Құран ақиқат жайында. 1-ші бөлім
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Адамның ізденісінде ақиқатты іздеушілік бірінші дәрежелі орын алады. Ежелгі заманнан бері, Парменидтен бастап, Маритен мен Гартман деген біздің замандастарымызға дейін интеллектуалды ой ақиқаттың әмбебап түсінігін тұжырымдауға тырысатын. Ақиқат жайлы қазіргі түсінік оны, бар болуы танып білуге тырысатын субъекттен тәуелсіз келген, болмыс жайлы пәлен бір ақпарат деп түсінеді. Ақиқат ретінде бағалаумен ғылыми да, діни салада да қолданылады.
Ақиқат жайындағы құрани түсінігі Жасаушының өзінен ажырамас келеді, себебі Ол болмыс пен адами түсініктерден тыс келеді ғой.
Бұл сендерге – Алла, шынайы Иелерің! Ақиқаттан кейін адасушылықтан басқа не бар? Қалайша кері бұрылдыңдар?! (10:32)
Өмірдің бар болуын Үстем Өзінің ақиқаттығымен байланыстырады.
Бұл Алланың Өзі ақиқат болғандықтан! Әрі Ол өлілерді тірілтетіндіктен! Әрі Ол әр нәрсеге құдіретті болғандықтан! (22:6)
Сенім жайлы адами түсініктерге Алла Өз-Өзін қарсы қояды.
Бұл, Алланың Өзі ақиқат болып келетіндіктен, ал Одан өзгелерді шақыратындарың – бос нәрсе болып келетіндіктен! Расында, Алла – Жоғары, Ұлы! (31:30)
Қарсы қоюшылық адами дүниетанымдарының Кітаптарда жазылған Құдайдың нұсқамасына деген қарсылығында білдіріледі.
Алла Өз сөздерімен ақиқатты жүзеге асырады, бұл қылмыскерлерге жеккөрінішті болса да. (10:82)
Алла ерлердің ішіне екі жүрек орнатқан емес. Шеттеніп жүрген әйелдеріңді аналарың еткен жоқ. Араларыңнан басқаларды ұлдарың деп атайтыңдарыңды ұлдарың еткен жоқ. Бұл – ауыздарыңдағы сөздерің. Алла шындықты айтады, әрі Ол жолға бағыттайды! (33:4)
Иеміздің тарапынан таралатын ақиқат Оның жаратылыстарында да көрінеді.
Ол аспандар мен жерді шындықпен жаратты! Ол: «Бол!» – деген кезде, ол пайда болады. Оның сөзі – хақ! Керней тартатын уақытта билік Оған тиесілі! Жасырын мен куәландырылғанды Білуші! Ол – Дана, Хабардар! (6:73)
Бүкіл әлем Алла еркісінің арқасында ғана бар болмақ.
Ол – күнді сәулелейтін, ал айды жарқырайтын қылып жасады! Жылдардың санын, есептеуді білулерің үшін, оларға орындарын белгіледі! Алла бұны тек қана шындықпен жаратты! Ол, білетін адамдарға, белгілерді жете түсіндіреді! (10:5)
Ол аспандар мен жерді ақиқат бойынша жаратты. Ол күнді түнмен орайды, әрі түнді күнмен орайды. Ол күн мен айды бағындырды. Әр нәрсе белгілі бір мерзімге дейін ағып барады. Уа! Ол – әр нәрсеге шамасы жетуші, Кешіруші! (39:5)
Бұл өмірге үлкен назар аударудың қажеті жоқ деген пікір бар, ал кейбіреулер тіпті Жасаушы жаратқан барлық нәрседен бас тартып, оны лағынеттелген санайды. Алайда біздің айналамыз ақиқат бойынша жаратылған.
Олар өздері жайлы ойланбай ма? Алла аспандарды, жерді әрі арасындағыларды тек қана ақиқат бойынша және белгілі бір мерзімге жаратты. Расында, адамдардың көбісі Иелерімен кездесуінен жабық қой! (30:8)
Біз аспандарды, жерді әрі арасындағыларды ойнап жаратқан жоқпыз. Біз оларды ақиқат бойынша жараттық, бірақ олардың көбісі білмейді! (44:38-39)
Біз аспандарды, жерді әрі арасындағыларды тек қана ақиқат бойынша және белгілі бір мерзімге жараттық. Жабылғандар алдын-ала ескертілген нәрседен теріс айналуда. (46:3)
Күмәнданатын адамдар өз скептицизмін айналадағы дүниені бақылау әрі талдау жолымен сейілте алады.
Алла аспандар мен жерді шындықпен жаратты! Расында, осыда – сенушілер үшін белгі бар ғой! (29:44)
Бұл ақиқат екендігі оларға айқын болмағанша, Біз оларға бүкіл дүние бойынша әрі өздерінде белгілерімізді көрсетеміз! Иеңе Оның Өзі әр нәрсеге куәгер болып тұрғаны жеткіліксіз бе еді? (41:53)
Байқағыш көз мәңгі ештеңе жоқтығын әрі жаңаланбайтын жаратылыстың жоқтығын аңғара алады.
