Құран сенім жайында 3
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Пайда болған дін мен нанымның әралуан түрлері идеологияны қалыптастыру құқығына ие болу үшін перманетті тартыста қатар өмір сүреді. Бұл, осы бәсекелеспе мақсатнамалардың бар болуының негізіне тұжырымдама түрде салынған, тибиғи процесс. Осы тұжырымдаманың авторы кім деген сұрақ туылады. Исламға дейінгі пайда болған яһудилік пен мәсіхшілік діндеріне шолу жасайық. Осы дін ілімдерінің жазбаша жарғылары бірнеше кітаптардан тұрады, олардың бір бөлігі тікелей Алладан түсірілген, яһудилікте, бұл – Мұсаға берілген тақталар және Даудке берілген Забұр, ал мәсіхшілікте (Жаңа Өсиетке қатысты) – Исаға берілген Інжіл. Қалғандары – Алла рухының жетелеуімен жазылған деп саналатын әрі Алланың дереккөзіне теңелетін, адамдардың еңбектері. Бұның бәрін әділ бағаласақ, дін ілімінің тек қана адами жағы, ибраһимдік діндерінің арасына, бөліну сызығын сызатынын көре аламыз. Құран, осы сызықтарға назарын бөліп, оларды жоюға шақырады:
Иә Кітап иелері! Өз міндеттеріңде шектен шықпаңдар және Алла жайлы тек қана шындықты айтыңдар!
Расында, Мәриям ұлы, майланған Иса, тек қана Алланың елшісі! Алладан Мәриямға Оның сөзі мен Оның Рухы берілді. Аллаға және Оның елшілеріне сеніңдер!
Үш деп айтпаңдар! Тыйылсаңдар, өздеріңе жақсы болады!
Расында, Алла – Жалғыз тәңірі!
Ол – баласы болудан шексіз алыс!
Аспандар мен жердегілердің бәрі Оған тиесілі! Алла сенімгер болғаны жеткілікті! (4:171)
Құран, қандай да бір конфессияның адамынан бас тартпайтын, бірегей позицияны ұстануға бұйырады. Бұл жағдайда тұжырымдамалық қарсыластық жойылады:
Кітап иелерімен, зұлымдарынан басқа, ең жақсы тәсілмен пікір айтысыңдар!
«Біз, бізге түсірілгенге әрі сендерге түсірілгенге, сенім арттық. Біздің тәңіріміз бен сендердің тәңірілерің – Жалғыз! Біз Оған бой ұсындық!» – деп айтыңдар.
Сөйтіп, Біз саған Кітап түсірдік. Ал Бізден Кітапқа ие болғандар, оған сенеді. Бұлардың арасында оған сенетіндері бар! Алайда, Біздің белгілерімізден, тек қана жабылғандар бас тартады! (29:46-47)
Алланың Кітабы нұсқау етіп қолданылуға арналған. Кейбіреуі сөйтіп қолданады, кейбіреуі қолданбайды. Осы жағдайдан, қарсыластық, осы дүниенің ақырына дейін, болатынын, түсіне аламыз. Осыған сүйене тұра, Құран, қарсы сөйлеуші жақтардың, қарым-қатынасын көрсетеді:
Сен, әлбетте, сенушілерге ең өшпенді адамдарды – яһудилер мен Аллаға серік қосушыларды – кездестіресің.
Сен, әлбетте, сенушілерге сүйіспеншілігімен ең жақын адамдарды: «Біз – мәсіхшілерміз!» – дейтіндерді, кездестіресің. Бұл, олардың арасында, бағушылар мен монахтар бар болуының себебінен. Олар тәкаппарланбайды. Олар елшіге түсірілгенді тыңдаған кезде, ақиқатты танығандықтарынан олардың көздері жасқа толғанын көресің.
Олар: «Иеміз! Біз сенім арттық, бізді куәгерлермен бірге жазып қойшы!..» – деп айтады. (5:82-83)
Яһудилердің, Құранға сенім артқандарға деген қарым-қатынасы неліктен сондай? Құран, еврейлерге жолдауында, тек бірыңғай негізге шақырып, ритуалдыққа тимейді ғой:
Иә Исраилдің балалары! Сендерге берген жарылқауымды еске алыңдар! Менің алдымдағы міндеттеріңді орындаңдар, Мен де сендердің алдыңдағы міндетімді орындаймын. Менен сақсыныңдар! Сендердегіні ақтау үшін түсірілгенге, сенім артыңдар, және одан жабылғандардың алғашқылары болмаңдар! Менің белгілеріммен шағын құндылықтарды сатып алмаңдар!
