Құран бос нәрсе жайында
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Құдайи ақиқатты дискредитациялауда оппонеттердің ойынша барлық құралдар жарамды. Қарсы әрекет етудің бір құралы ретінде ақиқат турасында бос сөз сөйлеу болды. Құранда бұл сөзді белгілеу үшін «баталә» термині қолданылған, оның мағынасы – «бекерлік, бос нәрсе, босқа».
Оны біле тұра, ақиқатты бос нәрсеге жамылдырмаңдар әрі ақиқатты жасырмаңдар. (2:42)
Иә Кітап иелері! Неліктен сендер, біле тұра, ақиқатты бос нәрсемен жауып, ақиқатты жасырасыңдар?! (3:71)
Алла екі жасақтың біреуі сендерге болатынын уәде еткенде, сендер өздеріңе қарусыз жасақ болғанын қаладыңдар, бірақ Алла ақиқатты Өз сөздерімен растауды әрі жабылғандардың күресін үзуді қалайды, ақиқат шынға шығуы үшін, ал бос нәрсе бекер болуы үшін, бұл қылмыскерлерге жеккөрінішті болса да! (8:7-8)
Ол аспаннан су түсірді, сосын су белгілі бір арналар бойымен ағып кетті. Ағын өскен көбікті алып кетті. Олардың құндылықтар мен тауар алуды қалап, отта жандыратын нәрселері бұл көбік сияқты. Осылайша Алла ақиқат пен бос нәрсені келтіреді. Көбік туралы айтса, ол қоқыс сияқты кетеді, ұмытшақ адамдарға пайдалы нәрсе туралы айтса, ол жерде қалады. Осылайша Алла мысалдарды келтіреді! (13:17)
«Ақиқат келді де бос нәрсе жойылды! Расында, бос нәрсе – жойылып кетуші!» – деп айт. (17:81)
Біз елшілерді қуантушы және алдын-ала ескертуші ретінде ғана жібереміз! Жабылғандар бос нәрсе арқылы салғыласады, онымен ақиқатты теріске шығару үшін! Олар Біздің белгілерімізді әрі алдын-ала ескерткен нәрселерімізді тәлкекке алады! (18:56)
Керісінше, Біз бос нәрсені ақиқатпен ұрамыз! Ол оны шағып тастайды, сол кезде анау жоқ болады! Қосқандарың үшін қайғы сендерге! (21:18)
Міне, Алла – Ақиқат, ал олардың Одан өзге шақыратындары – бос нәрсе! Расында, Алла – Жоғары, Ұлы! (22:62)
Олардан алдын Нұхтың халқы әрі олардан кейінгі партиялар өтірік санады. Әр басшылық өз елшілерін ұстап алуға әрі ақиқатты теріске шығару үшін бос нәрсе арқылы ерегесуге мүдделі болды. Бірақ Мен оларды ұстап алдым, нәтижелері қандай болды! (40:5)
Оған бос сөз алдынан да, артынан да келмейді. Дана, Даңқтының тарапынан түсірілген! (41:42)
Немесе олар: «Алла туралы ойдан шығарылған өтірік!» – деп айтады. Егер Алла қаласа, Ол сенің жүрегіңді мөрлейді, әрі Алла бос нәрсені жояды. Ол Өз сөздерімен ақиқатты бекітті! Расында, Ол көкіректегіні Білуші! (42:24)
Бұл – жабылғандардың бос нәрсеге ергендіктері, – ал сенім артқандардың Иелерінің ақиқатына ергендіктері себебінен. Алла ұмытушы адамдарға осылайша мысал келтіреді! (47:3)
Кейбір істерді Алла бекер деп бағалайды:
Иә сенім артқандар! Мүліктеріңді өзара бекерге жұтпаңдар, бірақ бұл өзара келісімдерің бойынша сауда болмаса ғана! Өздеріңді өлтірмеңдер! Расында, Алла сендерді аяйды! (4:29)
Біз яһудилерге өздеріне бұрын рұқсат етілген салауатты нәрселерді тиым еттік, зұлымдықтары мен көпті Алланың жолынан бездіргендері үшін, өздеріне бұрын тиым салынған өсімді алғандары үшін, ұмытшақ адамдардың мүлігін босқа жегендері үшін. Біз олардың арасынан жабылғандарға ауыр азап дайындап қойдық! (4:160-161)
Иә сенім артқандар! Расында, дінбасылар мен монахтардың көбісі ұмытшақ адамдардың мүліктерін босқа жұтады әрі Алланың жолынан бездіреді! Алтын мен күмісті жинап, Алланың жолында шығындамайтындарды ауыр азаппен қуандыр! (9:34)
Иә сенім артқандар! Алланы тыңдаңдар, елшіні тыңдаңдар әрі істеріңді бекер қылмаңдар! (47:33)
Ал адамдардың істері Алла алдында не себептен бекер бола алады?
