Құран әр нәрсеге түсінік береді

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Біз саған Кітапты олардың келіспеушіліктеріне себеп болған нәрсені түсіндіру үшін ғана түсірдік, – сенуші адамдар үшін Нұсқау мен мейірім. (16:64)

Исламдық дәстүрде Құранды ғалым адамдар түсіндіру керек әрі олардың бұған эксклюзивтік құқығы бар деген жалпы жұрт қабылдаған пікір бар. Бұл жайлы көп кітап жазылған, ғылыми бағыттар пайда болды. Оларда Құраннан көп мысалдар келтірілген, оларды тек ғалымдардың түсінік беруі арқылы ғана түсінуге болады деп саналады. Осындай пікірлерді зерттей отырып, адам Құран арнаулы кішігірім топқа түсірілді әрі оған қосылу үшін ерте исламдық теологтардың ондаған әрі жүздеген еңбектерін зерттеу керек деп ойлай бастайды.
Кітапқа бет аударсақ біз мүлде басқа пікірді кездестіреміз. Құранда Алла فصل (фассоля) сөзін қолданған, бұның мағынасы «бөлшектерге бөлу, толық баяндау, егжей-тегжейін ашу». Құранға қатысты ол келесідей қолданылады:

Сөйтіп Біз, қылмыскерлердің жолы анық болуы үшін, белгілерді жете түсіндіреміз! (6:55)

Сендер Алланың үкіміне ұмтылмайсыңдар ма?! Ол сендерге егжей-тегжейлі түрде баяндалған Кітапты түсірді. Бұрын Кітап бергендеріміз, оның Иең тарапынан шындықпен түсірілгенін біледі! Күмәнданушылардан болма! (6:114)

Бұл – Иеңнің тура жолы! Естерінде сақтайтын адамдар үшін Біз белгілерді толық баяндадық! (6:126)

Біз оларға Кітаппен келіп, сенім артқан адамдар үшін біліммен, нұсқаумен әрі мейіріммен баяндап бердік қой. (7:52)

Бұл Құранның Алладан басқа біреуден ойлап шығарылуы мүмкін емес! Бірақ ол оған дейін болғанды ақтайды, әрі Кітапты егжей-тегжейлі түрде түсіндіреді! Оған шүбә жоқ, ол – әлемдердің Иесі тарапынан! (10:37)

Әлиф. Ләм. Ра. 
Кітап.
Оның таңбалары бекітілді, сонан соң Дана, Хабардармен түсіндірілді! (11:1)

Кітап, белгілері араб тіліндегі Құран түрінде түсірілген, білетін адамдар үшін, (41:3)

Өкінішке орай, Аллаға сенім артқан барлық адамдарды Құранды білгірлер делінетіндерсіз түсіне алмайтындарына жүйелі түрде сендіреді. Соның кесірінен көпшілік ойлану, талдау әрі сұрақтың мәнін түсіну үшін өз басын қолдануды тастайды. Дәстүр бойынша, айрықша діни дайындықсыз адамдар Алланың сөзін түсіне алмайды. Алайда, Жаратушымыз ғана ақылымыздың қабілеттерін жақсы біледі, әрі соған сәйкес Ол Өзінің өсиеттерін баяндайды.

Алланың аты айтылған тағамды неліктен жемейсіңдер, сендерге не болған? Расында, мәжбүр болғандарыңды санамаса ғана, тыйым салынған тағам сендерге жете түсіндірілді! Олар құмарлықтары есебінен, білместіктерінен жаңылды! Расында, Иең шектен асушыларды бәрінен жақсы біледі! (6:119)

«Ұнарлық ризық пен Алланың әшекейлеріне, оларды Ол қызметшілеріне арнап шығарған, кім тыйым салды?!» – деп сұра.
«Бұлар тек таяу өмірде қиямет күніне сенгендер үшін!» – деп айт. Сөйтіп Біз белгілерді білетін адамдарға жете түсіндіреміз! (7:32)

Сөйтіп Біз белгілерді толық баяндаймыз, мүмкін, олар қайтатын шығар! (7:174)

Алайда олар тәубесіне келіп, байланысқа шығып, ақтайтын шығын шығарса, олар сендердің міндеттегі бауырластарың болады! Білетін адамдар үшін Біз белгілерді толық баяндадық! (9:11)

