Құран сиыну жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Алла адамзаттың пайда болуынан бастап, оларға түзү жолды көрсетпей қалдырған жоқ. Өкінішке орай, адамзат өзінің құмарлықтарына бола, үнемі оны бұрмалап, жаңылысатын. Әлемдердің Иесі тарапынан түскен соңғы нұсқау болып Құран келеді. Бұл Кітапта біздің Билеушіміз көптеген ережелерді ұйғарды, олардың орындалуы тұлғаның Борыш Күнінде ақталуына жетелейді.

Құран ұйғарымдарының бірі болып сиыну келеді. Бүгінгі таңда, сиынуды білдіретін сөз болып «намаз» сөзі келеді. Бұл санскриттен енген парсы сөзі, «сәлем беру» дегенді білдіреді, бұл сөзбен кришнаиттер өзінің Рама тәңіріне сәлем береді, ал бізге болса ол зороастрийліктерден келді, олар намазды бес рет жасап, осылайша жоғарғы тәңірілеріне – Ахура Маздаға және де басқа алты тәңірілерге – оның көмекшілеріне, сәлем беретін.

Араб тілінде сиыну сөзі «солят» деп айтылады. Бұл сөздің түбірі «сылятун», сонымен қатар «уасоля», бұның мағынасы – «байланыс», «байланысу». Осыған сүйене тұра, «солят» сөзін «Алламен сиыну арқылы байланысу» деп түсінуге болады. Яғни Жаратушы Өзімен «байланысуға» әмір етеді. Бұл әмір көп жерде көрсетілген. Мақалада әдетте «намаз» деп аударылатын «солят» сөзі «сиыну», «сиыну байланысы» деп аударылған:

Сиыну байланысына шығыңдар, ақтайтын шығын шығарыңдар және тізеге тұрушылармен бірге тізеге тұрыңдар. (2:43)

Сиыну байланысына шығыңдар және ақтайтын шығын шығарыңдар. Өздеріңе жақсы болып көрінетін нәрселерді Аллада табасыңдар. Расында, Алла істеген нәрселеріңді көреді! (2:110)

Сенім артқан қызметшілеріме, мәміле мен достық болмайтын күн келмей тұрғанда, сиыну байланысына шықсын әрі Бізден ие болған ризықтан, жасырын түрде және жұрт алдында, жұмсасын деп айт. (14:31)

Оған тәубемен жалбарыныңдар! Одан сақсыныңдар! Сиыну байланысына шығыңдар! Аллаға серік қосушылардан болмаңдар, (30:31)

Иә сенім артқандар! Сендерді жиналыс күні сиыну байланысына шақырса, Алланы еске алуға ұмтылыңдар да сауда келісімдерін қойыңдар. Білетін болсаңдар, бұл өздерің үшін жақсы! (62:9)

Иесінің бұйрығын орындағысы келетін кісі сиынуды «қалай», «қашан» және де қандай «қасиетпен» орындау керектігін максималды жақсы білуі керек, себебі кері жағдайда біз немқұрайлы болып қалуымыз мүмкін.

Сиыну байланысына немқұрайлы қарайтын сиынушыларға қайға! (107:4-5)

Бірақ Алла белгілерін дұрыс түсіну үшін келесі үзіндіге бет аударуымыз керек:

Ол саған Кітап түсірді. Оның ішінде айқын белгілер бар, олар Кітаптың іргетасы, және оларға ұқсас басқалары бар. Жүректерінде ауытқу барлар, оларға ұқсастарға ереді, олардың мағынасын ашуға ұмтылады және таңғалдыруға ұмтылады. Олардың мағынасын Алладан басқа ешкім білмейді!

Білімдері тұрақтылар: «Біз оған сенім арттық, барлығы – Иемізден!» – дейді. Ақыл иелері ғана еске алады! (3:7)

Осылайша, айқын белгілер оларға ұқсас белгілермен бірге қарастырылады, яғни олар оны толықтырып, айқын белгінің толығырақ түсінігін береді. Бірақ айқын белгілерсіз, оларға ұқсастарға ғана сүйене тұра, қорытынды шығаруға болмайды.

