Құран ақиқат жайында. 3-ші бөлім

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Исламның оппоненттері Құрандағы жеке, жаһандық тақырыптарды қамтымайтын, диалогтар мен сипаттамаларды мінеп-шенейді. Мысалы, бұл Зәйд, Әбу Лахаб және т. с. с.  туралы ескертулерге қатысты. Бұндай алдан пішілген көзқарас әділдікке емес, мінеп-шенеу үшін қандай да бір себепті табуға деген ұмтылысқа негізделген. Алайда, егер Кітаптың жалпы көрінісін қамтысақ, біртұтас сипаттаманы байқауға болады, бір шетінен қарағанда маңызсыз сияқты болып көрінетін оның ішіндегі мәлімет бүкіл аянның көркем құрылымына үйлесімді түрде қоса өрілгенін көруге болады. Бұндай қисынсыз көзқарас туралы Құранда келесі сөз айтылған:

Расында, Алла масаны әрі одан үлкен жаратылысты мысалға келтіруді ұялмайды.

Сенім артқандар болса, олар, бұл – Иеден ақиқат екендігін біледі.

Жабылғандар болса, олар:

«Алла осы мысалмен не көрсеткісі келді?» – деп сұрайды. Осымен Ол көп жанды адасушылыққа апарады, ал көп жанды осымен Ол бағыттайды, алайда осымен тек жолдан тайғандар адасады! (2:26)

Алла белгілерін бас тартушылардың зұлматтарының себебі дәстүрді құдай деп танушылықта. «Шыншыл бабалардың» қателеспегендіктеріне деген соқыр сенім Құрандағы ақиқатты көруге жол берген жоқ:

Біздің белгілеріміз оларға түсіндірілген түрде оқылған кезде, олар:

«Бұл, сендерді, әкелерің қызмет еткен нәрседен, бездіруді қалайтын ғана ер адам!» – дейді.

Олар: «Бұл – ойдан шығарылған өтірік!» – дейтін.

Өздеріне шындық келгеннен кейін, одан жабылғандар:

«Бұл – айқын сиқыр!» – дейді.

Біз оларға зерттеулері үшін Кітаптарды жіберген емеспіз, әрі саған дейін Біз оларға алдын-ала ескертушіні жіберген жоқпыз! (34:43-44)

Бас тартушылар өз ұстанымының қателігін сезіп, сиқыршылыққа айыптаудан басқа, ақылға сиымды ештеңе қарсы қоя алған жоқ.

Әрине, Мен олардың әкелеріне рахатқа бөленуге жол бердім, оларға ақиқат пен айқын елші келмегенше! Оларға ақиқат келгеннен кейін, олар: «Бұл – сиқыр! Расында, біз бұдан жабықпыз!» – деді. (43:29-30)

Оларға Біздің белгілеріміз айқын дәлелдермен оқылған кезде, өздеріне шындық келгеннен кейін, одан жабылғандар:

«Бұл – айқын сиқыр!» – дейді. (46:7)

Басқаша бола алмайтын да, себебі олар үшін киелі заттарының дәрменсіздігін басқаша қорғауға мүмкін емес болатын.

Біз сендерге ақиқатпен бірге келген едік қой, бірақ көпшіліктеріңе ол жеккөрінішті болды! (43:78)

Келген ақиқатқа деген жеккөрушілік аянның мәнін түсінуге жол берген жоқ, осыған бола оппоненттер ол туралы білімнен айырылды. Сонымен қатар, жазбаша түрдегі нақты дереккөздердің жоқ болғандығынан оларда дәлелдер деңгейінде қарсы пікір білдірудің мүмкіндігі болған жоқ.

Немесе олар Одан өзге тәңірлерді алды ма? «Маған дәлелдеріңді келтіріңдер! Бұл – менімен бірге болғандардың ескертуі әрі менен бұрын болғандардың ескертуі. Әрине, олардың көбісі ақиқатты білмейді әрі олар жалтарады!» – деп айт. (21:24)

Бұл жәйт тіпті сенушілердің жанұяларының ішінде де қарсыласуға әкелген, ол жанұялардың балалары Кітаптан бас тартқан.

