Құран сенім жайында 6

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Тарихи шолу – адамдардың ақылдары мен жандары үшін үздіксіз күресті көрсетеді. Зияткерлер өз замандарында кейбір идеологиялар мен доктриналарды құрды, бірақ тарих барысына көбінесе, дүниетаным иелері, дұрысырақ айтқанда, дүниетанымды халыққа жеткізушілер – Алланың елшілері, әсерін тигізді. Уақыт өте келе, елшінің есімнамасының негізінде, нанымдардың «рәсімделген» тәжірбиесі пайда болатын. Бүкіл нанымдардың түп-тамырын талдап шықсақ, оларда, адами ойлардың үлкен қатпарымен жасырылған, жалғыз негізді көре аламыз.

Адамдар бір негізде болған. Алла, қуантушы әрі алдын ала ескертуші, хабарландырушыларды жіберетін. Адамдардың арасындағы келіспеушілікке себеп болған мәселені шешу үшін, олармен бірге, ішінде ақиқат жазылған Кітапты түсірдік. Тек қана Кітапқа ие болғандардың, оларға анық дәлелдер келгеннен кейін, сол ақиқатқа қатысты пікірлері бірікпеді. Алланың рұқсатымен олардың арасында дау тудырған ақиқатқа сенім артқандарды, Алла бағыттады. Расында, кім қаласа, Алла соны тура жолға бағыттайды!

Сендерден бұрын болғандарға келген тәрізді сынақ сендерге келмегенше, баққа кіремін деп ойлап жүрсіңдер ме?! Елші мен онымен бірге болған сенушілер: «Алланың көмегі қашан келеді?» – демегенше, олар мұқтаждық көретін, бақытсыздыққа әрі күйзеліске ұшырайтын. Расында, Алланың көмегі жақын! (2:213-214)

            «Ақиқат іргетасы» бірнеше рет бұрмалаушы қондырмадан тазартылғандығын елшілердің келуі көрсетеді. Өз көзқарасын өзгертуге қорықпағандардың бәрі, әрине, табысқа үміт арта алады:

Расында, Алла мен Ақырғы күнге сенгендерге және түзелген: яһуди, мәсіхші, сабилерге – Иеден сый беріледі. Олар қорқыныш пен қайғыны білмейтін болады. (2:62)

Расында, Алла мен Ақырғы күнге сенгендерде және түзелген: яһуди, саби және мәсіхшілерде – қорқыныш болмайды, және олар қайғыға батпайды! (5:69)

            Расында, сенім артқандарды, және яһуди, саби, мәсіхші және Аллаға серік қосатын зороастрийліктерден, расында, Алла қиямет күнінде оларды ажыратады. Расына, Алла әр нәрсеге куә! (22:17)

            Иенің Нұрынан жабықтық, ақиқатты қабылдамаушылық осы өмірде де қайғылы нәтижеге әкелгізетін:

Олар жерде саяхат жасап, оларға дейін болғандардың ақырын көрмеді ме? Алла оларды жойды, және соны жабылғандарға үлгі етті!

            Бұл – Алла сенім артқандардың жебеушісі болғандықтан, әрі – жабылғандар үшін жебеуші жоқ болғандықтан! (47:10-11)

           

            Ал адамдарда, соңғы мезетке дейін жазадан құтылу мүмкіндігі бар:

            Сенімі көмектескен, сенім артқан елді мекен болса да – бұл тек қана Йунус халқы! Біз, олар сенім артқаннан кейін, олардан осы өмірдегі масқаралық азабын алыстаттық және оларға бір белгілі уақытқа дейін қолдануға мүмкіндік бердік. (10:98)

            Бүгінгі күнде сенім артқандар үшін ең басты үлгі болып Ибраһим хабарландырушы келеді:

Расында, Ибраһимге ең жақындар, бұл – оның артынан ергендер, осы елші және сенім артқандар. Расында, Алла – сенушілердің жебеушісі! (3:68)

Үлгілер бізге не үшін қажет? Нақты амалдарда сеніміміздің дәрежесін көрсету үшін қажет:

