Құран бойынша сиыну

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Араб тілінде сиыну сөзі «солят» деп айтылады. Бұл сөздің түбірі болып «сылятун», сонымен қатар «уасоля» сөздері келеді, бұлардың мағынасы – «байланыс», «байланысу». Осыған сүйене тұра, «солят» сөзін «Алламен сиыну арқылы байланысу» деп түсінуге болады, немесе жай ғана сиыну деп.

  1. Сиыну – Алланың ұйғарымы:

Сиыну байланысына шығыңдар... (2:43)

Сиыну байланысына шығыңдар... (2:110)

Сенім артқан қызметшілеріме... сиыну байланысына шықсын... деп айт. (14:31)

... Сиыну байланысына шығыңдар!.. (30:31)

… Оларға жақсы істер жасаңдар, сиыну байланысына шығыңдар деп уаһи еттік… (21:73)

  1. Сиыну сақталу керек:

... Олар өздерінің сиыну байланыстарын сақтайды! (6:92)

... сиыну байланыстарын сақтайтындар! (23:9)

... сиыну байланыстарын сақтайтындар, (70:34)

  1. Сиынуды келесі күйлерде орындау керек:

қастерлеушілікте

Жәрдемді сабырлық пен сиыну байланысында іздеңдер, расында, жәрдем тек қастерлеушілер үшін ғана үлкен ғой, (2:45)

Сиыну байланыстарында қастерлейтін... (23:2)

сабырлықта болып

Иә сенім артқандар! Көмекті сабырлық пен сиыну байланысында іздеңдер. Расында, Алла сабырлылармен бірге! (2:153)  

Өз жанұяңа сиыну байланысына шығуды әмір ет және өзің ода сабырлы бол. (20:132)

Алладан сақсыну

сиыну байланысына шығу және Одан сақсыну әмір етілді! (6:72)

  1. Сиыну үшін үш кезең белгіленген:

Күндіздің екі тарапында және таяу түнде сиыну байланысына шық. Расында, жақсы іс-әрекеттер жаман іс-әрекеттерді жояды! Бұл еске алушылар үшін бір Ескерту! (11:114)

Күндіздің екі тарапы – екі кезең, ал үшінші кезең болып түн келеді.

 

Таңғы сиыну – солятуль фәджр

 

Иә сенім артқандар! Сендерге тәуелділер мен есеймегендер, сендерден үш рет рұқсат сұрасын:

— таң атқан кезіндегі сиыну байланысына (солятиль фәджр) дейін;... (24:58)

 

Күндіздің екі тарапында және таяу түнде сиыну байланысына шық. Расында, жақсы іс-әрекеттер жаман іс-әрекеттерді жояды! Бұл еске алушылар үшін бір Ескерту! (11:114)

Таңғы сиыну байланысының шегі таң атуменен басталып күннің тас төбеде болғанымен аяқталады. Таңғы сиыну байланысының таң атудан басталуы оның атауынан түсінікті болып тұр – солятиль фәджр.

«Фаджр» сөзі «шағу, қазып алу, атқылану» деген мағыналарды береді. Яғни, сәулелер түннің қараңғылығын шаққан сынды болады, сәуле атқылай бастайды, бұл кезді халықта «таң атты» дейді.

Таңғы сиынудың кезеңі күннің тас төбеде тұруыменен аяқталады. 11:114-те сиыну байланысы күндіздің екі тарапында орындалатыны нақты айтылып тұр. Күннің екі тарапы дегеніміз, бұл – күннің тас төбеде тұрғанымен бөлінетін күннің екі бөлігі. Егер күн таңнын атуыменен басталса, онда күннің бірініші бөлігі күннің шаңқай түсінде аяқталады, ал екінші бөлігі шаңқай түстен басталып, күннің батуыменен аяқталады.

Ортаңғы сиынусолятуль усто

Сиыну байланыстарын сақтаңдар, ортаңғы сиыну байланысын (солятиль усто) да. Алланың алдында бойұсынған түрде тұрыңдар. (2:238)

Күн түннің қараңғылығына еңкейіп бара жеткен кезде сиыну байланысына шық, ал Әдебиетті (Құранды) таң атқанда декламацияла. Расында, Әдебиет (Құран) таң атқанда әрі түнде куәландырылған! (17:78)

Құранда тәулік уақыты бойынша екі сиыну байланысы ғана аталған: таңғы (солятиль фәджр) мен кешкі (солятиль иша), сондықтан ортаңғы сиыну байланысына (солятиль усто) олардың арасындағы кезең қана қалады.

