Құран қабір азабы жайында

Аяушы Рақымды Алланың атымен

Өлім – әр тіршіліктің өмірінде болмай қалмайтын сәт. Бұл құбылыс туралы жорамалдар көп және бұған қатысты пікірлерді өз мақсатына пайдалану талпыныстары көп. Қабір азабы тезисі дәстүрлі Исламда кең таралған ой-пікірлердің бірі.

Адам өлімінің шарттарын қарастырайық:

Әр тұлға өлім татады. Расында, Қиямет Күні сендерге сыйларың толықтай беріледі. Кім оттан алыстатылып, баққа кіргізілсе, сол жетістікке жетті! Ал бергі өмір тек алдамшы нәрсемен қолдану ғана болып табылады! (3:185)

Оқиғалардың анық реттілігі көрініп тұр:

1) Өлім;

2) Тірілу;

3) Сот;

4) Жәннәт немесе Тозақ.

Осы реттілікте қабір азабына орын жоқ. Қабір азабы деп дененің азап шегуін айтады.

Алайда, бұл көзқарасқа лайық Құранда дәлел жоқ:

Біреулеріне өлім келгенде, ол: «Ием! Мені қайтып жібер. Мүмкін мен қалдырғанымды түзеймін» – деп айтады. Жоқ! Расында, бұл – оның айтып жатқан сөздері! Олардың артында олар тірілетін Күнге дейін мойнақ болады! Кернейге үрлеген кезде, олардың арасында өзара байланыс жоқ болады және олар сұрастырмайтын болады! Кімнің таразысы ауыр болса, олар жетістікке жеткен болады! Кімнің таразысы жеңіл болса, солар – өздеріне қасірет тигізгендер! Олар Тозақта қалады! От олардың беттерін күйдіріп тастайды, олар бүрісіп қалады! (23:99-104)

Бұл үзіндіде өлімнен кейін болатын оқиғалар толығырақ баяндалған. Тұлға денеден шығып, денеден тыс аралық күйде болады. Басты сигналдан кейін адам денеде тіріледі және мекендеу мерзімі оған аз болып сезіледі:

Ол: «Сендер жерде қанша жыл болдыңдар?» – деп сұрайды. Олар: «Біз бір немесе жарты күн болдық, бірақ есептейтіндерден сұрау керек» – деп жауап береді. Ол: «Сендер аз ғана болдыңдар, білетін болсаңдар!» – деді. (23:112-114)

Оның үстіне, тірілген адамдар қабірде жатуды тыныштық жері деп бағалайтын факті Құранда анық белгіленіп тұр:

Кернейге үрлейді, ал олар қабірден шығып Иелерінің алдында жаңғыртылған кезде, олар: «Қайғы бізге! Тыншығу жерімізден бізді кім тірілтті?» – деп айтады. Бұл – Рақымдының уәдесі! Елшілер шын айтты! (36:51-52)

Тыншығу жері деп «марқодинә» деген араб термині аударылған. Бұл терминнің түбірі болып «рақадә» сөзі келеді, оның мағынасы – ұйықтау, тыншығу, жату. Яғни адам қабірді өзі алаңсыз ұйықтап жатқан тыншығу жері деп бағалайтын болады.

Қабір азабын дәлелдеу үшін тарихи Исламда келесі үзіндіні келтіріледі:

Енді Алла, оны, олар жасаған сұмдықтарынан қорғады. Перғауындықтарды сүркей азап баурап алды. Олар ертелі-кеш отқа ұсынылады. Қиямет-қайым болған күні: «Перғауындықтарды азаптың ең қаттысына кіргізіңдер.» (40:45-46, Халифа Алтай аудармасы)

Бұл жерді перғауын мен оның ортасының өлімінен кейін оларды Қиямет Күніне дейін жазалап жатыр деп түсіндіреді. Яғни олар қазір де жазаланып жатыр демек. Бұл қабір азаптың дәлелі болып келеді деп санайды. Алайда, бұл жәйтті мұқият қарастырсақ, осы дәлелдің қанағаттанғысыздығына көзіміз жетеді:

1) қабір азабы, дәстүр бойынша, қабірдің ішінде болады. Денені жер қысады әрі басқарушылар (періштелер) оны соғады. Қайтыс болған күнәһар Тозақта болатын өз орнын көреді ғана. Алайда, үзіндіде перғауын мен оның руы Отқа келтірілетіні айтылып жатыр.

2) От азабын Алла Тозаққа түскен адамға ғана уәде етеді. Демек, перғауын мен оның руының таң мен кеште От азабымен жазалану жағдаяты Тозақта ғана бола алады.