Расында, таяу өмірдің мысалы Біз аспандардан түсірген су тәрізді. Онымен, адамдар мен жануарлар қоректенетін, жердің өсімдіктері араласады. Жер гүлденіп, безендірілген кезде, оның тұрғындары оны өздері билеп-төстейміз деп ойлайды. Ал Біздің әміріміз күндіз не түнде келген кезде, Біз оны орылған қыламыз, ол кеше бай болмағанындай. Сөйтіп, ойланатын адамдар үшін Біз белгілерімізді толық баяндаймыз! (10:24)

Расында, олар жайлы айтылған хабарда, ақыл иелері үшін, ғибрат бар! Бұл ойдан шығарылған әңгіме болған жоқ!
Алайда, бұл – оған дейін болғанның ақтауы, әр нәрсенің түсінігі, Нұсқау әрі сенім артқан адамдарға мейірімділік! (12:111)

Сендерге өздеріңнен мысал келтірді.
Сендерге тәуелділердің арасынан, Біз сендерді ризықтандырғанда, сендермен бірге серіктес болғандар бар ма? Осыда сендер теңсіңдер ме? Бір-бірілеріңнен сескенгендей, олардан да сөйтіп сескенесіңдер ме? Сөйтіп ұғынатын адамдар үшін Біз белгілерімізді жете түсіндіреміз. (30:28)

Алланың Ұйғарымы әмбебап. Ол қарапайым шындықты ғана емес, ғылыми деректерді де түсіндіреді, олар да адам ақылына түсінікті болып келеді, бұны 20 ғасырда ашылған ғылыми жаңалықтар растайды.

Ол, зұлмат кезінде, құрлық пен теңізде бағдарлануларың үшін, жұлдыздарды жасады. Сөйтіп, Біз, түсінетін адамдарға, белгілерді жете түсіндіреміз!
Ол сендерді Бір Тұлғадан көтерді! Мекендеу жерін әрі сақтау орнын орнатты! Біз, түсінетін адамдарға, белгілерді жете түсіндіреміз! (6:97-98)

Ол – күнді сәулелейтін, ал айды жарқырайтын қылып жасады! Жылдардың санын, есептеуді білулерің үшін, оларға орындарын белгіледі! Алла бұны тек қана шындықпен жаратты! Ол, білетін адамдарға, белгілерді жете түсіндіреді! (10:5)

Алла аспандар мен жерді көрінетін тірексіз тұрғызды, сонан соң оларды мекендеуге арнап жайластырды. Күн мен айды бағындырды. Бәрі тағайындалған мерзімге дейін жарамды. 
Ол істі басқарады. 
Ол белгілерді жете түсіндіреді, мүмкін, Иелеріңмен кездесетіндеріңе сенерсіңдер! (13:2)
Түн мен күнді екі белгі етіп жасадық. Иелеріңнің молшылығына ұмтылуларың үшін, әрі жылдардың санын, есептеуді білулерің үшін, түннің белгісін өшіріп, күннің белгісін орнатамыз. Біз әр нәрсені жете түсіндірдік! (17:12)

Жете түсіндіруді бұрынғы Кітаптар да қамтитын:

Содан соң Біз Мұсаға толық Кітап бердік, жақсылық болуы үшін, әр нәрсеге түсінік беретін, нұсқау әрі мейірім ретінде! Мүмкін, олар Иелерімен кездесетініне сенер! (6:154)

Біз ол үшін тақталарда әр нәрсенің уағызын әрі егжей-тегжейлерін жаздық: «Бұдан мықты ұсталыныңдар әрі халқыңа бұнын ішіндегі ең жақсысысынан ұсталыныңдар деген әмір бер!» (7:145)

Жоғарыда келтірілген сөзбен қатар Алла Құранда بين (бәйина, бәйинун) сөзін қолданады, бұның мағынасы «түсіндіру, көрсету, айқын, анық, ашық». Әрі بينة (бәйинәтун) сөзін, мағынасы – «анық дәлел, куәлік». Үстем бұл терминдер арқылы Оның Сөзін кім түсіндіру керектігін анық айтты:

Шыжыған (рамазан) айда адамдарға нұсқау ретінде Құран түсті. Нұсқауда айқын дәлелдер мен ажырату бар. (2:185)

Сөйтіп Алла Өз белгілерін адамдарға түсіндіреді, мүмкін, олар абай болар! (2:187)

Сөйтіп Алла сендерге белгілерін түсіндіреді, мүмкін, алғысты боларсыңдар! (5:89)

Сол Күні Біз әр басшылықтан өздеріне қарсы куәгерді жібереміз және сені осыларға қарсы куәгер есебінде келтіреміз. Біз саған Кітапты әр нәрсенің түсінігімен бірге, әрі бойұсынғандар үшін нұсқау, мейірім әрі қуанарлық хабар ретінде түсірдік! (16:89)