Ортаңғы сиыну байланысының шектері анық белгіленген – шаңқай түстен бастап күннің батуына дейін, себебі 17:78 бойынша, күн шаңқай түстен өткеннен кейін ғана еңкеюді бастайды, ал түн ымырты күннің батуынан кейін басталады.

Түнгі сиыну солятуль иша

Иә сенім артқандар! Сендерге тәуелділер мен есеймегендер, сендерден үш рет рұқсат сұрасын:

— таң атқан кезіндегі сиыну байланысына (солятиль фәджр) дейін;

— түсте, киімдеріңді шешкен кездеріңде;

— түнгі сиыну байланысынан (солятиль иша) кейін. (24:58)

 

Күндіздің екі тарапында және таяу түнде сиыну байланысына шық. Расында, жақсы іс-әрекеттер жаман іс-әрекеттерді жояды! Бұл еске алушылар үшін бір Ескерту! (11:114)

«Иша» сөзінің мағынасы «соқырлау болу, нашар көру» дегенді білдіреді. Бұл анықтама айқын түрде кешкі ымыртқа сілтейді. Яғни түнгі сиыну байланысының атауының өзі кезеңнің басталуына сілтейді. Түнгі сиынудың шектері – күн батудан таң атқанған дейін, себебі түн күн батудан басталады:

Расында, аспан мен жердің жаратылуында және түн мен күннің ауысуында – ... ақыл иелері үшін – белгілер бар. (3:190)

Күндіздің уақыты күн батудан кейін аяқталады. Демек, күндіздің аяқталуынан кейін түн басталады. Түн дегеніміз тек әбден қараңғылық қана деген сөз емес. Түн уақыты күндіздің уақыты сияқты да бірте-бірте басталады:

Түн мен күнді екі белгі етіп орнаттық. Иелеріңнің молшылығына ұмтылуларың үшін және жылдардың саны мен есептеуді білулерің үшін, түннің белгісін өшіріп, күннің белгісін көруге беретін қылып орнатамыз. Біз әр нәрсені жете түсіндірдік! (17:12)

Алла түн деп таң атқанға дейінгі уақытты ғана санайтынын біз келесі үзіндіден білеміз:

Расында, Біз оны қадір түнінде түсірдік!

Қадір түні туралы не білесің?

Қадір түні мың айдан гөрі артық!

Сол түні басқарушылар мен Рух Алланың рұқсаты бойынша әр-түрлі әмірмен түседі!

Ода таң атқанға дейін бейбітшілік! (97:1-5)

 

Түннің таң атуыменен аяқталатындығы айқын көрініп тұр.

  1. Сиынуға тұруға дейін дәрет алу керек:

Иә сенім артқандар! Сиыну байланысына шықсаңдар, жүздеріңді әрі шынтақтарыңа дейін қолдарыңды жуыңдар, бастарыңды әрі тобықтарыңа дейін аяқтарыңды сүртіңдер. Жыныстық арамдалу күйінде болсаңдар, тазаланыңдар. Ал ауырсаңдар, немесе саяхатта болсаңдар, немесе біреулерің әжетханадан келсеңдер, немесе әйелдермен қатынаста болып келсеңдер, бірақ су таппасаңдар, таза бетке бет аударып, онымен жүздерің мен қолдарыңды сүртіңдер. Алла сендер үшін қиындық жасағысы келмейді, бірақ Ол сендерді тазартқысы әрі сендерге деген жарылқауын аяғына дейін жеткізгісі келеді, мүмкін, алғысты боларсыңдар! (5:6)

Иә сенім артқандар! Сиыну байланысына, айтқан сөздеріңді өздерің түсінбегендеріңше, мастық күйде шықпаңдар әрі, жуып тазартпағандарыңша, жыныстық арамдалу күйінде шықпаңдар, саяхаттауды санамаса ғана! Ал ауырсаңдар, немесе жолаушы болсаңдар, немесе біреулерің әжетханадан келсе, немесе сырластықта әйелдерге тисеңдер, сонымен қатар су таппасаңдар, таза бетке бет алып, жүздерің мен қолдарыңды сүртіңдер. Расында, Алла – Кешуші, Кешіруші! (4:43)

Дәрет әр сиынудың алдында алынады.