Сендер адамдардың алдына алып шығарылған үздік басшылық болдыңдар. Сендер мақұлданғанды әмір етіп, жағымсыздан тыятынсыңдар, әрі Аллаға сенім артатынсыңдар. 
Кітап иелері сенім артқанда, олардың өздеріне артық болатын еді. Олардың арасында сенім артқандар бар, бірақ олардың көбісі – жолдан тайғандар. (3:110)

Таупиықтық шығыс не батыс жаққа қарағандарыңда емес. Кім Аллаға, Ақырғы күнге, басқарушыларға, Кітапқа, хабарландырушыларға сенсе, кім өз мүлкін сүйсе де, оны: жықындарына, жетімдерге, кедейлерге, жолаушыларға, сұраушыларға, құқықсыздарға, – таратса, байланысқа шықса әрі ақтайтын шығын шығарса, кім міндеттеме беріп, оны орындаса, бәле, зиянға ұшыраған кезде және мұқтаждық кезде сабырлы болса, сол таупиықты. Бұлар – шыншылдар, олар – абай болып жүретіндер! (2:177)

Кез келген адамның жүріс-тұрыс логикасы, сол адамның құндылық шкаласынан құрылады, ал құндылық шкаласы болса, сырттан келетін ақпараттын әсерінен қалыптасады. Ішкі дүниені құру үшін Алладан келетін ақпарат ең мінсіз тұғырнама болып келетіні анық:

Елші, өзіне Иесінен түсірілгенге сенім артты, сенушілер де оған сенім артты. Барлығы Аллаға, басқарушыларға, Оның Кітаптарына, Оның елшілеріне сенім артты.

Олар: «Біз елшілердің арасына айырма жасамаймыз. Біз естіп, көндік. Иеміз! Бізді кешірші! Расында, біз Саған келеміз!» – деп айтты. (2:285)

Ол саған Кітап түсірді. Оның ішінде айқын белгілер бар, олар Кітаптың іргетасы, және оларға ұқсас басқалары бар. Жүректерінде ауытқу барылар, оларға ұқсастарға ереді, олардың мағынасын ашуға ұмтылады және таңғалдыруға ұмтылады. Олардың мағынасын Алладан басқа ешкім білмейді! Білімдері тұрақтылар: «Біз оған сенім арттық, барлығы – Иемізден!» – дейді. Ақыл иелері ғана еске алады! (3:7)

Аллаға деген сенімдену пайымдауға түрткі себеп болып келеді, өз өмірінің мәнін түсінуіне жол ашады және Жасаушыға деген шынайы жүгінушілікті тудырады:

«Сендерге осыдан артық нәрсе жайлы хабар берейін бе? Абай болып жүргендерге, Олардың Иесінде, төменгі жағында өзендер ағатын бақ бар. Сол жерде таза жұбайлар мен Алланың ризалығы бар. Олар сол жерде қалады!» – деп айт.

Расында, Алла: «Иеміз! Біз сенім арттық! Айыптарымызды кешіріп, от азабынан қорғашы!» – деген қызметшілерін көріп тұр. (3:15-16)

Расында, аспан мен жердің жаратылуында және түн мен күннің ауысуында –  Алланы, тұрғанда да, отырғанда да, бүйірлерінде жатқанда да, еске алатын, ақыл иелері үшін – белгілер бар.

Олар аспан мен жердің жаратылуы жайлы толғанады:

«Иеміз! Сен бұны бостанбосқа жаратпадың! Мадақ Саған! Бізді от азабынан қорғашы!

Иеміз! Кімді сен отқа салсаң, соны сен масқараладың деген сөз! Зұлымдарда көмекшілері жоқ!

Иеміз! «Иелеріңе сенім артыңдар!» – деп сенімге шақырған шақырушыны естіп, сенім арттық.