Сөйтіп Біз оны айқын дәлелдейтін белгі ретінде түсірдік! Расында, кім қаласа, Алла соны бағыттайды! (22:16)

«Тарау» (сүре). Біз саған оны түсірдік те оны міндетіңе арттырдық! Біз оның ішінде айқын дәлелдер ретінде белгілер түсірдік, мүмкін, естеріңе түсірерсіңдер! (24:1)

Расында, Біз белгілерді түсіндірілген түрде түсірдік! Кім қаласа, Алла соны тура жолға бағыттайды! (24:46)

Сөйтіп Алла сендерге белгілерді түсіндіреді! Алла – Білуші, Дана! (24:58)

Сосын, расында, оны түсіндіру Бізге міндет! (75:19)

Адамдар Алланы түсіну үшін әрі Оның заңдарына сәйкес өмір сүруі үшін Ол оларға Кітап түсірді. Алланың сөзі адамға түсініксіз болса, одан бірнәрсе талап етуге де болмайды ғой. Алайда, Құран барлық ойланатын адамдарға түсінікті.

Сендерге айқын дәлелдер келгеннен кейін қателессеңдер, сонда біліңдер, Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! (2:209)

Ол адамдарға Өз белгілерін түсіндіреді, мүмкін, олар ойланар! (2:221)

Алланың шектеулері осындай! Ол оларды білетін адамдарға түсіндіреді! (2:230)

Осылайша Алла сендерге Өзінің белгілерін түсіндіреді, мүмкін, ұғарсыңдар! (2:242)

Сөйтіп Алла сендерге Өз белгілерін түсіндіреді, мүмкін, ойланарсыңдар! (2:266)

Бұл – адамдарға түсіндіру, абай болушылар үшін Нұсқау мен үгіт! (3:138)

Сендер адаспауларың үшін Алла сендерге түсіндіреді. Алла әр нәрсені білуші! (4:176)

Қазіргі күнімізде де сияқты барлық уақыттарда ақиқатты жоққа шығаратын адамдар болатын. Бірақ олардың дәлелдері Алла үшін негізсіз. Адам өзін қалай ақтаса да, Жаратушы оны сөгеді.

Расында, Біз саған айқын дәлел ретінде белгілерді түсірдік, бірақ олардан тек шегінушілер жабылады. (2:99)

Білмейтіндер:
«Неліктен Алла бізбен сөйлеспейді немесе бізге белгіні бермейді?» – деп айтты.
Оларға дейінгілер де сөйтіп айтқан. Олардың сөздері іспеттес, жүректері ұқсас. Біз, көздері жеткен адамдарға, белгілерді түсіндірдік. (2:118)

Елшіні ақиқат деп куәлік бергеннен кейін әрі сенім артқаннан кейін жабылғандарды Алла қалайша бағыттайды? Оларға айқын дәлелдер келді. Расында, Алла зұлымдарды бағыттамайды! (3:86)

Өздеріне айқын дәлелдер келгеннен кейін бөлініп, таласқандарға ұқсас болмаңдар. Осылар үшін – зор азап! (3:105)

Иә сенім артқандар! Айналаларыңа өздеріңнен басқа ешкімді алмаңдар. Олар сендерге бөгет жасаудың мүмкіндігін жіберіп алмайды. Олар сендердегі бар нәрсені қалайды. Олардың сөздерінен жеккөрушілік көрінді, ал көкіректерінде жасыратындары одан да артық. Біз сендерге белгілерімізді түсіндірдік, ақылды болсаңдар! (3:118)

«Менде Иенің тарапынан айқын дәлелдер бар, бірақ сендер оларды жалған санайсыңдар. Сендер асықтырған нәрселерің менде жоқ. Расында, үкім тек қана Аллаға тиесілі! Ол ақиқатты баяндайды, Ол жете түсіндірушілердің ең жақсысы ғой!» – деп айт. (6:57)

Немесе: «Кітап бізге түссе, біз міндетті түрде олардан гөрі бағытталғанырақ болатын едік!» – деп айтасыңдар. 
Сендерге Иелеріңнен айқын дәлелдер келді ғой – нұсқау мен мейірім! Біздің белгілерімізді өтірік санап, олардан жиренгеннен кім зұлымырақ?! Біздің белгілерімізден жиренгендерге, жиренгендері үшін, жаман азаппен қайтарамыз! (6:157)

