Құран мемлекет жайында
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Мемлекет – белгіленген аумақта басқару механизмі бар, мәжбүрлеу құқығы бар, құқықтық тәртіп орнататын ұйымдасқан қоғам болып саналады. Ғылым мен халықаралық құқықта бірегей және көпшілік мойындаған «мемлекет» ұғымының анықтамасы жоқ болса да, бұл мағынаны Құран мәтінінде табуға болады.
Құранда “мемлекет” деген арнайы термин жоқ. Құранда “ард” – “жер”, “баляд” – “ел” сөздері қолданылады. Дегенмен, адамдардың жер бетінде (елінде) өмір сүруінің басты мағынасын түсіну үшін Құранда басқару, меңгеру, билеу мағыналарын білдіретін “мәләка” араб түбірі бар. Бұл сөзден “мәлик” – патша, яғни билейтін, басқаратын адам, деген сөз қалыптасқан. Оның үстіне, талқыланып отырылған «мемлекет» сөзінің өзі де сол «мәләкә» түбірінен туындаған «мәмләкәтун» деген араб сөзінің калькасы ретінде қазақ тіліне енген. Мәні келесіде – кез-келген қоғам (халық) біреумен басқарылады, демек әлдебір иерархияны иеленеді. Адамдар арасындағы иерархияның бары – Алланың заңы:
Ол – сендерді жерде мирасқор етті. Ол сендерге берілген нәрселермен сендерді сынау үшін біреулеріңді басқаларыңнан дәреже бойынша жоғары қойды! Расында, сенің Иеңнің жазасы тез, бірақ Ол – Кешіруші, Рақымды ғой! (6:165)
Иеңнің мейірімін олар бөлетін бе еді?! Бергі өмірдегі азық-түліктерін олардың арасында Біз бөлеміз. Біз біреулерді басқалардан олар бір-бірін пайдалану үшін дәрежемен жоғары қоямыз. Иеңнің мейірімі олар жинаған нәрседен жақсырақ! (43:32)
Адамдардың ұйымдасуы иерархиясыз мүмкін емес екенінің айқын мысалы осы. Адамдар түрлі міндеттерді атқару үшін әртүрлі болып жаратылған. Бұл тұрғыда Жалғыз Құдайға сенушілер де ерекше емес. Оған қоса, сенушілерге бағыну ұйғарылған:
Иә сенім артқандар! Алланы, елшіні әрі араларыңда ықпалға иелерді тыңдаңдар! Бір-нәрсеге даулассаңдар, осымен Аллаға әрі елшіге жүгініңдер, егер Аллаға және Ақырғы күнге сенсеңдер. Бұл мағынасын ашу жағынан жақсырақ әрі көркемірек болады! (4:59)
Көрініп тұрғандай, қоғамдағы иерархиялық басқарудың қағидасы Құдаймен ұйғарылған. Әрине, басқарудың түрі экономикалық жағдайға байланысты өзгереді, бірақ мән әрқашан да біреу – билік вертикальі.
Құран бойынша басқарудың ең оңтайлы түрі – дара басшылық. Бұрында көбінесе бұл патшаның басқаруы болатын:
Оларға хабарландырушылары: “Расында, Алла сендерге Талұтты патша қылып жіберді!” – деді.
Олар: “Ол билігін бізге қалайша жүргізеді? Біздің билікке деген құқығымыз одан гөрі көбірек. Ода байлыққа деген ұмтылыс жоқ!”- деген жауап берді.
Ол: “Расында, Алла оны сендерге таңдады, оның білімі мен денесінің кеңдігін үлкейтті. Алла өз тарапынан кімге қаласа соған билік береді. Расында, Ол – тегіс қамтушы, Білуші!” – деп айтты. (2:247)
Қазіргі таңда бұл президент болуы мүмкін, егер оның өкілеттігі кемітілмеген болмаса ғана.
Енді билік пен басқарушы адамдар Аллаға лайықты ма деген сұрақ туындайды.
