Құран теріс қылық жайында

 Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Теріс қылық – бұл қандай да бір нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін бұзатын әрекет.

«Ешнәрсе істемейтін адам ғана қателеспейді» – дейді халық даналығы. Адам өз жаратылысы бойынша әрекетшіл болып келеді, сондықтан тәжірбие алу барысында теріс қылық пен бұзушылық жасауға дұшар келеді. Бұл тұрғыда адамның тәжірбиесі қандай да бір іс-әрекет барысында болатын түрлі бұзушылықтар жайында көптеген ақпаратқа ие.

Әдетте бұзушылық болып жағымсыз салдарға ұшырататын, ұйғарылған немесе берілген шеңберге кірмейтін әрекет саналады. Қандай да бір ережені бұзушылық салдарынан туындайтын нәтижені сипаттаудың қажеті жоқ. Ол болмашы болса жақсы. Ал егер де салдары апатты болса, онда сондай бұзушылық қауіпті категориясына жатқызылып, оның тыйымдылығы насихаттандырылады.

Адамның Алла алдындағы борышы да әртүрлі шектеулерді ұйғарады, олардың бұзушылығын Жаратушы сөгеді. Құранда сөгіс берілетін қылық «джунәх» сөзімен белгіленеді, бұның мағынасы «теріс қылық, бұзушылық».

Бұл сөз қолданылатын аяттарды зерттегенде, қызықты дерек көрінеді: Құранда джунәх сөзі тек терістеу мағынасында қолданылады («... (бүйтіп жасағандарың) теріс қылық болмайды»), яғни мәнмәтінде сөгіс берілетін қылықтың жоқтығы жайында айтылады, нақты айтқанда келесі салаларда:

 

қажылықта

Расында, Әс-Сафа мен Әл-Мәурә – Алланың нышандары. Кім үйге қажылық істесе немесе оған барса, екі тауды да айналып өтуі оған теріс қылық болмайды. (2:158)

Иелеріңнің артықшылығына ұмтылуларың теріс қылық емес. Ғарафат тауына келсеңдер, рәсімді әрі киелі жердің маңында Алланы еске алыңдар. Ол сендерді қалай бағыттаған болса, Оны да солай еске алыңдар. Расында, бұған дейін сендер адасқандардан едіңдер. (2:198)

сиынуда

Сенушілердің арасында болған кезіңде, олармен бірлесіп сиыну байланысына шық. Сенімен бірге бір топ тұрсын, ал басқа топ қарулы болсын. Олар сәжделерін аяқтаған кезде, сендердің арттарыңа барып тұрсын. Сиынбаған басқа топ келіп, сенімен бірлесіп сиынсын. Олар абай әрі қарулы болсын. Жабылғандар сендердің қару мен заттарға ұқыпсыз болғандарыңды қалайды, сендерге бір ұмтылыспен ұмтылу үшін. Жаңбырдан ыңғайсыздықтың немесе ауырғандарыңның себебінен қаруларыңды қоя тұрғандарың теріс қылық болып саналмайды, алайда абай болыңдар! Расында, Алла жабылғандарға қорлайтын азап дайындады! (4:102)

Бұл тақырып тек рәсімдерге ғана емес, еркек пен әйел арасындағы қарым-қатынасқа да қатысты:

некеде  

Әкелеріңмен сырластық қарым-қатынасқа түскен әйелдермен сырластық қарым-қатынасқа түспеңдер, ақиқатқа дейінгіні санамаса. Расында, бұл шектен тысқарылық, жеркенішті нәрсе әрі жамандық жолы! Сендерге келесі әйелдермен сырластық қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынады: аналарың, қыздарың, әпке-қарындастарың, әке жақтан тәтелерің, ана жақтан тәтелерің, аға-іні әрі әпке-қарындастарыңның қыздары, сүт аналарың, сүттес әпке-сіңлілерің, әйелдеріңнің аналарың, сендер кірген әйелдеріңнің өгей қыздарың, ал кірмеген болсаңдар, олармен сырластық қарым-қатынасқа түсулерің теріс қылық болмайды, қандас ұлдарыңның әйелдерімен. Сендерге екі әпке-сіңлілерді біріктіруге болмайды, ақиқатқа дейінгіні санамаса. Расында, Алла – Кешіруші, Рақымды! Келісімшартсыз қолжетпес әйелдер де тыйым, Алла тарапынан ұйғарылған өздеріңе тәуелділерді санамаса. Сырластық қарым-қатынасқа, азғындық жасамай, келісімшартсыз қолжетпес болып, мүліктеріңмен ұмтылуларың үшін осы айтылғаннан басқалар сендерге рұқсат. Мүлікті пайдаланғандарың үшін әйелдеріңе тағайындалған сыйын беріңдер. Тағайындалған сыйдан кейін өздерің өзара ризалассаңдар, онда бұл теріс қылық болмайды. Расында, Алла – Білуші, Дана! (4:22-24)

