Құран жақсылық жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

 

Адамның материалдық құрамдас бөлігі тіршілігі үшін қажеттінің бәрімен өзін қамтамасыз етуге міндетті түрде ұмтылады. Адамдармен пайда деп бағаланатын нәрсе жақсы нәрсе деген мағынаны алды. Психикалық күйлердің, тұлғалардың көзқарастарының әр-түрлілігінен бұл ұғым субъективтік сипатына ие. Субъективизм адамдардың ұмтылыстарының, әрі нәтиже ретінде – мақсаттарының, әр-түрлілігін билейді. Бірақ бұған қарамастан, жақсылықтың барлығын екі категорияға бөлуге болады: материалдық әрі рухани.
Өздерінің күнделікті мінажаттарында мұсылмандар осы өмірдің әрі болашақ өмірдің де жақсылығын сұрайды.

 

… араларында: «Иеміз! Бізге осы өмірде жақсылық және Ақырғы Өмірде де жақсылық берші әрі бізді от азабынан қорғашы!» – деп айтатындары да бар. (2:201)

 

Бұл жерде қолданылған «хәсәнә» сөзі «жақсы, көркем, игі» деп аударылады. Бұл мінажатта екі өмірде де жақсы нәрсе сұралғандықтан, осы өмірдегі жақсылықпен байланысты үзінділер топтамасын қарастырайық.

 

Таяу өмірдегі жақсылық

 

Адамдар үшін Жасаушының ісінің бұл өмірдегі басты жүзеге асырылуы болып сынақ келеді. Сынақ адамзатты әрқашан сүйемелдейтін, бұл материалдық жағдайдың ауысуында көрінетін.

 

Сонан соң Біз жамандықты жақсылыққа ауыстыратынбыз, сосын олар оңалып: «Әкелерімізге де зиян мен қуаныш тиетін!» – деп айтатын. (7:95)

 

Игілікке деген тек қана материалдық қөзқарас халықтардың көпшілігіне рухани игіліктерге апаратын жолды жабатын. Алайда жағдайды ауыстыру арқылы Жаратушы өз рухани күйі жайлы қайта ойлануға мүмкіндік беретін. Бұл мысал Йусуф әрі оның бауырлары туралы хикаясында бейнеленген.

… ол оларды таққа көтерді.
Ол: «Йә әкем! Бұл – бұрында көргенімнің жоруы! Ием бұны шындық қылды! Ол мені зындандан босатқанымен маған жақсылық жасады! Тілазар мені мен бауырларымның арасында жанжал тудырғанынан кейін Ол сендерді шөлден әкелді! Расында, менің Ием қалағанына жақсылықпен қарайды! Расында, Ол – Білуші, Дана!..» – деп айтты. (12:100)

 

Йусуфтың ұрпағы Мұса да Алланың сынақтарына ұшыраған. Иесінің сынақтарынан өткеннен кейін, Мұса Үстемнен нұсқауды алуға лайық болды, бұның ішінде, шүбәсіз, Исраил балалары үшін рухани игілік болды.

Біз ол үшін тақталарда әр нәрсенің уағызын әрі егжей-тегжейлерін жаздық: «Бұдан мықты ұсталыныңдар әрі халқыңа бұнын ішіндегі  ең жақсысысынан ұсталыныңдар деген әмір бер!»
Мен сендерге жолдан тайғандардың мекенін көрсетемін! (7:145)

 

Мұса сынаққа ұшырауда жалғыз болған жоқ. Мұсаның халқы да сынаққа ұшыраушылардың рөлінде толығымен болды. Сынақтардан қалай өткенін Алланың Өзі бағалайды, бірақ өтулерінің нәтижесінде Жасаушы Исраил балаларын материалдық игілікке бөледі.

Әлсіздерге Бізден берекеге бөленген шығыс әрі батыс жерлерді мұра ретінде бердік. Иеңнің Сөздері Исраилдің балалары үшін, олардың сабыр етулері себепті, жақсы аяқталды. Перғауын әрі оның адамдары істеген нәрсені әрі олардың тұрған жерлерін Біз құрттық! (7:137)

 

Иесінің ұйғарымдарын орындауға ұмтылып, Мұса бар ынтасын салып, игі істерді жасауға тырысатын, әрі оларды есепке алуды Жаратушыдан өзін-өзі ұмыта сұрайтын.

