Құран сенім жайында 1
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Адамзат тарихы сенімнің әсерінен өзгеріледі. Сенімнің әр алуан түрлері мен лебіздері бар, оған қарамастан, сенім, қалыптасқан жағдайды өзгерте алатын негізгі себеп.
Құранның пайда болуымен адамзатқа «сенім« ұғымының альтернативті мағынасы берілді. Араб тілінде осы сөздің келесі түбірлері бар: «әмуна, әминә, әмәнә», олардың мағынасы: «сенімді, тіректі, қауіпсіз, аман болу, сенімдену, сену».
Осы мағыналарды тереңірек түсіну үшін, берілген түбірлерден құралған сөздерді Алла Құранда қалай пайдаланатынын көрейік:
Тас бөлмелердің иелері бұрын жіберілгендерді: «Өтірікшілер!» – деп жариялады. Біз оларға анық белгілермен келдік, бірақ олар олардан шеттеді. Олар тауларда қауіпсіз (әәминиинә) үйлер қашап жасайтын еді. (15:80-82)
Олардың бауыры, Салих: «Сендер сақсынбайсыңдар ма? Мен, расында – сенім артылған (әәмиинун) елшімін! Алладан сақсыныңдар және мені тыңдаңдар! Осы үшін мен сендерден сыйақы сұрап тұрған жоқпын. Расында, менің сыйақым – тек қана әлемдердің Иесінде! Сендер осы жердің бақтарында, бұлақтарында, егіндіктерінде, өскелең ас егістерінде, тауларында шеберлікпен ойылған үйлерде, қауіпсіздікте (әәминиинә) қалдырыласыңдар ма?…» – деп айтқан кезде… (26:142-149)
Мұса оған жақындаған кезде, оған кеуіп кеткен арнаның оң жағынан, берекелі ағашты жерден:
«Иә Мұса, Мен – Алламын, әлемдердің Иесі! Асаңды таста!» – деген дауыс естілді.
Ол оның жыбырлағанын көрген кезде, ол есі ауысқан адам тәрізді қашуға жөнелді.
«Иә Мұса, кел, қорықпа! Расында, сен – қауіпсіз (әәминиинә) жерде тұрғандардың бірісің!» (28:30-31)
Біз, олардың және Біз жарылқаған елді мекендердің арасында, сыртқы елді мекендерді орналастырдық. Біз оларға: «Ол жерлерге күні-түні қауіпсіздікте (әәминиинә) саяхаттаңдар!» – деп жолды анықтадық. (34:18)
Алла, елшіге көрсеткен елесін, шын мәнінде дәлелдеді:
«Сендер, Алла қаласа, шайқасқа тыйым салынған сәжде жасайтын орынға, міндетті түрде, қауіпсіздікте (әәминиинә), шаш қырып әрі қысқартып, қорықпай кіресіңдер!»
Ол сендер білмейтін нәрсені білді, сонымен қатар келер жеңісті белгіледі! (48:27)
Құрайштардың келісуі!
Олар жаз бен қыста саяхаттауға келісті!
Ашаршылық кезінде оларды тамақтандырған және қорқыныштан сақтаған (әәмәнухум), осы үйдің Иесіне қызмет етсін! (106:1-4)
Берілген үзінділерден келесі тұжырым туындайды: «сенім» – қауіпсіздік күйін білдіретін ұғым. Құран бойынша, Мекке, қауіпсіздіктің бейнесі болды, сондықтан Алланың Үйіне келген жауласушы жақтарға шайқасуға тыйым салынды:
Нық орнатылған үйді адамдардың кездесуіне қауіпсіз (әмнән) орын етіп тағайындаған кезімізде: «Ибраһимнің орнын Алламен байланысуға арналған орын етіп қойыңдар!» – деп ұйғардық.
Ибраһим мен Исмаилге: «Менің үйімді, – айналып өтетіндер, арнайтындар, тізе бүгетіндер және сәжде ететіндер үшін, – тазартыңдар!» – деп міндеттедік. (2:125)
Олар: «Біз сенімен бірге Нұсқаудың артынан ерсек, өз жерімізден айырылып қаламыз!» – дейді.