Ибраһиммен Иесі, өзіне билікті Алла бергені туралы дауласқан адам туралы ойламап па едің?! Ибраһим: «Менің Ием өмір береді және өлтіреді!» – деген кезде, ол: «Өмір беретін және өлтіретін менмін!» – деді. Ибраһим: «Расында, Алла күнді шығыстан шығарады. Ал сен оны батыстан шығаршы!» – деді. Жабылған адам сасып қалды. Алла зұлымдарды бағыттамайды! (2:258)
Бұл мысал бірмағыналы жауап береді – кез келген билік Алладан. Біз мемлекеттің басшысы Жалғыз Тәңірімізге сенбесе, бұл билік Алланың алдында заңсыз деп айта алмаймыз. Сондай адамға да билікті Алла бергендігі бізге нақты көрсетілді:
«Иә Тәңірім, биліктің Билеушісі! Сен билікті қалағаныңа бересің және қалағаныңнан оны тартып аласың! Сен қалағаныңды ұлықтайсың және қалағаныңды кемсітесің! Сенің қолыңда – игілік! Расында, Сен әр нәрсеге Құдіреттісің!..» – деп айт. (3:26)
Алланың заңдары
- Әлеуметті;
Құдайдың заңдары, жетімдерге қарағандағы мәні бойынша әлеуметті бағытталған:
Жетімнің мүлігіне ол есейген шағына жетпегенше тек жақсы ниетпен жақындаңдар! Өлшем мен салмақты мөлшерлестік бойынша толықтай сақтаңдар! Біз тұлғаға оның шамасына қарай жүктейміз! Сендер сөйлегенде тіпті жақын туысқан болса да, әділ болыңдар! Алланың алдында міндеттемелеріңді толықтай орындаңдар! Бұл Оның сендерге деген өсиеті, бәлкім естеріңе сақтарсыңдар! (6:152)
Құранда «закят» және «садақа» деген ұғымдар бар. Бұл қаржылық істер қоғамның әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған:
Жақын туысқа оған тиістісін бер, әрі кедейге де, жолаушыға да, бірақ ысырап етіп жұмсама, расында, ысырапқорлар – тілазардың бауырлары, ал тілазар болса Иесінен жабылған! (17:26-27)
Иә сенім артқандар! Сендер тапқан және Менің сендер үшін жерден шығарған салауатты нәрселерден шығындаңдар. Бұған көздеріңді жаппасаңдар, өздерің ала қоймайтын сапасыз нәрселерден шығындамаңдар. Алла – Бай, Даңқты екенін біліңдер! (2:267)
Олар сенен нені шығандау керектігін сұрайды. «Жақсы нәрседен нені шығындасаңдар, соны ата-аналарыңа, жақындарыңа, жетімдерге, кедейлерге, жолаушыларға шығындаңдар. Қандай жақсы іс жасасаңдар да, расында, Алла оны біледі!» – деп жауап бер. (2:215)
Расында, Алла садақаларды кедейлерге, жарлыларға, олармен бірге жұмыс істеп жүргендерге, олармен бірге жүректері байланыстырылғандарға, құқықсыздарға, Алла жолында шығынға ұшырағандарға, жолаушыларға арнаған. Құдай – Білуші, Дана! (9:60)
Ал енді ойланып қарасақ, біздің заманда мемлекетте бұл аталған адамдар санатына кім шығындалады? Мемлекеттің өзі. Мешітте не басқа діндерде жылына бір рет жиналатын қаражат шынында халықтың аз бөлігін де қамтымайды. Мемлекет салық салу жүйесі арқылы қаржыны зейнеткерлерге, жетімдерге, мүгедектерге, түрлі жеңілдіктер берілген адамдарға, білім беруге, медицинаға және т.б. бөліп таратады. Егер ойлансақ, біздің салығымыз дәл осы мұқтаж адамдарға баратын сол «закят» пен «садақа» болып табылады. Себебі салықтар біздің табыстарымыз бен жалақымыздан алынады, яғни біздің жұмыс істеп тапқан ақшамыз әлеуметтік тұрғыдан мұқтаждарға арналған төлемдер ретінде жұмсалады.