Бір-бірлеріңнің мүліктеріңді босқа жұтпаңдар. Оны, біле тұра, ұмытушы адамдардың мүліктерінің бір бөлігін күнәмен иелену мақсатында шешім шығарушыларға бермеңдер. (2:188)
Иә сенім артқандар! Садақаларыңды азарлау мен реніштеріңмен бекер қылмаңдар. Бұл, Алла мен Ақырғы Өмірге сенбей, мүлігін ұмытушы адамдардың алдында көрмек үшін тарататынға ұқсас. Бұл топыраққа жабылған жартастың мысалына ұқсас. Жартасқа нөсер жауды да оны жалаңаш қалдырды. Олар тапқандарының бір нәрсесімен де қолданыла алмайтын болады. Расында, Алла жабылған халықты бағыттамайды! (2:264)
Ақиқат келіп, олардың амалдары босқа кетті. (7:118)
Оларда бұның бәрі жойылатын болады, әрі олардың амалдары босқа кетеді! (7:139)
Олар лақтырғанда, Мұса: «Бұл келтіргендерің – сиқыр. Расында, Алла бұны бекер қылады! Расында, Алла бұзғыншылардың амалдарын жақсартпайды!» – деді. (10:81)
Осыларға Ақырғы Өмірде тек от қана болады! Олардың бұл дүниедегі істері сәтсіз аяқталады, әрі амалдары босқа кетеді! (11:16)
Сенушілер табиғатты тамашалауда қоршаған ортада құдайи мағынаны көреді:
Олар аспан мен жердің жаратылуы жайында толғанады: «Иеміз! Сен бұны бостан–босқа жаратпадың! Мадақ Саған! Бізді от азабынан қорғашы!..» (3:191)
Ақиқаттан жабылғандар болса мағынаны бекерлікте көреді:
Алла сендерге өздеріңнен жұбайларыңды орнатты және жұбайларыңнан сендерге балаларың мен немерелеріңді орнатты. Ол сендерге салауатты ризық берді. Cонда олар бос нәрсеге сеніп, Алланың жарылқауынан жабық па? (16:72)
«Арамызда Куәгер ретінде Алла болғаны жеткілікті. Ол аспандардағы мен жердегі нәрселерді біледі, ал бос нәрсеге сеніп, Алладан жабылғандар, сондайлар – қасіретке ұшырайтындар!» – деп айт. (29:52)
Олар, Біздің (шайқасқа) тыйым салынған қауіпсіз орынды орнатқанымызды, ал оның айналасындағы ұмытушы адамдар болса, жауланып жатқандарын көрмеп пе еді? Олар сонда бос нәрсеге сеніп, Алланың жарылқауынан жабылды ма? (29:67)
Біз аспан мен жерді әрі ол екеудің арасындағыларды босқа жаратпадық. Солай жабылғандар ойлайды. Жабылғандарға оттан қайғы болады! (38:27)