Иә сенім артқандар! Қоныс аударған сенуші әйелдер сендерге келген кезде, оларды сынаңдар. Алла олардың сенімдерін жақсырақ біледі. Олар сенуші екенін білсеңдер, оларды жабылғандарға қайтармаңдар. Олар соларға рұқсат емес, солар да оларға рұқсат емес. Шығындаған нәрселерін қайтарып беріңдер. Сыйларын берсеңдер, олармен сырластық қарым-қатынасқа түсулерің теріс қылық болмайды. Жабылғандармен байланыста болмаңдар әрі шығындағандарыңды қайта сұраңдар, және олар да шығындағандарын қайта сұрасын. Алланың сендерге деген үкімі сондай. Ол араларыңа үкім қылады. Алла – Білуші, Дана! (60:10)

жанұяда

Аналар балаларын толық екі жыл емізеді. Бұл емізуді тамамдағысы келетіндер үшін. Әкелер мақұлданған азықпен әрі киіммен қамтамасыз етулері тиіс. Әркімге өз шамасына сай жүк артылады. Анасына баласы үшін әрі әкесіне де баласы үшін зиян келтіруге болмайды. Бұл тәрізді ұйғарым мирасқорға да қатысты. Егер де әке-шешесі ақылдасып баласын омыраудан шығаруды қаласа, онда бұл олар үшін теріс қылық болмайды. Егер де балаларыңды басқа әйелге емізгілерің келсе, онда келісіммен тапсыруларың теріс қылық болмайды. Алладан сақсыныңдар, Алла амалдарыңды Көруші екенін біліңдер! Араларыңнан қайтыс болған ерлердің артында қалған әйелдері төрт ай мен он күн күтсін. Олардың мерзімі бітсе, онда олардың келісім бойынша өздеріне байланысты істеген істері сендерге теріс қылық болмайды. Расында, Алла амалдарыңнан Хабардар! Сол әйелдермен атастырылсаңдар да, не оны іштеріңде жасырсаңдар да, бұл сендерге теріс қылық болмайды. Оларды еске алатыңдарыңды Алла біледі, бірақ мақұлданған атастыру сөздерін айтпағандарыңша олармен жасырын кездесу уақытын тағайындамаңдар. Ұйғарылған азалау мерзімі бітпегенше олармен некелесуге бел бумаңдар. Біліңдер, Алла сендердің іштеріңде не бар екенін біледі. Одан сақсыныңдар, әрі Алла Кешіруші, Рақымды екенін біліңдер! Әйелдермен, оларға тимей немесе өздеріңе міндеттеме алып, ажырасқандарың теріс қылық болмайды. Ауқатты оларға өз шамасына қарай беруі тиіс, ал кедей – өз шамасына қарай. Оларға жақсылық істеушілер үшін мақұлданған құқық бойынша беріңдер. (2:233-236)

Егер де бір әйел ерінің жақтырмауынан немесе кері бұрылуынан қорықса, онда ол екеуінің өзара қарым-қатынасын түзегендері өздеріне теріс қылық болмайды, жағдайды түзету жақсы іс. Тұлғада сараңдық қасиеті бар, бірақ сендер жақсылық жасаушы әрі абай болушы болсаңдар, расында, Алла амалдарыңнан Хабардар! (4:128)

ажырасқанда

Ажырасуға екі рет жол беріледі. Сонан соң – не мақұлдаумен ұстап қалу, не жақсылықпен жіберу керек. Оларға берген нәрселеріңнен, сендерге ешнәрсе алуға болмайды, бірақ ол екеуі Алланың шектеулерінде тұрмай қалудан қорықса, онда ол басқа. Екеуі де Алланың шектеулерінде тұрмай қалудан қорықса, онда әйелдің еріне бодау беруі екеуіне де теріс қылық болмайды. Алланың шектеулері осындай. Олардан аттамаңдар! Кімде-кім Алланың шектеулерінен аттап өтсе, солар – зұлымдар! Егер ол онымен үшінші рет ажырасса, онда бұдан кейін сол әйел оған рұқсат болмайды, ол әйел басқа жұбайымен жыныстық қатынасқа түспейінше. Ал енді өзге жұбайы онымен ажырасса, онда сол әйелдің бірінші жұбайына қайта оралуы екеуіне де теріс қылық болмайды, егер олар Алланың шектеулерінде тұра аламыз деп ойласа. Алланың шектеулері осындай! Ол оларды білетін халыққа түсіндіреді! (2:229-230)