Өз әкешешесіне: «Тьфу сендерге! Менің алып шығарылатыныма уәде беріп тұрсыңдар ма? Маған дейін де буындар өткен еді ғой!» – деп айтатын әлдекім де бар. Ол екеуі, Алланы көмекке шақырып: «Қайғы саған! Сенім келтір, Алланың уәдесі – ақиқат қой!» – дейді, бірақ ол: «Бұл – көне аңыздар!» – деп жауап береді. (46:17)

Адам болғандықтан, сенушілердің бір бөлігі жақын көретін адамдарына қатысты осалдық танытатын. Кейде сезімталдық болып жатқан нәрселердің мәнін көруге бөгет болатын.

Иә сенім артқандар! Менің әрі сендердің қарсыластарымызды жебеуші қылып алмаңдар! Сендер оларға сүйіспеншілікпен қарайсыңдар, ал олар болса сендерге ақиқаттан келген нәрседен жабылды. Олар елшіні әрі сендерді Иелерің Аллаға сенім артқандарың үшін қуады. Менің жолымда ынталануға шықсаңдар әрі Менің ризашылығыма ұмтылсаңдар, бірақ оларға деген сүйіспеншілікті жасырсаңдар, сендер нені жасырып, нені жария ететіндеріңді Мен артығырақ білемін. Кім араларыңнан соны істесе, сол тура жолдан жаңылды. (60:1)

Сондай адамдар кез келген жолмен Құранды жоққа шығаруға ұмтылатын, тіпті сол үшін бұрынғы Кітапты қолдануға да тырысатын, өздері оны қабылдамаса да.

 Оларға Бізден ақиқат келгеннен кейін, олар: «Неліктен оған Мұсаға берілгенге ұқсас нәрсе берілген жоқ?» – деп сұрады. Ал олар Мұсаға берілгеннен бұрында жабылмап па еді? Олар: «Бір-біріне көмектескен екі сиқыр!» – деп айтты. Олар: «Расында, біз бәрінен жабықпыз!» – деп айтты. (28:48)

Алайда Кітап иелерінің де бір бөлігі Құранды Құдай берген Кітап ретінде мойындауға асықпайтын.

Оларға: «Алладан жіберілгенге сенім артыңдар!» – делінгенде,

олар: «Біз, бізге жіберілгенге, сенім артамыз!» – деп жауап берді. Одан кейін жіберілгеннен олар жабылады. Ол – олардағыны ақтайтын ақиқат қой! 

«Сенуші болсаңдар, неліктен бұрын Алланың хабарландырушыларын өлтірдіңдер?» – деп сұра. (2:91)

Бұның себебі болып жетістіктірек доктринаға деген қарабайыр қызғаныш келді.

Кітап иелерінің көбісі өздеріне ақиқат түсінікті болғаннан кейін көре алмаушылықтарынан сендерді сенім келтіргендеріңнен жабылушылыққа қайтарғысы келеді. Алла Өз әмірімен келмегенше өздеріңді ұстап, оларды кешіріңдер. Расында, Алла әр нәрсеге құдіретті! (2:109)

Кітап иелерінің арасынан көп адам өз адалдықтарынан Құранға сөзсіз сенім артты, ал зұлымдар болса, өз адасушылығында қала берді.

Кім өз Иесінен айқын дәлелге ие?! Оны Одан келген куәгер оқиды!

Оған дейін Мұсаның Кітабы нұсқау мен мейірім болды. Сондайлар оған сенеді.

Әр партиялардан одан жабылғандарға от уәде етілді! Ол жайлы күмәнда болма! Расында, бұл – Иеңнен ақиқат, алайда адамдардың көбісі сенбейді! (11:17)

Кітап иелерінің бір бөлігі Құранды мойындағаны таңғаларлықты емес, себебі олардың көбісі ақиқат туралы хабардар болды ғой, сол ақиқаттың белгісін олар соңғы аянда анық көрген.