- Адал және мөлшерлес;
Мөлшерлестік пен адалдық барлық адамдарға бірдей таралу керек:
Сендер сөйлегенде тіпті жақын туысқан болса да, әділ болыңдар! Алланың алдында міндеттемелеріңді толықтай орындаңдар! Бұл Оның сендерге деген өсиеті, бәлкім естеріңе сақтарсыңдар! (6:152)
Расында, Алла әділдікті, жақсылық қылуды әрі жақындарға сый беруді әмір етті. Ол шектен тысқарылықтан, жағымсыз нәрселерден әрі қысымшылық жасаудан тыяды. Ол сендерге үгіттейді, мүмкін естеріңді жиярсыңдар! (16:90)
- Сот үдерісін ұйғарады;
Маңызды нәрсе – әділдік пен мөлшерлестіктің қағидалары сот істерінде мүлтіксіз орындалуы қажет:
Расында Аллаһ аманатқа берілген нәрсені иесіне қайтаруды және адамдардың арасына төрелік етсеңдер, әділдікпен төрелік етуді әмір етеді. Расында Аллаһ сендерді үгіттеп, жарылқайды! Расында, Аллаһ – Естуші, Көруші! (4:58)
Иә сенім артқандар! Алланың алдында мөлшерлестікте тұрысты куәгерлер болыңдар, тіпті өздеріңе де, немесе ата-аналарыңа, немесе жақындарыңа қарсы болса да, мейлі бай не кедей болсын, ал Алла болса екеуіне де жақын! Құмарлықтарға ермеңдер, бұл – әділдікті бұзбас үшін! Қисайтсаңдар немесе жалтарсаңдар, Алла істеп жүрген нәрселерің жайлы хабардар! (4:135)
Алланың алдында тұрысты, мөлшерлес куәгерлер болыңдар! Адамдардың жек көрушіліктері себебінен қылмыскер болмаңдар, бұл – әділдікті бұзбас үшін! Әділ болыңдар, бұл абай болушылыққа жақынырақ! Алладан сақсыныңдар! Расында, Алла істеп жүрген нәрселерің жайлы хабардар! (5:8)
Олар өтірікті тыңдаушылар, заңсызды жеушілер. Олар саған келсе, араларына төрелік ет немесе олардан кері бұрыл. Егер олардан кері бұрылсаң, олар саған еш зиян келтіре ала амайды. Бірақ араларына төрелік етсең, мөлшерлестікпен төрелік ет! Расында, Аллаһ мөлшерлестілерді сүйеді! (5:42)
- Әділ экономиканы ұйғарады;
Мөлшерлестік пен әділдік қағидалары саудада да сақталуы керек:
Иә халқым! Өлшем мен салмақты толықтай мөлшерлеңдер! Адамдарды ешнәрседе алдамаңдар және бұзушы болып, жер бетінде жамандық жасамаңдар! (11:85)
Өлшегенде толықтай өлшеңдер және салмақты мөлшерлес таразылармен дұрыс өлшеңдер! Бұл – жақсырақ! Бұл – ең жақсы түсіндіру! (17:35)
Дұрыс таразылармен өлшеңдер! (26:182)
Иә сенім артқандар! Белгілі бір мерзімге қарыз алсаңдар, бұны жазыңдар. Жазбаны екеуіне де әділетті хатшы жүргізсін. (2:282)
Құранға сәйкес, экономика пайызды-алып-сатарлық болмау керек. Ақшаның негізсіз өсуі Алламен бір мағыналы түрде жазғырылады:
Иә сенім артқандар! Алладан сақсыныңдар әрі өсімнен қалғанды қалдырыңдар, егер сенуші болсаңдар! (2:278)
Иә сенім артқандар! Еселенген өсімнен тамақтанбаңдар және де Алладан сақсыныңдар, мүмкін, жетістікке жетерсіңдер! (3:130)
Біз яһудилерге зұлымдықтары мен көпті Алланың жолынан бездіргендері үшін, өздеріне бұрын тиым салынған өсімді алғандары үшін, адамдардың мүлігін босқа жегендері үшін өздеріне бұрын рұқсат етілген жағымды нәрселерге тиым салдық. Біз олардың арасынан жабылғандарға ауыр азап дайындап қойдық! (4:160-161)
Өсім алушылықтың арқасында тамақтанып жүргендер, тілазар есуастықпен соққы жасаған адам тәрізді ғана өмір сүреді. Бұл олардың: «Расында, сауда келісімдері өсімге тәрізді!» – деп айтқандары үшін, бірақ Алла сауда келісімдерге рұқсат етіп, өсімге тыйым салды! Кім Иесінің алдын ала сақтандыруы өзіне келгеннен кейін, өсіммен қолданудан тиылса, оның өзінде алдында бар болғаны қалады, ал оның ісі Аллада. Ал кім қайта оралса, солар отқа қосылып, оның ішінде қалады. (2:275)