Алла адамдарды бағыттағаннан кейін олардың сақсынатын нәрселерін оларға түсіндірмегенше, оларды жаңылдырмайды. Расында, Алла әр нәрсені білуші! (9:115)

Оларға Біздің белгілерімізді айқын дәлелдермен оқыған кезіңде, Бізбен кездесуді күтпейтіндер:
«Бізге басқа Құранды бер немесе оны ауыстыр» – дейді.
«Мен оны өз қалауымша ауыстырғаным болмайды! Расында, мен тек маған берілген уаһидің артынан ғана еремін! Мен Иеме бағынбасам, ұлы күні азап шегемін деп қорқамын!» – деп жауап бер. (10:15)

Сонан соң одан кейін де Біз олардың еліне елшілерді жібердік. Олар оларға айқын дәлелдермен келді, бірақ олар бұрында өтірік санайтын нәрселеріне сенім келтірмеді. Осылайша Біз шектен асушылардың жүректерін мөрлейміз! (10:74)

Сен оларға Біздің белгілерімізді түсіндірілген түрде оқыған кезде, жабылғандар сенім артқандардан:
«Осы екі топтың қайсысының жағдайы жақсырақ әрі жиналысы әдемірек?» – деп сұрайды. Оларға дейін де Біз қаншама елді мекенді жойдық. Олардың жайластыруы мен көріністері көркемірек болды. (19:73-74)

Оларға Біздің белгілеріміз айқын дәлелдермен оқылғанда, жабылғандардың беттерінен қабыл алмаушылықты көресің. Олар, өздеріне белгілерімізді оқитындарға, шабуыл жасауға дайын.
«Сендер үшін осыдан ең жаманын айтайын ба? Бұл – От! Оны Алла жабылғандарға уәде етті! Бұл жаман нәтиже!» – деп айт. (22:72)

Әрине, бұл – білім берілгендердің жүректеріндегі айқын белгілер! Біздің белгілерімізден тек қана зұлымдар бас тартады! (29:49)

Біздің белгілеріміз оларға түсіндірілген түрде оқылған кезде, олар: 
«Бұл, сендерді, әкелерің қызмет еткен нәрседен, бездіруді қалайтын ғана ер адам!» – дейді.
Олар: «Бұл – ойдан шығарылған өтірік!» – дейтін.
Өздеріне шындық келгеннен кейін, одан жабылғандар:
«Бұл – айқын сиқыр!» – дейді. (34:43)

Біздің белгілеріміз оларға айқын дәлелдермен оқылған кезде, оларда:
«Шыншыл болсаңдар, біздің әкелерімзді келтіріңдер!» – дегендерінен басқа аргументтері жоқ. (45:25)

Оларға Біздің белгілеріміз айқын дәлелдермен оқылған кезде, өздеріне шындық келгеннен кейін, одан жабылғандар: 
«Бұл – айқын сиқыр!» – дейді. (46:7)

Біліңдер, жердің өлімінен кейін, Алла оны тірілтеді. Біз сендерге белгілерді түсіндірдік, мүмкін, ұғынарсыңдар! (57:17)

Алла мен Оның елшісіне ашуланатындар талқандалған болады, өздеріне дейінгілер тәрізді. Біз белгілерді айқын белгілер ретінде түсірдік! Жабылғандар үшін – қорлаушы азап! (58:5)

Құранға дейінгі Кітап иелеріне қатысты сөз айтсақ, олар үшін де ақиқатты қабылдамау жағдайында ақталу жоқ.

Кітап иелерінің көбісі өздеріне ақиқат түсінікті болғаннан кейін көре алмаушылықтарынан сендерді сенім келтіргендеріңнен жабылушылыққа қайтарғысы келеді. Алла Өз әмірімен келмегенше өздеріңді ұстап, оларды кешіріңдер. Расында, Алла әр нәрсеге құдіретті! (2:109)

Расында, Біз Өзіміз түсірген айқын дәлелдерді әрі Нұсқауды адамдарға түсіндіргендерімізден кейін оны жасыратындарды Алла лағынеттейді әрі лағынет етушілер лағынеттейді, (2:159)

Иә Кітап иелері! Көп нәрсенің жанынан өтіп, Кітаптан жасырғандарыңның көбісін түсіндіру үшін сендерге Біздің елшіміз келді. Сендерге Алладан Нұр әрі айқын Кітап келді! (5:15)

