Құран өлгендер жайында

Құранда Алла жансыз нәрсені өлікпен теңейді:

Олардың Алладан басқа шақыратындары ештеңе жарата алмайды, өздері де жаратылғандар! Олар өлі, тірі емес және қашан тірілетінін сезбейді! (16:20-21)

Осындай дәлелмен көп құдайға табынушыларға олардың пұттарына жалбарынулары босқа екені дәлелденетін, себебі пұт та өлік сияқты естімейтін де, адамға көмектесе алмайтын да.

Ақиқатты естімейтін, ақиқаттан жабық (куфр) адамдарды да Алла өлгендерге теңейді:

Расында, сен өлгендерді естірте алмайсың! Сен кереңдерге үндеуді естірте алмайсың, өздері теріс бұрылғанда! (27:80)

Осылай, расында, сен өлгендерді естірте алмайсың және кереңдерге үндеуді естірте алмайсың, өздері теріс бұрылғанда! (30:52)

Ақиқатқа кереңдер де өлгендер сияқты естімейді. Оның үстіне, Мухаммадтың кезінде де адамдар өлгендерге қазіргідей жүгінетін. Алла бұған нақты анықтама берді:

Тірі мен өлі тең емес. Расында, Алла кімге қаласа соған естуді береді, бірақ сен қабірде жатқанды естірте алмайсың! (35:22)

Құран өлгендер естімейтінін және адамдарға көмектесе алмайтынын бізге нақты әрі анық мәлімдеді. Неге? Себебі оларда біздің әлемімізбен Борыш Күніне дейін байланыс жоқ:

Біреулеріне өлім келгенде, ол: «Ием! Мені қайтып жібер. Мүмкін мен қалдырғанымды түзеймін» – деп айтады. Жоқ! Расында, бұл – оның айтып жатқан сөздері! Олардың артында олар тірілетін Күнге дейін мойнақ (барзах) болады! (23:99-100)

Яғни өлген адам осы өмірге қайтып келгісі келсе де, бұны ешқалай істей алмайтын еді. Өлгендердің жандары өтпелі күйге (барзахқа) түсіп, тірілуді немесе дұрысырақ айтқанда денелерінің пайда болуын күтеді, оларға Борыш Күнінде кіру үшін.

Кейбір зейінсіз адамдарды келесі үзінді естен жаңылдырады:

Алла жолында қайтыс болғандарды өлгендер деп атамаңдар. Керісінше, олар тірі, алайда сендер оны сезбейсіңдер. (2:154)

1) Бұл жақта барлық адамдар туралы емес, «шәһидтер» – сенімнің өлген куәгерлері жайлы айтылып тұр;

2) Біз – тірілер, олардың тірілігін сезбейтіндігіміз нақты айтылып тұр, демек, олармен де өзара байланысымыз жоқ;

Неге олар өлгеннен кейін тірі деген сұрақ пайда болады. Себебі олар бірден Алланың қасында болады: «барзах» күйінен және соттан өтіп кетіп, бірден Алладан ризықтарын алады:

Алланың жолында қайтыс болғандарды өлген деп санамаңдар! Керісінше – тірі! Олар өздерінің Иесінен ризық алып жатыр! (3:169)

Хабарландырушылар мен «шәһидтер» сотталмайды ғой, сол себепті оларды Борыш Күніне дейін тірілтпеудің қажеті жоқ, себебі олар Жәннатта.

Қорытынды: өлгендердің жандары өткелде (барзах) орналасқан, ал елшілер, турашылдар мен «шәһидтер» Жәннатта Алладан өз сыбағаларын алып жатыр. Бірақ олардың барлығында біздің өмірімізбен байланыс жоқ, және олар бізді ести де алмайды, бізге көмектесе де алмайды.