Құран Жәннат жайында
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Кез-келген Жалғыз Аллаға сенуші кісі үшін негізгі ынталандырма мен сый ретінде Жәннат деп аталатын жер келеді. Жәннат сөзі құрандық «джәннәт» – «бақ» деп аударылатын сөзден шыққан.
Бақ адамның жер бетіндегі лайықты өмірінің нәтижесі ретінде оның арманының ең керемет түрі болып табылады. Алайда бұл арманға жету үшін Алла Құранда бұйырған шарттарды дүниелік өмір бойы орындау керек.
Бұл шарттардың орындалуының маңызды факторы болып, біріншіден, Құдай жарататын істер келеді, себебі баққа қолжетімділік тек қалауға ғана байланысты емес, ол сенім және оған деген шыншыл ұмтылумен қол жеткізіледі. Сол себепті жақсы іс істеп, оған күш салған, Алла және басқалар үшін өзінің амандығын құрбан етіп, рухани бастамаға зиян келтіретін істерден аулақ болып, өзін және отбасын күнәдан сақтаған, алдында кездескен қиындықтарды төзімді көтерген кісіге баққа кіру рұқсат етіледі. Бұл, әрине, Соттан кейін жақсы нәтижемен шығуға үміттену үшін адам орындайтын шарттардың толымсыз ғана тізімі. Баққа ұмтылған адамның басты қасиеттерін, сондай-ақ бізге мекен болатын ең керемет жер туралы Құран не айтатынын қарастырайық.
Сенім
Алла сенуші ерлер мен әйелдерге төменгі жақтарында ағатын өзендері бар бақтарды уәде етті! Ғадн бақтарында салауатты мекендеу! Ал Алланың разылығы одан да көбірек! Бұл – ұлы жетістік! (9:72)
Иә менің қызметшілерім! Ол күні сендерде не қорқыныш, не қайғы да болмайды! Біздің белгілерімізге сеніп, бой ұсынғандар, өздерің және жұбайларың, баққа қуанышқа бөленіп кіріңдер! (43:68 – 70)
Абай болушылық
Абай болушыларға уәде етілген бақтың мысалы – төменгі жақтарында ағылған өзендер! Ода азық пен көлеңке әрдайым бар! Бұл сақсынатындардың нәтижесі, ал жабылып қалғандардың нәтижесі – от! (13:35)
Расында, абай болушылар бақтар мен бұлақтарда болады! (15:45)
Бұл – Ескерту!
Расында, абай болушылар үшін оларға қақпалары ашық Ғадн бақтары – көркем баспана – болады ғой! (38:49 – 50)
Расында, абай болушылар қауіпсіз жерде – бақтар мен бұлақтардың арасында болады! (44:51 – 52)
Расында, абай болушылар өзендері бар бақтарда, әр нәрсеге шамасы жетуші Патшаның қасында шындық жерінде болады! (54:54 – 55)
Расында, абай болушылардың құтқарылу жерлері – саябақтар, жүзім алқаптары, аршын төсті құрдастар мен толы тостағандар!
Олар Иеңнен сауап ретінде ол жерде бекер сөз де, өтірікті де естімейді!
Аспан, жер мен оның арасындағылардың Иесінен, Аяушыдан берілген төлеу ретінде!
Олар Оның сөзінен тыйылмайды. Рух пен басқарушылар қатар тұратын Күнде, тек Аяушыдан рұқсат алған тұлға ғана сөйлейтін болады!
Ол дұрыс нәрсе айтады!
Бұл Күн – ақиқат. Кім қаласа, сол өзінің Иесіне қайтар жолын алады! (78:31-39)
Сақсынушылық
Иесінен сақсынғандарға Алланың уәдесі бойынша үстілерінде салынған тағы палаталары бар палаталар болады, ал төменгі жақтарында өзендер ағады! Алла уәдесін бұзбайды! (39:20)
Иеңнен сақсынғандарды баққа топпен әкеледі, олар келгенде оның есіктері ашық тұрады, оның сақшылары оларға: «Бейбітшілік сендерге! Сендер сауықтыңдар! Осы жерге кіріп, қалыңдар!» – деп айтады. (39:73)
Қорқу
Иесінің алдына келіп тұруға қорқып, құмарлықтан өзін ұстап қалғанға келсек, расында, оның баспанасы – бақ! (79:40-41)
Сотты табысты өтудің белгісі ретінде оң қолға берілетін кітап болады.
