Құран өлім жайында
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Адамдардың өлімге деген қарым-қатынасы әртүрлі, алайда одан құтылуға болмайтындығы бәріне мәлім.
Әр тұлға өлім татады. Расында, Қиямет Күні сендерге сыйларың толықтай беріледі. Кім оттан алыстатылып, баққа кіргізілсе, сол жетістікке жетті! Ал бергі өмір тек алдамшы нәрсемен қолдану ғана болып табылады! (3:185)
Әр тұлға өлім татады, кейін сендер Бізге қайтарыласыңдар! (29:57)
Өлім адамдарды кез-келген жерде алып кете береді, алайда адамдар негізінде оған дайын емес, себебі ол олар үшін әрдайым кенеттен келеді. Адам бейқам бола тұра өлім жоқ сияқты өмір сүре береді. Сонымен, өлімнің мағынасы неде?
Әр тұлға өлім татады. Біз сендерді жақсылық пен жамандық арқылы арбап, сынаймыз! Сендер Бізге қайтарыласыңдар! (21:35)
Қолында билігі бар берекелі! Ол әр нәрсеге Құдіретті! Ол сендерді қайсыларың істер бойынша жақсырақ екенін сынау үшін өлім мен өмірді жаратты! Ол әр нәрсеге шамасы жетуші, Кешіруші! (67:1-2)
Енді міне, өмір қызып, болашаққа жоспарлар құрылып жатқанда, ал кейбіреулер мансаптың шыңында тұрғанда, барлық нәрсе кенеттен аяқталады. Себебі өмірдің аяқталуы әр түрлі, түрлі жағдайлар мен күйлерде болады.
Алла тұлғаны өлімі кезінде тыныштандырады және ұйқысы кезінде өлмеген тұлғаны да тыныштандырады. Өлім шешілген тұлғаны Ол ұстап қалып, басқасын болса белгілі мерзімге дейін жібереді. Расында, осыда – ойланатын адамдар үшін белгілер бар ғой! (39:42)
Адамдар өлім жайлы мүлдем ойланбайды деп айтқанда дұрыс болмайтын еді, алайда көбісі оны өздерінен максималды түрде алшақтатуға тырысатынын ескеру керек, ал кейбіреулер болса өлімнен тіпті құтылуды армандайды.
Сендер қайда болсаңдар да өлім сендерге жетеді, тіпті салынған мұнараларда болсаңдар да! (4:78)
Өлім есірігі ақиқатта келді! Бұл – сен жалтарған нәрсе! (50:19)
Бірақ өлімге деген бұндай көзқарас түбінде дұрыс емес. Өлімге тіршіліктің келесі кезеңінің басталуы ретінде қарау керек, ал бұл үшін бергі өмірде адамдардың ойдан шығарылған нәрселерді емес, болашақ өмірге дайындайтын трансцендентті дереккөзді – Құранды нұсқау етіп алу қажет. Бұған ұқыпсыз қарауға болмайды, себебі жүріс-тұрыс, тіпті ойлар да – барлығы ескеріледі ғой.
Ол Өзінің қызметшілерінен еңсерілмейтін түрде жоғары! Біреулеріңе өлім келмегенше Ол сендерге сақтаушыларды жібереді. Оны Біздің елшілер тыныштандырады, олар олқылық жібермейді! (6:61)
Адамның ұқыпсыздығы неден көрінуі мүмкін? Оның Борыш Күні туралы, істеген істері үшін Алланың алдында жауапкершілігі бар екені туралы біле тұра немесе ести тұра Құдайдың Кітабын нұсқау етіп алмауында, оған қартайған кезде бет бұрамын немесе өлімнің алдында өкінемін деп ойлап.
Бірақ біреулеріне өлім келгенге дейін жаман істер жасап: «Мен енді тәубе қылдым!» – дейтіндердің тәубелері қабылданбайды. Жабылған бойда қайтыс болғандардың да тәубелері қабылданбайды. Сондайларға Біз ауыр азап дайындадық. (4:18)
Өкінішке орай, тек «тауық шоқығанда» ғана әрекет ету әдеті адамдарды жарға жығады. Себебі сөз мәңгі өмірді игілікте немесе жазада өткізу туралы айтылынып жатыр ғой. Ақиқатты «қолданылу мерзімінен» кейін ұғынушылықтың күші жоқ, адам бәрін түзеуге қалай тырысса да.
Біреулеріне өлім келгенде, ол: «Ием! Мені қайтып жібер. Мүмкін мен қалдырғанымды түзеймін» – деп айтады. Жоқ! Расында, бұл – оның айтып жатқан сөздері! Олардың артында олар тірілетін Күнге дейін мойнақ болады! (23:99-100)