Құран сенім жайында 4
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Бізді қоршаған әлемді бекерге эмпирикалық деп атамайды, себебі адамдарға тексеру, зерттеу және талдау қабілеттері берілген. Атап өтілген қасиеттер деректерге негізделген кезде ғана жұмыс істейді, деректердің жоқтығы адамдарды надантықтың түнегінде қалдырады. Өмірдің мәні жайлы өшпейтін сұраққа жауап беру үшін де «бастапқы деректер» қажет, себебі сол деректерге сүйене тұра, құндылықтар жүйесін дұрыс құрастыруға, даму векторын анықтауға және соңғы қорытындыға дайындалуға болады. Осы тақырыпқа қатысты деректерді, ғылыми әдістері, интуиция немесе өмірлік тәжірбие арқылы табу мүмкін емес, себебі бұл деректер сырлы дереккөзге жатады, бұл көз тек Алланың таңдаулыларына – хабарландырушыларына – елшілеріне, ашылады. Сондай таңдаулы елші-хабарландырушылардың бірі Мухаммад болды:
Иә адамдар! Сендерге, Иелеріңнен ақиқатпен, елші келді! Сенім артуларың өздеріңе жақсы болады! Ал жабылсаңдар, аспандар мен жерлер Аллаға тиесілі ғой! Расында, Алла – Білуші, Дана! (4:170)
«Иә адамдар! Мен, аспандар мен жерге билігін жүргізетін – Алланың, сендерге жіберілген елшісімін. Тәңірі тек қана Ол! Ол тірілтеді және қаза таптырады!» – деп айт.
Аллаға әрі Оның тәжірбиесіз елшісіне, хабарландырушысына, сеніңдер, ол Аллаға әрі Оның сөздеріне сенеді. Оның артынан еріңдер, мүмкін, бағытталарсыңдар! (7:158)
Елшінің рөлі – Жасаушыдан хабарды жеткізуде. Бүкіл адамзатқа арналған соңғы сондай хабар Құран болып келеді, ол нұр түрінде бейнеленеді:
Аллаға, Оның елшісіне, әрі Біз түсірген Нұрға сенім артыңдар! Істеп жүрген нәрселерің жайлы Алла хабардар! (64:8)
Түсірілген ақпаратқа сенімдену мен берілгендік, бұл өмірде қажет әрекеттер бағдарламасы мен оң қорытынды нәтижеге жету үмітін береді.
Аллаға және Оның елшісіне сенім артыңдар! Сендерге белгіленгеннен шығындаңдар! Араларыңнан, сенім артқандарыңа әрі шығындағандарыңа, үлкен сый беріледі! (57:7)
Жаратушыдан түсірілген ақпаратқа сенушілік, сол ақпаратты өз еркімен мойындауында негізделетінін айтып өткім келеді:
Иең қалағанда, жердегілердің барлығы, бүтіндей, сенім артатын еді. Сен адамдарды сенушілер болсын деп мәжбүрлейсің бе? (10:99)
Мухаммад ақиқатты күшпен таратпағанына бұл артық дәлел. Алдағы өткен Үстемнен ақапарат алу тәжірбиесі, Құранға сенушіліктің тез таралуының, маңызы аз емес себепкер шарт болды:
Расында, Ибраһимге ең жақындар, бұл – оның артынан ергендер, осы елші және сенім артқандар. Расында, Алла – сенушілердің жебеушісі! (3:68)
Ақиқат жайлы мәліметтің бөлігіне ие болғандарды Алла Құранда «Кітап иелері» деп атайды. Жаратушы, болмыс және өмірдің мәні жайлы бірыңғай түсінік көзі, осы адамдар категориясына, өзгеше қарауға мүмкіндік береді:
Құранды адамдарға асықпай декламациялауың үшін, Біз оны бөлдік. Біз оны түсірумен түсірдік!
«Оған сеніңдер не сенбеңдер!» – деп айт.
Бұдан бұрын білімге ие болғандарға оны оқыған кезде, олар, сәжде жасау үшін, етпеттерінен құлап: «Иемізге мадақ! Расында, Иеміздің уәдесі орындалып отыр!» – дейді.
Олар жылап, етпеттерінен құлайды, және ол олардың бағынышын арттырады! (17:106-109)
Шешімді еркін түрде қабылдау, осы жағдайда да, міндетті шарт болып келеді. Тарихқа бет бұрсақ, діни қақтығыстар аса қатыгездікпен өткенін, біле аламыз, ал Алла бір-бірімен толерантты қарым-қатынаста болуды шақырады:
Сондықтан, шақыр да, әмір етілгендей, түзу тұр. Олардың құмарлықтарына ілеспе.
«Алла Кітаптан түсіргенге сенім арттым! Маған араларыңа әділ болу әмір етілді! Алла – біздің де Иеміз, сендердің де Иелерің! Біздің істеріміз өзімізге, сендердің істерің өздеріңе! Біз бен сендердің арамызда ақтау жоқ! Алла бізді жинайды және Оған ораламыз!» – деп айт. (42:15)
Жек көрушіліктің негізгі себебі өзінің қалыптасқан, көбінесе бастапқы үлгіден алшақ тұратын, тіршілік әрекеті жүйесін қорғаушылығы болып келеді. Түпдерекке жүгіну Кітап иелеріне негізгі жолдау болып келеді, бұл жағдай, біртұтас майдан болып, «антиақиқатқа» қарсы тұруға мүмкіндің береді.
Мухаммад – Алланың елшісі.
Онымен бірге жүргендер жабылғандармен қатал, өзара мейірімді. Олардың тізерлеп тұрғандарын, сәждеге жығылғандарын, Алладан молшылыққа ие болу мен Оның разылығына ұмтылғандарын көріп жүрсің. Сәждеден беттерінде қалған іздері, олардың таңбасы. Тауратта олар жайлы келтірілген мысал осындай, ал Інжілде олар, жабылғандарды ызаландырулары үшін – себушілерді таңдандырып, бекініп, қатайып, сабағында тік тұратын, өркенін жайған өсімдік түрінде, – мысал болып келтірілген.
Сенім артып, түзелгендерге Алла кешірім мен үлкен сый беруді уәде етті! (48:29)
Түсірілген Тәңірдің Нұрымен қолданатын түлғалар, одан тұыйқталғандармен салыстырылғанда, артықшылыққа ие:
Сенім артып, түзелгендерің әрі Мухаммадқа түсірілгенге сенім артқандардың, ал бұл болса – олардың Иелері тарапынан ақиқат, – Ол жаман істерін жабады да ақылдарын жақсартады!
Бұл – жабылғандардың бос нәрсеге ергендіктері, – ал сенім артқандардың Иелерінің ақиқатына ергендіктері себебінен. Алла адамдарға осылайша мысал келтіреді! (47:2-3)
Түсірілген бекерден Нұрмен теңестірілмейді, себебі оның жоқтығы қараңғылық пен түнекті тудырады:
…Иә сенім артқан ақыл иелері, Алладан сақсыныңдар!
Алла, сенім артып, түзелгендерді түнектен Нұрға шығару үшін, Оның белгілерін түсіндірілген түрде оқитын елшімен бірге, ескертуді жіберді. Кім Аллаға сеніп, түзеліп жатса, соны Алла төменгі жақтарында өзендер ағатын бақтарға кіргізеді, сол жерде оны тұрақты түрде қалдыру үшін! Соған Алла ең жақсы ризықты берді! (65:10-11)