Иә Кітап иелері! Сендердің:
«Бізге қуантушы да, алдын ала ескертуші де келген жоқ!» – деп айтпауларың үшін, елшілерден кейін уақыт аралығы өткеннен кейін сендерге елшіміз келді.
Мінекей, сендерге қуантушы да, алдын-ала ескертуші де келді. Расында, Алла әр нәрсеге Құдіретті! (5:19)

Майланған, Мәриямнің ұлы, – тек елші ғана. Одан бұрын да елшілер өткен, ал оның анасы турашыл болды. Екеулері де тамақ жейтін. Оларға белгілерді қалай түсіндіргенімізге қара, бірақ сонан соң олар беттерін кері аударады! (5:75)

Әрине, Исламдағы кез келген бағыттың өкілі елшіні тыңдау керек деген Алланың әміріне сүйене тұра, оның бұйрықтарын орындауын талап етеді. Бұл тезиске ешкім қарсы келіп тұрған жоқ. Біз оны қалай тыңдауымыз керек деген мәселе кедергі тас болып тұр. Елшінің қандай бұйрықтарын орындауымыз керек? Елші жайлы әңгімелерге сүйену керек деген пікір бар. Бірақ Құран мәтіні бізге басқа нәрсені жеткізді:

Олар сенен ақылды жабатын заттектер мен ақша үшін ойындар жайлы сұрайды.
«Олардың екеуінде де адамдар үшін үлкен күнә мен пайда бар, алайда екеулеріндегі күнә пайдаларынан артығырақ!» – деп жауап бер.
Олар сенен нені жұмсаулары керектігін сұрайды.
«Қалдықты!» – деп жауап бер.
Сөйтіп, Алла сендерге Өз белгілерін түсіндіреді, мүмкін, таяу өмір мен ақырғы өмір жайлы ойланарсыңдар! (2:219-220)

Адамдарға түсірілгенді түсіндіруің үшін Біз саған Ескертуді түсірдік, мүмкін, олар ойланар! (16:44)

«Расында, маған Иемнен айқын дәлелдер келгеннен кейін, сендер Алладан бөлек басқаларды шақыратындарыңа қызмет ету маған тыйым! Әлемдердің Иесіне бойұсыну маған әмір етілді!» – деп айт. (40:66)

Ол, сендерді түнектен нұрға шығаруы үшін, Өзінің қызметшісіне белгілерді айқын дәлелдер түрінде түсірді! Расында, Алла сендерге Есіркегіш, Рақымды ғой! (57:9)

Алла, сенім артып, түзелгендерді түнектен Нұрға шығару үшін, Оның белгілерін түсіндірілген түрде оқитын елшімен бірге, ескертуді жіберді. Кім Аллаға сеніп, түзеліп жатса, соны Алла төменгі жақтарында өзендер ағатын бақтарға кіргізеді, сол жерде оны тұрақты түрде қалдыру үшін! Соған Алла ең жақсы ризықты берді! (65:10-11)

Хабарландырушыны тыңдаушылық ол бізге жеткізген Кітапқа ерумен шектелетіні келтірілген үзінділерден анық келеді. Алла Құранда айтқанындай, барлық хабарандырушылар бірдей миссиямен келетін. Адамдарға деген талап ешқашан өзгермейтін.

Біз елшілерді оларға түсіндірсін деп тек қана өздерінің халқының тілімен жібердік. Кім қаласа, Алла соны жолдан жаңылдырады, әрі кім қаласа, соны бағыттайды. Ол – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! (14:4)

Сендерге дейін болған Нұх халқы, Ғад халқы, Самуд халқы әрі олардан кейінгілер жайлы хабар сендерге жетпеп пе еді?! Оларды тек қана Алла біледі! Оларға елшілер айқын белгілермен келген еді, ал олар болса қолдарымен ауыздарын жауып: «Расында, сендер арқылы жіберілген нәрседен біз жабықпыз! Расында, сендер шақыратын күдікті нәрседен біз күмәндамыз ғой!» – деп айтатын. (14:9)

Олар: «Бізге келген айқын дәлелдер мен бізді жаратқанның орнына, саған артықшылық бермейміз! Шешетініңді шеш! Расында, сен таяу өмірде шешесің…» – деген жауап берді. (20:72)

Расында, Біз сендерге түсіндірілген белгілерді әрі сендерден бұрын өткендердің мысалын әрі абай болушылар үшін үгіт түсірдік. (24:34)

Осыдан кейін біз Алла Өз Кітабын жеткіліксіз түсіндірді деп айта аламыз ба? Құдай берген нұсқау ретінде Құран жеткіліксіз деп айтуға құқығымыз бар ма?