Алла аспандар мен жерді ақиқат бойынша жаратқанын сен көрмеп пе едің? Ол қаласа, сендерді кетіріп, жаңа жаратылысты келтіреді. (14:19)
Бұны түсінген ақыл иесі Жаратушыға деген қорқынышты әрі Оған деген алғыстылықты бойына сіңіреді.
Ол аспандар мен жерді ақиқат бойынша жаратты. Ол сендерге бейне берді. Бейнелерің – көркем! Оған қайтасыңдар! (64:3)
Өкінішке орай, адамдар көбінесе Жаратушыға алғыссыз келеді. Алғыссыздық политеисттік көзқараста көрінеді. Ойланушылықтың жоқтығы жаратылған нәрселерді құдай теп танушылыққа әкеледі, көпқұдайшылықтың түп-тамыры осыдан өседі.
Ол аспандар мен жерді ақиқат бойынша жаратты. Оған қосқан нәрселерден Ол жоғары. (16:3)
Оған қарамастан, мәжбүрлемеу қағидаты ылғи болып, елшіге ұйғарылған болатын.
Біз аспандарды, жерді әрі арасындағыларды тек қана ақиқат бойынша жараттық! Расында, сағат келе жатыр! Көркем түрде кешір! (15:85)
Бұның қисыны бар, кері жағдайда істер үшін жауапкершілік жүктеушіліктің мәні жойылады.
Алла аспандар мен жерді ақиқат бойынша жаратты, әр тұлғаға тапқаны үшін бодауы берілуі үшін, әрі оларға зұлымдық жасалынбайды! (45:22)
Әлем мен Алла туралы түсінігіміз келген ақпаратқа негізделген. Көбінесе пікірдің қалыптасуы ақпараттың дереккөзімен себептелген. Бұл кезде қате көзқарасқа иеленудің үлкен қаупі бар.
Олар Алланың атымен ант берді, өздері үшін ауыр ант:
«Алла өлгенді тірілтпейді!»
Әрине, Оның хақ уәдесіне сәйкес, тірілтеді, бірақ адамдардың көбісі білмейді… (16:38)
Иә адамдар! Алладан сақсыныңдар әрі әке-шешесі баласы үшін өтей алмайтын және туылған әке-шешесі үшін ештеңемен өтей алмайтын күнінен қорқыңдар! Расында, Алланың уәдесі хақ!
Таяу өмір сені еліктірмесін! Алла жайлы сендерді алдағыш алдамасын! (31:33)
Иә адамдар, Алланың уәдесі хақ қой! Таяу өмір сендерді еліктірмесін, Алла жайлы сендерді алдағыш алдамасын! (35:5)
Мүлде қате жасамай өмір сүру мүмкін емес, бірақ оларды азайтуға болады, сонымен қатар Жасаушыға жалбарынып, кешірім сұрауға болады.
Сабыр ет, расында, Алланың уәдесі – ақиқат! Айыптылықтарың үшін кешірім сұра, Иеңді таң мен кеште даңқтау арқылы мадақта! (40:55)
Адамдардың алдыдағы болатын оқиғалар жөнінде ойлануға деген назарларын ынталандыру алдын-ала ескертулерге негізделетін. Бірақ көпшілік Алланың ескертулеріне сенбеушілікпен қарайтын, әрі қазір де сөйтіп қарайды.
Шыда, Алланың уәдесі хақ қой! Сенімділіктері жоқтар сені елемей қоймасын! (30:60)
Сабыр ет! Расында, Алланың уәдесі – ақиқат! Біз немесе оларға уәде еткеніміздің бір бөлігін саған көрсетеміз, немесе сені тыныштандырамыз, әрі олар Бізге қайтарылады. (40:77)
Адамдардың ойлап табылған армандары мен өмірдегі тіректері баянды негізге ие емес, олар дүниелік өмірдің соңымен бірге жоқ болып кетеді.
Сонан соң олар Аллаға, олардың шынайы жебеушісіне қайтарылады! Уа, үкім Оған тиесілі! Ол есептеуде ең жылдам! (6:62)
Адамның тіршілік етуінің шарықтау шегі болып қорытындысын шығару кезі келеді.
Сол күні Алла оларға борыштарын ақиқат бойынша толығымен өтеткізеді. Олар Алла айқын ақиқат екендігін білетін болады! (24:25)
Ақиқатты танудың осы кезеңінде адамдар өмірдің келесі сатысын – өлімнен кейінгі өмірді – қабылдамайды да, түсінбейді де.
Иә, аспандар мен жердегі нәрселер Аллаға тиесілі ғой!
Иә, Алланың уәдесі хақ қой, бірақ олардың көбісі білмейді! (10:55)
сендер: «Біз сағаттың не екенін білмейміз! Расында, біз тек жорамал жасаймыз! Біз сенімді емеспіз!» – деп жауап бердіңдер. (45:32)
Ұлы Күннің келуін адамдар жоққа шығарса да, оның келуі – ақиқат.
