Құран сенім жайында 2

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

«Сенім» сөзінің бастапқы мағынасын қарастырғаннан кейін, тарихта болған оқиғаларды, Құрандағы мәліметке сүйене тұра, зерттеуге көшейік. Реттілікті сақтау үшін, алдымен «тарих» деген сөздің мағынасын түсінейік. Айтып өтілген термин  «تأريخ» (тәәриихун) деген араб сөзінен пайда болды, бұл сөздің келесі мағыналары бар: «айы, күні, дата; уақыт, дәуір; заман; оқиға; хроника, жылнама; баяндама», ал сөздің түбірі – «أرخ» (әрәха) «айын, күнін, датасын қою; оқиғаны жазу» деген мағыналарды білдіреді.

Құранда, әлбетте, тек қана шынайы түрде өткен және нақты болатын «оқиғалар жазылған». Бұл факт бізге жорамалдау мен болжамдаудың орнына ақиқатты нақты білуге көмектеседі.

Тарихты, Нұхпен болған оқиғалардан бастап, қарастырайық:

(Нұх) Иә халқым! Сендерден өзім үшін байлық сұрап жатқан жоқпын! Менің сыйақым тек қана Аллада! Мен сенім артқандарды қумаймын! Олар Аллаға мұқтаж! Алайда, мен сендерді надан көремін! (11:29)

Білсеңіздер, Нұх, өз халқын, келер су тасқыны жайлы ескертті. Халқының көпшілігі Нұхқа сенбеді, бірақ кейбір бөлігі оған сенім артып, яғни сенімдендіп, онымен бірге болуды қауіпсізірек деп санады. Ал содан соң келесі оқиғалар болды:

«Расында, осы уақытқа дейін сенім артқандардан басқа, халқыңнан ешкім сенім артпайды! Олардың істеген нәрселері үшін қапаланба!» – деп Нұхқа уаһи етілді. (11:36)

Біздің әміріміз келіп, пеш қозыған кезде, Біз: «Кемеге, әр жұпты жануардан екі-екіден, сенім артқандарды, жанұяңды, кім жайлы алдын ала сөз айтылғандардан басқа, кіргіз!» – деп айттық. Онымен бірге өте аз адам сенім артты! (11:40)

Нұхқа, демек Аллаға, сенім артпаған адамдардың тағдыры қызғылықсыз болды. Елшіге сенім артқан адамдарды, басқа адамдардан, Алланың ақпаратына сенімденуі ерекшелендіреді.

Қазіргі уақытта барлық негізгі діндер (Яһудилік, Мәсіхшілік және Ислам) Ибраһимді нағыз монотеизмнің негізін қалаушысы деп санайды. Біздің патриарх айналасындағы барлық адамдар үшін уайымдайтын:

Ием! Осы қаланы қауіпсіз қылшы және мені әрі менің балаларымды пұттарға қызмет етуден ұстап қалшы! (14:35)

Көргеніміздей, Ибраһимнің дұғасында бір маңызды өтініш болды – пұттардан шеттену. Жаратушы, әлбетте, жалғыз тәңірге қызмет етуге мәжбүрлемейді, себебі сенім – ерікті таңдау. Үстемнің мақсаты – адамдарға, олардың ЕРІКТІ таңдауының салдары жайлы, хабар жеткізу:

Ибраһим: «Ием! Осы елді қауіпсіз қылшы, және Аллаға әрі Ақырғы күнге сенген адамдарды жемістермен ризықтандыршы!» – деп айтқан кезде, Алла: «Кім жабылса, соған пайдалануға аз уақыт беремін, содан соң оны отта қинаймын. Бұл жаман нәтиже ғой!» – деп жауап берді. (2:126)

            Ибраһимге сенімденіп, Жасаушыға сенім артқан адамдардың арасында Лұт болды:

Лұт оған сенім артып: «Мен Иеме қоныс аударамын! Ол – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана!» – деп айтты. (29:26)

            Ибраһимнің ұрпағы – Йусуф, Аллаға шын жүрекпен сенген, сол себептен, ол, барлық жүктелген сынақтарға төзді:

