Құран ақиқат жайында. 2-ші бөлім

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Таңдау еркіндігі адамның назарына қандай да бір нәрсенің болсын нұсқаларының кең спектрін ұсынуын талап етеді. Бұнымен интеллектуалдық өрісте идеологиялар мен философиялық ойлардың әр алуан түрлерінің бар болуы себептелген, көргеніміздей, Алла олардың бар болуына кедергі жасамайды. Бұл жағдай адамның ойы ақиқат іздеушілікте белсенділік танытатыны жайлы айтады.
Бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін әрі пәлен бір іргелі нәрсені табуға мүмкіндік беру үшін Жасаушы мазғымас негізге иелену мүмкіншілігін адамдарға дүркін-дүркін беретін. Ақиқаты бар соңғы дереккөз болып Құран келеді.

Расында, Біз сені ақиқатпен бірге жібердік, қуантушы әрі алдын-ал ескертуші ретінде. Сен тозақ отына қосылғандар жайлы сен сұралмайсың. (2:119)

Түсірілген аянның ішінде қосымша сырлы білімдерді іздеу теріс тактикасы көптеген адепттерді Алла Кітабына делдалдардың немесе пәлен нышандардың көмегімен түсінік беруге жетеледі, бұл ақыр соңында оларды ашық, түсінерлік ақиқаттан ауытқытатын.

Біз оларға Кітаппен келіп, сенім артқан адамдар үшін біліммен, нұсқаумен әрі мейіріммен баяндап бердік қой. 
Олар тек оған түсінік беруін ғана күтеді ме? Оның түсінігі келген күні, оны өткенде ұмытқандар:
«Иеміздің елшілері бізге ақиқатпен келген! Бізге қолдау көрсететін қолдаушылар бар ма? Немесе біз кері қайтарылып, жасаған амалдарымыздан тыйыламыз ба?» – дейді.
Олар өз-өздеріне зарар шеккізді, әрі ойлап шығарылған нәрселері жаңылды! (7:52-53)

Ақиқатты іздеушілік оны тану жолын таңдауменен ассоциациаланады. Сондықтан Құран нұсқау ретінде көрсетіледі.

«Бұны Иең тарапынан ақиқатпен бірге Киелі Рух түсірді, сенім артқандарды нығайту үшін, бойұсынғандар үшін нұсқау әрі қуантушы хабар ретінде!» – деп айт. (16:102)

Құран толыққанды болғанымен оны тек қана жердің тұрғындарына тарату керек болды, бұл миссияны Мухаммад орындады.

Біз оны ақиқатпен түсірдік, ол ақиқатпен түсті! Біз сені тек қана қуантушы әрі алдын-ала ескертуші елші ретінде жібердік! (17:105)

Өз қағидаларында шырғаланушылық Құрандағы ақиқатты көруге бөгет болатын, бұл Кітап жалған әрі ойдан шығарылған деген пікірге айналды.

Немесе олар: «Ол оны ойдан шығарды!» – деп айта ма? Әрине, бұл – Иең тарапынан ақиқат, саған дейін алдын-ала ескертуші келмеген адамдарды алдын-ала ескертуің үшін, мүмкін, олар, бағытталар! (32:3)

Кітап мұқият зерттелуге арналған, себебі ішіндегі бар ақиқат күмән тудырмайды ғой.

Алланың белгілері осындай. Біз оларды саған шындықпен оқимыз.
Расында, сен елшілердің бірісің. (2:252)

Расында, бұл – шын әңгіме! Тәңірі тек қана Алла! Расында, Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! (3:62)

Алланың белгілері осындай. Біз оларды саған шындықпен оқимыз. Расында, Алла адамдарға түнекті қаламайды! (3:108)

Құранда кездесетін барлық ақпарат ақиқат өлшемдеріне сәйкес келеді. Бұл тарихи оқиғаларға да қатысты.

Оларға Адамның екі ұлы жайлы шынайы хабарды оқы. Екеуі құрбандық шалған кезде, біреусінен қабыл алынды, ал басқасынан қабыл алынған жоқ. Сонда біреусі: «Мен сені міндетті түрде өлтіремін!» – деп айтты. Басқасы оған: «Расында, Алла абай болушылардан қабыл алады!..» – деп жауап берді. (5:27)

Жүктелген миссияны табысты атқару үшін Мухаммадқа, тіпті барлық адамдарға да, өткенде болған таңдаулылар жайлы хабар жеткізілді.