Сиыну байланысының алдында қандай күйде болу керектігін қарастырайық:

Сиыну байланысы алдындағы күй

Дәрет

Иә сенім артқандар! Сиыну байланысына шықсаңдар, жүздеріңді әрі шынтақтарыңа дейін қолдарыңды жуыңдар, бастарыңды әрі тобықтарыңа дейін аяқтарыңды сүртіңдер. Жыныстық арамдалу күйінде болсаңдар, тазаланыңдар. Ал ауырсаңдар, немесе саяхатта болсаңдар, немесе біреулерің әжетханадан келсеңдер, немесе әйелдермен қатынаста болып келсеңдер, бірақ су таппасаңдар, таза бетке бет аударып, онымен жүздерің мен қолдарыңды сүртіңдер. Алла сендер үшін қиындық жасағысы келмейді, бірақ Ол сендерді тазартқысы әрі сендерге деген жарылқауын аяғына дейін жеткізгісі келеді, мүмкін, алғысты боларсыңдар! (5:6)

Сиыну байланысындағы күйлер

Үндеуді түсіну

Иә сенім артқандар! Сиыну байланысына, айтқан сөздеріңді өздерің түсінбегендеріңше, мастық күйде шықпаңдар… (4:43)

Араб емес мұсылмандардың көбісі араб тілін білмейді, алайда бұрыннан бастап транскрипция бойынша жаттап алған сөздерді қайталап сиынады.

Айтқан сөзінің мағынасын түсінбей сиынуға бола ма екен? Бұл үзіндіде «сукәрә» деген араб сөзі қолданылған, оның мағынасы «жабу, құлыптау, масайту, қанттау». Бұл сөз тағы да «ажырата алмау (мысалы: түсті ажарата алмау)» деген мағынада қолданылады. Яғни, бұл жерде ақыл-парасаттары түсінуден жабық болған кезде сенушілер сиынбасын деп анық айтылып тұр. Бұл күй тіл білмеуден, ашудан, дәрі, есірткінің әсерінен, енжарлық, аффект күйінен, қатты ұйқы келгеннен және т. б. Бұл тыйымды тек спирттік ішімдіктерге ғана анайы жатқызу керек емес.

Алланың әмірін бұзбас үшін араб тіліндегі сиыну мәтінін білмей және түсінбей, сиынуды транскрипция бойынша жаттаған адамдарға өзінің туған тілінде сиынуға болады, себебі транскрипция жиі бұрмаланған болып келеді, ал бұл болса түпнұсқаның мағынасынан ауытқытады, ал оқылып жатқан сөздерді түсінбеушілік Алланың Құран турасында ойланыңдар деген бұйрығына қайшы келеді. Сондықтан, бұдан аулақ болу үшін өз тілінде сиынуға кеңес беріледі. Бұндай тәсілдеме Алланың заңдарын бұзушылыққа мүлде әкелмейді. Бұл пікірді келтірілген екі үзінді растайды:

Біз елшілерді оларға түсіндірсін деп тек қана өздерінің халқының тілімен жібердік. Кім қаласа, Алла соны жолдан жаңылдырады, әрі кім қаласа, соны бағыттайды. Ол – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! (14:4)

Аспандар мен жердегі әркімнің және қатар-қатар ұшатын құстардың Алланы мадақтағанын көрмейсің бе? Әркім өзінің сиыну байланысы мен мадағын біледі! Алла олардың істегенін біледі! (24:41)

Бұл үзінділер ақиқат ана тілінде қабылдана алатындығын көрсетеді, сиынудағы сөздер де солай айтыла алады. Себебі, бүкіл жаратылыс бір тілде – араб тілінде сөйлейді деп ұйғару қисынсыз болатын еді.

Қастерлеушілік

Жәрдемді сабырлық пен сиыну байланысында іздеңдер, расында, жәрдем тек қастерлеушілер үшін ғана үлкен ғой, (2:45)

Сиыну байланыстарында қастерлейтін сенушілер жетістікке жетті, (23:1, 2)

Сабырлық

Иә сенім артқандар! Көмекті сабырлық пен сиыну байланысында іздеңдер. Расында, Алла сабырлылармен бірге! (2:153)

Өз жанұяңа сиыну байланысына шығуды әмір ет және өзің ода сабырлы бол. Біз сенен ризық сұрап тұрған жоқпыз, Біз сені ризықтандырамыз, ал нәтиже абай болушылардікі! (20:132)