Сенім артып, абай болғандар үшін ақырғы өмірдің сыйы артығырақ. (12:57)

            Адамдардың сенім мен сенімдену сөздерінің мағынасын тереңірек түсінулері үшін, Құранда, Яқуб хабарландырушының жанұясының ішкі қарым-қатынастары баяндалады:

Олардың әкесі: «Мен, сендерге сенімденіп, оның ағасын тапсырғандай, оны да сөйтіп тапсырамын деп ойласыңдар ма?! Алла – үздік күзетуші! Ол – рақымдылардың ең рақымдысы!» – деп жауап берді. (12:64)

             

            Яқубтың балалары әкесін көндіруге тырысса да, ол, олараға, сенімденген жоқ. Бұны, адамдар мен Алланың арасындағы қарым-қатынастарымен, салыстырса, көпшіліктің, Алланы біле тұра, Оған шынайы сенімденбейтіндігі шығады. Солай болмаса, адамдар, Жаратушының сөзін, шүбәсіз нұсқау етіп алатын еді.

Тарихта, ғажайып дәлелдерді көрген кейіннен де, адасушылығынан қайтпайтын, адамдар жайлы мағлұмат едәуір көп. Мұсамен болған оқиғалар айтылып өткенге растама:

Расында, Мұсаны Біз перғауынға, Хаманға және Қарұнға, белгілерімізбен әрі анық жарлықпен жібердік, бірақ олар: «Сиқыршы! Өтірікші!» – деп айтты.

            Бізден оларға ақиқат келгеннен кейін, олар: «Онымен бірге сенім артқандардың ұлдарын өлтіріңдер және олардың әйелдерің тірі қалдырыңдар!» – деп айтты. Жабылғандардың қастандығы тек қана адасушылықта! (40:23-25)

            Көрсетілген белгілерге перғауынның құлақ салмағаны мен сенім артпағаны жалпыға мәлім. Мұсаға қарсы тұру үшін перғауын сиқыршыларды шақырды. Ақыр соңында сиқыршылар ақиқатты түсініп, Аллаға сенім артты:

Сиқыршылар сәждеге жығылып: «Біз, әлемдердің Иесіне, Мұсаның және Харұнның Иесіне, сенім арттық!» – деп айтты.

            Перғауын: «Сендер, мен рұқсат беруден бұрын, сенім арттыңдар. Расында, бұл қастандық қой! Сендер қастандықты қалада болған кезде алдын ала ойластырдыңдар, бұны, тұрғындарды көшірту үшін жасадыңдар, алайда көресіңдер! Аяқ-қолдарыңды айқыштап шауып тастаймын, содан соң барлықтарыңды керіп шегелеп тастаймын!» – деп айтты.

            Олар: «Расында, біз Иемізге қайтарыламыз! Бізге Иеміздің белгілері келгеннен кейін, оларға сенім артқанымыз үшін ғана сен бізден кегіңді алып отырсың! Иеміз! Бізге сабырлылықты төкші әрі бізді бой ұсынғандар ретінде тыныштандыршы!» – деп жауап берді. (7:120-126)

            Мұсаға тек қана өз халқының жұрағаты сенім артты, перғауын мен оның шонжарлары оларды бүліншілікке ұшыратады деп қорықсада.

            Расында, перғауын жерде өзін үстем санады, ол артық кеткен болды ғой! Мұса: «Иә халқым! Аллаға сенім артып, бой ұсынған болсаңдар, Оған тәуекел етіңдер!» – деп айтты. (10:83-84)

            Сиқыршылар сәждеге жығылды!

            Олар: «Біз, Мұса мен Харұнның, Иесіне сенім арттық!» – деп айтты. Перғауын ашуланып: «Сендер, мен рұқсат беруден бұрын, сенім арттыңдар ма?! Ол, әрине, сендерді сиқырға үйреткен аға сиқыршыларың! Мен, әлбетте, аяқ-қолдарыңды айқыштап шауып тастаймын! Мен сендерді пальманың діңгегіне керіп шегелеп тастаймын ғой! Қайсымыздың азабы қаттырақ әрі ұзағырақ екенін міндетті түрде көресіңдер!» – деп айтты. (20:70-71)

            Біз, қателеріміз әрі сен мәжбүрлеген сиқырымыз кешірілуі үшін, Иемізге сендік! (20:73)

            Сиқыршылар сәждеге жығылып: «Әлемдердің Иесіне, Мұса мен Харұнның Иесіне, сенім арттық!» – деп айтты.