Егер ол жақындағандардың бірі болса, сонда тыныштық, хош иіс пен жарылқанған бақтар болады! Егер ол оң жақтың иегері болса, онда оң жақ иегерлерінен «бейбітшілік саған»! (56:88-91)
Сол Күні сен сенуші ерлер мен сенуші әйелдердің алдында және оң жағында нұр таралғанын көресің! Сендерге бүгін қуанышты хабар – ішінде қалуларың үшін төменгі жақтарында ағылып жатқан өзендері бар бақтар! Бұл – үлкен жетістік! (57:12)
Кітабы оң қолына берілетінге келсек, ол ұялып: «Менің кітабымды оқыңдар! Расында, мен өзімнің есептемемді қарсы аламын деп ойладым ғой!» – дейді. Осылайша, ол риза өмірде, жемісі үзілейін деп тұрған көтеріңкі бақта болады. «Бұрын істегендерің үшін жеп, ішіп, рахаттаныңдар!» – деп айтылады. (69:19 – 24)
Кітабы оң қолына берілетінге келсек, оны оңай есеппен есептейді және де ол өз отбасына қуанып келеді! (84:7-9)
Жоғарыда айтылғанның бәрі белгілі бір істерсіз мүмкін емес. Бақ инертті, жігерсіз адамдар үшін жаратылмаған. Себебі бұл өмірде қандай да бір нәтижеге жету үшін біз белгілі бір күш саламыз ғой. Ал бақ болса сенушінің ең жоғарғы нәтижесі болып келеді, бұл болса оның ең жақсы істерді жасауын талап етеді.
Сенім артып, түзелгендер, ал Біз болсақ тұлғаға шамасы келетінді ғана жүктейміз, төменгі жағында ағып жатқан өзендері бар бақтың мекендеушілері болып, сол жерде қалады! Біз көкіректерінен ашуды алып тастаймыз! Олар: «Бізді осыған бағыттаған Аллаға даңқы! Алла бізді бағыттамаса, біз бағытталмас едік! Расында, Иеміздің елшілері ақиқатпен келген еді!» – дейді. Оларға: «Расында, істегендерің үшін бақты мұраланасыңдар!» – деп үндеді. Баққа қосылғандар отқа қосылғандардға: «Біз Иеміздің уәдесі хақ екендігін көрдік, ал сендер болсаңдар, Иелеріңнің уәдесі хақ екендігін көрдіңдер ме?» – деп үндеді. Олар: «Иә!» – деп жауап берді. (7:42-44)
Сенім артып, түзелгендер, төменгі жақтарында өзендер ағатын бақтарға кіргізіледі, олар сол жерде Алланың рұқсатымен қалулары үшін! Амандасулары: «Бейбітшілік!» – болады. (14:23)
Расында, Біз, жақсы амал жасап жүргендердің, сенім артып, түзелгендердің сыйларын жоғалтпаймыз! Олар үшін төменгі жақтарында ағатын өзендері бар Ғадн бақтары! (18:30-31)
Олардан кейін, сиыну байланыстарын тастап, құмарлықтарға ерген мұрагерлер қалды. Олар адасушылыққа ұшырайды, тәубесіне келіп, сенім артып, түзелгендерден басқа. Осылар баққа кіреді және олар ешқандай зұлымдыққа ұшырамайды, Ғадн бағына кіреді, оны Аяушы көзге көрінбейтін бола тұра, Өз қызметшілеріне уәде еткен! Расында, Оның уәдесі орындалады! (19:59 – 61)
Расында, Алла, сенім артып, түзелгендерді, төменгі жақтарында өзендер ағатын бақтарға кіргізеді! Расында, Алла қалаған нәрсесін істейді! (22:14)
Расында, Алла, сенім артып, түзелгендерді, төменгі жақтарында өзендер ағатын бақтарға кіргізеді. Оларға сол жерде алтын мен інжу білезіктер тағылады, ал киімдері жібектен болады. Олар салауатты сөзге бағытталды! Олар Даңқтының жолына бағытталды! (22:23 – 24)
Сеніп, түзелгендерді Біз міндетті түрде төменгі жақтарында ағып жатқан өзендері бар палаталарға орналастырамыз! Амал істеушілердің жарылқанған сыйы, сабыр етіп, Иелеріне тәуекел еткендердің! (29:58 – 59)
Сенім артып, түзелгендерге келсек, оларға – мекендеу үшін бақтар, істеген нәрселері үшін сияпат ретінде! (32:19)
Сенуші адам осы өмірдің сынағынан өтіп, Алланың Сотынан табысты өткеннен кейін, ақырында Рақат Бақтарында өз арманымен кездеседі. Алланың сенімді қызметшілеріне ұсынылатын жерді адам елестете те алмайды ғой.