Алладан сақсыну

Бізге әлем халықтарының Иесіне бойұсыну, сиыну байланысына шығу және Одан сақсыну әмір етілді! Сендер Оның қасында жиналасыңдар! (6:71-72)

Сиынудың сөздерін дауыстап айту

«Алланы шақырыңдар немесе Аяушыны шақырыңдар! Оны қалай шақырсаңдар да, көркем есімдер Оған тән!» – деп айт. Өз сиыну байланысыңды қатты дауыстап та орындама, жасырындап та орындама, ал осының арасындағы жолға ұмтыл! (17:110)

Бұл Алланың хабарландырушыға деген БҰЙРЫҒЫ, демек бұл бұйрық барлық сенушілерге де таралады. Егер де осы үзіндіге әділ қарасақ, бұны басқаша түсінудің нұсқалары жоқ. «Неге мұсылмандардың көпшілігі Алланың бұйрығына қарамастан сиынуды күндіз ішінен айтады?!» – деп ойлану керек. Мысал ретінде, айт намаздары (ораза, құрбан) мен жұма намазы күндізгі намаздар болса да, ДАУЫСТАП орындалады ғой!

Көбінесе мұсылмандар «сүннет» деп аталатын елшінің үлгісіне еріп жүрміз деп, мыңнан аса жыл бұрын өмір сүрген адамдардың естеліктерінен бізге келген аңыздарға ереді. Дегенмен, шынайы «сүннет» – бұл Құран, себебі елші ұйғарымдарға мүлтіксіз ерген, демек, дауыстап сиынған.

Жоғарыда келтірілген үзінділерден көріп отырғанымыздай, сиыну байланысы сенуші үшін өмірдің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан Ең Үстем оны сақтауды ұйғарды.

Сиынуды сақтаушылық

Бұл Кітапты Біз берекеленген қылып, өзіне дейін болғанды растаушы қылып түсірдік, кенттердің «анасы» мен оның айналасындағыларды, оған сенім артушыларды және Ақырғы Өмірге сенушілерді алдын-ала ескерту үшін. Олар өздерінің сиыну байланыстарын сақтайды! (6:92)

... сиыну байланыстарын сақтайтындар! (23:9)

... сиыну байланыстарын сақтайтындар, (70:34)

«Ал енді хадистерге сүйенбесек, сиыну байланысы кезінде қандай іс қимылдарды істеу қажет?» – деген сұрақтар мұсылмандардың арасында жиі туындайды. Аллаға сенім артсақ, Құранды мұқият оқығанымыз кезде, біз сиыну байланысы үшін барлық нәрсені табамыз.

Тұру

Күн түннің қараңғылығына еңкейіп бара жеткен кезде сиыну байланысына шық, ал Құранды таң атқанда декламацияла. Расында, Құран таң атқанда әрі түнде куәландырылған! (17:78)

Тізеде тұру

Нық орнатылған үйді адамдардың кездесулері үшін қауіпсіз орын етіп тағайындағанымыз кезде: «Ибраһимнің орнын сиыну байланысына арналған орын етіп қойыңдар!» – деп ұйғардық. Біз Ибраһим мен Исмаилге: «Менің үйімді, – айналып өтушілер, арнаушылар, тізе бүгушілер және сәжде етушілер үшін, – тазартыңдар!» – деп міндеттедік. (2:125)

Расында, сендердің жебеушілерің – Алла, Оның елшісі, сиыну байланысына шығатын, ақтайтын шығын шығаратын және тізе бүгетін сенушілер! (5:55)

Сәжде қылу

Міне Біз Ибраһимге үйдің орнына сілтедік: «Маған ештеңені серікке қоспа, Менің үйімді айналып өтушілер, тұрушылар және тізе бүгіп, сәжде қылушылар үшін тазарт!..» (22:26)

Сиыну байланысында сенуші біріншіден тік тұрып, содан соң тізеге тұрып, сосын сәждеге құлау керектігі бізге анық көрсетіліп тұр.

Әрине, дәстүрлі мұсылманда келесі сұрақ туындайды: «Бұл қимылдар кешенін неше рет қайталау қажет?» Бұндай қимылдар кешені дәстүрде арабша «ракә’ат» деп аталады, қазақша «рәкат» дейді.