            Перғауын ашуланып: «Сендер, мен рұқсат беруден бұрын, оған сенім арттыңдар. Расында, ол сендерді сиқырға үйреткен аға сиқыршыларың, алайда көресіңдер! Мен, әлбетте, аяқ-қолдарыңды айқыштап шауып тастаймын! Мен, әлбетте, барлықтарыңды керіп шегелеп тастаймын!» – деп айтты. (26:47-49)

            Сенім артқан бір кісі: «Иә халқым! Мен, сендерде, Нұх, Ғад, Сәмүд халықтарының әрі олардан кейін болғандардың қырсықтылығы тәрізді, өте ауыр күннің ұқсасы болады деп қорқамын. Расында, Алла өз қызметшілеріне түнекті қаламайды!» – деп айтты. (40:30-31)

            Сенген бір кісі: «Иә халқым! Артымнан еріңдер, мен сендерді парасаттылық жолына бағыттаймын!» – деп айтты. (40:38)

            Бұл көрнекті мысал, себебі анық дәлелдердің алдында өз қөзқарасынан бас тартатын, белгілі білімге ие, жоғары интеллектуалды адам жиі кездеспейді.

Бірақ, кейде, адам, айқын шындықты мойындауға мәжбүр:

Біз, Исраилдің балаларын, теңізден өткіздік, ал перғауын мен оның әскері, оны су тасқыны қуып жетпегенше, оларды жауыздықпен қастық істеп қуалады.

            Перғауын: «Тәңірі – тек қана Исраилдің балалары сенетін Алла деп сендім. Мен бой ұсынғандардың бірі болдым!» – деп айтты. (10:90)

            Қиын кезеңдерден кейін, Исраилдің ұрпақтарымен шарт жасалды, шарттың міндетті талаптарының бірі – елшілер жеткізген хабарға сену:

Алла Исраилдің балаларымен шарт жасады. Біз олардан он екі басшыны көтердік.

Алла: «Мен сендермен біргемін. Байланысқа шықсаңдар, ақтайтын шығын шығарсаңдар, елшілеріме сенсеңдер, оларды нығайтып, Аллаға жақсы қарыз берсеңдер, Мен жаман істеріңді жабамын және төменгі жақтарында өзендер ағатын бақтарға кіргіземін! Сендердің араларыңнан кім жабылса, сол түзу жолдан жаңылған болады!» – деп айтты. (5:12)

            Сенімденушілік пен сенім, мүмкін емес болып көрінген нәрсені жасай алады:

            Талұт әскерімен жолға аттанған кезде: «Расында, Алла сендерді осы өзенмен сынап тұр. Кім одан ішсе, сол менімен болмайды, кім одан татпаса, суды қолымен бір уыс ішкендерден басқа, расында, менімен болады!» – деп айтты.

            Содан соң, кейбіреулерінен басқа, одан бәрі ішті. Ол және сенушілер, бірге өзеннен өткен соң: «Бүгін біз Джалұтқа әрі оның әскеріне қарсы тұруға күшіміз жетпейді!» – деп айтты.

            Алламен кездесуге үміт артқандар: «Шағын отрядтар, Алланың қолдауымен, үлкен отрядтарды қаншама рет жеңген емес пе?! Алла сабырлылармен бірге ғой!» (2:249)

            Иеге деген сенім сынаққа душар бола алады. Бұл керекті нәрсе, себебі сенімді күшейтпесе, ол әлсіреп қалады. Осы мағынада Дауд елшімен болған оқиға өнегелі:

«Ол сенің қойыңды өзіне сұрағанымен саған зұлымдық жасады ғой. Серіктестіктегілердің көбісі бір-біріне қастандық жасайды, ал сенім артып, түзелгендер ондай емес, бірақ олар аз!» – деп Дауд жауап берді.