Сен көзіңді аспанға көтергеніңді Біз көрдік. Біз саған өзің ырза болатын бағдарды міндетті түрде артамыз. Жүзіңді шайқасқа тыйым салынған сәжде жасайтын жер жаққа аудар. Қайда болсаңдар да, жүздеріңді сол жаққа аударыңдар.

Расында, өздеріне Кітап берілгендер, бұл – Иелерінен ақиқат екенін біледі. Алла олардың істеп жүрген нәрселерінің ешқайсысын байқамай қалмайды. (2:144)

Бізден Кітапқа иеленгендер оны өздерінің балаларын білгендей біледі. Расында, олардың бір бөлігі, өздері оны білсе де, ақиқатты жасырады. Ақиқат – Иеңнің тарапынан! Күмәнданушылардан ешқашан болмаңдар! (2:146-147)

Сендер Алланың үкіміне ұмтылмайсыңдар ма?! Ол сендерге егжей-тегжейлі түрде баяндалған Кітапты түсірді. Бұрын Кітап бергендеріміз, оның Иең тарапынан шындықпен түсірілгенін біледі! Күмәнданушылардан болма! (6:114)

Кітап иелерінің арасынан ақиқатты қабылдамаған бөлікке өздерінің адасушылықтарына қатысты ескертулер жасалынды, бұл адасушылықтар өздеріне түскен Кітаптардың түсінуіне қол сұққандарынан пайда болды.

Иә Кітап иелері! Өз міндеттеріңде шектен шықпаңдар және Алла жайлы тек қана шындықты айтыңдар!

Расында, Мәриәм ұлы, майланған Иса, тек қана Алланың елшісі! Алладан Мәриәмға Оның сөзі мен Оның Рухы берілді. Аллаға және Оның елшілеріне сеніңдер!

Үш деп айтпаңдар! Тыйылсаңдар, өздеріңе жақсы болады!

Расында, Алла – Жалғыз тәңірі!

Ол – баласы болудан шексіз алыс!

Аспандар мен жердегілердің бәрі Оған тиесілі! Алла сенімгер болғаны жеткілікті! (4:171)

Онсыз да түсінікті ақиқаттың мағынасын ашуға ұмтылғандық шектен асушылық пен аянның мәнісінің бұрмалануларына жетеледі.

«Иә Кітап иелері! Міндеттеріңде хақсыз шектен аспаңдар және бұрын жаңылған адамдардың құмарлықтарына ермеңдер! Олар көпті адастырды және өздері де түзу жолдан жаңылды!» – деп айт. (5:77)

Оларға деген сөгістің дұрыстығын Құраннан бұрын түсірілген Кітаптардан да көруге болады. Сонымен қатар, «абыздар» әзірге дейін де қасарып ақиқатқа қарсылық көрсетуде.

Иә Кітап иелері! Неліктен сендер, біле тұра, ақиқатты бос нәрсемен жауып, ақиқатты жасырасыңдар?! (3:71)

Құтқарылуға мүмкіндік бергенімен бірге, Жасаушы Кітап иелеріне шыншыл болуды ұсынды.

Оны біле тұра, ақиқатты бос нәрсеге жамылдырмаңдар әрі ақиқатты жасырмаңдар. (2:42)

Кітапты жоққа шығарушылардың барлығының дәрменсіздігі өздерінің істерін Құранды әрі оның мазмұнын жамандауға қарай бағыттады.

«Менде Иенің тарапынан айқын дәлелдер бар, бірақ сендер оларды жалған санайсыңдар. Сендер асықтырған нәрселерің менде жоқ. Расында, үкім тек қана Аллаға тиесілі! Ол ақиқатты баяндайды, Ол жете түсіндірушілердің ең жақсысы ғой!» – деп айт. (6:57)

Бұны халқың өтірік санады, бұл ақиқат болса да. «Мен сендер үшін кепілгер емеспін!..» – деп айт. (6:66)

Керісінше, Біз оларға ақиқатпен келдік, бірақ олар жалған санайды ғой! (23:90)

Немесе олар: «Алла туралы ойдан шығарылған өтірік!» – деп айтады. Егер Алла қаласа, Ол сенің жүрегіңді мөрлейді, әрі Алла бос нәрсені жояды. Ол Өз сөздерімен ақиқатты бекітті! Расында, Ол ниеттерді біледі! (42:24)

Құранның бұлжымайтын ақиқаты Кітап иелерінің түсіндірулері қате екенін үзілді-кесілді түрде айтқан. Сол қате түсіндірулері салдарынан олар қайшылыққа ұшыраған.

