Құран білім жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Адам қалған жануар әлемінен білім алу мен өз білімін дамыту қабілетімен ерекшеленеді. Білім әртүрлі тақырыптар мен ұғымдармен байланысты болуы мүмкін. Қазіргі таңда білім ұғымының мынадай түрлері қалыптасқан:

Білім – адамның танымдық іс-әрекеті нәтижелерінің бар болу мен жүйелеу түрі. Білімнің көптеген түрлері бар: ғылыми, күнделікті, интуитивтік, діни және т.б.

Күнделікті білім адамның қоршаған ортада бағдарлануының, оның күнделікті жүріс-тұрысының негізі болып қызмет етеді, алайда әдетте қателер мен қайшылықтар тудырады.

Ғылыми білімге логикалық негізділік, дәлелділік, нәтижелердің жаңғыртылуы, тексерімділік, қателерді жоюға мен қайшылықтардан арылуға ұмтылыс тән. (Қазақ тіліне аударылған орыс тіліндегі Уикипедиясынан)

Білім – тәжірибемен тексерілген және адам санасында түсінік, ұғым, пайым мен теория түрінде бейнеленген, логикамен куәландырылған болмысты танып білудің нәтижесі. (Глоссарий)

Білім адам үшін маңыздылық дәрежесі жағынан ажыратылатынын біз түсінеміз. Ал Иеге сенуші үшін қандай білім маңыздырақ? Әрине, әр сенуші адам үшін Құдайдан берілген, яғни Кітаптың ішіндегі білім басымдырақ.

Біз оларға Кітаппен келіп, сенім артқан адамдар үшін біліммен, нұсқаумен әрі мейіріммен баяндап бердік қой. (7:52)

Ал егер олар сендерге жауап қайтармаса, оны (Құранды) біліммен жіберген Алла екенін біліңдер! Расында, тәңір ол ғана! Сендер бойұсынасыңдар ма? (11:14)

Жоғарыда келтірілген үзінділерден басымды білім болып Құранның өзі келеді деген қорытынды жасауға болады. Төменде көретініңіздей, Жаратушының өзі Кітапты түсірілген білім деп бағалайды.

Яһудилер де, мәсіхшілер де сен олардың қауымына ерімегенше саған разы болмайды. Оларға: «Расында, Алланың нұсқауы Нұсқаудың өзі» – деп айт. Расында, егер өзіңе білім келгеннен кейін олардың құмарлықтарына ерсең, саған Алладан жебеуші де, көмекші де жоқ! (2:120)

Расында, егер сен кез-келген белгімен Кітап иеленушілеріне келсең, олар сенің бағытыңа ермейді және сен де олардың бағытына ермейсің. Олардың біреуі екіншісінің бағытына ермейді. Расында, егер сен өзіңе білім келгеннен кейін олардың құмарлықтарына ерсең, онда, расында, сен зұлымдардың бірі боласың! (2:145)

Ал кімде-кім сенімен саған білім келгеннен соң дауласса: «Келіңдер, біздің және сендердің балаларыңды, біздің және сендердің әйелдеріңді, өздерімізді және өздеріңді шақырып, одан кейін Алланың қарғысын өтірікшілерге шақырып, бағыттайық!» – деп айт. (3:61)

Осылайша Біз оны саған араб тіліндегі талғағыштық түрінде түсірдік. Бірақ сен өзіңе білім келгеннен кейін олардың құмарлықтарына ерсең, сонда саған Алладан көмекші де, қорғаушы да болмайды! (13:37)

Алайда мұсылмандар шынайы білім тек оларда ғана бар деп бір мағыналы түрде айта алмайды. Құранға дейінгі Кітаптардың иелерінде де Жаратушыдан білім барын келесі үзінділер растайды.

Расында, Алланың алдындағы міндет болып бойсұну келеді. Бірақ, Кітапқа иеленгендер өздеріне білім келгеннен кейін ғана, бір бірін қыспақтап, тарқалды. Кім Алла белгілерінен жабылған болса, расында, Алла есептеуге жылдам! (3:19)

Біз Исраилдің балаларын орынды жайғастырумен жайғастырдық әрі оларды саулықпен ризықтандырдық қой. Оларға білім келмегенше олар келіспеушілікте болған жоқ. Расында, Қиямет Күнінде Иең олардың келіспеушілікке себеп болған нәрселері жайында үкім береді! (10:93)

Олар өздеріне білім келгеннен кейін ғана бірін-бірі қыспақтап, бөлінді… (42:14)

Біз оларға істен анық дәлелдер бердік, бірақ олар өздеріне білім келгеннен кейін ғана бір-біріне қысымшылық жасап, келіспеушілікке түсе бастады. Расында, Иең олар келіспеген нәрселері турасында Қиямет Күнінде үкім береді! (45:17)

Мұсылмандар сияқты, яһудилер мен мәсіхшілер де көптеген ағымдарға бөлінді. Бәріміздің дертіміз ортақ: әркім де өзінің сенімінде Таураттан тыс және Інжілден тыс дереккөздерге сүйенеді. Сондықтан Құранда Үстем Кітап иеленушілерін Таурат пен Інжілді тік орнатуға, яғни Алла Кітабында жоқ орныққан пікірлеріндегі кебектерден құтылуға шақырады.

