Құран таяу өмір жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

 

Адамдар осы өмірде туылғаннан кейін, оны зерттеуді бастайды, оның ішінде тәрбиеленеді, бұл өмірдегі проблемаларды өте маңызды санап, оларға бірте-бірте терең бата бастайды. Күнделікті әдеттілігіміз жалғыз шынайы күйге айналадаы, сондықтан адам бұл өмірдің шынайы мағынасы туралы толғанбайды. Алайда, адамға Сенім мен Кітапты бергенімен, Алла таяу өмірдің шынайы орнын көрсетеді. Бұл өмірдің сипаттамасы Құранда әдемі көрсетілген:

Расында, таяу өмірдің мысалы Біз аспандардан түсірген су тәрізді. Онымен, адамдар мен жануарлар қоректенетін, жердің өсімдіктері араласады. Жер гүлденіп, безендірілген кезде, оның тұрғындары оны өздері билеп-төстейміз деп ойлайды. Ал Біздің әміріміз күндіз не түнде келген кезде, Біз оны орылған қыламыз, ол кеше бай болмағанындай. Сөйтіп, ойланатын адамдар үшін Біз белгілерімізді толық баяндаймыз! (10:24)

 

Таяу өмір – ермек, ойын, әшекей, өз араларыңда көп байлық пен баларыңмен мақтануларың екенін біліңдер – жабылғандарды таңғалдыратын өсімдікті өсіретін жаңбырдың мысалына тәрізді. Сонан соң ол солады, әрі сен оны сарғайған түрінде көресің. Сонан соң ол сабан болып кетеді. Ақырғы өмірде – қатты азап (57:20)

 

Енді, таяу өмірге шынайы баға берген кезде, адамдар, басымдық, бағдар мен құндылықтардың айқын түсініктеріне ие болу керек. Өзекті түсінік болып Сенім келеді.

Расында, таяу өмір – ермек пен ойын! Егер сенім артып, сақсынсаңдар, Ол сендерге сый беріп, мүліктерің жайлы сұрамайды! (47:36)

 

Сенім туралы құрани түсінікте бірнеше қағида бар. Қағидалардың бірі, шынында, таяу өмірдің баға жетпейтін баламасын береді.

Таяу өмір, бұл – тек ермек пен ойын ғана, бірақ соңғы мекен абай болушылар үшін жақсырақ қой! Сендер ойланбайсыңдар ма?! (6:32)

 

Алла қалағанына ризықты кеңейтеді әрі мүмкіндік береді. Олар таяу өмірге қуанады, бірақ таяу өмірдегі нәрсе Ақырғы өмірдегі ляззатқа жол бермейді! (13:26)

 

Таяу өмір – ермек пен ойын ғана! Расында, Ақырғы Мекен, ол – тіршілік қой, олар осыны білсе ғана! (29:64)

 

Алайда адамзат тарихы адамдар таяу өмірге артықшылық беретінін көрсетеді, бұл өмірді тілазар көзтартарлық түрде бояңқырайды:

Иә адамдар, Алланың уәдесі хақ қой! Таяу өмір сендерді еліктірмесін, Алла жайлы сендерді алдағыш алдамасын! (35:5)

 

Таяу өмірге деген елігушіліктің күшейгенінен ол жалғыз ғана шынайы болмыс ретінде қабылданады:

Олар: «Расында, бұл тек қана біздің таяу өмірміз, біз қайта тірілмейміз!» – дейді. (6:29)

 

Олар: «Бұл – тек қана біздің таяу өміріміз. Біз өлеміз әрі тірілеміз. Бізді тек тағдыр ғана өлтіреді!» – деді. Оларда бұл жайлы еш білім жоқ. Расында, олар тек қана жорамалдайды! (45:24)

 

Алланың қорқынышты үндеуі дәп осы адамдарға бағытталған:

Осылар келешек өмірдің орнына таяу өмірді сатып алды. Олар үшін азаптары азаймайды әрі оларда көмекшілері болмайды. (2:86)

 

Расында, осы өмірді аңсайтын адамдарды міндетті түрде көресің. Аллаға серік қосушылардың арасынан да кейбіреулері мың жыл өмір сүргісі келеді, бірақ олардың бұл ұзақ өмірлері оларды азаптан алыстатпайды. Расында, Алла олардың істерін көреді! (2:96)

 

Бұл өмірде уақыт пен қаражатты ойсыз жұмсаушылық келешек өмірде күйінішті нәтижеге әкеледі. Жеңілу мен қорлықтың себебі болып Құдайдың Кітабы мен Нұсқауына ермеушілік келеді:

«Иә көрінбейтіндер мен адамдардың қоғамы! Сендерге біздің белгілеріміз жайлы хабар айтып, және осы күндегі кездесулерің жайлы алдын-ала ескертіп елшілер араларыңнан келмеп пе еді?»
Олар: «Біз өздерімізге қарсы куәлік беріп тұрмыз!» – деген жауап береді.
Таяу өмір оларды еліктірді, әрі олар жабылған болғанбыз деп өздеріне қарсы куәлік берді! (6:130)

 

Пікірлерінің жалғандығы мен істерінің бекерлігіне көздері жеткеннен кейін, осындай адамдар Борыш Күнінде Иелеріне үндеп, Одан тағы бір мүмкіндік сұрайтын болады. Бірақ тым кеш болады:

Олар сол жерде: «Иеміз! Бізді осы жерден шығаршы, біз бұрынғы істерімізді істемейміз, түзетуші боламыз!» – деп бақырып, көмек сұрайтын болады.
Еске ала алатын кісі еске алуы үшін Біз сендерге ұзақ өмір бермеп пе едік? Сендерге алдын-ала ескертуші келген! Азапты татыңдар! Зұлымдарға көмекші жоқ! (35:37)

 

Өзін ислам дініне, тіпті белсенді сенушілердің қатарына жай ғана жатқызушылық келешек өмірдегі жетістікке кепілдік бермейді:

Отқа қосылғандар баққа қосылғандарға: «Судан немесе Алла сендерді ризықтандырған нәрседен біздерге төгіндерші!» – деп үндеді.
Олар: «Алла ол екеуін де, өздерінің міндеттерін ойын мен ермек ретінде қабылдаған әрі таяу өмірге елігіп кеткен жабылғандарға, беруге тыйым салды!» – деген жауап береді.
Сол күні Біз оларды ұмытамыз, олар осы күндегі кездесуді ұмытқандай әрі белгілерімізді қабылдамағандай. (7:50-51)

 

Сотталатын Алла жаратқан жанның сәтсіздігі өзі таңдаған артықшылықтар мен басымдықтарда.

Бұл олардың Келешек өмірдің орнына, таяу өмірге артықшылық бергендері үшін! Расында, Алла жабылған адамдарды бағыттамайды! (16:107)

 

Адамдардың көбісі бұл өмірдің құндылықтарына бағытталған. Алланың Ұйғарымдарына шынайы сенуші адамдар әрқашан азшылықтың арасында болатын, сол себептен олар барлық уақытта қуғындалып, тәлкекке салынып, сыйламаушылыққа ұшырайтын. Бірақ Борыш Күнінде Алла бәрін өз орнына қояды:

Осы өмір жабылғандар үшін әшекейлендірілген. Олар сенім артқандарды тәлкектейді.
Абай болып жүргендер қиямет күнінде олардан жоғары болады. Расында, Алла, қалағанына ризықты есепсіз береді! (2:212)