Иеміз! Айыптарымызды кешірші, жаман істерімізді жапшы және бізді таупиықтылармен бірге тыныштандыршы! 
Иеміз! Елшілерің арқылы бізге Өзің уәде еткен нәрсеңді бізге берші, және қиямет күнінде бізді масқараламашы, Сен уәдеңді бұзбайсың ғой!» (3:190-194)

Олардан кейін келгендер: «Иеміз! Бізді және бізден бұрын сенім артқан бауырларымызды кешірші! Жүректерімізге сенім артқандарға қарсы ашулық орнатпашы! Иеміз! Расында, Сен – Есіркегіш, Рақымдысың!» – деп айтады. (59:10)

            Жаратушыға сенім арту керек, ал пәлен тәңірге сенушілік әлемнің барлық халықтарында бар. Сенушілік немесе мойындаушылық лайықты тәртіпке кепіл бола алмайды. Ал сенім арту мен қауіпсіздік сезімі болса лайықты әрекетке себептеседі:

Расында, сенушілер, бұл – Аллаға және Оның елшісіне сенім артқандар, сонан соң күмәнға батпағандар әрі Алланың жолында мүліктерімен әрі өздерімен ынталанғандар! Солар – шыншылдар! (49:15)

            Адамның сенуші болып саналуы үшін абыздар пәлен шарттар ойлап тапқан, бірақ шын мәнінде барлығы әр адамның өз қабылдауына, Иеге деген қарым-қатынасқа, тіреліп келеді:

Сенім артқандар және өз сенімдерін түнекпен бүркемегендер, олар – қауіпсіздікте әрі олар тура бағытталғандар! (6:82)

Расында, сенушілер, бұл – Аллаға және Оның елшісіне сенім артқандар! (24:62)

Адамдардың қайсысы мына адам Аллаға сенім артты, ал ана адам Аллаға сенім артпады деп анықтай алады? Тілмен кез келген нәрсені айтуға болады емес пе. Сондықтан, адамның Жаратушыға деген қатысты күйін анықтау біздің шаруамыз емес. Әр адам Аллаға сенімдене ме, не сенімденбей ме, өзі шешім қабылдау керек. Сол шешімге негізделген іс-әрекеттер оның ішкі дүниесін көрсетеді.

«Ол – Аяушы! Біз Оған сенім арттық және Оған тәуекел еттік! Ал сендер, кім анық адасуда екендігін, білесіңдер!» – деп айт. (67:29)

Сонан соң, сенім артқандар, сабырлықты әрі мейірімділікті өсиет етеді. (90:17)

Қандай іс-әрекеттер Аллаға сенім артқанды «әшкерелей» алады? Сенім артқанның ең басты қасиеті – оның түзелуге ұмтылуы болып келеді:

Біз елшілерді тек қана қуантушы әрі алдын ала ескертуші ретінде жібердік. Кім сенім артып, түзелсе, сол қорқынышты да, қайғыны да танымайтын болады! (6:48)

Сенім артқандардың жүректері Алланы еске алған кезде тынышталады. Алланы еске алған кезде жүректер тынышталмас па еді?! Сенім артып, түзелгендерге жарылқау мен жақсы мекен болады! (13:28-29)

Расында, сенім артып, түзелгендер – жаратылғандардың ең жақсысы! (98:7)

Расында, адам баласы залалда!

Бірақ бұл, сенім артып, түзеліп, ақиқатты өсиеттегендер әрі сабырлықты өсиеттегендер жайлы емес! (103:2-3)

Осы майданда қарсыласу мен шиеленістерсіз өмір сүру іс жүзінде мүмкін емес:

Расында, жасырын әңгіме – тілазардан, сол арқылы ол сенім артқандарды қайғыға батырғысы келеді. Сол әңгіме тек Алланың рұқсатымен ғана зиянын тигізе алады. Сенушілер Аллаға тәуекел етсін! (58:10)

Адамдарды екі топқа бөлуге болады: Үстемге шынайы сенім артатындарға және басқаларға. Осы екі топтың адамдары Құранда үнемі салыстырылады.

Саған түсірілгенге және саған дейін түсірілгенге сенім арттым деп айтатындар жайлы ойламап па едің? Шешім шығару үшін олар шектен шығушылыққа жүгінеді, оларға одан жабылу әмір етілгенге қарамастан. Тілазар оларды жолдан терең адасушылыққа жаңылдырғысы келеді! (4:60)

Сенім артып, түзелгендерді, оларға арналған төменгі жақтарында өзендер ағатын бақтармен қуандыр. Оларға бақтардан жемістер берілген сайын, олар:

«Бұл бізге бұрын да берілген!» – дейді. Бірақ оларға ұқсасы берілген. Олар үшін сол жерде тазартылған жұбайылар болады, әрі олар сол жерде қалады!

