Өлгендер естиді ме?
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Тарихи Исламда өлген турашылдар естиді ме жоқ па деген сұрақ даулы тақырыптардың бірі болып табылады. Турашылдар өлгеннен кейін де тірілерді естиді деген тезисті жақтаушылар сүйенетін Құрандағы жерлерді қарастырайық.
Алла жолында өлтірілгендерді өлгендер деп атамаңдар. Керісінше, олар тірі, алайда сендер оны сезбейсіңдер. (2:154)
Олар Алланың жолында өлтірілгендер тірі болса, демек оларға үндеуге болады деп санайды. Бұл жерді қалай түсінуге болады? Біздің сезе алмайтындығымыз туралы сөз бұл жерде өзекті мән болып табылады! Біз нені сезбейді екенбіз? Біз олардың тірі екенін сезбейміз, демек олар біз үшін өлгендер. Егер біреудің тірі екенін сезбесе, қалай оған үндеуге болады?
Неге Алла жолында өлтірілгендер тірі деп саналады? Келесі үзіндіге қарайық:
Алланың жолында өлтірілгендерді өлген деп санамаңдар! Керісінше – тірі! Олар өздерінің Иесінен ризық алып жатыр! Алла оларға Өз молшылығынан сый тартқанына олар қуанып жатыр! Оларға әлі қосылмаған олардан кейін қалғандар үшін олар қуанып жатыр. (3:169 – 170)
Алла жолында өлтірілгендер өз істеріне сыйақыларын алып жатыр. Олар «барзахтан» – «мойнақтан», Алланың Сотынан құтыла келе, тек Жәннатта ғана берілетін сыйақыларын алады. Құранда Жәннат мекендеушілері мен осы өмір тұрғындарының арасында байланыс бар болған үлгілі жағдай сипатталмаған. Онымен қоса, тіпті Борыш Күнінен соң да Тозақта мекендейтіндер Жәннатта мекендейтіндерге оларға су құйсыншы деген қарапайым өтініш айтқанда, оларға жоқ дейді:
Отқа қосылғандар баққа қосылғандарға: «Судан немесе Алла сендерді ризықтандырған нәрседен біздерге төгіндерші!» – деп үндеді.
Олар: «Алла ол екеуін де жабылғандарға беруге тыйым салды!..» – деген жауап береді. (7:50)
Турашылдардың өтініштері Аллаға тезірек жетеді, себебі олардың күнәлары азырақ, ал қарапайым күнәһардың өтініші болса орындалмайды деген пікір бар. Құрандағы келесі мәліметтерге қарайық.
Мухаммад тарихи Исламда адамдардың арасында күнәсыз, ең керемет жаратылыс және оған бағышталған өтініш орындалады деп саналады. Құранда біз келесі үлгілі оқиғаны байқаймыз:
Олар үшін кешірім сұра немесе сұрама, сен олар үшін жетпіс рет кешірім сұрасаң да Алла оларды кешірмейді! Бұл олардың Алладан, Оның елшісінен жабылып қалғандары үшін! Алла жолдан таюшыларды бағыттамайды! (9:80)
Алдымызда хабарландырушы айтқан өтініштің қабыл алынбағандығының айқын мысалы. Сөз Алланың және елшінің қарсыластары туралы болып жатыр деген қарсы сөз болуы мүмкін. Бірақ пайғамбарға үндеудің себебі үндеуші өзін күнәһар деп санайтынында ғой, ол өзінің өтінішін Алла қабылдамайды, ал енді Мухаммад арқылы болса, сонда ғана қабылданады деп санайды. Егер адам өзін күнәһар деп санаса, сонда Алла оны жабылған деп санамайтынан ол қайдан біледі? Егер ол өзін Алла белгілерінен жабылған деп санамаса, сонда оған Алла келесі түрде үндейді:
Сенен Менің қызметшілерім Мен туралы сұрағанда, расында, Мен жақынмын. Мен жалбарынушының жалбарынуына ол жалбарынған кезде жауап беремін! Олар да Маған жауап беріп, Маған сенім артсын, бәлкім, олар ақылға келер! (2:186)
Алла оған Өзіне үндеуді ұйғарады. Егер сенуші тек Аллаға үндеңдер деген ұйғарымды жоққа шығарса, ол бұл белгіге жабылып қалған болады, ол кезде тіпті Мухаммад сол адам үшін өтінсе де, ол қабылданбас еді.