  1. Сиынудағы қимылдар кешені:

Тұру

Сиыну байланысына шығыңдар және ақтайтын шығын шығарыңдар. Өздеріңе жақсы болып көрінетін нәрселерді Аллада табасыңдар. Расында, Алла істеген нәрселеріңді көреді! (2:110)

Сиыну байланыстарын сақтаңдар, ортаңғы сиыну байланысын да. Алланың алдында бойұсынған түрде тұрыңдар. (2:238)

Расында, сенім артқандар, түзелгендер, байланысқа шыққандар және ақтайтын шығын шығаратындарды, Иенің сыйы күтуде! (2:277)

Тізеде тұру

Сиыну байланысына шығыңдар, ақтайтын шығын шығарыңдар және тізеге тұрушылармен бірге тізеге тұрыңдар. (2:43)

Расында, сендердің жебеушілерің – Алла, Оның елшісі, сиыну байланысына шығатын, ақтайтын шығын шығаратын және тізеде тұрушы сенушілер! (5:55)

Сәжде қылу

Иеңді даңқпен мадақта да сәждеге құлаушылардан бол! (15:98)

Иә сенім артқандар! Тізеге тұрыңдар, сәждеге жығылыңдар… (22:77)

Алланың алдында сәждеге жығылыңдар да Оған қызмет етіңдер! (53:62)

  1. Сиыну дауыстап орындалады:

... Өз сиыну байланысыңды қатты дауыстап та орындама, жасырындап та орындама, ал осының арасындағы жолға ұмтыл! (17:110)

  1. Түсінікті тілде сиыну:

Иә сенім артқандар! Сиыну байланысына, айтқан сөздеріңді өздерің түсінбегендеріңше, мастық күйде шықпаңдар... (4:43)

 

Біз елшілерді оларға түсіндірсін деп тек қана өздерінің халқының тілімен жібердік. Кім қаласа, Алла соны жолдан жаңылдырады, әрі кім қаласа, соны бағыттайды. Ол – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! (14:4)

Аспандар мен жердегі әркімнің және қатар-қатар ұшатын құстардың Алланы мадақтағанын көрмейсің бе? Әркім өзінің сиыну байланысы мен мадағын біледі! Алла олардың істегенін біледі! (24:41)

а) Сиынушы өзінің не айтқанын түсіну керек.

б) Елшілер ақиқатты өздері жіберілген халықтың тілінде жеткізетін.

в) Жануарларда өз тілі бар және олар сол тілде сиынады.

Сондықан, Аллаға сенім артқан адам өзіне түсінікті әрі өзінің туған тілінде сиына алады.

  1. Сиынудың мазмұны:

 

Құраннан өздеріңе жеңіл нәрселерді оқыңдар. Ол араларыңда аурулар және Алланың молшылығына ұмтылып, жер кезіп жүретін басқалар және Алланың жолында соғысып жүретін басқалар болатынын біледі. Одан өздеріңе жеңіл нәрсені оқыңдар, сиыну байланысына шығыңдар, ағартатын шығын шығарыңдар және Аллаға жақсы қарыз беріңдер. Өздеріңе жақсылықтан не дайындасаңдар, соны Аллада ең жақсы және үлкенірек сый түрде табасыңдар! Алладан кешірім сұраңдар! Расында, Алла – Кешіруші, Рақымды! (73:20)

Сенуші өз сиынуында өзіне оңай есте сақталатын және өзіне ұнайтын үзінділерді қолдана алады.