Расында, Алла масаны әрі одан үлкен жаратылысты мысалға келтіруді ұялмайды.

Сенім артқандар болса, олар, бұл – Иеден ақиқат екендігін біледі.

Жабылғандар болса, олар:

«Алла осы мысалмен не көрсеткісі келді?» – деп сұрайды. Осымен Ол көп жанды адасушылыққа апарады, ал көп жанды осымен Ол бағыттайды, алайда осымен тек жолдан тайғандар адасады! (2:25-26)

Адамдардың арасында Аллаға пәленшелерді теңестіріп, оларға қызмет ететіндер бар. Олар пәленшелерді Алланы сүйгендей сүйеді, ал сенім артқандар Алланы артық сүйеді!

Зұлымдар азаптарды көрген кезде, бүкіл қуат, расында, Аллаға тән екенін түсінсе ғой! Расында, Алла қатты азаптайды! (2:165)

Осы өмір жабылғандар үшін әшекейлендірілген. Олар сенім артқандарды тәлкектейді.

Абай болып жүргендер қиямет күнінде олардан жоғары болады. Расында, Алла, қалағанына ризықты есепсіз береді! (2:212)

Расында, Аллаға әрі Ақырғы күнге сенетін, сиыну байланысына шығатын, ақтайтын шығын шығаратын әрі тек Алладан ғана қорқатындар, осылар – Аллаға сәжде қылатын орындарды қалпына келтіреді! Мүмкін, осындайлар бағытталар!

Қажының шөлін қандыру әрі шайқасқа тыйым салынған сәжде жасайтын орынды салу, Алла мен Ақырғы күнге сенетіндердің әрі Алланың жолында ынталанатындардың істерімен, тең бе еді?! Олар Алланың алдында тең емес, Алла зұлымдарды бағыттамайды! (9:18-19)

Соқыр мен көруші, әрі сенім артып, түзелгендер мен жаман іс жасаушылар, теңдес емес! Аз еске аласыңдар! (40:58)

Оған сенбейтіндер оның болуын тездетеді. Оған сенетіндер одан сескенеді әрі оның ақиқат екендігін біледі. Расында, сағатқа күмәнмен қарайтындар терең адасушылықта! (42:18)

Жасаушының, Оған сенім артқандарға деген қарым-қатынасы, жұмсақтап айтқанда, жақсы:

Ал сенім артып, түзелгендер баққа қосылады, олар сол жерде қалады! (2:82)

Расында, сенім артқандар, қоныс аударғандар және Алланың жолында ынталанғандар, Алланың мейіріміне үміттенеді! Алла – Кешіруші, Рақымды! (2:218)

Алла сенім артқандардың жебеушісі. Ол оларды түнектен нұрға шығарады… (2:257)

Расында, сенім артқандар, түзелгендер, байланысқа шыққандар және ақтайтын шығын шығаратындарды, Иенің сыйы күтуде! Олар қорқыныш пен қайғыны танймайтын болады! (2:277)

Сенім артып, түзелгендерге келсек… оларға сыйлары толық беріледі! Расында, Алла зұлымдарды сүймейді! (3:57)

Алла сенушілерді сендердің күйінде, жақсыны жаманнан айырмағанша, қалдыратындай емес.

Алла сендерді сырлымен таныстыратындай емес, бірақ Алла Өз елшілерінен қалағанын таңдайды. Аллаға және Оның елшілеріне сенім артыңдар. Сенім артып, абай болсаңдар, сендер үшін – үлкен сый! (3:179)

Біз, Алла мен Оның елшілеріне сенім артқандарға әрі елшілердің арасына айырма қоймағандарға, сыйларын береміз, Алла – Кешіруші, Рақымды ғой! (4:152)

Сенім артып, түзелгендерге келсек, Ол оларға сыйларын толығынан береді әрі Өз молшылығынан арттырады.