Алла бізге ауыртпалықты емес, жеңілдікті қалайды:

Бір нәрседен қорықсаңдар, жаяу жүре немесе салт бара тұра, сиынуға рұқсат. Ал қауіпсіздікте болсаңдар, Алланы, Өзі үйреткендей, еске алыңдар. Ол сендерді білмеген нәрселеріңе үйретті. (2:239)

Сондықтан, жағдайға байланысты, Жасаушымыз бізге сиыну байланысын қысқартуға рұқсат етті:

Жер жүзінде сапарда болған кезде, жабылғандардың сендерге қарсы азғыруынан қорықсаңдар, сиыну байланысын қысқартсаңдар теріс қылық болмайды. Расында, жабылғандар сендер үшін айқын қарсыластар! (4:101)

Бұл үзіндіде ұйғарым елшіге емес, сенушілерге бағышталған. Келесі үзіндіде сенушілер үшін ұжымдық қысқартылған сиыну сипатталған:

Сенушілердің арасында болған кезіңде, олармен бірлесіп сиыну байланысына шық. Сенімен бірге бір топ тұрсын, ал басқа топ қарулы болсын. Олар сәжделерін аяқтаған кезде, сендердің арт жақтарында тұрсын. Сиынбаған басқа топ келіп, сенімен бірлесіп сиынсын. Олар абай әрі қарулы болсын. Жабылғандар сендердің қаруға әрі заттарға деген елемеулеріңді қалайды, сендерге бір ұмтылыспен ұмтылу үшін. Жаңбырдан ыңғайсыздықтың немесе ауырғандарыңның себебінен қаруларыңды қоя тұрғандарың теріс қылық болып саналмайды, алайда абай болыңдар! Расында, Алла жабылғандарға қорлайтын азап дайындады! (4:102)

Қимылдар кешенінің (рәкаттардың) дүркінділігі айқын көрініп тұр. Қысқартылған сиыну байланысы кезінде – бір ғана кешен (рәкат), ал толық сиыну байланысы болса қимылдар кешенінің (рәкаттың) екі рет қайталануынан тұрады.

Бұл қалай анықталды? Үзіндіде сенушілер тобы сәжде жасағаннан кейін ауыссын деп анық айтылып тұр, ал бұл болса – бір қимылдар кешенінің (рәкаттың) соңы.

Толық сиыну байланысы неліктен екі қимылдар кешенінен (рәкаттан) тұрады? Себебі, елші өз сиыну байланысын аяғына дейін жеткізген, ал сиыну байланысындағы орын ауыстыру екі топтың мысалында келтірілген, бұл болса хабарландырушы үшін толық сиынуды көрсетті – екі қимылдар кешенін (рәкатты).

Мұсылмандардың арасында туындайтын тағы бір сұраққа тоқталып кетейік, ол сиыну байланысында нені оқу керектігі туралы.

Еске алу

Расында, Мен – Алламын! Тәңірі тек қана Менмін! Маған қызмет етіп, Мені еске алу үшін сиыну байланысына шық! (20:14)

Өзін ағартқан тұлға бақытты болады!

Өз Иесін еске алып, сиынған! (87:14, 15)

 

Еске алу мен Оған деген үндеу сөздерін Құраннан алуға болады. Оның үстіне, Алла Құраннан өзімізге жеңіл келетін нәрселерді оқуға рұқсат етеді:

Әдебиеттен (Құраннан) өздеріңе жеңіл нәрселерді оқыңдар. Ол араларыңда аурулар және Алланың молшылығына ұмтылып, жер кезіп жүретін басқалар және Алланың жолында соғысып жүретін басқалар болатынын біледі. Одан өздеріңе жеңіл нәрсені оқыңдар, сиыну байланысына шығыңдар, ағартатын шығын шығарыңдар және Аллаға жақсы қарыз беріңдер. Өздеріңе жақсылықтан не дайындасаңдар, соны Аллада ең жақсы және үлкенірек сый түрде табасыңдар! Алладан кешірім сұраңдар! Расында, Алла – Кешіруші, Рақымды! (73:20)

Сенушілерге барлық нәрсе адамдардан дайын келеді деп күтудің керегі жоқ. Мұсалмандар өздері біраз ынта (джиһәд) танытып, Алланы еске салу мен Оған үндеу сөздері бар үзінділерді өздері табу керек. Сиыну байланысында ұнайтын сөздерді қолдануға болады. Құранның бұл не басқа үзіндісін қашан қолдану керектігін әркім өзі шешу керек.