Сол Күні баққа қосылғандардың мекендеу жерлері жақсырақ болады әрі демалатын жерлері көркемірек болады! (25:24)
Олар: «Өз уәдесін растап, мирас ретінде бізге жерді қалдырған Аллаға даңқы! Бақтың ішінде қалаған жерімізде жайғасамыз!» – деп айтады.
Амал ететіндердің сыйы игі! (39:74)
«… Біз сендердің бергі өмірдегі де, Ақырғы өмірдегі де жебеушілеріміз! Сендерге ол жерде өздеріңе қалағандарың болады! Сол жерде сендерге сұрағандарың болады, Кешіруші, Рақымдының тарапынан түсірілу ретінде!» (41:31 – 32)
Бұндай мінсіз жерде жанжал, үйлесімсіздік пен алауыздықтың болуы мүмкін емес.
Оларға: «Осы жерге бейбітшілікпен әрі амандықпен кіріңдер!» – деп айтылады. Көкіректерінен өшпенділікті алып тастаймыз! Бауырластар кездескендеріне қуанады! Оларға сол жерде шаршағандық тимейді, және олар одан шығарылмайды! (15:46-48)
Олар онда бос сөзді естімейді, тек: «Бейбітшілік!» – дегенді ғана. Оларға сол жерде таң мен кеште ризық болады. Бұл – Біздің абай болған қызметшілерімізге мирас ретінде беретін бағымыз! (19:62-63)
Расында, сол Күні баққа қосылғандар шұғылданған нәрселеріне қуанады! Олар жұбайыларымен бірге көлеңке ішінде төсектерге сүйенетін болады! Онда олар үшін жемістер және сұраған нәрселері болады! Рақымды Иеден сөз: «Бейбітшілік» – болады! (36:55-58)
Дүниелік өмірде адамдар үшін қылмысқа барып күнә етуге себеп болған нәрселердің барлығы Жәннатта таңдаулыларға беріледі, әсемдік пен әшекейлер олар үшін дағдылы нәрсе болады.
Олар үшін төменгі жақтарында ағатын өзендері бар Ғадн бақтары! Олар сол жерде алтын білезіктермен сәндендіріледі! Олар атлас пен қамқадан тігілген жасыл киімдерге киінген болады! Сонда олар дивандарға сүйенеді! Жарылқанған сый әрі жақсы сүйеніш! (18:31)
Олар Ғадн бақтарына кіріп, сол жерде алтын мен інжу білезіктермен сәнденеді, оларды сол жерде жібекке киіндіреді. Олар: «Бізден қайғыны алыстатқан Аллаға Даңқы! Расында, Иеміз – Кешіруші, Алғысты ғой! Ол бізді Өз молшылығынан мекендеу орнына жайғастырды! Осы жерде бізге шаршағандық пен қалжырағандық тимейді!» – деп айтады. (35:33-35)
Олар атлас пен қамқадан тігілген киімге киілетін болады. Біз оларға жұбайы ретінде қаракөзділерді береміз. Олар қауіпсіздікте болып, сол жерде әртүрлі жемістерді сұрайтын болады. Олар сол жерде өлім татпайды, бірінші өлімді санамағанда! Олар Иеңнің артықшылығы бойынша Тозақ азабынан қорғалатын болады! Бұл – үлкен жетістік! (44:53-57)
Осы өмірдегі тағамдар мен сусындардың ең кереметі Ғадн Бақтарындағы молшылыққа мүлде жетпейді.