а) Сиынуда тұрғанда Аллаға өтініштермен үндеуге болады:

Сол жерде Зәкәрия Иесіне: «Ием! Маған Өзіңнен салауатты ұрпақ бер. Расында, Сен – үндеуді Естушісің!» – деп үндеді. Және ол ғибадатханада тұрып, сиынғанда, басқарушылар оған: «Расында, Алла сені Яхиямен қуантуда, Алланың Сөзіне ие турашылмен, мырзамен, ұстамдымен, түзетушілердің арасынандағы хабарландырушымен!» – деп дауыстады. (3:38-39)

Сәйкесінше Құранның бірінші тарауын оқуға болады:

Біз саған қайталанатын жетілікті әрі ұлы Құранды бердік қой! (15:87)

 

Құранды қайталанатын жеті үзінді алдын алады. Адамдардың атынан баяндалатын жалғыз тарау болып бірінші тарау келеді. Тап оның ішінде қайталануға тиісті жеті үзінді бар, себебі олар сенушілердің негізгі мүдделерін қамтып көрсетеді. Екінші тарау болса, Жасаушының Кітаптың өзімен таныстыруыменен басталады:

 

Әлиф. Ләм. Мим. Бұл Кітап, ода күмән жоқ – абай болушылар үшін нұсқау. (2:1-2)

 

Яғни бірінші тарау алғы сөз ретінде келеді, ал негізгі бөлік екінші тараудан басталады. Сиыну тәуліктің үш кезеңінде қайталанады, демек ода Құранның бірінші тарауын қолдануға болады.

б) тізеде тұрғанда кешірім сұрауға болады:

Дауд Біз оны сынап тұрмыз деп ойлап, Иесінен кешірім сұрады, тізесіне жығылып, кешірім сұрап жалбырынды! (38:24)

 

в) сиынуда сәждеде болғанда Алланы мадақтау керек:

Расында, Біздің белгілерімізге олар туралы өздеріне еске салған кезде сәждеге жығылып, Иелерін даңқпен мадақтайтындар сенім келтіреді! (32:15)

Иеңнің есімін таңда, кеште және түнде еске ал! Оның алдында сәждеге жығыл да Оны ұзақ түнде мадақта! (76:25, 26)

Сиыну сәждеден кейін аяқталады:

Олар сәжделерін аяқтаған кезде, сендердің арт жақтарында тұрсын. Сиынбаған басқа топ келіп, сенімен бірлесіп сиынсын. (4:102)

  1. Сиыну кезіндегі құрандық үндеулер мен өтініштер:

 

Аяушы, Рақымды Алланың атымен. Аллаға даңқы, әлем халықтарының Иесіне, Аяушыға, Рақымдыға, Борыш Күннің Билеушісіне! Саған ғана біз қызмет етеміз! Сенен ғана біз көмек сұраймыз! Бізді түзу жолға бағытта! Сенің жарылқауына бөленгендердің жолына! Өздеріне наразылықты шақырғандардың және жаңылғандардың жолына емес! (1:1-7)

 

Ибраһим: «Ием! Осы елді қауіпсіз қыл, және Аллаға әрі Ақырғы Күнге сенген адамдарды жемістермен ризықтандыр!» – деп айтқан кезде, Алла: «Кім жабылса, соған Мен пайдалануға аз уақыт беремін, содан соң оны отта азапталуға мәжбүрлетемін. Бұл жаман нәтиже ғой!» – деп жауап берді. Ибраһим мен Исмаил үйдің іргетасын көтерген кезде: «Иеміз! Бізден қабылда! Расында, Сен Естуші, Білушісің! Иеміз! Біз екеуімізді Өзіңе бойұсынушы қыл, ал біздің ұрпақтарымыздан Саған бойұсынушы басшылық қыл. Бізге құрбан шалу рәсімдерін көрсет әрі біздің тәубемізді қабылда. Расында, Сен – тәубені қабылдаушы, Рақымдысың! Иеміз! Оларға өздерінің арасынан Сенің белгілеріңді оқитын, оларға Кітапты, талғағыштықты үйрететін әрі оларды ақтайтын елшіні жібер. Расында, Сен – әр нәрсеге шамасы жетуші, Данасың! (2:126-129)

Иеміз! Бізге осы өмірде де жақсылық және Ақырғы Өмірде де жақсылық бер әрі бізді от азабынан қорға! (2:201)

           

Иеміз! Бізге сабырлылықты төк, табандарымызды бекіт әрі жабылған халыққа қарсы бізге жәрдем бер! (2:250)

 