Біз, оларды, қауіпсіздіктері (әәминән) үшін, шайқасқа тыйым салуымызбен нығайтпадық па? Оған барлық жақтан жемістер жиналады, – бұл Біздің ризығымыз, бірақ олардың көпшілігі осыны білмейді! (28:57)
Олар, Біздің шайқасқа тыйым салынған қауіпсіз (әәминән) орынды орнатқанымызды, ал оның айналасындағы адамдар болса, жауланып жатқандарын көрмеп пе еді? Олар сонда бос нәрсеге сеніп, Алланың жарылқауынан жабылды ма? (29:67)
Қауіпсіздік күйі амандық күйінде көріне алады:
…Кім амандықта (әминтум) болып, өз уақытын қажылыққа арнаса, соған өз жағдайына қарай жануарды құрбан етуге рұқсат беріледі… (2:196)
Бір нәрседен қорықсаңдар, жаяу жүре немесе салт бара тұра, байланысуға рұқсат. Ал қауіпсіздікте (әминтум) болсаңдар, Алланы, Өзі үйреткендей, еске алыңдар. Ол сендерді білмеген нәрселеріңе үйретті. (2:239)
Әрине, қауіпсіздік пен амандық, сенім артудың синонимдары болып келеді:
Саяхатта болып, хатшыны таппасаңдар, кепілзат беріңдер. Егер бір-біріне сенім артсаңдар (әминә), кімге сенім артырылды (әутумина), сол сақтауға берілгенді қайтарсын. Ол, Иесі Алладан сақтансын! Куәлікті жасырмаңдар, егер кім жасырса, расында, оның жүрегі күнәлі. Расында, Алла, сендердің істеп жүрген нәрселеріңді біледі! (2:283)
Қауіпсіздік күйімен келешек оқиғаны сипаттауға болады:
Оларда қауіпсіз (әмни) немесе қауіпті іс пайда болған кезде, олардың оған деген көңілі толмайды. Егер олар оны елшіге әрі арасындағы ықпалға ие тұлғаларға қайтарғанда, зерттеушілер оны танитын еді. Алланың сендерге деген артықшылығы мен мейірімі болмаса, сендер, кейбіреулеріңді санамаса, тілазардың артынан еретін едіңдер! (4:83)
Қауіпсіздік, сондай-ақ, кейбір әрекеттін нәтижесі бола алады:
Сендерден сенім артып, түзелгендерге, Алла, олардан бұрын болғандарды мирасқор ретінде қалдырғандай, соларды да солай мирасқор ретінде қалдырамын деп уәде берді. Ол оларға мақұлдаған міндетті олар орындаған кезде, Ол оларды міндетті түрде нығайтады. Ол:
«Олар Маған қызмет етеді және Маған ештеңені серік қоспайды!» – деп айтып, олардың қорқынышын міндетті түрде қауіпсіздікке (әмнән) ауыстырады.
Кім осыдан кейін жабылса, сол – жолдан тайған! (24:55)
Адамның әрекеті қауіпсіздіктің болмай қалуына әкеле алады, яғни бірінші нәтиже екінші нәтижеге ұқсамауы мүмкін:
Олар жайлы ешқандай жарлық түсірілмесе де, сендер Аллаға серік қосудан қорықпайсындар, ал мен болсам неліктен Оған қосқан серіктеріңнен қорқу керекпін?! Осы екі жақтын қайсысында сенімі расырақ, білесіңдер ме?
Сенім артқандар және өз сенімдерін түнекпен бүркемегендер, олар – қауіпсіздікте (әмну) әрі олар тура бағытталғандар! (6:81-82)
Елді мекеннің тұрғындары түнде ұйықтап жатқанда, Біздің жазамыздан қауіпсіздікте (әминә) ме?!
Елді мекеннің тұрғындары таңда көңіл көтеріп жүргенде, Біздің жазамыздан қауіпсіздікте (әминә) ме?!
Олар Біздің қулығымыздан қауіпсіздікте (әмину) ме?! Зарар шеккен адамдар Алланың қулығынан қауіпсіздікте емес! (7:97-99)
Олар Біздің азабымыздан қауіпсіздікте (фәмину) ме?! Әлде сағат кенеттен келген кезде, олар оны сезбейді ме?! (12:107)
Жаман істерін қулықпен жасайтындар қауіпсіздікте (фәмину) ме?! Расында, Алла олармен бірге жерді құлатып түсіреді немесе олар күтпеген жерден азап шегеді! (16:45)
Сендермен бірге құрлықтың бір бөлігі құлап түсуден немесе сендерге қатты боран жіберілгеннен, сонан соң өздеріңе қорғаушы таппауларыңнан, амансыңдар (аминтум) ма?
Немесе сендер сол жерге қайтадан барудан амансыңдар (әминтум) ма? Сонан соң сендерге қирататын жел жіберіледі, және, жабылғандарың үшін, суға батып кетесіңдер! Сонан соң Бізден жетелеушіні таппайсыңдар! (17:68-69)
Жер қозғалғанда, онымен бірге құлап түсулеріңнен, сендерге аспандағы біреу қауіпсіздік (әминтум) береді ме?
Қатты боран жіберіліп, ескерту қандай екенін татып көрулеріңнен, сендерге аспандағы біреу қауіпсіздік (әминтум) береді ме? (67:16-17)
Суреттелген оқиғалар бұл өмірде бола алатын оқиғаларға қатысты, бірақ ең үлкен ықыласпен күтілетін мақсат, бұл, әрине – Жәннәтта қауіпсіздікте өмір сүру:
Абай болып жүргендер, расында, бақтар мен бұлақтарда өмір сүреді. Оларға: «Осы жерге бейбітшілікпен әрі амандықпен (әәмиинә) кіріңдер!» – деп айтылады. (15:45-46)
Кім игілікпен келсе, оған – жақсысы, әрі олар сол күні сұмдықтан қауіпсіздікте (әәминуна)! (27:89)
Біз оларға жұбайы ретінде қаракөзділерді береміз. Олар қауіпсіздікте болып (әәминиинә), сол жерде әртүрлі жемістерді сұрайды. (44:54-55)