            Дауд, Біз оны сынап тұр деп ойлап, Иесінен кешірім сұрады, тізесіне жығылып, кешірім сұрап жалбырынды! (38:24)

            Үстемге деген сенім оқиғаларға ықпалын тигізе алады. Бұны, Йунус хабарландырушының және оның халқының, мысалында байқауға болады:

Біз, оны, жүз мың не одан көбіректерге, жібердік, содан соң олар сенді! Сөйтіп, Біз оларға бір мерзімге дейін пайдалануға мүмкіндік бердік. (37:147-148)

Яғни, Аллаға сенімдену, Үстемнің алдын-ала қабылдаған шешімін өзгерте алады. Бұл, бүкіл халық, хабарландырушы мен Аллаға, сенгені үшін мүмкін болды. Бірақ, тарих бойынша, «элита» өкілдері көбінесе елшілерге сенбейді:

Өздерін әлсіздерден үстем санайтын, халқысының шонжарлары, сол әлсіздердің арасындағы сенушілерден: «Салих, Иесінен жіберілгенін, білесіңдер ме?» – деп сұрады.

            Олар: «Біз, онымен бірге жіберілген, хабарға, сендік!» –  деп жауап берді.

            Өздерін үстем санайтындар: «Расында, біз, сендер сенген нәрседен, жабылдық!» – деп айтты. (7:75-76)

            «…Сенушілерді, Алланың жолында, оны қисайтуға тырысып, қорқытып әрі бөгет жасап, әр жолда отырмаңдар. Ол сендерді көбейтті, бірақ қандай азақ болғандарыңды естеріңе түсіріңдер, және бүлінушілікті таратқандардың нәтижесіне қараңдар! Расында, сендерден бір бөлігі, менімен жіберілгенге, сенім артты, ал, басқа бір бөлігі, сенім артқан жоқ! Алла, арамыздағы мәселеге қатысты үкім шығарғанға дейін сабыр сақтаңдар! Ол – үкім шығаратыңдардың ең үздігі ғой!» – деп айтты.

            Оның халқының тәкаппарланған шонжарлары: «Иә Шұғайб, не сен, біздің қауымға, қайта ораласың, не біз, сені әрі сенімен бірге сенім артқандарды, елді мекенімізден қуып шығарамыз!» – деп жауап берді.

            Ол: «Бұны жеккөрсек те ме?…» – деп қарсы сөз айтты. (7:86-88)

Осындай жағдайларда жаза дереу орындалады. Ал Иеге шынайы сенім артқандар бәледен аман-есен аулақ болады.

Біздің әміріміз келгеннен кейін, Біз, Салихті әрі онымен бірге сенім артқандарды, сол күннің масқаралығынан, Өз мейірімімізбен, құтқардық. Расында, сенің Иең – Қарымды, әр нәрсеге шамасы жетуші! (11:66)

           Біздің әміріміз келгеннен кейін, Біз, Шуғайбты әрі онымен бірге сенім артқандарды, Өз мейірімімізбен, құтқардық! Ал зұлым болғандар айқай-шуға душар болды және таңертең олар баспаналарында қимылсыз болып қалды, сол жерлерде тұрмағандай! Иә, Мадьян халқы, Самуд халқы тәрізді, жойылып кетті! (11:94-95)

            Ал Самуд еліне келсек, оларды бағыттадық, бірақ олар бағыттанудан гөрі соқырлықты сүйді. Ұқыпсыздық кездерінде, тапқандары үшін, Біз оларды найзағаймен жазаладық! Сенім артып, сақсынғандарды Біз құтқардық. (41:17-18)

            Аллада сенушілерді құтқару әдістері көп. Олардың бірі – өте ұзақ летаргиялық ұйқы. Күн күнтізбесі бойынша үңгірде 300 жыл, ал ай күнтізбесі бойынша 309 жыл ұйықтаған бозбалалармен болған оқиға осы құтқару әдісінің мысалы:

            Біз саған олар жайлы шын хабарды жеткіземіз. Расында, бозбалалар Иесіне сенім артты, әрі Біз оларға нұсқауларын ұлғайттық! (18:13)