«… Бізге осы таяу өмірде әрі Ақырғы өмірде игі істерді жазып қойшы. Расында, Біз Саған бағытталдық!» – деп айтты.
Алла: «Азабымды Мен қалағаныма тигіземін, ал Менің мейірімім әр нәрсені қамтиды!» – деген жауап берді.
Сондықтан Мен оны абай болушыларға, ақтайтын шығын шығарушыларға әрі Біздің белгілерімізге сенушілерге жазамыз (7:156)

 

Көргеніміздей, игі істер белгілі бір шарттар орындалған кезде ғана жазылады, бұл – абай болушылық, шығын шығару әрі Алланың белгілеріне деген сенушілік. Бұл қасиеттер шынайы сенуші адамдарға тән, алайда сенушілердің арсында сұрқия адамдар жиі табылады. Олар өздерінің мінез-құлықтарымен көзге түседі.

 

Саған бір жақсылық тисе, бұл олардың ызасын тудырады, ал саған бәлекет тисе, олар: «Біз бұрында да ісімізді сөгетінбіз!» – деп, қуанып, теріс айналады. (9:50)

 

Шынайы сенушілер болса, Жасаушының, қарым-қатынастарда тек гармонияға әкелетін, әмбебап заңдарын нұсқау етіп қолданады.

Расында, Алла әділдікті, жақсылық қылуды әрі жақындарға сый беруді әмір етті. Ол шектен тысқарылықтан, жағымсыз нәрселерден әрі қысымшылық жасаудан тыяды. Ол сендерге үгіттейді, мүмкін естеріңді жиярсыңдар! (16:90)

 

Сенің Иең тек Оған ғана қызмет етулеріңді ұйғарды!
Әке-шешеге – жақсылық қылу! Олардың біреуі немесе екеуі де қартайғаннан кейін, оларға: «Уф!» – деме әрі оларға айғайлама, оларға сыпайы сөз сөйле!
Олардың екеуінің алдында мейірімнің кішіпейілдік қанатын иіп: «Ием! Олар мені балалық шағымнан тәрбиелегендей Сен де оларды аяшы!» – деп айт. (17:23-24)

 

Жетім есеймегенше, оның мүлкіне тек қана ең жақсымен жақындаңдар. Міндеттемелерді толықтай орындаңдар. Расында, міндеттемелер туралы сұрақ қойылады!
Өлшегенде толықтай өлшеңдер және салмақты мөлшерлес таразылармен дұрыс өлшеңдер! Бұл – жақсырақ! Бұл – ең жақсы түсіндіру! (17:34-35)

 

Құран ойланатын адамдар үшін мысалдарымен толы. Кітапта қолданылған әдістің бірі болып салыстыру әдісі келеді.

Алла ештеңеге шамасы келмейтін кіріптар-қызметшіні және де Бізден жақсы ризыққа бөленгенді мысал ретінде келтіреді. Ол одан жасырын әрі ашық түрде шығындайды. Олар бірдей ме? Аллаға даңқы! Әрине, олардың көбісі білмейді! (16:75)

 

Әркім өзінің рухани дамуының деңгейіне қарай осыған тәрізді мысалдардан өзіне тұжырым шығарады. Тұжырымдар адамдарды белгілі бір әрекеттерге итермелейді. Болып жатқан барлық нәрсені Үстемнің басқарушылары «деректер қорына» енгізеді. Бұл жағдайда ең бастысы, Алла істерді жақсы деп бағаласа болғаны.

Сендердегі нәрсе таусылады, ал Алладағы нәрсе қалады!
Расында, сабыр еткендерді Біз істегендері үшін міндетті түрде ең жақсы сыйға бөлейміз!
Сенуші болып, түзелгендерді, еркек немесе әйел болсын, істегендері үшін Біз оларды жағымды өмірмен тірілтеміз әрі міндетті түрде ең жақсы сыйға бөлейміз! (16:96-97)

 

Расында, Біз, жақсы амал жасап жүрген сенім артып, түзелгендердің сыйларын жоғалтпаймыз! (18:30)

 

Келтірілген үзінділердің талдауы материалдық пен рухани игіліктердің байланысын көрсетеді. Бұның бәрі не үшін керек? Сенушілердің ең жоғарғы мақсатына – болашақ өмірдегі жақсылыққа – жету үшін.

 

Болашақ өмірдегі жақсылық

 

Адамның рухани құрамдас бөлігі де тұлғаны қажеттінің бәрімен қамтамасыз етуге ұмтылады. Біздің жағдайымызда – Құранға негізделген руханият Алладан берілетін адамға деген игілікке ұмтылады.