Әр істе өз тәртібі болу керек, сиыну байланысы да бұл тұрғы да ерекше емес. Жаратушымыз сиынудың саны мен уақытын белгіледі.

Күнделікті сиынулардың саны мен уақыты

Сиыну байланыстарын сақтаңдар, ортаңғы сиыну байланысын да. Алланың алдында бойұсынған түрде тұрыңдар. (2:238)

Күндіздің екі тарапында және таяу түнде сиыну байланысына шық. Расында, жақсы іс-әрекеттер жаман іс-әрекеттерді жояды! Бұл түсінушілер үшін бір Ескерту! (11:114)

Күн түннің қараңғылығына еңкейіп бара жеткен кезде сиыну байланысына шық, ал Әдебиетті (Құранды) таң атқанда декламацияла. Расында, Әдебиет (Құран) таң атқанда әрі түнде куәландырылған! (17:78)  

Иә сенім артқандар! Сендерге тәуелділер мен есеймегендер, сендерден үш рет рұқсат сұрасын:

— таң атқан кезіндегі сиыну байланысына (солятиль фәджр) дейін;

— түсте, киімдеріңді шешкен кездеріңде;

— түнгі сиыну байланысынан (солятиль иша) кейін.

Сендерде жалаңаштықтың үш уақыты бар. Осыдан кейін бір-бірілеріңе барсаңдар, бұл сендерге де, оларға да теріс қылық болмайды.

Сөйтіп Алла сендерге белгілерді түсіндіреді! Алла – Білуші, Дана! (24:58)

 

Иә сенім артқандар! Сендерді жиналыс күні сиыну байланысына шақырса, Алланы еске алуға ұмтылыңдар да сауда келісімдерін қойыңдар. Білетін болсаңдар, бұл өздерің үшін жақсы! (62:9)   

Жоғарыда келтірілген үзінділерді талдасақ, атаулары бойынша тек уақыттарымен бірге үш күнделікті сиыну байланысы және бір қоғамдық сиыну байланысы сипатталған: таңғы (солятиль фаджр), түнгі (солятиль иша) және ортаңғы (соллятиль усто), сонымен қатар жиналыс күніндегі сиыну байланысы (солятиль джум’а).

11 сүре 114 аятта сиынудың үш кезеңі сипатталған: күннің екі тарапында және жақындаған түннің уақытында – яғни күн батқаннан кейін.

24 сүре 58 аятта таңғы мен кешкі сиынулары сиапатталған. Айта кететіні – үзінді адамның киім шешіп, жатып демалатын кезеңдерін сипаттайды. Қисынды болып келесі қорытынды келеді: таңғы сиыну байланысы ұйқыдан кейін орындалады, ал кешкі сиыну болса ұйқының алдында.

17 с 78 аятта ортаңғы сиыну сипатталған, оның кезеңі – күннің тас төбеден батысқа қарай жылжып жатқан уақыты.

Араб тілі грамматикасының ерекшілігіне назар аудара кетейік. Араб тіліндегі санды білдіретін сөздер үш түрге бөлінеді: жекеше түр, екілік түр және көпше (екіден аса шексіздікке дейін) түрге.   

2 сүренің 238 аятында «сиыну байланыстары» көпше түрде тұр, яғни екіден артық түрде, соған орай сиыну байланыстарынын саны кем дегенде 5 емес, 3 болу керек. Айтылып кеткен ортаңғы сиыну байланысы тек тақ сан кезінде ғана болуы мүмкін. Үзінділерде сиынудың саны үштен аспағандықтан, ортаңғы сиыну байланысы басқа екеуінің арасында бола алады деп ұйғаруға болады.

Неліктен дәл осы күннің тас төбеден батысқа қарай жылжып бара жатқан уақыты (17:78) ортаңғы сиыну үшін қабылданады? Бұл жерде қарсы жору қарапайым әдісі қолданылады. Тәулік уақыты бойынша екі сиыну байланысы ғана аталған: таңғы (солятиль фәджр) мен кешкі (солятиль иша). Яғни ортаңғы сиыну байланысы осы екеуінің бірі бола алмайтынын алдын-ала ұйғаруға болады, себебі оларға басқа атау қойылып қойылған. Сондықтан ортаңғы сиыну байланысына (солятиль усто) олардың арасындағы уақыт қана қалады.

