Құран Тозақтағы жаза жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Әрбір адамның тіршілік әрекетінің нәтижесі Борыш Күні болады. Бұл күннің ең үрейлі нәтижесі Тозаққа апарар жол болады.

Расында, Біздің белгілерімізді өтірік санайтындарға және олардан өздерін жоғары қоятындарға, түйе иненің көзінен өтпегенше, аспан қақпалары ашылмайды және олар бақтарға кірмейді. Осылайша Біз қылмыскерлерді жазалаймыз! Олардың төсектері жалыннан болады, ал үстілерінен қараңғылық болады! Осылайша Біз зұлымдарды жазалаймыз! (7:40-41)

Алла кімді бағыттаса, сол – бағытталған! Кім жаңылса, солар өздеріне Одан басқа жебеушілерді таппайды! Біз оларды Қиямет Күні беттерінің үстінде соқыр, мылқау әрі керең қылып жинаймыз! Олардың мекені Тозақ болады! Ол өше бастаған сайын, Біз оның жалынын арттырамыз! (17:97)

Тозақ – күнәһарларға арналып, дайындалған жаза жері. Құдай бұл қорқынышты жазаларды суреттей отырып, бізге ойлануға, өкінуге, Оның заңдарын қабылдап, солар бойынша өмір сүруге мүмкіндік береді. Аталған азаптар түрлі тәсілдермен іске асырылады.

Жазалаудың ең танымал түрі – отпен жазалау.

Отпен жазалау

 

Расында, Біздің белгілерімізден жабылғандарды Біз отта жандырамыз! Олардың терілері балқып кеткен сайын Біз оны басқа теріге ауыстырамыз, олар азапты татулары үшін. Расында, Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! (4:56)

Бақытсыздарға келсек, олар – отта! Олар үшін оның ішінде – сарнау мен қырылдау! (11:106)

«Ақиқат – Иелерің тарапынан! Кім қаласа, сол сенім артсын, ал кім қаласа, сол жабылсын» – деп айт. Біз зұлымдар үшін шатырлары оларды қоршап алатын отты дайындадық!.. (18:29)

От олардың беттерін күйдіріп тастайды, олар бүрісіп қалады! (23:104)

Бірақ олар Сағатты өтірік санайды. Біз Сағатты өтірік санайтындарға жалын дайындап қойдық! Олар алыс мекеннен көргенде, оның ашуы мен сарнауын естиді! Олар бұл қысылтаяң мекенге байлаулы түрде лақтырылған кезде, олар сол жерде өлім шақыратын болады! (25:11-13)

Ал жолдан тайғандарға келсек, олардың баспанасы от болады! Олар сол жерден шыққысы келген әр заматта оларды кері қайтарып жіберетін болады! Оларға: «Сендер өтірік санаған оттың азабын татыңдар!» – делінеді. (32:20)

Расында, Алла жабылғандарды лағынеттеп, оларға жалын дайындап қойды, олар оның ішінде тұрақты түрде қалады! Олар жебеушіні де, көмекшіні де таппайды! (33:64-65)

Жабылғандарға – Тозақ оты! Онда оларды жойып, өлтірмейді! Олардың азаптары жеңілдетілмейді! Осылайша, Біз әрбір жабылғанды жазалаймыз! (35:36)

От – Алланың оларға деген дайындаған жазасы! Онда мекендеу орны бар, Біздің белгілерімізді қабылдамағандары үшін жаза ретінде! (41:28)

Алайда жоқ! Расында, бұл жалын бастың терісін жұлып алады! (70:15-16)

Жай күйіп қалғанда адам зарлайды, ал өрт жалынында болған кезде, ол қатты айқайлап, көмекке шақырады. Бұндай жүріс-тұрыс Тозақта өзгермейді, бірақ ол жақтағы адамдарға көмек ерекше болады:

Қайнаған сумен жазалау

Егер олар көмек сұраса, оларға жүздерді күйдіретін балқыған металл тәрізді сумен көмектеседі! Бұл жаман ішімдік әрі нашар тірек! (18:29)

Міне екі қарсылас тарап Иелеріне қатысты егесті. Жабылғандар үшін оттан киім пішеді, ал бастарына қайнаған су құяды. Одан олардың ішкі азғалары мен терілері балқып кетеді. Оларға темір күрзілер дайындалған. Олар сол жерден шығып, қайғыдан құтылғысы келген сайын оларды кері қайтарады. Жалын азабын татыңдар! (22:19-22)