Бұның бәрін Біз саған елшілер туралы хабардан айтып отырмыз, жүрегіңді нығайту үшін, әрі бұл түрде саған сенушілер үшін ақиқат, үгіт әрі ескерту келді. (11:120)

Көргеніміздей, Кітаптың құрылымы әңгімелер түрінде құрылады әрі адамдардың аңыздары мен мифтерінің дәрменсіздігін көрсетеді.

Бұл – Алланың белгілері! Біз бұларды саған шындықпен оқимыз! Алла мен Оның белгілерінен кейін олар қай әңгімеге сенеді? (45:6)

Ақиқатты таратушылықтың максималды әсері болуы үшін оны таратушы адамның өзі толықтай сенімді болу керек.

Иең тарапынан ақиқат. Күмәнданушылардан болма! (3:60)

Күмән болса прецедент келтіру арқылы жойылады, бұл жайлы елшіге хабар жеткізілді.

Біз саған түсіргенімізден күмәнда болсаң, саған дейін түсірілген Кітаптарды оқитындардан сұра. Расында, саған Иең тарапынан ақиқат келді! Күмәнданушылардан болма! (10:94)

Прецеденттер болып Кітаптар әкелген өткен елшілер келеді. Шағын топтың мағынаны ашу құқығын өзіне заңсыз иемденіп алуы әрі аяндардың мәнін әдейі бұрмалауы Құранның «бидайықты бидайдан бөлу» үшін «лакмус қағазы» ретінде түсірілуін алдын-ала анықтады.

Ол саған өзіне дейін болғанды растайтын Кітапты ақиқатпен түсірді. Ілгеріде Ол адамдарға нұсқау ретінде Таурат пен Інжілді түсірді. (3:3-4)

Біз саған Кітапты оған дейін болған Кітаптарды ақтаушы әрі қорғаушы ретінде хақпен бірге түсірдік. Араларын Алла түсірген нәрсе арқылы шеш! Саған келген ақиқаттың орнына олардың құмарлықтарына ерме!
Біз барлықтарың үшін тура бағыт пен жоспар жасадық. Алла қалағанда, сендерді бір негізге қоятын еді. Алайда, сендерге берген нәрселерде сендерді сынау үшін, жақсысын сақтап қалуға тырсыңдар! Барлықтарың Аллаға ораласыңдар, сонан соң келіспеушіліктеріңе себеп болған нәрселерің жайлы Ол сендерге хабар береді! (5:48)

Кітаптан саған уаһи еткеніміз, бұл – оған дейін болғанды растаушы ақиқат. Расында, Алла Өз қызметшілері жайлы Хабардар, Көруші! (35:31)

Көзге көрінбейтін тіршілік иелерінің өкілдері де ақырғы Кітаптың ақиқаттығына нанды.

Олар: «Иә халқымыз! Расында, Біз Мұсадан кейін түскен, өзіне дейін болғанды растаушы Кітапты тыңдадық. Ол ақиқатқа әрі тура жолға бағыттайды!..» – деп айтты. (46:30)

Жоғарыда айтылғандай, адамдардың пікірлері кең ассортиментте ұсынылған. Адам қалайша сенетінін өзі шешуге құқылы. Бастысы, ол ақиқат әрі қате пікірдің салдары жайлы хабардар болса болды.

Расында, саған Кітапты ақиқатпен түсірген, бұл – Алла! Расында, кімнің пікірі Кітапқа қайшы келсе, солар – ұзақ алауыздықта! (2:176)

Түсініктердің көп болуы ылғи да ақиқатпен қақтығысқа түсетін, бұны жоюшылық та Кітапқа артылған.

Адамдар бір негізде болған. Алла, қуантушы әрі алдын ала ескертуші, хабарландырушыларды жіберетін. Адамдардың арасындағы келіспеушілікке себеп болған мәселені шешу үшін, олармен бірге, ішінде ақиқат жазылған Кітапты түсірдік. Тек қана Кітапқа ие болғандардың, оларға анық дәлелдер келгеннен кейін, сол ақиқатқа қатысты пікірлері бірікпеді. Алланың рұқсатымен олардың арасында дау тудырған ақиқатқа сенім артқандарды, Алла бағыттады. Расында, кім қаласа, Алла соны тура жолға бағыттайды! (2:213)

Біз саған ақиқат бойынша Кітап түсірдік, Алла саған көрсеткендей адамдардың арасына үкім шығаруың үшін. Сатқындарға жарыстас болма! (4:105)

Кітаптар ұсынымды болып келетінін, әрі тек қана әр адамның ерікті таңдауына негізделгенін ескерткім келіп тұр.