Иеміз! Біз ұмытсақ немесе қателессек, бізді жазғырма! Иеміз! Бізге бізден алдын болғандарға түсіргендей ауыртпалықты түсірме! Иеміз! Бізге көтеруге шамамыз келмейтін ауыртпалықты түсірме! Бізді құтқар! Бізді кешір! Бізге рақымшылық ет! Сен біздің Жебеушімізсің! Жабылған адамдарға қарсы бізге жәрдем бер! (2:286)

Иеміз! Сен бізді бағыттағаннан кейін жүректерімізді ауытқытпа, әрі бізге Өзіңнен мейірім бер, расында, Сен – Берегенсің ғой! Иеміз! Сен шүбәсі жоқ күні адамдарды жинайсың ғой. Расында, Алла уәдесін бұзбайды. (3:8-9)

           

Иеміз! Біз сенім арттық! Айыптарымызды кешіріп, от азабынан сақта! (3:16)

Ием! Құрсағымдағыны Саған ғана арнаймын деп серт бердім. Менен қбыл ет, Сен – Естуші, Білушісің ғой! (3:35)

Иеміз! Біздің айыптарымызды әрі ісіміздегі ысыраптылықтарымызды кешір, табандарымызды бекіт әрі жабылған адамдарға қарсы бізге жәрдем бер! (3:147)

 

Иеміз! Сен бұны бостан–босқа жаратпадың. Мадақ Саған! Бізді от азабынан қорғашы! Иеміз! Кімді сен отқа салсаң, соны сен масқараладың деген сөз! Зұлымдарда көмекшілері жоқ! Иеміз! «Иелеріңе сенім артыңдар!» – деп сенімге шақырған шақырушыны естіп, сенім арттық. Иеміз! Айыптарымызды кешірші, жаман істерімізді жапшы және бізді таупиықтылармен бірге тыныштандыршы! Иеміз! Елшілерің арқылы бізге Өзің уәде еткен нәрсеңді бізге берші, және Қиямет Күнінде бізді масқараламашы, Сен уәдеңді бұзбайсың ғой! (3:190-194)

 

Иеміз! Тұрғындары зұлым елді мекеннен бізді шығаршы! Бізге Сенен жебеуші мен көмекшіні орнатшы! (4:75)

 

Иеміз! Біз өз-өзімізге зұлымдық жасадық! Бізді кешірмесең әрі аямасаң, біз міндетті түрде қасіретке ұшырағандардан боламыз! (7:23)

 

Иеміз! Бізді зұлым адамдармен бірге орналастырмашы! (7:47)

 

Иеміз! Біз бен халқымыздың арамызда ақиқатты ашшы, Сен ашатындардың үздігісің ғой! (7:89)

 

Иеміз! Бізге сабырлылықты төкші әрі бізді бой ұсынғандар ретінде тыныштандыршы! (7:126)

 

Ием! Мені және бауырымды кешірші! Бізді мейріміңе кіргізші, Сен – рақымдылардың ең Рақымдысысың ғой! (7:151)

 

Ием! Егер Сен қалағанда, сонда оларды және мені бұрын құртатын едің. Арамыздағы ақымықтардың істегендері үшін бізді құртпақсың ба? Расында, бұл Сенің сынағың ғана, Сен ол арқылы қалағанды адастырып, қалағанды бағыттайсың. Сен біздің Жебеушімізсің! Бізді кешіріп, мейіріміңе бөле, Сен – кешірушілердің ең жақсысысың ғой! (7:155)

 

Біз Аллаға тәуекел етеміз! Иеміз, бізді зұлым адамдар үшін азғыру қылмашы және бізді жабылған адамдардан мейіріміңмен құтқаршы! (10:85-86)

 

Иеміз! Расында, Сен біз нені жасыратынымызды және нені жария ететінімізді білесің! Алладан жерде де, аспанда да ештеңе жасырына алмайды! Үлкен жасымда маған Исмаил мен Исхақты сыйлаған Аллаға Даңқы! Расында, Ием үндеуді естиді ғой! Ием! Мені және ұрпағымды сиыну байланысына шығушы қыл! Ием! Үндеуімді қабылда! Иеміз! Мені, әке-шешемді және сенушілерді алда тұрған Есеп Күнінде кешір! (14:38-41)

 

Ием! Сен маған билік бердің және оқиғаларды жоруды үйреттің, аспан мен жердің Құрушысы! Сен менің бергі өмірдегі де, Ақырғы өмірдегі де Жебеушімсің! Мені бойұсынған күйде тыныштандырып, түзелгендерге қос! (12:101)