Жақсылық істегендерге – жақсылық әрі үстеме! Бейнелерін кедейлік те, қорлық та баспайды. Олар баққа қосылады, оның ішінде қалулары үшін! (10:26)

 

Алланың жолында қоныс аударғандар, сонан соң өлтірілгендер немесе өлгендер, Алла оларды жақсы ризыққа бөлейді ғой!
Расында, Алла – ризықтандыратындардың ең жақсысы ғой! (22:58)

 

Материалдық құндылықтар «игілік» категориясына жатса да, Иеміз оларды жоғарғы құндылықтарға қарсы қояды.

Адамдар үшін қалауларға деген сүйіспеншілік бояңқыралған: әйелдер, балалар, алтын мен күмістен жиналған байлық, жайылымдағы жылқылар, мал мен егістерге. Бұл – таяу өмірдің пайдалануы, ал Аллада – жақсы баспана! (3:14)

 

Иесінің шақыруына жауап бергендерге көркем орын даярланған!
Оның шақыруына жауап бермегендерге, – оларда, өтеу беріп құтқарылулары үшін, жердегі барлық нәрсе мен тағы сондай мөлшердегі нәрсе болса да, – оларға есеп айырудың жаманы болады! Олардың баспаналары Тозақ болады! Бұл жатын орны нендей жаман! (13:18)

 

Мінсіз адам болмайтындығын кез келген естияр адам түсінеді. Барлықтарымыз қателік пен күнә жасаймыз. Сондықтан, өз өмірі жайлы қайта ойланып, мақсаттарын өзгертіп, жоғарыға ұмтылған кісі бұрында жасаған жаман істері үшін безек қақпауы тиіс. Жасаушы біздің барлық теріс қылықтарымызды Өзінің шексіз мейірімімен өшіріп тастауға уәде етті.

Қиямет Күнінде оған екі еселенген азап болады, ол сол жерде қор болып қалады! Бірақ тәубе етіп, сенім артып, түзелгендердің тағдыры басқа болады. Оларға Алла жаман істерін жақсы істерге аударады, расында, Алла – Кешіруші, Рақымды! (25:69-70)

 

Біз оған бұны кешірдік. Бізде ол үшін – жақындық пен жақсы баспана! (38:25)

 

Оларға Иелерінің қасында қалаған нәрселері бар! Бұл – Алла олардың ең жаман қылықтарын жабуы әрі істегендері үшін ең жақсы сыйға бөлеуі үшін – жақсылық істеушілерге қайтарылым! (39:34-35)

 

Зейінді оқырман игі баспана жайында ескертулері жиі қайталанатынына назарын аудару тиіс. Бұл Үстемнің алдында барлық сынақтардан әрі есептемеден өткендердің ақырғы аялдамасы.

Сенім артып, түзелгендерге жарылқау мен жақсы мекен болады! (13:29)

 

Абай болушылардан: «Иелерің не түсірді?» – деп сұрайды.
Олар: «Ең жақсысын!» – деп жауап береді.
Бұл өмірде жақсылық жасағанға – жақсылық, ал соңғы мекен – жақсырақ! (16:30)

 

Олар үшін төменгі жақтарында өзендер ағатын Ғадн бақтары болады! Олар сол жерде алтын білезіктермен сәндендіріледі! Олар атлас пен қамқадан тігілген киімдерге киінген болады, сонда олар дивандарға сүйенеді! Жарылқанған сый әрі жақсы сүйеніш! (18:31)

 

Сол Күні баққа қосылғандардың мекендеу жерлері жақсырақ болады әрі демалатын жерлері көркемірек болады! (25:24)

 

Сондайлар сабыр еткендері үшін сыйға бөленеді. Оларды сол жерде амандасумен қарсы алады, әрі олар сол жерде бейбітшілікте қалады. Сол жерде мекендеу жері мен аялдау жері көркем! (25:75-76)

 

Бұл – Ескерту!
Расында, абай болушылар үшін – көркем баспана – оларға қақпалары ашық Ғадн бақтары болады ғой! (38:49-50)

 

Баяндалған үзінділер бойынша болашақ өмірде жақсылық болып Бақ келеді.
Біреулерге бұның барлығы жай ғана қиял болып естіледі, әрі сондай адамдар бұндай уәделерге шүбәмен қарайды. Әр адамның өз пікіріне құқығы бар, бірақ Аллаға деген сенімге бөленген адам үшін, бұл – өмірдің әрі тұлғаның дамуының жоғарғы түры. Бұған шүбә жоқ!