Менен сақсыныңдар! (2:40-41)
Құран, өткен оқиғалар және бұрын қабылданған міндеттемелер жайлы, ескертеді:
Алла Исраилдің балаларымен шарт жасады. Біз олардан он екі басшыны көтердік.
Алла: «Мен сендермен біргемін. Байланысқа шықсаңдар, ақтайтын шығын шығарсаңдар, елшілеріме сенсеңдер, оларды нығайтып, Аллаға жақсы қарыз берсеңдер, Мен жаман істеріңді жабамын және төменгі жақтарында өзендер ағатын бақтарға кіргіземін! Сендердің араларыңнан кім жабылса, сол түзу жолдан жаңылған болады!» – деп айтты. (5:12)
Яһудилер, яғни Исраил балаларының идеологиялық мұрагерлері, жөнге салынған басқару жүйесінен бас тартқысы келмейді:
Оларға: «Алладан түсірілгенге сенім артыңдар!» – делінгенде,
олар: «Біз, бізге түсірілгенге сенім артамыз!» – деп жауап берді. Олар бұдан кейін түсірілгеннен жабылды. Ал бұл болса, олардағыны ақтайтын ақиқат қой.
«Сенуші болсаңдар, неліктен бұрын Алланың хабарландырушыларын өлтірдіңдер?» – деп сұра. (2:91)
Кітап иелері қатарларынан кейбіреулері:
«Сенім артқандарға түсірілгенге, күндіздің басында сенім артыңдар, ал күндіздің соңында одан жабылыңдар, мүмкін, олар қайта оралатын шығар. Алланың алдында сендердің міндеттеріңе еретін кісіге ғана сенім артыңдар!» – деп айтты.
«Расында, Нұсқау – Алланың Нұсқауы! Бізге берілген нәрсе – біреу, сендерге берілгенге тәрізді!» – деген жауап бер.
Немесе олар, Иелеріңнің алдында, сендермен ерегісетін бола ма?
«Расында, артықшылық Алланың қолында! Ол қалағанына береді! Алла, расында – тегіс қамтушы, Білуші!..» – деп айт. (3:72-73)
Неліктен адамдар келген ақиқатқа қарсылық көрсетеді? Себебі қалыптасқан идеологияның негізіне, құрандық тұжырымдамаға тура қарама-қарсы, пікірлер салынған:
Олар, сәуегейлерге және шектен шығушылыққа, сенеді. Жабылғандар жайлы: «Осылар, сенім артқандардан гөрі, жолға дұрысырақ бағытталған!» – дейді. (4:51)
Жасаушы, қалыптасқан жағдайды түзетуге мүмкіндік береді ғой. Тек қана менмендіктен бас тартып, Алланың нұсқауын қабылдау қажет, сондай оқиғалар өткенде орын алған:
Осыған дейін Бізден Кітапқа ие болғандар, оған сенеді. Оларға оқыған кезде, олар: «Біз бұған сенім арттық, бұл – Иемізден ақиқат. Біз бұған дейін де бой ұсынғандардан болдық!» – деп айтады. (28:52-53)
Түсірілген ақпаратқа кітап иелерінен тек қана сенімдену талап етіледі. Бұл хабар ассимиляцияландырмайды, ал тек, табысқа жетелейтін, келесі рухани даму сатысына жетуге мүмкіндік береді:
Олар сенім артып, абай болғанда, Алланың сыйы артығырақ болар еді. Олар білгенде! (2:103)
Сендер сенім артқанға, олар да сенім артса, олар бағытталған болады! Ал егер олар теріс айналса, олар, расында, алауыздықта болады және Алла сені олардан құтқарады. Ол – Естуші, Білуші ғой. (2:137)
Кітап иелері сенім артып, абай болғанда, Біз олардың жаман істерін жауып, жарылқанған бақтарға кіргізетін едік! (5:65)