Алла өсімді жояды және садақаны өсіреді, себебі Алла ешбір жабылған күнәһарды сүймейді ғой! (2:276)
Адамдардың мүлігінде арттырылу үшін өсімге берген нәрселерің Аллада өспейді. Алланың бейнесін қалап, ақтайтын шығын шығарғандарың, міне осылар – көбейтушілер! (30:39)
- Жемқорлыққа қарсы;
Құранда Алла жемқорлықты сөгеді, әсіресе шенеуніктерге берілетін параларды:
Бір-біріңнің мүліктеріңді босқа жұтпаңдар. Оны, біле тұра, адамдардың мүліктерінің бөлігін күнәмен иелену мақсатында шешім шығарушыларға бермеңдер. (2:188)
- Қорғаныс қабілетін тәртіпке салады;
Елдің қорғаныс қабілеті де мемлекетпен тәртіпке салынады. Ол агрессияшыл болмауы тиіс, керісінше көбінесе мемлекеттің қауіпсіздігіне деген қол сұғушылықты тежеуге бағытталу керек:
Алла жолында сендермен шайқасатындармен шайқасыңдар, бірақ шектен шықпаңдар. Расында, Алла шектен шығушыларды сүймейді! Оларды көрген жерлерде өлтіріп, сендерді қуған жерлерден қуыңдар. Себебі бүліктің күнәсі өлтіруден гөрі көбірек. Бірақ олармен шайқасқа тыйым салынған сәжде жасайтын жердің маңында шайқаспаңдар, егер де өздері сол жерде сендермен соғысуды бастамаса ғана. Егер де олар сендермен шайқаса бастаса, оларды өлтіріңдер. Осылайша, жабылғандар жазаланады. Ал егер олар шайқасты доғарса, расында, Алла – Кешірімді, Рақымды! Алланың алдындағы міндет болу үшін, бүлікке деген азғыру болмас үшін олармен шайқасыңдар. Егер де олар доғарса, агрессия тек зұлымдарға қарсы рұқсат етіледі! Тиым салынған ай тиым салынған аймен, алайда тиымды бұзушылық үшін – жаза! Солай, біреулер сендерге қалай шабуыл жасаса, сендер де өздеріне солай шабуыл жасаңдар. Алладан сақсыныңдар және Алла абай болушылармен бірге екенін біліңдер! (2:190-194)
Оларға қарсы шамаларың келгенше күштеріңді дайындаңдар! Салт мініп жүргізілетіндердің құрамаларымен сендер Алланың қарсыластарының, өздеріңнің қарсыластарыңның және олардан басқалардың зәресін ұшырасыңдар. Сендер оларды білмейсіңдер, бірақ оларды Алла біледі!… (8:60)
- Мәжілісті ұйғарады;
Дара басшылық әрине командасыз бола алмайды. Команданың бар болуы өзара кеңесуді талап етеді, себебі кез-келген шешім мұқият ойластырылу керек:
Алланың мейірімі бойынша сен оларға жұмсардың. Егер сен, дөрекі, қатал жүректі болсаң, олар тарқалып кететін еді. Оларды кешір, олар үшін кешірім сұра және олармен іс жөнінде кеңес. Ал егер шешім қабылдасаң, сонда Аллаға тәуекел ет, расында, Алла тәуекел етушілерді сүйеді! (3:159)
Қорытынды
Құранның үзінділерінен көріп отырғанымыздай, мемлекеттің өзі Алланың ұйғарымдарына лайық келеді, оның үстіне, бұндай мемлекеттегі билік Алла тарапынан берілген. Ал енді діни радикалдардың немесе оппозицияның билікті құлатуға деген шақыруы Алла тарапынан негізге ие емес. Оның үстіне, егер қарасақ, Құранда бірде-бір елші билікті құлатуға шақырған емес. Ал Йусуфтың мысалы, тіпті шыншыл адамның (елшінің) өзі де көп құдайға табынушының (перғауынның) басқаруында, сондай мемлекетте және сондай мемлекетке жұмыс істей алатынын көрсетеді.
Басқа елдер туралы айта алмаймын, алайда біздің Қазақстан мемлекетіміз Құранның ұйғарымдарын орындайды. Әрине, біз азамат ретінде түрлі қателерді сынауға құқықтымыз, алайда біз тек қана сынап қоймай, баламаны ұсынып, түзейтін жолдарды көрсетіп және ең бастысы, өзіміздің тілектерімізге сай болуымыз қажет. Құпия емес қой, біз өзіміз де жиі параны ұсынамыз, ұрлыққа көз жабамыз, тіпті өзіміз де мүлікті заңсыз иеленуіне қатысамыз.