Бірақ ақиқат өздеріне келген кезде, олар оны өтірік санады. Олар істерінде шатасып қалды! (50:5)

Ақиқатты жоққа шығарушылық келемеж бен тәлкекпен сүйемелденетін, бұл да олардың ұстанымдарының дәрменсіздігінің белгісі болды.

Өздеріне ақиқат келгеннен кейін, олар оны өтірік санады! Олардың өздеріне бұны жақтырмағандары туралы хабар келеді. (6:5)

Біз елшілерді қуантушы және алдын-ала ескертушілер ретінде ғана жібереміз! Жабылғандар бос нәрсе арқылы салғыласады, онымен ақиқатты теріске шығару үшін! Олар Біздің белгілерімізді әрі алдын-ала ескергенімізді тәлкекке алады! (18:56)

Зұлматтық ақиқат Нұрына деген қарсылық көрсетуде. Зұлматтық адамды надандықтың түнегінде қалдырады.

Аллаға қарсы өтірікті ойлап шығарғаннан немесе ақиқат келгеннен кейін, оны өтірік санайтыннан кім зұлымырақ? Жабылғандардың тұратын жерлері Тозақ емес пе еді?! (29:68)

Өтірік Кітаптың баламалы таңдауын немесе Иенің атынан жарияланған оған ұқсасын ұсыну түрінде де көрінетін.

Алла туралы өтірік ойлап шығарғаннан немесе өзіне ешбір уаһи етілмесе де: «Маған уаһи етілді!» – дегеннен кім зұлымырақ?! Әрі: «Алла түсіргеннің ұқсасы маған да түсіріледі!» – деп айтқаннан кім зұлымырақ?! Зұлымдар өлім алдында қалай жанталасатынын көрсең! Басқарушылар қолдарын созып, тұлғаларыңды шығарады. Алла туралы өтірік айтқандарың және Оның белгілеріне тәкәппарланғандарың себепті сол кезде қорлаушы азаппен жазаланасыңдар! (6:93)

Не болса да, Құранға деген сенімсіздікті тудыру әрі ақиқатқа қарсыласу барлық талпыныстар босқа.

«Ақиқат келді де бос нәрсе жойылды! Расында, бос нәрсе  жойылып кетуші!» – деп айт. (17:81)

Керісінше, Біз бос нәрсені ақиқатпен ұрамыз! Ол оны шағып тастайды, сол кезде анау жоқ болады! Қосқандарың үшін қайғы сендерге! (21:18)

Оған растама болып адамзат тарихында болған оқиғалар келеді.

Олардан бұрында Нұхтың халқы әрі олардан кейінгі партиялар өтірік санады. Әр басшылық өз елшілерін ұстап алуға әрі ақиқатты теріске шығару үшін бос нәрсе арқылы ерегесуге мүдделі болды. Бірақ Мен оларды ұстап алдым, нәтижелері қандай болды! (40:5)

Қазіргі күнде сенушілердің басты мәселесі болып олардың Құранға деген көзқарасы келеді. Кітапқа деген немқұрайлы қараушылық мұсылмандарды құлдырауға әкелді, дегенмен оларға зияткерлік әрі талдамдық қызмет міндеттелген.

Қітапқа мұраланып, олардың орнын мұрагерлері басты. Олар бұл өмірдің көрсетіліміне елігіп: «Бізге кешіріледі!» – деді. Оларға бұған ұқсас көрсетілім келсе, олар оны қабыл алады! Олар Алла жайлы тек шындықты айтады әрі Кітаптағыны зерттейді деген Кітаптың шарты олармен жасалынбап па еді?! Ақырғы баспана абай болып жүргендер үшін жақсырақ. Ақылға келмейсіңдер ме?! (7:169)

Иә сенім артқандар, қашан біз ақылға келеді екенбіз?