«Иә адамдар! Сендерге Иелеріңнен ақиқат келді! Кім бағытталған болса, сол, расында, өзі үшін бағытталған, ал кім жаңылса, сол өзі өзін жаңылдырады! Мен сендер үшін кепілгер емеспін!» – деп айт. (10:108)

«Ақиқат – Иелерің тарапынан! Кім қаласа, сол сенім артсын, ал кім қаласа, сол жабылсын» – деп айт. Біз зұлымдар үшін шатырлары оларды қоршап алатын отты дайындадық! Егер олар көмек сұраса, оларға жүздерді күйдіретін балқыған металл тәрізді сумен көмектеседі! Бұл жаман ішімдік әрі нашар тірек! (18:29)

Расында, Біз саған Кітапты адамдар үшін ақиқатпен бірге түсірдік. Кім бағытталса – өзі үшін, және де кім жаңылса, сол, расында, өз-өзін жаңылдырды! Сен олар үшін кепілгер емессің! (39:41)

Еріктілік қағидасы адал жарыстастық үшін дискуссиялық алаңынын бар болуын талап етеді.

Олар саған қандай да бір мысал келтірген сайын, Біз ақиқатты әрі мағынаны ашу ретінде одан артығын келтіреміз. (25:33)

Мәжбүрлеудің жоқтығы адамдардың нағыз рухани күйін ашты, олардың көбісі Аллаға сенім артқан жоқ.

Әлиф. Ләм. Мим. Ра.
Бұл – саған Иеңнен түсірілген Кітаптың таңбалары, – ақиқат, алайда адамдардың көбісі сенбейді. (13:1)

Көп жағдайларда бұл Борыш Күні жайлы ескертуге сенбеушілікпен қарауда көрінді.

Алла Кітапты ақиқатпен әрі таразылармен бірге түсірді. Сен білмейсің, мүмкін, Сағат жақындаған шығар?
Оған сенбейтіндер оның болуын тездетеді. Оған сенетіндер одан сескенеді әрі оның ақиқат екендігін біледі. Расында, сағатқа күмәнмен қарайтындар терең адасушылықта! (42:17-18)

Құрани ақиқатты шын жүрекпен әрі ақиқатпен қабылдағандарға, Иелері Борыш Күнінде оларға сәтті нәтиже болады деп уәде берді.

Сенім артып, түзелгендерің әрі Мухаммадқа түсірілгенге сенім артқандардың, ал бұл болса – олардың Иелері тарапынан ақиқат, – Ол жаман істерін жабады да ақылдарын жақсартады! 
Бұл – жабылғандардың бос нәрсеге ергендіктері, – ал сенім артқандардың Иелерінің ақиқатына ергендіктері себебінен. Алла адамдарға осылайша мысал келтіреді! (47:2-3)

Сенушілер үшін маңызды хабар болып Кітап иелерінің қателіктерін қайталамау жөніндегі ескерту келеді. Мұсылмандардың, өздерінен бұрын болған діни қауымдардың жолына түсіп, әр-түрлі топтарға бөлінгендері құпия емес қой. Бұл жағдайдан шығудың жалғыз жолы болып Құранның ұйғарымдарына бойұсыну келеді.

Сенім артқандар үшін Алланы әрі Ол ақиқаттан түсіргенді ескергенде жүректері қастерлеудің кезі келген жоқ па?! Бұрын Кітап берілгендерге тәріздес болмаңдар. Олар үшін мерзім созылып кеткен, олардың жүректері қаталданып кеткен, әрі олардың көбісі жолдан тайған болып кеткен! (57:16)

Мухаммад та түсірілген ақиқатқа – Құранға – сүйенді ғой.

Аллаға тәуекел ет, сен айқын шындық үстіндесің ғой! (27:79)

Бұл тұрғыда, эрудициялы, ойлау оралымсыздығына ие емес интеллектуалдар, ақиқат, бұл – Жасаушының Кітабы екенін қатесіз анықтайды.

Білім берілгендер, Иең тарапынан саған түсірілген, бұл – ақиқат екенін әрі әр нәрсеге шамасы жетуші, Даңқтының жолына бағыттайтынын көріп тұр! (34:6)

Сенушілер бүкіл өмірін нұсқауға – Құранға бағындыру керек, осылай олар Аллаға қызмет ету ұйғарымын орындайды.

Расында, Біз Кітапты саған шындықпен түсірдік. Міндетті шынайы түрде танытып, Аллаға қызмет ет! (39:2)