Оларға сый ретінде – ризық – жемістер! Олар құрметке бөленіп, жарылқанған бақтардың төсектерінде бір-біріне қарама-қарсы жатады! Оларды мөлдір бұлақтан кеселермен айналып өтетін болады, ішушілер үшін ләззат. Ода зиян жоқ және одан әлсіремейді! Оларда кішіпейілдер болады, былғанбаушылықпен жасырылған тәрізді! (37:41-49)
Расында, абай болушыларға – керемет мекен – оларға қақпалары ашық Ғадн бақтары болады! Олар сүйеніп, көп жеміс пен сусындар сұрайды. Оларда кішіпейіл құрдастары болады. Бұл сендерге Есеп Күнінде болады деп уәде берілген нәрсе! Расында, бұл Біздің ризқымыз ғой! Ол таусылмайды! (38:51-54)
Оларды алтын табақ пен тостағандармен айналып өтеді! Ол жерде оларға өздеріне қалаған және көзге ләззат болатын нәрселер бар! Сендер онда қаласыңдар, істегендерің үшін сендерге мирас ретінде берілетін бақта! Бұл жерде сендерге жеулерің үшін көп жемістер бар! (43:71-73)
Абай болушыларға уәде етілген бақтың мысалы – бұзылмайтын судан өзендер, дәмі өзгермейтін сүттен өзендер, ішушілерге ләззат беретін шараптан өзендер және таза балдан өзендер! Ол жерде оларға әр-түрлі жемістер мен Иелерінің кешірімі!.. (47:15)
Расында, абай болушылар бақта және жарылқауда болады! Олар өздеріне Иелері берген нәрселермен көңіл көтереді! Оларды Иелері Тозақ азабынан қорғайды! Істерің үшін бұл жерде жеп, ішіңдер, тізіліп тұрған төсектерге сүйенген бойда! Біз оларға жұбайы ретінде қаракөзділерді береміз! Сенім артқандардың ұрпақтары да оларға еріп, Біздің ақиқатымызға сенім келтірсе, сол ұрпақтары олармен бірге болады. Біз амалдардан ештеңені жіберіп алмаймыз. Әр еркек өз тапқанының тұтқыны! Біз оларды өздері қалаған жемістерден және еттен қамтамасыз етеміз! Олар бір-біріне тостағанды беретін болады, ода бос сөз және күнә жоқ! Оларды жасырын інжу тәрізді даяшы айналып өтетін болады! Олар бір-біріне жақындап, сұрасып: «Расында, біз бұрын өз жанұямыз үшін қорқатын едік, бірақ Алла бізге мейірімділік танытып, бізді ыстық жел азабынан қорғады! Расында, біз бұрын Оған жалбарынатынбыз! Расында, Ол – Ізгі, Рақымды!» – деп айтатын болады. (52:17-28)
Иесінің алдына келуге қорқатынға – екі бақ!
Иелеріңнің қай жақсылығын өтірік санайсыңдар?
Түр өзгешелігіне ие.
Иелеріңнің қай жақсылығын өтірік санайсыңдар?
Оларда бұлақтар ағады.
Иелеріңнің қай жақсылығын өтірік санайсыңдар?
Оларда әр жеміс жұбымен бар.
Иелеріңнің қай жақсылығын өтірік санайсыңдар?
Төсемдері қамқадан жасалған төсектерге сүйеніп, бақтардағы жақын жемістерді жұлады!
Иелеріңнің қай жақсылығын өтірік санайсыңдар?
Онда адаммен де, көрінбейтінмен де қыздығынан айырылмаған сыпайыкөзділер!
Иелеріңнің қай жақсылығын өтірік санайсыңдар?
Олар жақұт пен маржан секілді!
Иелеріңнің қай жақсылығын өтірік санайсыңдар?
Жақсылық үшін жақсылықтан басқа сый бар ма?
Иелеріңнің қай жақсылығын өтірік санайсыңдар?
Бұл екі бақтан басқа?
Иелеріңнің қай жақсылығын өтірік санайсыңдар?
Екі күтпегендік!
Иелеріңнің қай жақсылығын өтірік санайсыңдар?
Суы ағып жатқан екі бұлақ!
Иелеріңнің қай жақсылығын өтірік санайсыңдар?
Онда жемістер, пальмалар мен анарлар!
Иелеріңнің қай жақсылығын өтірік санайсыңдар?
Онда жақсы әрі әдемі!
Иелеріңнің қай жақсылығын өтірік санайсыңдар?
Шатырда жасырынған қаракөздер!
Иелеріңнің қай жақсылығын өтірік санайсыңдар?
Оларға дейін онда адаммен де, көрінбейтінмен де қыздығынан айырылмағандар!
Иелеріңнің қай жақсылығын өтірік санайсыңдар?