Жатсынып, тәкаппарланғандарға келсек, Алла оларды ауыр азапқа салады! Олар өздеріне, Алладан басқа, жебеуші мен көмекшіні таппайды!

Иә адамдар! Сендерге Иелеріңнен дәлел келді, әрі Біз сендерге анық нұр түсірдік!

Аллаға сенім артып, Одан ұсталынғандарға келсек, Ол оларды Өзінің мейірімі мен молшылығына кіргізеді! Ол оларды Оның тура жолына бағыттайды! (4:173-175)

Расында, сендердің жебеушілерің – Алла, Оның елшісі, сенім артқандар, байланысқа шығатындар, ақтайтын шығын шығаратындар әрі тізе бүгетіндер!

Кім Алланы, Оның елшісін және сенім артқандарды жебеуші қылып алса, сол – Алланың партиясында! Олар – жеңімпаздар! (5:55-56)

Кім, жаман істерді жасап жүргеннен кейін тәубесіне келіп, сенім артса, расында, сенің Иең, осыдан кейін – Кешіруші, Рақымды! (7:153)

Сонан соң Біз елшілерімізді әрі сенім артқандарды құтқарамыз. Сөйтіп, сенім артқандарды құтқару Біздің құқығымыз болып келеді! (10:103)

Алла, сенім артқандарды, мықты сөзбен, осы өмірде әрі ақырғы өмірде, нығайтады! Ал зұлымдарды Алла жаңылдырады! Алла қалаған нәрсесін істейді! (14:27)

«… Сенім артып, түзелгенге келсек, оған жақсы сый беріледі, әрі Біз оған жеңіл әмір айтамыз» (18:88)

Олардан кейін, байланыстарын тастап, өз құмарлықтарына ерген, мұрагерлер қалды. Олар, тәубесіне келіп, сенім артып, түзелгендерінен басқа, адасушылыққа ие болады. Солар баққа кіреді, әрі олар ештеңемен қарайтылмайды, Адн бағына кіреді, оны, Аяушы, көзге көрінбейтін бола тұра, Өз қызметкерлеріне уәде еткен!

Расында, Оның уәдесі орындалады! (19:59-61)

Расында, сенім артып, түзелгендерге, Аяушы, сүйіспеншілік орнатады! (19:96)

Расында, тәубесіне келіп, сенім артып, түзелгенді, сонан соң бағытталғанды, Мен кешіремін ғой! (20:82)

Расында, Алла сенім артқандарды қорғайды! Расында, Алла, бүкіл опасыздық жасаушыларды мен жабылғандарды сүймейді! (22:38)

            Тәубесіне келіп, сенім артып, түзелгендерге келсек – олар, мүмкін, жетістікке жетеді! (28:67)

            Сендердің мүліктерің мен балаларың тек қана сенім артып, түзелгендерді Бізге жақын жақындатады. Істеген нәрселері үшін оларға көп еселі қайтарылым болады! Олар қауіпсіз бөлмелерде болады! (34:37)

            «Иә сенім артқан қызметшілер, Иелеріңнен сақсыныңдар! Осы өмірде жақсылық жасағандарға – жақсылық пен Алланың байтақ жері! Расында, сабырлыларға сыйлары толығымен есепсіз беріледі!» – деп айт. (39:10)

            Расында, Біз Өзіміздің елшілерімізге және сенім артқандарға таяу өмірде әрі куәгерлер тұратын күнде жәрдем етеміз!

Сол күні зұлымдардың ақталуы өздеріне жәрдем етпейді! Оларға – қарғыс, әрі оларға – жаман баспана! (40:51-52)

Расында, сенім артып, түзелгендерге – азаймайтын сый! (41:8)

Осымен Алла Өзінің сенім артып, түзелген қызметшілерін қуантады!

«Мен сендерден өзім үшін тек жақындарға сүйіспеншілікті сұраймын!» – деп айт.

Кім жақсылық жасаса, соған Біз бұның үстіне жақсылық қосамыз! Расында, Алла  Кешіруші, Алғысты! (42:23)

Ол сенім артып, түзелгендерге жауап береді. Ол оларға Өз молшылығынан арттырады, ал жабылғандар үшін  қатты азап! (42:26)

Сендерге берілген заттар – таяу өмірдің қолданысы.