 

Міне Ибраһим: «Ием! Бұл қаланы қауіпсіз қыл әрі мені және балаларымды пұттарға қызмет етуден ұстап қал! Ием! Расында, олар көп адамды жаңылдырды! Кім маған ерсе, расында, сол менен! Кім маған қарсы келсе, онда, расында, Сен – Кешіруші, Рақымдысың! Иеміз! Расында, мен ұрпағыммен егінсіз шөлде қоныстандым, Сенің шайқасқа тиым салынған үйіңің маңында, сол жерде сиыну байланысына шығу үшін! Адамдардың ойларын бұған ынталы ет, мүмкін, олар алғысты болар!..» – деп айтты. (14:35-37)

 

Ием! Оларды олар мені балалық шағымнан тәрбиелегендей аяшы! (17:24)

 

Ием! Мені кірер жеріме шындықпен кіргізші әрі шығар жерімнен шындықпен шығаршы! Маған Өзіңнен көмекке жарлық орнатшы! (17:80)

 

Иеміз! Бізге Өзіңнен мейірім берші әрі істерімізді қисынды ретке салшы! (18:10)

 

Ием! Кеудемді ашшы, ісімді жеңілдетші, тілімдегі түйінді шешші, олар менің сөздерімді түсінсін (20:25-28)

 

Ием! Білімімді арттыр! (20:114)

 

Расында, маған зиян тиді, Сен – рақымдылардың ең Рақымдысысың ғой! (21:83)

 

Расында, Алла тек қана Өзіңсің! Мадақ Саған! Расында, мен зұлымдардың бірі болдым! (21:87)

 

Ием! Мені жалғыз қалдырма! Сен мирасқор берушілердің ең жақсысысың ғой! (21:89)

 

Ием! Мені берекелі мекенге жайғастыр, Сен жайғастырушылардың ең жақсысысың ғой! (23:29)

 

Ием, Сен маған оларға уәде еткеніңді көрсетсең, онда, Ием, мені зұлымдармен бірге орналастырма! (23:93-94)

 

Ием, тілазарлардың арандатушылығынан Саған жүгінемін! Ием, олардың келуінен де Саған жүгінемін! (23:97-98)

 

Иеміз! Біз сенім арттық! Бізді кешір әрі бізге аяушылық таныт! Сен аяушылардың ең жақсысысың ғой! (23:109)

 

Ием, кешір әрі рақымшылық ет! Сен рақымшылық етушілердің ең жақсысысың ғой! (23:118)

 

Иеміз! Бізден Тозақ азабын бұрып жібер! Расында, оның азабы – зиян! Расында, онда жаман мекен мен тұрақ! (25:65-66)

 

Иеміз! Жұбайыларымыз бен ұрпақтарымызды көздеріміздің қуанышы қыл! Бізді сақсынушылардың басшылары қыл! (25:74)

 

Ием! Маған талғағыштық бер және мені түзелгендерге қос! Менің тілімді басқалар үшін шындық етіп орнат! Мен үшін жарылқанған бақта мұра орнат! Әкемді кешір, расында, ол – жаңылғандардан! Мені Тірілетін Күні масқаралама! (26:83-87)

 

Ием! Мені әрі әке-шешемді жарылқағаның үшін алғысты болуға және Өзің ырза болатын түзету амалдарын жасауға мені ниеттендір, әрі мені түзелген қызметшілеріңмен бірге мейіріміңе кіргіз! (27:19)

 

Ием! Расында, мен өзіме зұлымдық жасадым! Мені кешір! (28:16)

 

Иеміз! Сен әр нәрсені мейірімің мен біліміңмен қамтисын! Тәубелеріне келіп, Сенің жолыңа ергендерді кешір! Оларды от азабынан сақта! Иеміз! Оларды өздеріне және түзелген ата-аналарына, жұбайыларына әрі ұрпақтарына Өзің уәде еткен Ғадн бақтарына кіргіз! Расында, Сен әр нәрсеге шамасы жетуші, Данасың! Оларды жаман істерден сақташы! Кім жаман істерден сақталса, соған Сен сол Күні рақымшылық етесің ғой! Бұл – зор жетістік! (40:7-9)