Бірақ мойындары бұғаулар мен шынжырларда болған бойда оларды қайнаған суға сүйреткенде олар білетін болады, содан кейін олармен отты жағады! (40:70-72)

… Отта болушылардың мысалы – оларға қайнаған су ішкізеді де ішкі ағзаларын жыртады! (47:15)

Олар өтірік санаған бұл Тозақта қылмыскерлер бар. Олар оның және ыстық кезеңнің арасында жүретін болады! (55:43-44)

… оған қайнаған су жіберіліп, ол жалында жанатын болады! (56:93-94)

Оларды оған тастаған кезде, олар сол жерде бақыру еститін болады! Ол қайнап жатыр! (67:7)

Саған жамылғы жайлы әңгіме жетті ме? Ол күні жүздер қастерлеуші, жұмыстан қажыған, шаршаған түрде болады! Жалынды отта жанады! Қайнаған бұлақтан сусындырады, тағамдары да тәрізді, семіртпейді және аштықтан көмектеспейді! (88:1-7)

Және бұл сұмдық азаптар сұмдығы олардан кем емес желмен ілеседі.

Ыстық жел

Олар ыстық желде әрі қайнаған суда, ыстық көлеңке астында, ода салқындық та, құрмет те жоқ! (56:42-44)

Осындай ұзақ уақытты амалсыздықта жаза ретінде зор аштық сезімі болады, ол болса азаптың тым өткірленген түрлеріне жетелейді:

Жұтуға мәжбүрлейтін ағаш

Бұл сияпат жақсы ма әлде жұтуға мәжбүрлейтін ағаш па? Расында, Біз оны зұлымдарға азғыру ретінде орнаттық, бұл – алаулатылған жалыннан өсетін ағаш! Олардың жемістері тыңдамаушылардың бастары секілді! Расында, олар оны жұтып, қарындарын толтырады! Расында, одан кейін олар үшін олар қайнаған сумен араластырылады, кейін оларды жалынға қайтарады ғой! (37:62-68)

Расында, жұтқызатын ағаш күнәһардың тағамы болады. Мыс қалай іште қайнаса, солай қайнаған су да қайнайды! Алла: «Оны ұстап алып, орналасқан Тозаққа қарай сүйреңдер! Кейін азап ретінде оның басына қайнаған суды құйыңдар!» – деп бұйырады. (44:43-48)

Содан соң, расында, иә сендер, адасқандар, өтірік деп санайтындар, жұтқызатын ағаштан жейсіңдер ғой. Онымен қарындарыңды толтырып, оның артынан қайнаған су ішесіңдер, суды аңсаушылар тәрізді! (56:51-55)

Асқан аштық сезімін қанбайтын шөл қосақтайды, ол да адамдардың Тозақтағы халдарын жеңілдетпейді.

Ірің мен жуындымен жазалау

Оның артынан оған – Тозақ, және оны іріңді сумен сусындандырады! Ол оны жұтымдап ішеді, бірақ оңай жұта алмайтын болады! Өлім әр жақтан келеді, алайда ол өлмейді! Оның артынан оған – қатты азап! (14:16-17)

Тозақ, олар оның ішінде жанады! Расында, ол жаман төсек! Қайнаған су мен іріңді татсын (38:56-57)

Және бүгін оған бұл жерде айырылмас досы жоқ, ал тағамы тек қана жуынды! (69:35-36)

Олар салқындық пен сусын ретінде тек қайнаған су мен ірің татады. (78:24-25)

Дәстүр бойынша Тозақ шексіз бар болады. Алайда Құранда келесі үзінді бар:

Бақытсыздарға келсек, олар – отта! Олар үшін оның ішінде – сарнау мен қырылдау! Оның ішінде олар аспандар мен жердің бар болуынша болады, Иеңнің қалауы бойынша ғана! Расында, Иең қалағанын жасайды! (11:106-107)

Біздің алдымызда Тозақ белгілі бір мерзім – аспан мен жердің бар болуынша болады деген ақпарат тұр. Кез-келген жаратылыстың соңы бар. Бар болудың аяқталуына дейін өте ұзақ уақыт өтуі мүмкін, бірақ әйтсе де аяқталу болмай қалмайды.