Аллада, –

сенім артқандар мен Иелеріне тәуекел ететіндер үшін,

үлкен күнәлардан әрі шектен тысқарылықтан аулақ жүретіндер, ал ашуланған кезде, кешіретіндер үшін,

Иелеріне жауап қайтарғандар, байланысқа шыққандар, ал істерінде өзара кеңесетіндер және Бізден ие болған ризықтан жұмсайтындар… үшін –

жақсырағы мен тұрақтырағы бар! (42:36-38)

Аллаға сенім артқандарға тоқмейілсуге болмайды, себебі әр сенуші өз ішкі күйін Үстемге амалымен дәлелдеу керек. Жасаушы уәде берген сыйға сай болу үшін сынақтан өту керек:

Адамдар, өздері жайлы: «Біз сенім арттық!» – дегендері үшін, азғырылмай, тыныштық көреді деп ойлайды ма? (29:12)

«Алтынмен» сыналу адам үшін ең қиын сынақ десе болады. Аллаға сенім артатындарға осы сынақтан өту жеңілірек, себебі олар «алтын торпақты» тағы бір тәңір қылып алмайды.

«Ұнарлық ризық пен Алланың әшекейлеріне, оларды Ол қызметшілеріне арнап шығарған, кім тыйым салды?!» – деп сұра.

«Бұлар тек таяу өмірде қиямет күніне сенгендер үшін!» – деп айт. Сөйтіп Біз белгілерді білетін адамдарға жете түсіндіреміз! (7:32)

Иеге сенім артатын адамдар басқа адамдардан өзгеше:

Сенім артып, түзелгендерді, жерде бүлінушілік жасайтындарға ұқсас қылдық па?!

Абай болып жүргендерді бұзақылармен теңестірдік пе?! (38:28)

            Жамандық жасағандар, Біз оларды, сенім артып, түзелгендерге ұқсас орнатамыз, өмірдері мен өлімдері бірдей болады деп ойлайды ма?!  Олар жаман үкім шығарады! (45:21)

            Жаратушыға сенім артатындардың ең басты ерекшелігі – Оның «түсірілгенге сенім артыңдар» деген бұйрығын орындауда.

«Біз, Аллаға, бізге түсірілгенге және Ибраһим, Исмаил, Исхақ, Яқуб әрі келесі ұрпақтарға түсірілгенге, және Мұса мен Исаға берілгенге, және хабарландырушыларға Иелерінен берілгенге, сенім арттық! Біз олардың ешқайсысын ерекшелендірмейміз. Біз Оған бой ұсынамыз!» – деп айтыңдар. (2:136)

«Біз, Аллаға, және Ибраһим, Исмаил, Исхақ, Яқуб әрі ұрпақтарға түсірілгенге, және Мұса, Иса әрі хабарландырушыларға Иелерінен берілгенге, сенім арттық! Олардың араларына ешқандай айырма жасамаймыз. Біз Оған бой ұсынамыз!» – деп айт. (3:84)

Сенім артқан қызметшілеріме, мәміле мен достық болмайтын күн келмей тұрғанда, байланысқа шықсын әрі Бізден ие болған ризықтан, жасырын түрде және жұрт алдында, жұмсасын деп айт. (14:31)

Құранды декламациялаған кезіңде, қарғысталған тілазардан қорғану үшін Аллаға жүгін! Расында, сенім артып, Иелеріне тәуекел еткендерге, оның әмірі жүрмейді! (16:98-99)

… Иә сенім артқан ақыл иелері, Алладан сақсыныңдар!
Алла, сенім артып, түзелгендерді түнектен Нұрға шығару үшін, Оның белгілерін түсіндірілген түрде оқитын елшімен бірге, ескертуді жіберді. Кім Аллаға сеніп, түзеліп жатса, соны Алла төменгі жақтарында өзендер ағатын бақтарға кіргізеді, сол жерде оны тұрақты түрде қалдыру үшін! Соған Алла ең жақсы ризықты берді! (65:10-11)