Құран сенім жайында 7

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Адамның қандай да бір идеяға, мағынаға немесе жобаға деген қарым-қатынасы оның ішкі сезімімен құрылады. Ол ұсынылған концепттерді түсіне алады, олармен келісе алады, алайда адамда ішкі сенімі, сенушілігі, сенімділігі болмаса, толық берілушілік жайлы сөз бола алмайды. Қандай да бір дүниетаным ынтасымен беріліп қызмет етумен сипатталмаса, сол дүниетаным өз мақсаттарына қол жеткізе алмайтын болады. Сондықтан, жай ғана фактіні анықтау белгілеу концептті жүзеге асыру үшін жеткілікті шара бола алмайды.

Бірінші бөлімде айтып өтілгендей, «сенім» ұғымынын мағынасын «әмуна, әминә, әмәнә» деген араб сөздері қамтып көрсетеді, олардың мағынасы: «сенімді, тіректі, қауіпсіз, аман болу, сенімдену, сену». Адамдар тек фактіні анықтап белгілеп қана емес, сенім артып, сенімді амандықтың көзі деп санаған кезде, олар қандай да бір жағдайда ақпараттың көзіне берілгендік танытады, сонда олар кез келген құндылығын тайсалмай құрбан етуге дайын болады. Ақиқат жолында құрбан етуден құтылу априори мүмкін емес. Қарсылас идеологиялар бәсекелестікті қаламайды, позицияларынан айырылуына көнбейді, осындай жағдай оларды агрессияға әкеледі.

Экстремалдық жағдайларда адамның шынайы болмысы көрінеді. Ол, декларациялауына сәйкес, түсірілген ақпаратқа шынымен берілген болса, бұл оның жүріс-тұрысында анық көрінетін болады. Сынақтың мәні адамның шынайы рухани күйін анықтауда, әскери қақтығыс сынақтың маңызды компоненті болып келеді. Алайда адам баласы пенде болғандықтан кемістерінен айырыла алмайды. Сабырлыққа ынталандыру үшін Жаратушы Құранға келесі тезистерді салды:

Сендерге зақым тисе, сол халыққа да сондай зақым тиді! Сенім артқандарыңды біліп алуымыз үшін, осы күндерді Біз адамдардың арасында кезегімен ауыстырып отырмыз. Сенім артқандарды ақтап, жабылғандарды талқандау үшін Ол сендерден куәгерлерді алды! Расында, Алла зұлымдарды сүймейді! (3:140-141)

Қиыншылық кезінде, әр адамға: «Басымнан өтіп жатқан мұқтаждық пен қауіп-қатерге неліктен шыдау керекпін?» – деген ой келуі мүмкін. Таңдаудың дұрыс екенін дәлелдеу үшін Жаратушы келесі сөздерді айтты:

Сенім артқандар Алланың жолында соғысады, ал жабылғандар шектен шығушылықтың жолында соғысады. Тілазардың жебеушілерімен соғысыңдар, тілазардың қастандығы әлсіз ғой! (4:76)

Оның үстіне, Аллаға сенім артқандарға басқарушылардың қолдауы беріледі. Бұл, күмәнімізге тойтарыс беру үшін, бізге қосымша сенімділік пен ішкі күш береді:

Иең басқарушыларға: «Мен сендермен біргемін, сенім артқандарды нығайтыңдар! Мен жабылғандардың жүректеріне қорқыныш саламын. Мойыннан биік жерлерінен әрі барлық саусақтарынан ұрыңдар!» – деп уаһи етті. (8:12)

Көпшілік жағдайда, шайқастың және жалпы соғыстың қорытынына сәйкес, жеңіп шыққандар мен жеңілгендер анықталады. Жеңіп шыққандар шығындары үшін өтемақы алып, жеңуінің жемістерімен пайдаланады. Осы ереже Иеге сенім артқандарға да таралады:

Біліп алыңдар, бір-нәрсені олжа етіп алсаңдар, оның бестен бір бөлігі Аллаға, елшіге, жақын туыстарға, жетімдерге, кедейлерге және жолаушыларға тиесілі, сендер Аллаға және Біздің қызметшімізге ажырату күнінде, екі топ кездескен күнінде, түсірілгенге сенім артсаңдар. Расында, Алла әр нәрсеге құдіреті жетуші! (8:41)

Айырылу, өлім, жарақаттану және жетіспеушілікпен сынақтану бір пікірлес адамдардың шоғырлануын талап етеді. Бірлесуінің жоқтығы қалаулы нәтижеге қол жеткіздірмейді және бір сенімдес адамдардың шынайы ішкі күйін ашып көрсетеді. Сол себепті, Алла бір сенімдес адамдардың өзара қарым-қатынасын, қатал болса да, әділ реттеді:

Расында, сенім артқандар, қоныс аударғандар, мүліктерімен әрі өздерімен Алланың жолында ынталанғандар және баспана беріп, көмектескендер, бір-бірілеріне жебеушілер болып келеді!
Сенім артып, қоныс аудармағандар, – олар қоныс аудармағанша, оларға деген ешқандай жебеушілік жоқ! Міндеттерін орындау үшін олар сендерден көмек сұраса, оларға көмектесулерің тиіссіңдер, бірақ сендермен шарты бар халыққа қарсы көмек болмаса ғана. Алла сендердің істеп жүрген нәрселеріңді көріп тұр! (8:72)

Әрине, барлықтары бір сапта тұра алмайды. Ең бастысы – қөзқарасыңды қорғау ісіне өз мүмкіндігіңше араласу. Сондықтан, қолдан келерлік көмек Үстеммен еш мөлшерге кемейтілмейді:

Сенім артқандар, қоныс аударғандар, Алланың жолында ынталанғандар және баспана беріп, көмектескендер, – олар – шынайы сенушілер! Оларға кешірім мен құрметті ризық!

Кейін сенім артқандар, қоныс аударғандар және сендермен бірге ынталанғандар, олар – өздеріңнен! Бірақ туыстықтың иегерлері  Алланың ұйғарымы бойынша олардың бірі басқаларына жебеуші болып келеді. Расында, Алла әр нәрсені білуші! (8:74-75)

Әр-түрлі жағдайда белсенділік танытушылық сенім артқандардың бірілеріне, басқаларына қарағанда, артықшылық береді:

Сенім артқандар, қоныс аударғандар және Алланың жолында мүліктерімен әрі өздерімен ынталанғандар, – олардың дәрежесі Алланың алдында жоғарырақ! Олар жетістікке жеткендер! (9:20)

Алайда, елші әрі сенім артқандар, онымен бірге мүліктерімен әрі өздерімен ынталанды! Олар үшін – жарылқаулар! Олар – бақытты! (9:88)

Жасаушыға сенім артатындардың тіршілік әрекетінің түпкілікті қорытындысы, бұл – Оның мейіріміне бөлену және тұлғаның дамуының келесі кезеңінде, яғни Жәннатта, өзінді жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болу.