Бұл Күн – ақиқат. Кім қаласа, сол Иесіне қайту жолын ұстайды! (78:39)
Бұл өмірде дайындалған әрі жасалынған барлық нәрсе ең әділ таразыларда өлшенеді.
Сол күні салмақ болып ақиқат келеді. Кімнің салмағы ауыр болса, солар жетістікке жеткендердің арасында болады, (7:8)
Таразыдағы салмақтары жеткіліксіз болғандардың нәтижесі күйінішті болады, ал жеңіл салмаққа ие тұлғалардың өзі таразылардың әділдігін толықтай мойындайтын болады.
Оларды Иелерінің алдында қойып, Ол: «Бұл ақиқат емес пе еді?!» – деп сұрағанын көрсең ғой. Олар: «Әрине, ант етеміз, Иеміз!» – деп жауап береді. Ол: «Жабылған болғандарың үшін азапты татыңдар!» – дейді. (6:30)
Борыш Күні жазаға кесілгендер олардың ерікті, бірақ қатерлі таңдауының көзі кім болғанын түсінеді.
Іс шешілгеннен кейін, тілазар:
«Алла сендерге хақ уәдесін уәде етті ғой. Менде уәде еттім, алайда мен сендерді алдадым! Менің шақыруыма жауап бергендеріңнен кейін ғана, менің әмірім сендерге жүретін! Мені сөкпеңдер, өздеріңді сөгіңдер! Мен сендерді көмекке шақырмаймын, сендер де мені көмекке шақырмаңдар! Мені бұрын Аллаға серік ретінде қосқандарыңнан мен жабықпын!» – деп айтты.
Расында, зұлымдарға – ауыр азап! (14:22)
Біз әр басшылықтан куәгерді шығардық та:
«Дәлелдеріңді келтіріңдер!» – деп айттық.
Солай олар ақиқат Аллаға тиесілі екенін білді! Ойдан шығарған нәрселері олардан адасып кетті! (28:75)
Керісінше, Иесінің уәдесіне күмәндабағандар әрі Оның ұйғарымдарын нұсқау етіп алғандар, өз жүріс-тұрысына сәйкес сыйға бөленеді.
Сенім артып, түзелгендерді Біз төменгі жақтарында өзендер ағатын баққа кіргіземіз! Олар сол жерде тұрақты түрде қалады! Алланың уәдесі хақ, кімнің сөздері Алланікінен гөрі шынырақ? (4:122)
Біз көкіректерінен ашуды жоқ қыламыз! Олар: «Бізді осы жолға бағыттаған Аллаға даңқы! Алла бізді бағыттамаса, біз бағытталмас едік! Расында, Иеміздің елшілері ақиқатпен келген еді!» – дейді. Оларға: «Расында, істегендерің үшін бақты мұраланасыңдар!» – деп үндейді. Баққа қосылғандар отқа қосылғандардға: «Біз Иеміздің уәдесі хақ екендігін көрдік, ал сендер болсаңдар, Иелеріңнің уәдесі хақ екендігін көрдіңдер ме?» – деп айғайлады. Олар: «Иә!» – деп жауап берді. Олардың арасындағы жаршы: «Алланың жолынан бас тартып, қисықтық жасауға ұмтылатын зұлымдарға Алланың қарғысы, олар ақырғы өмірден жабылды!» – деп айтты. (7:43-45)
Расында, сенім артып, түзелгендерге – жарылқанған бақтар! Алланың хақ уәдесі бойынша олар сол жерде қалады! Ол – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! (31:8-9)
Жетістікке деген жолға әлгі жалғыз дұрыс қадамымызды қалайша жасауымыз керек? Бұл аса маңызды сұрақты ілгері кесіп-пішпей, бейтарап қарастыру арқылы ғана. Ал ол болса салыстыру мен талдауға негізделуі керек.
«Сендердің серіктерің ақиқатқа бағыттамақ па еді?» – деп сұра.
«Ақиқатқа Алла бағыттайды. Өзіне ергізуге кімнің құқығы көбірек? Ақиқатқа бағыттаушы ма немесе тек бағытталғандарды ғана бағыттаушы ба? Сендерге не болды, қалай пайымдайсыңдар?» – деген жауап бер.
Олардың көпшілігі тек қана жорамалдарға ереді. Жорамалдың, ақиқат үшін, еш пайдасы жоқ қой. Расында, Алла олардың жасаған істерін біледі! (10:35-36)
Бұл әмбебап формула кез келген адамға нұсқаудың шынайы дереккөзін анықтауға көмектеседі. Есті сенуші бұл үзіндіні нұсқау етіп алса, міндетті түрде Алланың Кітабына тоқталады. Қандай да бір басқа дереккөз оның алмастырғышысы, дублёрі, серіктесі және Жасаушыға жақындататын жолдың мәнін анықтаушысы бола алмайды.