)
Сол күні билік Аллада! Ол оларға төрелік етеді!
Сенім артып, түзелгендер, – жарылқанған бақтарда! (22:56)
Сенім артып, түзелгендерді Біз міндетті түрде түзелгендерге қосамыз! (29:9)
Сенім артып, түзелгендерге келсек, олар көгалда қуанып жатады! (30:15)
Расында, сенім артып, түзелгендерге – жарылқанған бақтар! Алланың хақ уәдесі бойынша олар сол жерде қалады! Ол – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! (31:8-9)
Сенім артып, түзелгендерге келсек, оларға, істеген нәрселері үшін сияпат ретінде – мекендеуге арналған бақтар! (32:19)
Сенім артып, түзелгендерге келсек, Иелері оларды Өз мейіріміне кіргізеді! Бұл – айқын жетістік! (45:30)
Сенім артқандар, – олардың тұқымдары Біздің ақиқатымызға сенім артып, олардың артынан ерді, – олармен бірге тұқымдары болады. Амалдарынан Біз ешнәрсені жіберіп алмаймыз. Әр ер – тапқанының тұтқыны! (52:21)
Расында, сенім артып, түзелгендерге – төменгі жақтарында өзендер ағатын бақтар! Бұл – үлкен жетістік! (85:11)
Сенім артып, түзелгендерден басқа!
Олар үшін – таусылмайтын сый! (95:6)
АЛЛАҒА СЕНІМ АРТУ МЕН ТҮЗЕЛУ жетістіктің кепілі болып келеді.