Жасыл сөрелерге сүйеніп, керемет хош иіспен аңқитындар!
Иелеріңнің қай жақсылығын өтірік санайсыңдар?
Айбын мен құрмет иегері Иеңнің аты берекелі! (55:46-78)
Алдынғыларды озғандар. Сондайлар жарылқанған бақтарда жақындағандар – біріншілердің тобы және ақырғылардың азғанасы, кестелі төсектерде, оларға сүйеніп, бір-бірлеріне қарама-қарсы жататын болады. Оларды онда тұратын ұл балалар айналып өтетін болады, бұлақтан толтырылған тостағандармен, құмыралармен және кеселермен, ол бас ауыртпайды да, әлсіретпейді, олар таңдаған жемістермен және олар қалаған құс етімен. Қаракөзділер, жасырынған інжу тәрізді, жасаған істері үшін сый ретінде. Онда олар бос және күнәлі сөзді естімейтін болады, тек: «Бейбітшілік, бейбітшілік!» – дегенді ғана. Оң жақтын мекендеушілері. Неліктен оң жақтын мекендеушілері? Тікенсіз лотостың және қатар орнатылған қарағанның арасында, созылған көлеңкеде, ағып жатқан суда, көптеген жемістің арасында, таусылмайтын және тыйымды емес, көтеріңкі төсектерде. Расында, Біз оларды тәрбиелі қылып өсірдік және оларды қыздығы бар етіп орнаттық, таза құрдастар, оң жаққа қосылғандар. Біріншілердің тобы және ақырғылардың тобы! (56:10-40)
Алла оларды бұл Күннің жамандығынан құтқарды, және олар әсемдік пен қуанышты кездестірді.
Оларды сабыр еткендері үшін бақ және жібекпен сыйлайды.
Олар дивандарға сүйенеді. Олар ол жерде күнді де, аязды да көрмейтін болады.
Көлеңкелері өздеріне жақын және жемістері төменге төмендетілді.
Оларды күміс ыдыстармен айналып өтетін болады және шыны тостағандар болады!
Белгілі бір өлшемді күміс бөтелкелер болады!
Оларды ішінде зімбір араластырылған тостағаннан сусындандырылады.
Ол жердегі бұлақ «Сәлсәбил» деп аталады
Оларды онда тұратын бозбалалар айналып өтетін болады. Оларды көрген кезде, оларды шашылған меруерт деп санайсың.
Сосын, жарылқау мен үлкен билікті көргеніңде, олардың үстінде жібектен және қамқадан жасыл киімдер болады. Олар күміс білезіктермен әшекейленген болады. Иелері оларды таза сусынмен сусындандырады.
Расында, бұл біздің сыйымыз! Ұмтылыстарың алғысталды! (76:11-22)
Оларды ұзақ тұрған, мөрленген шараппен сусындандырады, оны жұпар су аяқтайды!
Осыған жарысушылар жарыссын!
Бұл қоспа «Тәсним» деген бұлақтан, одан жақындағандар ішеді! (83:25-28)
Сол Күні жүздер жарылқанған, ұмтылыстарына ырза болады, көтеріңкі бақта! Олар сол жерде бос сөз естімейтін болады! Онда бұлақ ағады! Онда көтеріңкі төсектер! Тостағандар қойылған! Жастықтар тізіліп қойылған! Кілемдер төселген! (88:8-16)
Алла Кітапта жазған шарттарға мұқият қараса, сонда ақыл максималды табыс үшін ең жақсы шарттарды байқап қояды.
Уәде етілген Бақ – сенуші өмірінің келесі даму кезеңі. Дәстүрге қарағанда, Құранда бақтың бар болу мерзімі белгіленген:
Бақыттыларға келсек, олар – бақта! Олар онда аспандар мен жер бар болуынша болады, Иеңнің қалауы бойынша ғана, қиылмас сый ретінде! (11:108)
Яғни аспан мен жер қаншалықты уақыт бар болса, соншалықты уақыт Бақ та бар болады. Біздің өмірімізден өзгешелік болып, сенушілердің өмірі де Бақтың бар болу мерзіміне тең болатыны келеді. Құнсыз нәрсенің бағасын көтеріп және бұл қысқа өмірге еліктеп, өмірдің ұзаққа созылатын келесі кезеңімен тәуекел ету қажет пе?