Сиыну байланыстары кезеңдерінің шектері қандай?

Ортаңғы сиыну байланысының шектері анық белгіленген – күннің тас төбеде тұрғанынан батқанына дейін (17:78). Неге десе, күн тас төбеден өткеннен кейін ғана еңкейеді, ал түннің қараңғылығы күннің батқанынан кейін ғана басталады.

Түнгі сиыну байланысының шектері – күннің батуынан бастап таң атқанға дейін. «Неге  күннің батқанынан кейін?» – десе, себебі түн күннің батуынан басталады:

Расында, аспан мен жердің жаратылуында және түн мен күннің ауысуында – Алланы, тұрғанда да, отырғанда да, бүйірлерінде жатқанда да, еске алатын, ақыл иелері үшін – белгілер бар. (3:190-191)

Ешкім күндізгі кезең күн батқаннан кейін жалғасады деп айта алмайды, демек, Алланың белгісі бойынша, күн аяқталғаннан кейін түн басталады. Түн дегеніміз міндетті түрде әбден қараңғылық дегенді білдірмейді. Түн күн сияқты да шым-шымдап басталады:

Түн мен күнді екі белгі етіп жасадық. Иелеріңнің молшылығына ұмтылуларың үшін және жылдардың саны мен есептеуді білулерің үшін, түннің белгісін өшіріп, күннің белгісін көруге беретін қылып орнатамыз. Біз әр нәрсені жете түсіндірдік! (17:12)

Алла түн деп таң атқанға дейінгі уақытты санайтынын біз келесі үзіндіден білеміз:

Расында, Біз оны қадір түнінде түсірдік!

Қадір түні туралы не білесің?

Қадір түні мың айдан гөрі артық!

Сол түні басқарушылар мен Рух Алланың рұқсаты бойынша әр-түрлі әмірмен түседі!

Ода таң атпағанша дейін бейбітшілік! (97:1-5)

 

Түннің таң атуыменен аяқталатындығы айқын көрініп тұр.

Таңғы сиыну байланысының шегі таң атуменен басталып күннің тас төбеде болғанымен аяқталады. Таңғы сиыну байланысының таң атудан басталуы оның атауынан түсінікті болып тұр – солятиль фаджр.

«Фаджр» сөзі «шағу, қазып алу, атқылану» деген мағыналарды береді. Яғни, сәулелер түннің қараңғылығын шаққан сынды болады, сәуле атқылай бастайды, бұл кезді халықта «таң атты» дейді.

Таңғы сиыну байланысының кезеңі қай уақытта бітеді? Дәстүр бойынша, таңғы сиынудың аяғы болып күннің шығуы саналады. Бірақ Құранда ол туралы айтылмаған. Таңғы сиынудың аяғын қалай анықтасақ болады?

Бізге 11 сүредегі 114 аятты зерделеу керек, ол жерде сиыну байланысы күннің екі тарапында орындалады деп анық айтылған. Яғни, күннің екі тарапы дегеніміз, бұл – күннің тас төбеде тұрғанымен бөлінетін күннің екі бөлігі. Егер күн таңнын атуыменен басталса, онда күннің бірініші бөлігі күннің шаңқай түсінде аяқталады, ал екінші бөлігі шаңқай түстен басталып, күннің батуыменен аяқталады, бұл болса 17 сүре 78 аятпен расталады.

Толықтыру ретінде түнгі кезеңімен ұқсастық келтіре аламыз. «Иша» сөзінің мағынасы «соқырлау болу, нашар көру» дегенді білдіреді. Бұл айқын түрде кешкі ымыртқа сілтейді. Яғни түнгі сиыну байланысының атауының өзі кезеңнің басталуына сілтейді, ал оның аяғын біз түннің белгілері туралы үзінділерден білеміз. Дәл осылайша біз таңғы сиынудың «солятиль фәджр» атауы кезеңнің басын – таң атуды білдіретінін түсіне аламыз, ал кезеңнің соңы туралы болса біз қайтадан сол күннің тараптары туралы үзіндісінен білеміз – шаңқай түс, күннің тас төбеде тұрған кезі.