күйеуі қайтыс болғанда

Араларыңнан біреулер қайтыс болып, жұбайларын қалдырса, жұбайлары үшін өсиет осындай – оларды бір жылға дейін қумай, қамтамасыз ету керек. Ал егер олар өздері шықса, онда олардың өздеріне байланысты мақұлдаумен істеген істері сендерге теріс қылық болмайды. Расында, Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! (2:240)

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты компоненттерінің бірі - экономикалық компонент. Бұл қарым-қатынаста көптеген ережелер бар. Келесі әрекеттер оларды бұзбайды:

экономикада

Араларыңда жүретін қолма-қол сауда бұған жатпайды. Бұны жазбасаңдар сендерге теріс қылық болмайды. Бірақ сауда келісімдердің жасалынуы жайында куәлік беріңдер. Хатшы мен куәгерге зиян келтіруге тырыспаңдар. Ал егер зиян келтірсеңдер, расында, бұл сендер үшін шегінушілік болады! Алладан сақсыныңдар! Расында, Ол сендерді үйретеді! Алла әр нәрсені Білуші! (2:282)

Адамның жүріс-тұрысы айналадағы адамдарға сөзсіз әсер ететіндігінен, кез келген адам қоғамда белгілі бір шеңберлерге тап болады. Міне, қарым-қатынастың қабылданған нормаларын бұзбайтын кейбір мысалдары:

Адам тұрмайтын үйлерге өздерің қолдануларың үшін кірсеңдер сендерге теріс қылық болмайды. Алла сендер не жария ететіндеріңді, не жасыратындарыңды біледі. (24:29)

Иә сенім артқандар! Сендерге тәуелділер мен есеймегендер, сендерден үш рет рұқсат сұрасын:

— таң ату кезіндегі сиыну байланысына дейін;

— түсте, киімдеріңді шешкен кезде;

— түнгі сиыну байланысынан кейін.

Сендерде жалаңаштықтың үш уақыты бар. Осыдан кейін біреулерің басқаларыңа барғандарың өздеріңе де, оларға да теріс қылық болмайды. Осылайша Алла сендерге белгілерді түсіндіреді! Алла – Білуші, Дана! (24:58)

 

Сырластық қарым-қатынасқа түсуге үміттенбейтін әйелдерге арналған ереже, – олар әшекейлерін көрсетпей, киімдерін шешсе, оларға бұл теріс қылық болмайды. Расында, тыйылғандары өздері үшін жақсы. Алла – Естуші, Білуші! Соқырға да, ақсаққа да, ауруға да және өздеріңе де – өз үйлеріңде, не әкелеріңнің үйлерінде, не аналарыңның үйлерінде, не бауырларыңның үйлерінде, не әпкелеріңнің үйлерінде, не әкелеріңмен туыс ағаларыңның үйлерінде, не әкелеріңмен туыс апайларыңның үйлерінде, не аналарыңмен туыс ағаларыңның үйлерінде, не аналарыңмен туыс апайларыңның үйінде, не кілттері сендердің қарамағында болған үйлерде, не достарыңның үйлерінде тамақтанғандарың – теріс қалық болмайды. Бірге немесе жеке тамақтанғандарың теріс қылық болмайды. Үйлерге кірген кездеріңде, Алла бұйырған берекелі, салауатты сәлеммен сәлемдесіңдер! Осылайша Алла сендерге белгілерді түсіндіреді, бәлкім, ақылға келерсіңдер! (24:60-61)

Оның әйелдеріне әкелерімен, балаларымен, бауырларымен, бауырларының балаларымен, әпке-сіңлілерінің балаларымен, өзінің жақын әйелдерімен және өздеріне тәуелділерімен шымылдықсыз жүздесу теріс қылық болмайды. Алладан сақсыныңдар! Расында, Алла әр нәрсеге Куәгер! (33:55) 

Тағам тұтыну тәртібі дін қағидаларында да, онымен байланысы жоқ салаларда да егжей-тегжейлі түрде жазылған. Құран тұрғысынан сенушілер үшін келесі қылық қолайлы:

тамақтануда

Сенім келтіріп, түзелгендерге бұрын абай болмай жүрген кездерінде жеген тамақтары үшін теріс қылық тағылмайды, бірақ сенім келтіріп, түзелсе. Сосын сақсынып, сенім келтірсе, сосын абай болып жақсы іс істесе. Алла жақсы іс істеушілерді сүйеді! (5:93)

Адамдар жүріс-тұрысының ең негізгі алгоритмі болып келесі ұйғарым келеді:

Теріс қылық қателеріңде емес, жүректеріңдегі мақсаттарыңда. Алла – Кешіруші, Рақымды! (33:5)