Сонымен қатар хабарландырушы мен турашылдарға деген үндеушілікті олар Аллаға жақын дегенімен ақтайды. Бұған Алланың Өзі келесіні айтады:
Расында, Біз адамды жараттық және оның тұлғасы не жайлы мазасызданатынын Біз білеміз. Біз оған мойын күретамырынан да жақынбыз. (50:16)
Егер Алла бәрінен де бізге жақын болса, егер Алла тек Өзіне үндеуді ұйғарса, неге сенушілер бұл деректерді ескермей, өздеріне адамдар ұйғарғанды жасайды?
Құранда өлгендердің естімейтіні бір мағыналы түрде айтылған:
Расында, сен өлгендерді естірте алмайсың! Сен кереңдерге үндеуді естірте алмайсың, өздері теріс бұрылғанда! (27:80)
Расында, сен өлгендерді естірте алмайсың және кереңдерге үндеуді естірте алмайсың, өздері теріс бұрылғанда! (30:52)
Тірі мен өлі тең емес. Расында, Алла кімге қаласа соған естуді береді, бірақ сен қабірде жатқанды естірте алмайсың! (35:22)
Бұл Алланың заңы, оған кері пікір айту Аллаға және Оның заңдарына қарсы пікір білдіру деген сөз. Өлгендердің әйткенмен естиітіндігі Құранда Салихпен болған оқиғаның мысалында көрсетілген деген пікір бар:
Олардан теріс бұрылып, ол: «Иә менің халқым! Мен сендерге Иемнен жолдау жеткізіп, ұсыныс жасадым, бірақ сендер кеңесшілерді жақсы көрмейсіңдер!» – деді. (7:79)
Салих адамдарға олардың өлгенінен кейін үндеді деген пікір бар. Шынымен де солай ма? Мәнмәтінді қарастырайық:
Әлсіз деп саналатын адамдардан өздерін үстем санайтын халқысының шонжарлары, сол әлсіз деп саналатындардың арасындағы сенушілерден: «Сендер Салих Иесінен жіберілгенін білесіңдер ме?» – деп сұрады. Олар: «Расында, біз ол арқылы жіберілген нәрсеге сендік!» – деп жауап берді. Өздерін үстем санайтындар: «Расында, біз сендер сенген нәрседен жабылдық!» – деп айтты. Олар ұрғашы түйені жарақаттап, бұйрықты тыңдамады да: «Иә Салих! Бізге сен қорқытатын нәрсеңді жіберші, сен жіберілгендерден болсаң!» – деп айтты. Олар сілкініске ұшырады, ал таң ертесінде олар үйлерінде қозғалыссыз жатты! (7:75-78)
Бүкіл халық емес, тек халықтың шонжарлары ғана Алланың бұйрығын бұзып, ұрғашы түйені жаралағаны анық көрініп тұр. Тек халықтың шонжарлары жазаланды, бірақ өзінің шонжарларының жағында болған халық тірі қалды. Тек тірі қалғандарға Салихтің үндеуі жолданды. Әйтпесе, қаза болғандардан теріс бұрылған соң оларға үндегеннен не мән бар?! Әдетте жолдау арнаған адамға қарап арналады. Дәл осындай оқиға Шұғайбпен де болды:
Ол олардан теріс бұрылып: «Иә халқым менің! Мен сендерге Иемнің жолдауын жеткізіп, сендерге ұсыныс жасадым. Жабылған халықтың қайғысына мен қалайша ортақ бола аламын?!» (7:93)
Ал алдындағы үндеуде мына нәрсе хабарланып тұр:
Оның халқысының жабылған шонжарлары: «Егер де сендер Шұғайбтың артынан ерсеңдер, сендер қасіретке ұшырайсыңдар!» – деді. Олар сілкініске ұшырады, ал таң ертесінде олар үйлерінде қозғалыссыз жатты! Шұғайбты өтірікші санағандар ол жерде тұрмағандай болды! Шұғайбты өтірікші санағандар қасіретке ұшырады! (7:90-92)
Бұл жағдайда да бүкіл халық емес, нақты шонжарлар жазаланды. Шұғайб қаза болған шонжарлардан теріс бұрылып, қалған халыққа үндеді. Осылайша біз мәнмәтіннен жұлып алынған Құран үзіндісіне деген сілтеменің және Алла айтпағанды айтудың көрнекті мысалын көріп тұрмыз.