Құранда сиыну байланысы туралы тікелей айтпай, оған тән күйлер, қасиеттер, іс-әрекеттер мен уақыттарды атап өтетін үзінділер бар.

Сәжде, тізеге тұру және тік тұру

Расында, Иеңнің қасындағылар Оған қызмет етуден тәкаппарланбайды, олар Оны мадақтап, Оның алдында сәждеге жығылады! (7:206)

 

Тәубе етуші, қызмет етуші, даңқтаушы, саяхаттаушы, тізе бүгуші, сәждеге жығылушы, мақұлданғанды істеуді әмір етуші, жағымсыздан тыюшы, Алланың шектеулерін қорғаушы – сенушілерді қуант! (9:112)

Алланың алдында аспандағы және жердегі жануарлар мен басқарушылар сәждеге жығылады! Олар тәкаппарланбайды! (16:49)

Олар етпеттерінен құлап, жылайды және бұл олардың бағынышын арттырады! (17:109)

 

– түнді Иелерінің алдында сәждеге жығылу және тұрумен өткізетіндер! (25:64)

«Өз жабықтығыңмен біраз пайдалана тұр, сен отта мекендеушілердің бірісің ғой! Иесінің мейіріміне ұмтылушы болып түн кезінде беріліп, сәждеге жығылатын, тұратын, Ақырғы Өмірден сақсынатын тұлға келмей ме?» – де. «Білушілер мен білмеуші тең ме? Расында, ақыл иелері еске алады!» – де. (39:8-9)

Оның белгілерінен – күн мен түн, күн мен ай. Күн мен айдың алдында сәждеге құламаңдар, оларды жаратқан Алланың алдында сәждеге құлаңдар, Оған қызмет етсеңдер! (41:37)

Алланы мадақтаумен бірге уақыт бойынша сәжде қылу

Аспандардағы және жердегі әркім әрі көлеңкелері, мойынұсынған түрде және еріксіз түрде таңда және кеште Алланың алдында сәждеге құлайды! (13:15)

Иеңді даңқпен мадақта да сәждеге құлаушылардан бол! (15:98)

Расында, Біздің белгілерімізге өздеріне олар туралы еске салған кезде сәждеге жығылып, Иелерін даңқпен мадақтайтындар сенім келтіреді! Олар тәкаппар емес! (32:15)

Иеңнің есімін таң кезде, кеште және түнде еске ал! Оның алдында сәждеге жығыл да Оны ұзақ түн бойы мадақта! (76:25, 26)

Даңқтау және мадақтау арқылы, бойұсынған түрде, Алланы уақыт бойынша реттелген еске алушылық

Иеңді жалбарына, қорыққан түрде ішіңнен еске ал! Таңда және кеште қатты дауыстама. Елемеуші болма! (7:205)

Олардың айтқанына сабыр ет, Иеңді күн шығудан бұрын, оның батуынан бұрын және түнде даңқпен мадақта! Күннің екі тарапында мадақта, мүмкін, қанағаттанарсың! (20:130)

Алланы кеш және таң уақытында мадақтаңдар! Оған аспандарда және жерде даңқы, кеш және түс уақытында! (30:17, 18)

Иә сенім артқандар! Алланы көп еселік еске алумен еске алыңдар да Оны таң мен кеште мадақтаңдар! (33:41, 42)

Олардың айтқандарына сабыр ет, Иеңді даңқпен мадақта: күн шығуынан бұрын, батуынан бұрын, Оны түнде және сәждеге барған кезде мадақта! (50:39, 40)

Иеңнің үкіміне сабыр ет, расында, сен Біздің «көз» алдымыздасың ғой! Түнде тұрған кезде Иеңді даңқтап мадақта, және Оны жұлдыздар жоғалған кезде мадақта! (52:48-49)

 

Иеңнің есімін еске ал, барлық нәрселерден безіп, өзіңді Оған арна. (73:8)

Иеңнің есімін таң кезде, кеште және түнде еске ал! Оның алдында сәждеге жығыл да Оны ұзақ түнде мадақта! (76:25, 26)

Егер де Алланы еске алушылықты сиыну байланысы деп жорамалдасақ та, онда бұл жағдайда да Құранның үзінділері үш кезеңге сілтейді.