Інжіл иеленушілері ондағы Алла түсірген нәрселер бойынша үкім берсін. Кімде-кім Алла түсірген нәрсе бойынша үкім бермесе, солар – жолдан таюшылар! (5:47)

Расында, егер олар Тауратқа, Інжілге және өздеріне Иелерінің тарапынан түсірілгенге сүйенсе, олар үстіңгі жақтарынан және аяқтарының астыларынан тамақтанатын еді! Араларында орташа басшылық бар, бірақ олардың көбісі жаман істер жасайды! (5:66)

«Иә Кітап иелері! Сендер Таурат, Інжіл және өздеріңе Иелерің тарапынан түсірілгенге сүйенбгендеріңше, сендерде ештеңе жоқ!» – деп айт. Бірақ Иең тарапынан саған түсірілген нәрсе олардың көбісінде міндетті түрде шектен шығушылық пен жабықтықты арттырады. Жабылған адамдар үшін қапаланба!

Расында, (түсірілгенге) сенім артқан, Аллаға сенім артқан және түзелген: яһуди, саби және мәсіхшілерде – қорқыныш болмайды, және олар қайғыға батпайды! (5:68 – 69)

Әлемде діннің ықпалы күшейіп келе жатқан соң, Иеге сенушілік тұрғысындағы дәлелдер мен дәлелдемелер жүйесі туралы сұрақ өзекті болып бара жатыр (конфессияаралық диалогта да, дінтанушылардың түсініктемелерінде де). Жоғарыда айтылғандай, өз дәлелдерін негіздеу үшін қажетті, ең маңызды білім көзі болып Жасаушының Кітабы табылады. Тәңір Кітабына емес басқа дереккөздерге сүйенушілікті Жаратушымыз сөгеді.

Адамдардың арасында Алла жайлы білімсіз, Нұсқаусыз, нұрландырушы Кітапсыз ерегесетіні бар, (22:8)

Алла сендерге аспандардағы мен жердегі нәрселерді бағындырғанын көрмей тұрсыңдар ма? Ол сендерді айқын және көрінбейтін жарылқаулармен бөледі! Адамдардың арасында Алла жайлы білімсіз, Нұсқаусыз, нұрландырушы Кітапсыз ерегесетіндері бар! (31:20)

Әрине, Білім, Нұсқау және Кітап – әртүрлі нәрсе деген пікірлер бар, бірақ төмендегі үзінді бәрін өз орнына қойды.

Бұл – Кітап, бұған күмән жоқ – абай болушылар үшін нұсқау. (2:2)

Осылайша, Білім, Нұсқау және Кітап – мәнінде бірдей нәрселер, сол үшін келесі үзінділерде аталмыш білімді адамдар туралы біз олардың білімі дәл Тәңірдің Кітабынан алынған деп айта аламыз.

Ол саған Кітап түсірді. Оның ішінде айқын белгілер бар, олар Кітаптың іргетасы, және оларға ұқсас басқалары бар. Жүректерінде ауытқу барлар, оларға ұқсастарға ереді, олардың мағынасын ашуға ұмтылады және таңғалдыруға ұмтылады. Олардың мағынасын Алладан басқа ешкім білмейді! Білімдері тұрақтылар: «Біз оған сенім арттық, барлығы – Иемізден!» – дейді. Ақыл иелері ғана еске алады! (3:7)

Алла тек Ол ғана Тәңір екеніне куәлік береді! Басқарушылар да, мөлшерлестікте нық тұратын білім иелері де куәлік береді! Тәңірі тек Ол ғана – әр нәрсеге шамасы жетуші, Дана! (3:18)

Алайда, білімдері тұрақтылар мен сенушілер саған дейін түсірілгенге және саған түсірілгенге сенім артады, сиыну байланысына шығады, ақтайтын шығын береді, Аллаға және Қиямет Күніне сенеді – осыларға Біз зор сый береміз! (4:162)

Құран адам ақылының әрекетіне оны қоршаған ортаны зерттеу үшін шексіз өрістің есіктерін ашады. Сондықтан, кез-келген ғылыми жаңалықты түсінудің негізі болып Алланың Құран Кітабы келуі керек. Құраннан тыс ақиқаттарға сүйенудің әрекеті не ол, не бұл «шығармашылық» нұрына бөленудің мәнін бұрмалауға жетелейді.