Оппоненттер келесі үзіндіге сүйініп, Алла Мухаммадқа алдын болған елшілерге, яғни қайтыс болғандарға, үндеуді бұйрық етті дейді:
Біз саған дейін жіберілген елшілерімізден Біз Аяушыдан өзгелерді тәңір етіп қызмет ету үшін орнаттық па деп сұра. (43:45)
Олардың айтуынша өлген елшілер естиді дегеннің тура дәлелдеме осы. Бұны қалай түсінуге болады? Елшілердің кім екенін анықтап көрейік:
Алла елшілерді басқарушылардан және адамдардан таңдайды. Расында, Алла – Естуші, Көруші! (22:75)
Көріп отырғанымыздай, елшілер ретінде тек адамдар ғана емес, Алланың басқарушылары да бола алады:
Алдын Ибраһимге қуанышты хабармен елшілер келген еді ғой. Ол оларға: «Бейбітшілік!» – деді, олар оған: «Бейбітішілк!» – деп жауап берді. Сосын ол қуырылған бұзаумен келуді баяулатпады. Олардың қолдары оған созылмай жатқанын көргеннен кейін, ол оларға күдіктеніп, олардан қауіп сезініп, қорықты. Олар: «Қорықпа, біз Лұт халқына жіберілдік» – деді. (11:69-70)
Басқарушылар: «Иә Лұт! Біз Иеңнің елшілеріміз! Олар саған жете алмайды. Түн бөлігінен кейін отбасыңмен бірге кет. Сенің әйеліңнен басқа ешкім артқа бұрылмайды. Расында, әйелің де олар ұшырайтын нәрсеге ұшырайды. Бұл уәде олар үшін таң ертесін орындалады! Таң жақын емес пе еді?» – деді. (11:81)
Біздің алдымызда елшілер ретінде тек адамдар емес, басқарушылар да бола алатынының анық дәлелдемелері тұр. Ал басқарушылар бұл өмірде өлмейді. Олар бұл өмірде болып, адамдардың арасындағы елшілермен байланысатын. Ал нақты Мухаммадқа келсек, елшімен байланысуды Алла алдын-ала анықтап қойған:
Алла хабарландырушылардан: «Кітап пен талғағыштықтан сендерге беретінім осы. Сонан соң сендерге сендердегіні ақтайтын елші келеді. Сендер оған міндетті түрде сенім артып, көмектесесіңдер» – деп, шарт алғаннан кейін: «Сендер осыны қабылдап, өздеріңе Менің міндеттемемді аласыңдар ма?» – деп сұрады. Олар: «Біз қабылдаймыз!» – деп жауап берді. Ол: «Куә болыңдар, Мен де сендермен бірге куәгер боламын!..» – деді. (3:81)
Мухаммадқа оның өмірі кезінде қандай елші келді? Жәбірәйіл. Құран бойынша Жәбірәйіл елші-басқарушылармен бірге келе алады, бұл Мәрияммен болған оқиғаның мысалында көрсетілген:
Міне басқарушылар: «Иә Мәриям! Расында, Алла сені өзінің Сөзімен қуандырады. Оның есімі – майланған Иса, Мәриям ұлы. Ол бұл өмірде айтулы, ал Ақырғы өмірде ол жақындардан болады» – деп айтты. (3:45)
Бұл жерде Мәриямға басқарушы-елшілер үндеп жатыр, ал Жәбірәйілдің оған деген үндеуі міне:
Кітапта Мәриям туралы ескер. Ол өз отбасынан шығыс жақтағы жерге кеткен кезде, сонда өзіне олардың алдында шымылдық жасады. Біз оған Өзіміздің Рухымызды жібердік, әрі ол оның алдына адам бейнесінде келді. Мәриям: «Расында, мен сенен қашып Аяушыға жүгінемін, сен сақсынуың үшін!» – деді. Ол: «Расында, мен Иеңнің елшісі ғанамын, саған таза ұлды беру үшін!» – деген жауап берді. (19:16-19)
Пәлен бір қайшылық бар сияқты болып тұр, бір жерде басқарушылар үндеп тұр, ал басқа жерде тура сол хабарды Рух жеткізіп жатыр. Бірақ бұл тек бір қарағанда ғана. Рух пен басқарушылар бірге келетіні туралы дәлел міне:
Ол қалаған қызметшісіне Өзінің әмірі бойынша басқарушыларды Рухпен бірге түсіреді, олар тәңірі тек қана Мен екенін алдын-ала ескертсін деп! Менен сақсыныңдар! (16:2)
Сол түні басқарушылар мен Рух Иелерінің рұқсаты бойынша әр-түрлі әмірмен түседі! (97:4)
Рух бұл Жәбірәйіл екендігін келесі үзінділер дәлелдейді:
«Бұны Иең тарапынан ақиқатпен бірге Киелі Рух түсірді, сенім артқандарды нығайту үшін, бойұсынғандар үшін Нұсқау әрі қуантушы хабар ретінде!» – деп айт. (16:102)
Онымен бірге сенімді Рух түсті (26:193)
Осылайша Біз саған әміріміз арқылы Рухты уаһи еттік! Сен Кітап туралы да, сенім туралы да хабардар болған жоқсың! Алайда Біз Кітапты Нұр етіп орнаттық! Біз онымен қалаған қызметшімізді бағыттаймыз! Расында, сен түзу жолға бағыттайсың ғой (42:52)
Бұл жерде Құранның түсірілуі туралы айтылып жатыр, ал міне тағы бір хабарлама:
«Жәбірәйілге кім қарсылас болды?» – деп сұра. Расында, ол оны (Құранды) сенің жүрегіңе түсірді, Алланың рұқсаты бойынша, алдынғыны растаушы ретінде және сенушілерге Нұсқау мен қуанышты хабар ретінде. (2:97)
Құранды Жәбірәйіл, оның өзі Рух, түсіргенін көріп тұрмыз.
Өзіне дейін жіберілген елшілерден сұра деген Мухаммадқа арналған ұйғарымға қайта оралайық. Бұны сөзбе-сөз түсінсек, онда Мухаммад өзіне дейін де жіберілген басқарушы – елшілермен байланысқан. Егер бейнелі түрде түсінсек, онда ол алдын түсірілген Кітаптарға бет аудару деген сөз.
Қорытынды: біз Құранда өлгендер естиді деген үлгілі оқиға жоқ екеніне көзіміз жетті. Оның үстіне, олар естімейді деген Алланың тікелей сілтемесін бар. Турашылдар Аллаға өтінішті жеткізгені туралы үлгілі оқиға жоқ, алайда керісінше егер адам Алладан жабылса, тіпті Мухаммадтың да өтініші қабылданбай алына алады. Егер адам сенуші болса, оған тікелей Аллаға үндеу жасау ұйғарылады. Қайтыс болған елшілер мен турашылдарға рұқсат беретін жалғыз ғана дереккөз болып, хадистер келеді, бірақ олар Алланың аяны болып келмейді, және оның үстіне Алла Өзінің белгілерінен кейін хадистерге сенушілікті сөгеді:
Бұл – Алланың белгілері! Біз бұларды саған ақиқатпен оқимыз! Алла мен Оның белгілерінен кейін олар қай әңгімеге сенеді? (45:6)