Сонда Біз Құранның осы жерін қалай түсіне аламыз? Мәселе мынада, «ю,рәдуунә» термині келер шақта тұр, яғни мағынаны нақтырақ жеткізу үшін «олар кіргізілетін болады» деп аударуға болады. Сөздің осы шақ туралы айтылып жатқан жоқтығы айқын көрініп тұр! Сөз болашақтағы оқиға туралы айтылып жатыр. Бұл жерде мағына түсінікті болу үшін әрі бұрмаланбауы үшін аударманың келесі нұсқасы ұсынылады:

Алла оны олардың ойластырған жаман істерінен қорғады. Перғауынның әулетіне жаман азап – от, расталды! Олар оған таң мен кеште кіргізілетін болады! Сағат келетін Күні оларға: «Перғауын әулетін ең ауыр азапқа кіргізіңдер!» – деп айтады. (40:45-46)

Сөйлемнің бұндай тәртібінде мағына түсінікті болады, ал бастысы, от азабы басты шартын бұрмаламайды. От Тозақта дайындалады, яғни Соттан кейін:

Расында, Біздің белгілерімізден жабылғандарды Біз отта жандырамыз! Олардың терілері балқып кеткен сайын Біз оны басқа теріге ауыстырамыз, олар азапты татулары үшін. Расында, Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! (4:56)

Бақытсыздарға келсек, олар – отта! Олар үшін оның ішінде – сарнау мен қырылдау! (11:106)

«Ақиқат – Иелерің тарапынан! Кім қаласа, сол сенім артсын, ал кім қаласа, сол жабылсын» – деп айт. Біз зұлымдар үшін шатырлары оларды қоршап алатын отты дайындадық!.. (18:29)

От олардың беттерін күйдіріп тастайды, олар бүрісіп қалады! (23:104)

Бірақ олар Сағатты өтірік санайды. Біз Сағатты өтірік санайтындарға жалын дайындап қойдық! Олар алыс мекеннен көргенде, оның ашуы мен сарнауын естиді! Олар бұл қысылтаяң мекенге байлаулы түрде лақтырылған кезде, олар сол жерде өлім шақыратын болады! (25:11-13)

Ал жолдан тайғандарға келсек, олардың баспанасы от болады! Олар сол жерден шыққысы келген әр заматта оларды кері қайтарып жіберетін болады! Оларға: «Сендер өтірік санаған оттың азабын татыңдар!» – делінеді. (32:20)

Расында, Алла жабылғандарды лағынеттеп, оларға жалын дайындап қойды, олар оның ішінде тұрақты түрде қалады! Олар жебеушіні де, көмекшіні де таппайды! (33:64-65)

Жабылғандарға – Тозақ оты! Онда оларды жойып, өлтірмейді! Олардың азаптары жеңілдетілмейді! Осылайша, Біз әрбір жабылғанды жазалаймыз! (35:36)

От – Алланың қарсыластарына арналған жаза! Онда олар үшін мекендеу орны бар, Біздің белгілерімізді қабылдамағандары үшін жаза ретінде! (41:28)

Алайда жоқ! Расында, бұл жалын бастың терісін жұлып алады! (70:15-16)

Дәстүрде тағы да келесі үзіндіге сілтеме жасайды:

Ал Менің Ескертуімнен кім шеттенсе, расында, соның өмірі қиын (мә’иишәтән данкән) болады! Қиямет Күнінде Біз оны соқыр қылып жинаймыз! (20:124)

Дәстүрдің кей дін мамандары «мә,иишәтән данкән» сөйлемшесі таршылық пен қабір азабын білдіреді деп санайды. Бұл дәлел орнықсыз, себебі бұл сөздерді тіпті жеке алсақ та, олардың ешқайсысы қабір деген сөзді білдіртпейді. «Мә,иишәтән» сөзі соқыр, соқырланған, ал «данкән» сөзі қысылу деген мағыналарды береді. Араб тілінде бұл сөздер жиі бірге қолданылып, «қиын өмір» деген мағынаны береді.

Құранда, өлім кезінде болатын оқиғалардың келесі сипатамалы бар:

Басқарушылар жабылғандардың өмірін қалай аяқтайнынын көрсең. Олар оларды беттері мен арқаларынан соғып: «Күйдіретін азапты татыңдар! Бұл қолдарыңның дайындағандары үшін. Алла қызметшілеріне зұлымдық жасамайды!» – дейді. (8:50-51)

Басқарушылар оларды тыныштыққа келтірген кезде, оларды беттері мен арқаларынан ұрғанда қалай болар еді?! (47:27)

Бұл жерде біздің тұлғамыз өлім кезінде басқарушылардан жазаға ұшырай алатындығы фактін белгілеуге болады. Алайда, бұл денеге қатысты емес! Жазаға біздің «Мен»-іміз ұшырайды!:

Біреулеріңе өлім келмегенше Ол сендерге сақтаушыларды жібереді. Оны Біздің елшілер тыныштандырады, олар олқылық жібермейді! (6:61)

Аллаға жала жапқаннан немесе Оның белгілерін жалған санағаннан гөрі кім зұлымырақ? Осылар Кітаптағы тиесілі несібелерін алады. Оларға Біздің елшілеріміз оларды тыныштандыру үшін келген кезде: «Алладан өзгелерді шақырғандарың қайда?» – деп сұрайды. Олар: «Арамызда адасып кетті!» – деген жауап береді. Олар жабылған болғанбыз деп өздеріне қарсы куәлік береді! (7:37)

«Сендерге уәкіл етілген өлім басқарушысы сендерді тыныштандырады. Сонан соң Иелеріңе қайтасыңдар!» – деп айт. (32:11)

Осылайша, Құранда дене қабірде жазаға ұшыраған үлгілі боларлық жағдайлар жазылмаған, ал От азабы болса Тозақта ғана болады деп Жасаушы уәде берген.