Құран тиымдар жайында

Аяушы Рақымды Алланың атымен

Көптеген тиымдардың түрлері адамдарды басқару жүйесінде кеңінен таралған. Өзінің негізінде қойылған шектеулер қоғам ішіндегі шаруашылық-материалды қарым-қатынасындағы тәртіпті сақтауға көмектеседі.

Адамдардың діндері де осындай жүйелерге жатады, себебі рухани өмір бірыңғайлануды қажет етеді. Тиымдардың айырмашылығы тек Кітапта көрсетілген Құдайдың тиымдары мен дәстүрде көрсетілген адамдардың тиымдары бар болуынан тұрады. Оқырманға Құраннан іріктеп алынған Құдайдың тиымдары ұсынылады.

Өзін мұсылман санайтын әркімге «тыйым салынған» деген мағынаны білдіретін «харам» сөзі белгілі. Бұл тақырып туралы көптеген кітаптар мен кітапшалар жазылған.  Кейде онда жазылған ұйғарымдар өзіне-өзі әрі Құранға қарсы келеді.

Бұл сөз Құранда қалай қолданылатынын анықтап көрейік:

 

1) Адамдарды өз үйлерінен қуу:

... сендерге оларды қууға тиым болса да ... (2:85)

2) Тағамдағы тиымдар:

Расында, Ол сендерге өлімтікті, қанды, шошқа етін және Аллаға бағышталмағанды тиым етті. Кім бұған қайтқысы келмей, мәжбүр болса, оған күнә жоқ. Расында, Алла – Кешіруші, Рақымды! (2:173)

Сендерге өлімтік, қан, шошқа еті, Аллаға бағышталмаған, тұншықтырып өлтірілген, ауру, құлап қалған, сүзіліп тасталған, аң жеп қойған, сендердің аңдарын жегеңді санамағанда, пұтқа құрбан шалынған және бөлігі жебемен анықталған тиым... (5:3)

Сендерге теңіздегі олжа рұқсат етілген. Бұл тағам сендерге және жолаушыларға пайдалы. Тиым кезінде сендерге құрлықта аңшылық олжа тиым... (5:96)

Алланың аты ескерілген тағамды неліктен жемейсіңдер, сендерге не болған? Расында, мәжбүр болғандарыңды санамағанда тыйым тағам сендерге жете түсіндірілді! Олар құмарлықтары есебінен, білместіктерінен жаңылды! Расында, Иең шектен асқандарды бәрінен жақсы біледі! (6:119)

 

«Маған уаһи етілгеннен мен өлімтікті, ағызылған қанды, шошқа етін және де Аллаға бағышталмағанды ғана тағам ретінде тиым көремін! Расында, бұл – жексұрындық пен жолдан таюшылық! Ал кім қастық ойда және жауыздықта болмай, мәжбүр болса, расында, Иең – Кешірімді, Аяушы!» – деп айт. (6:145)

Расында, Ол сендерге өлімтікті, қанды, шошқа етін және Аллаға бағышталмағанды тиым етті! Бірақ кім қаламай және қайта бастамай, тиым тағамды жеуге мәжбүр болса, расында, Алла – Кешірімді, Аяушы! (16:115)

3) Экономикалық тиымдар:

... бірақ Алла сауда келісімдерді рұқсат етіп, өсімге тыйым салды ... (2:275)

4) Тиым салынған некелер:


Сендерге келесі әйелдермен сырластық қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынады: аналарың, қыздарың, әпке-қарындастарың, әке әрі аналарың жақтарынан тәтелерің, аға-іні әрі әпке-қарындастарыңның қыздары, сүт емізген аналарың, сүттес әпке-сіңлілерің, әйелдеріңнің аналарың, сендер кірген әйелдеріңнің өгей қыздарыңмен, ал кірмеген болсаңдар, олармен сырластық қарым-қатынасқа түсулерің теріс қылық болмайды, қандас ұлдарыңның қыздарымен. Сендерге екі әпке-сіңлілерді біріктіруге болмайды, ақиқатқа дейінгіні санамаса. Расында, Алла – Кешіруші, Рақымды! Шартсыз қолжетпес әйелдер тыйым салынған, Алла тарапынан ұйғарылған сендерге тәуелділерді санамаса... (4:23-24)

Зинақор ер тек зинақор әйелмен немесе Аллаға серік қосатын әйелмен ғана сырластық қарым-қатынасқа түсуге құқығы бар.
Зинақор әйел тек зинақор ермен немесе Аллаға серік қосатын ермен ғана сырластық қарым-қатынасқа түсуге құқығы бар. Бұл сенушілер үшін тыйым салынған! (24:3)

 

5) Яһудилерге салынған тиымдар:

 

Исраилдің балаларына әр-түрлі тағам рұқсат етілді, Тауратқа дейін Исраил өзіне тыйым салған тағамды санамаса.
«Енді шыншыл болсаңдар, Тауратты әкеліп оқыңдар!..» – деп айт. (3:93)

 

Біз яһудилерге зұлымдықтары мен көпті Алланың жолынан бездіргендері үшін... өздеріне бұрын рұқсат етілген жағымды нәрселерге тиым салдық. (4:160)

 

Алла: «Расында, ол оларға тиым! Олар жер бетінде қырық жыл бойы қаңғырады! Шегінушілерге қайғырма!» – деген жауап қайтарды. (5:26)

 

Яһудилерге біз тырнақтары барлардың бәрін тиым қылдық, ал сиыр мен қойлардан Біз олар арқаларында немесе ішкі ағзаларында таситыннан, не сүйектермен араласып кеткеннен басқа майға тиым салдық... (6:146)

 

Яһудилерге біз саған алдын айтып өткен нәрселерге тиым салдық. Біз оларға зұлымдық жасамадық, бірақ олар өздері-өздеріне зұлымдық жасады! (16:118)

 

6) Көпқұдайшылыққа деген тиым:

 

«Келіңдер! Мен сендерге Аллаға ештеңені серікке қоспауларың үшін Иелерің тиым салғанды оқимын!..» – деп айт. (6:151)

 

7) Өлтіруге тиым:

 

... Алла тиым салған тұлғаны өлтірмеңдер, бұған құқықтарың болмаса ғана! Міне Оның сендерге деген өсиеті, мүмкін ойланып-толғанарсыңдар! (6:151)

 

Алла тиым салған тұлғаны өлтірмеңдер, бұған құқықтарың болмаса ғана! Кімге өлтіруменен зұлымдық жасалса, Біз оның жақынына өлтіруге мүмкіншілік бердік, бірақ ол шектен аспасын! Расында, оған көмек көрсетілді! (17:33)

 

8) Шектен тысқарылыққа тиым:

 

«Расында, Ием маған шектен тысқарылыққа тиым салды...» –  деп айт. (7:33)

 

9) Күнәларға тиым:

 

... айқын және жасырын күнәларға (тиым салды)... (7:33)

 

10) Құқықсыз қысымшылық жасауға тиым:

 

... құқықсыз қысымшылық жасауға (тиым салды) ... (7:33)

 

Құдаймен тиым салынғанға жатпайтынның бәрі адамның шектелген әсері бар ақылының нәтижесі болып табылады. Тек Құдайдың нұсқаулары ғана уақытпен шектелмеген және өзгертілмейтін ұйғарымдар болып келеді.