 

Ием! Мені әрі әке-шешемді жарылқағаның үшін алғысты болуға және Өзің ырза болатын түзету амалдарын жасауға мені ниеттендір! Менің ұрпағымды жақсартушы қыл! Расында, мен Саған тәубе еттім! Расында, мен – бойұсынушымын! (46:15)

 

Иеміз! Бізді және бізден бұрын сенім артқан бауырларымызды кешір! Жүректерімізге сенім артқандарға қарсы ашулық орнатпа! Иеміз! Расында, Сен – Есіркегіш, Рақымдысың! (59:10)

 

Иеміз! Біз Саған тәуекел еттік! Саған үндедік! Саған ораламыз! (60:4)

 

Иеміз! Біздің нұрымызды аяғына дейін жеткізші әрі бізді кешірші! Расында, Сен әр нәрсеге Құдіреттісің! (66:8)

 

Ием! Өзіңнің бағыңда маған үй тұрғыз! Перғауыннан және оның ісінен мені құтқар! Мені зұлымдардан құтқар! (66:11)

 

Ием! Мені, әке-шешемді, менің үйіме сенуші болып кіргендерді, сенуші ерлерді әрі сенуші әйелдерді кешір! Зұлымдардың тек жоқ болуларын ғана арттыр! (71:28)

 

Таңның Иесіне жүгінемін! Жаратылған нәрсенің жаманшылығынан! Жабылған кезде, ымырттың жаманшылығынан! Түйіндерге түкірушілердің жаманшылығынан! Күншілдердің күндеуінің жаманшылығынан! (113:1-5)

 

Адамдардың Иесіне жүгінемін! Адамдардың Патшасына! Адамдардың Тәңіріне! Жасырынған сыбырлаушының жаманшылығынан! Адамдардың көкіректеріне сыбырлайтын! Көрінбейтіндердің де, адамдардың да арасынан шығатын! (114:1-6)

 

Өз сөздерімен де үндеуге болады.

 

  1. Қимылдар кешенінің саны

 

Қорқу кезде Алла сенушілерге сиынуды қысқарту ұйғарды:

 

Жер жүзінде сапарда болған кезде, жабылғандардың сендерге қарсы азғыруынан қорықсаңдар, сиыну байланысын қысқартқандарың теріс қылық болмайды. Расында, жабылғандар сендер үшін айқын қарсыластар! (4:101)

Сиынудың қысқартылған нұсқасы – қимылдардың бір кешені:

 

Сенушілердің арасында болған кезіңде, олармен бірлесіп сиыну байланысына шық. Сенімен бірге бір топ тұрсын, ал басқа топ қарулы болсын. Олар сәжделерін аяқтаған кезде, олар сендердің арт жақтарында тұрсын. Сиынбаған басқа топ келіп, сенімен бірлесіп сиынсын... (4:102)

 

Сиынудың толық нұсқасы – қимылдардың екі кешені, біз бұны екі жасақ үшін ауыспай сиынуды жүргізген елшінің мысалында көріп тұрмыз. Сиынуды қысқарту мүмкіндігі туралы ұйғарымда хабарландырушы атап өтілмегендіктен, ол толық нұсқа бойынша сиынған – екі қимылдар кешенімен.

 

  1. Жиналыс күніндегі сиыну:

 

Иә сенім артқандар! Сендерді жиналыс күні сиыну байланысына шақырса, Алланы еске алуға ұмтылыңдар да сауда келісімдерін қойыңдар. Білетін болсаңдар, бұл өздерің үшін жақсы! Сиыну байланысы аяқталған кезде, жерде таралып, Алланың молшылығына ұмтылыңдар. Алланы көп еске алыңдар, мүмкін, жетістікке жетерсіңдер! Олар сауда мен ермекті көргенде, жиналысты аяқтап, сені тұрған түріңде қалдырады. «Алладағы нәрсе ермек пен саудадан гөрі жақсырақ. Алла –  ризықтандырушылардың ең жақсысы!» – деп айт. (62:9-11)

 

Жиналыс күнін сенушілердің жетекшісі оларға ыңғайлы уақытқа тағайындайды. Бұл күн болып аптаның кез келген күні бола алады.