Құран ақиқат жайында. 4-ші бөлім
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Кез келген қоғамда тіршілік ортасында тағайындалған белгілі бір ережелер мен жүріс-тұрыс ережелері бар. Бұндай нұсқаулардың тұрақты жұмыс істеулері үшін оларды адам үшін киелі нәрсеге жатқызатын. Адамдар үшін ең киелі нәрсе болып бұл сөздің кең мағынасында сенім келетін.
Құран нұсқау ретінде барлық өзге жүріс-тұрыс ережелеріне қарсы қойылды әрі барлық нәрселерде басымдылыққа талаптанады.
Өз елшісін нұсқаумен әрі, оны барлық міндеттерден жоғары көрсету үшін, шынайы міндетпен бірге жіберген – Сол! Куәгер ретінде Алла жеткілікті! (48:28)
Өз елшісін нұсқаумен әрі, бұл Аллаға серік қосушыларға жеккөрінішті болса да, оны барлық міндеттерден жоғары көрсету үшін, шынайы міндетпен бірге жіберген – Сол! (61:9)
Бұл барлық адамзатқа қатысты, сондықтан Алла жер жүзінде тұратын бәріне үндейді.
Иә адамдар! Сендерге, Иелеріңнен ақиқатпен, елші келді! Сенім артуларың өздеріңе жақсы болады! Ал жабылсаңдар, аспандар мен жерлер Аллаға тиесілі ғой! Расында, Алла – Білуші, Дана! (4:170)
Өкінішке орай, қос стандартты ұстанатын адамдар барлық уақыттарда жеткілікті болатын, бұл қоғам дамуындағы жаңылуды алдын ала анықтады.
Елшіні ақиқат деп куәлік бергеннен кейін әрі сенім артқаннан кейін жабылғандарды Алла қалайша бағыттайды? Оларға айқын дәлелдер келді. Расында, Алла зұлымдарды бағыттамайды! (3:86)
Өз құмарлықтарын нұсқау етіп алған адамдардың көбісінің өздерінің реакциялары жөнсіз болса да, олар Мухаммадты есінен жаңылған деп беталды айыптаған еді.
Немесе олар: «Ол есінен жаңылған» – дейді ме?
Керісінше, ол оларға ақиқатпен келді, бірақ олардың көбісіне ақиқат жеккөрінішті! Егер ақиқат олардың құмарлықтарына ерсе, аспандар мен жер әрі сондағы әлдекімдер құртылатын еді ғой! Бірақ Біз оларға Ескертуді келтірген едік, алайда олар Ескертуден шеттенді! (23:70-71)
Барлық өсек-аяңдарға жауап ретінде, Кітап – елшілер әкелген ақиқат деп Жасаушы бірнешесінші рет хабар жеткізді.
Керісінше, ол ақиқатпен келіп, елшілерді растады. (37:37)
Кітап иелері тұратын аумақтарда Құранды жаппай мойындау феномені саналы түрде шешім қабылдауға негізделген. Олардың көбісі мәжбүрлегендіктен емес, шынайы ұмтылыс нәтижесінде сенім келтірді.
Олар елшіге түсірілгенді тыңдаған кезде, ақиқатты танығандықтарынан олардың көздері жасқа толғанын көресің.
Олар: «Иеміз! Біз сенім арттық, бізді куәгерлермен бірге жазып қойшы! Неліктен бізге Аллаға әрі бізге ақиқаттан келген нәрсеге сенім артпасқа?! Иеміз бізді түзелген адамдармен бірге кіргізгенін аңсаймыз!» – деп айтады. (5:83-84)
Осыған дейін Бізден Кітапқа ие болғандар, оған сенеді. Оларға оқыған кезде, олар: «Біз бұған сенім арттық, бұл – Иемізден ақиқат. Біз бұған дейін де бой ұсынғандардан болдық!» – деп айтады. (28:52-53)
Кітап иелерінің Құранға деген сенімі соқыр емес, саналы болды. Және де Құранның ұйғарымдарына деген ерушілік дәп саналы адамдармен ассоциациаланады.
Саған Иең тарапынан түсірілген нәрсе ақиқат екенін білетін әлдекім соқырға тәрізді ме еді?!
Расында, бұны ақыл иелері еске түсіреді, (13:19)
Шынайы саналы түрде сенім келтірген адамдарды анықтау үшін Алла бағдар орнатты:
Қайдан шықсаң да, жүзіңді шайқасқа тыйым салынған сәжде жасайтын жерге аудар. Расында, ол – Иеңнен ақиқат қой. Алла істеп жүрген нәрселеріңнің ешқайсысын байқамай қалмайды! (2:149)
Бүкіл діндер мен сенім-нанымдар, түсініктемелер мен бағыттар, партиялар мен жіктер қоғам мен болашақ өмірдегі тәртіптің ең оңтайлы көрінісіне талаптанады. Құранда болса, ШЫНАЙЫ НҰСҚАУДЫ ұстанып, ол арқылы әділдік жасайтын адамдар қауымдастығы туралы ескерілген.
Біз жаратқандардың арасында басшылық бар. Ол хақпен бағыттайды және онымен әділдік жасайды. (7:181)
Ақиқат, бұл – Алла әрі Оның Сөзі.