            Олар үңгірде үш жүз жыл болды және тағы да тоғыз қостық. (18:25)

            Алланың елшілері әртүрлі болды, әркімде өзінің сендіру «құралы» болды. Оларды бір нәрсе біріктірді, олар Иеге сенім артуға шақырды:

            Елшілер осындай. Біреулері, басқаларымен салыстырғанда, артықшылыққа ие болды. Олардың арасында Алламен сөйлескендер болды. Бір бөлігінің мәртебесін көтердік. Мәриямнің ұлы Исаға анық дәлелдер бердік және оны Киелі Рухпен қолдадық. Алла қалағанда, ізбасарлар, оларға анық дәлелдер келгеннен кейін, шайқаспайтын еді. Бірақ олардың пікірлері бірікпеді. Олардың арасында, сенім артқандары да, жабылғандары да бар. Алла қалағанда, олар шайқаспайтын еді. Бірақ Алла Өз қалауын орындайды! (2:253)

          Иса, олардың жабықтығын сезген кезде: «Алланың алдында кім менің көмекшілерім?» – деп сұрады. 
Ізбасарлар: 
          «Алланың алдында біз көмекшілерміз! Біз Аллаға сенім арттық, бой ұсынған екенімізді куәландыр! Иеміз! Біз Сен түсіргенге сенім арттық! Біз елшінің артынан ердік, бізді куәгерлермен бірге жаза гөрші!» – деп жауап берді. (3:52-53)

          Мен, Исаның ізбасарларына, Маған және Менің елшіме сенім артыңдар деп уаһи еткенде, олар: «Біз сенім арттық! Бой ұсынғанымызды куәландыршы!» – деп жауап берді. (5:111)

          Құранда, өткен оқиғалар, кездейсоқтан баяндалмаған. Олар, ғибрат алу, керекті тұжырым шығару және дұрыс шешім қабылдау үшін керек:

            Расында, олар жайлы айтылған хабарда, ақыл иелері үшін, ғибрат бар! Бұл ойдан шығарылған әңгіме болған жоқ!

            Алайда, бұл  – оған дейін болғанның ақтауы, әр нәрсенің түсінігі, Нұсқау әрі сенім артқан адамдарға мейірімділік! (12:111)

            Алла, Нұхтың әйелін және Лұттың әйелін, жабылғандарға өнеге етті. Екеулері де Біздің тыңғылықты қызметшілерімізден төмен болды және екеуі де оларға опасыздық жасады. Бірақ Алладан оларды ештеңе құтқармады!

            Оларға: «Кіретіндермен бірге отқа кіріңдер!» – делінді.

            Алла, перғауынның әйелін, сенім артқандарға өнеге етті. Міне, ол: «Ием! Өзіңнің бағыңда маған үй тұрғызшы! Перғауыннан және оның ісінен мені құтқаршы! Мені зұлымдардан құтқаршы!» – деп айтты.

            Және де, өз жыныс мүшелерін қорғаған, Ғимранның қызы Мәриям!

            Біз оған рухымыздан үрледік. Ол, Иесінің Сөздерін, Оның Кітаптарын шын деп санады әрі ол қастерлеушілердің бірі болды! (66:10-12)

            Иенің бар екендігіне жай ғана сену жайлы әңгіме айтылып отырылған жоқ, Оның айтқан сөздеріне де сену керек. Солай болса, қандай дереккөздермен қолдануымыз керек деген сұрақ туындайды.

Олар екеу:

  1. Елшілермен тікелей байланыста болып, оларға сенім арту;
  2. Кітапқа сенім арту;

Басқа дереккөздер бұрмаланбаған ақпарат береміз деп кепіл бере алмайды. Алланың Сөзіне – Құранға сенген адам, міндетті түрде, сол Кітапқа сенімдену керек. Жасаушыға шынайы сенімдену, Құранға сену, тамаша нәтижеге әкелте алады:

Елді мекендердің тұрғындары сенім артып, сақсынғанда, Біз оларға аспан мен жердің берекесін ашатын едік. Бірақ олар өтірік санады және Біз, оларды, тапқандары үшін, қираттық! (7:96)