Құран сенім жайында 5

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Құрандағы трансцендентті ақпаратты ерікті түрде қабылдағандық, оған деген қарым-қатынастың басты постулаты болып келеді. Кері жағдайда ақжүректік болмайды. Мәжбүрлікке ұшырағандық, Борыш Күнінде, ақталудың негізі болады. Кітапта, ықтимал қайғылы нәтиже жайлы ескертумен ілесетін, адамдардың көздерін жеткізетін дәлелдемелер жүйесі бар:

Оған сенбейтіндер оның болуын тездетеді. Оған сенетіндер одан сескенеді әрі оның ақиқат екендігін біледі. Расында, сағатқа күмәнмен қарайтындар терең адасушылықта! (42:18)

Елшілермен айтыс-тартыс, көбінесе, өмірдің келесі кезеңі тақырыбына қатысты болатын. Адамдардың көбісі, эмпирикалық түрде тексеріле алынбайтын нәрселерге, сенуден бас тартатын.

Сендерге тек қана басқарушылар келеді деп, не Иелерің келеді деп, не Иелеріңнің белгілерінің бірі келеді деп ойлап жүрсіңдер ме? Иелеріңнің қандай да бір белгісі келген кезде, тұлғаның сенімі оған пайдасыз болады, ол оған сол уақытқа дейін ие болмаса немесе сенімде ең жақсыға ие болмаса!

            «Күтіңдер әрі біз де күтеміз!» – деп айт. (6:158)

Бірақ оппоненттердің бір бөлігі өз ұстанымын ашық түрде көрсетпейтін. Алланың ақиқатаына деген шын қарым-қатынасын жасыратын адамдардың категориясы бар:

Адамдардың арасында: «Алла мен Ақырғы күнге сендік!» – дейтіндері бар, бірақ олар сенбейді. Олар Алла мен сенім артқандарды алдап жүр, бірақ олар тек өзін-өздері алдап жүргендерін ұқпай жүр. (2:8-9)

Оларға: «Адамдар сенім артқандай сенім артыңдар!» – делінгенде, олар: «Біз ақымақтар сенім артқандай сенім артайық па?» – деп жауап беретін. Расында, олардың өздері ақымақ емес пе?! Бірақ олар оны білмейді.

Олар, сенім артқандарды кездестірген кезде: «Біз сенім арттық!» – дейді, ал тілазарлармен жалғыз қалған кезде: «Расында, біз сендерменбіз. Біз жай ғана тәлкектеп жүрміз ғой!» – дейді. (2:13-14)

Жоғарыда атап өтілген категорияға тән адамдар, Аллаға шынайы сенім артқандар үшін, ең қауіпті. Сенім бетпердесінің артынан олар сенушілерді тура жолдан бірітіндеп тайдыру жүйесін құрып жатады.

Олар сенім артқандарды кездестірген кезде: «Біз сенім арттық!» – дейтін, ал өздері оңаша қалған кезде: «Алла сендерге ашқанды оларға айтасыңдар ма?! Олар, Иенің алдында, сендермен сол жайлы даулассын деп пе?! Сендер бұны түсінбейсіңдер ме?!» – дейтін. (2:76)

            Осы үзіндіде «абыздардың» ақиқаттың бір бөлігін жасыру технологиясы жақсы көрсетілген. Алладан келген бүкіл ақпаратты бұрмалау керек емес, тек біраз корреляция жасау керек, сәл шет жаққа бағыттау керек, содан соң біраз уақыт өткеннен кейін, көптеген адепттер көрсетілген бағытқа бет аударады, бұны біз бүгінгі күнімізде байқап жүрміз. Сондықтан Жасаушы сөзге сенуден алдын-ала сақтандырады, Аллаға сенуші амалдарға қарау керек:

Сендер осыларды сүйесіңдер, ал олар болса сендерді сүймейді. Сендер Кітапқа бүтіндей сенесіңдер. Олар сендерді кездестірген кезде: «Біз сенім арттық!» – дейді, ал оңаша қалғанда сендерге деген ашулары үшін саусақтарының ұштарын тістейді.

            «Ашуларыңнан өліңдер! Расында, Алла ниеттерді біледі!» – деп айт. (3:119)

            Мухаммадтың кезінде өздерінің шынайы ниеттерін жасырғандардың бірі кейбір яһудилер болды:

Иә елші! Жабылуға ұмтылатындардың арасынан, ауыздарымен: «Біз сенім арттық!» – деп айтып, жүректерімен сенбейтіндері үшін қайғырма.
Яһудилердің арасында өтірікке құлақ асатындары бар. Олар саған келмеген басқа адамдарға құлақ салады. Олар сөздердің орнын ауыстырып: «Бұл сендерге берілсе, алыңдар, ал берілмесе – сақтаныңдар!» – дейді.

Расында, Алла кімді ылаңға салғысы келсе, соған сен Алланың алдында билік жүргізе алмайсын! Алла олардың жүрегін тазартқысы келмейді. Оларға осы өмірде – масқаралық, оларға ақырғы өмірде – үлкен азап! (5:41)

            Сондай тәжірбие күмәншілдерге әсерін тигізді:

Олар: «Біз Алла мен елшіге сенім арттық! Біз тыңдаймыз!» – деп айтады. Содан соң олардың бір бөлігі теріс айналады! Сондайлар – сенбеушілер! (24:47)

            Бірақ барлықтары ондай болмады. Мухаммадтың кезіндегі арабтардың көбісі, көпшілікке еріп, сенімді ресми түрде қабылдады, бірақ сол сенім жүректерінде болған жоқ:

Арабтар: «Біз сенім арттық!» – деп айтты.

            «Сендер сенім артпадыңдар, алайда: «Біз бойұсындық!» – деп айтыңдар. Сенім әзірше жүректеріңе кірмеді! Алла мен Оның елшісін тыңдасаңдар, Ол сендердің амалдарыңды ешнәрсеге кемітпейді! Расында, Алла  Кешіруші, Рақымды» – деп жауап бер. (48:14)

            Бұл, жүректері сенімге толмаған, бірақ Алланың барлық ұйғарымдарын орындайтын адамдарға деген Үстемнің мейірімді қарым-қатынасының көрнекті мысалы. Жетістікке жету мүмкіндігі барлық адамға беріледі, кім сол мүмкіндікпен қолданғаны Борыш Күнінде белгілі болады.