Құран хабар жайында
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Дамудың, ілгерілеудің, дұрыс шешім мен қателерден сақтанудың қағидалары белгілі бір ақпаратты алудан құралады.
Ал Аллаға дұрыс сенім келтіру Одан ғана қабылданған мәліметтерден құралады. Қазіргі таңда Құран Мухаммад арқылы алынған соңғы трансцендентті хабардан тұрады.
Кітаптың құрылысы түрлі тақырыптарды қамтитын хабарлардан тұрады. Құранның мәтінінде қабылданған ақпаратты белгілеу үшін мағынасы «хабарлау, баяндау, мәлімдеу» дегенді білдіретін «анба,а» сөзі қолданылады.
«Мен сендер үшін кепілгер емеспін! Әр хабардың өз орны бар екенін білетін боласыңдар!» – деп айт. (6:66-67)
Жасаушыдан ақпарат алған ең бірінші адам болып Адам ата келетінін Кітаптан көре аламыз.
Ол Адамға барлық атауларды үйретті, сонан соң Ол оларды басқарушыларға ұсынып: «Шыншыл болсаңдар, олардың атаулары жайлы хабар беріңдер!» – деді. Олар: «Мадақ Саған, біз тек Сен бізге үйреткен нәрсені ғана білеміз. Расында, Сен – Білуші, Данасың!» – деген жауап берді. Ол: «Иә Адам! Олардың атаулары жайлы хабар бер!» – деді. Ол оларды атағаннан кейін, Ол: «Мен, расында, аспан мен жердің сырын білетіндігімді сендерге айтпап па едім?! Мен сендердің көрнеу істейтіндеріңді де, жасыратындарыңды да білемін!» – деп айтты. (2:31-33)
Келтірілген үзінді Иенің уаһиіне негізделген хабардарлықтың маңыздылығын көрсетеді. Бұл оқиғада өзіне берілген білімдерінің арқасында Адам Үстем басқарушыларынан бір дәрежеге жоғары болып қалды.
Адам баласы болса Жаратушының хабарын дұрыс бағалағаннан кейін, өзінің өмірлік іс-әрекеттерінің салдарын алдын-ала болжай алады және де алдын-ала болжауы керек.
«Сендерге осыдан артық нәрсе жайлы хабар берейін бе?...» – деп сұра. (3:15)
«Алла лағынеттеп, риза болмағанға деген Алла тарапынан ең жаман сый жайында сендерге хабар берейін бе?..» – деп айт. (5:60)
Өздеріне ақиқат келгеннен кейін, олар оны өтірік санады! Олардың өздеріне бұны жақтырмағандары туралы хабар келеді. (6:5)
«Істерінде ең үлкен қасіретке ұшырағандар туралы хабарлайын ба? Ұмтылыстары бергі өмірде адасса да, өздері жақсы нәрсе істейді деп санайтындар туралы?..» – деп айт. (18:103-104)
Оларға Біздің белгілеріміз айқын дәлелдер ретінде оқылғанда, жабылғандардың беттерінен қабыл алмаушылықты көресің. Олар, өздеріне белгілерімізді оқитындарға, шабуыл жасауға дайын. «Осыдан сендер үшін ең жаман нәрсе туралы хабарлайын ба? Бұл – От! Оны Алла жабылғандарға уәде етті! Бұл жаман нәтиже!» – деп айт. (22:72)
... олар одан теріс бұрылды да өтірік санады. Нені тәлкектегендері туралы хабар өздеріне келеді! (26:6)
Әрине, Мухаммадтың замандастары өткен халықтардың тарихы туралы белгілі бір ақпаратқа ие болған. Жаңадан келіп жатқан хабарламаларды жеңілдету үшін Алла болып кеткен бір белгілі жағдайларға жүгінеді.
Өздерінен алдын болғандар туралы, Нұх халқы, Ад, Самуд, Ибраһим халқы туралы, Мадиянның мекендеушілері және төңкерілгендер туралы хабар оларға келмеп пе еді? Оларға елшілері анық дәлелдермен келген еді, бірақ Алла оларға зұлымдық жасайтындай емес, алайда олар өздері-өздеріне зұлымдық жасады! (9:70)
Өздеріңнен алдын болған Нұх халқы, Ғад халқы, Самуд халқы әрі олардан кейінгілер жайлы хабар сендерге жетпеп пе еді? Оларды тек қана Алла біледі! Оларға елшілер айқын белгілермен келген еді, ал олар болса қолдарымен ауыздарын жауып: «Расында, сендер арқылы жіберілген нәрседен біз жабықпыз! Расында, сендер шақыратын күдікті нәрседен біз күмәндамыз ғой!» – деп айтатын. (14:9)
Тілазарлар кімге түсетіні туралы хабар айтайын ба? Олар әрбір жала жабатын күнәһарға түседі! Олар тыңдалғанды жеткізеді, бірақ олардың көбісі өтірікші! (26:221-223)
Қабырғадан асып түсіп ғибадатханаға кірген ерегесушілер туралы хабар саған жетті ме? (38:21)
Жүк көтеруші басқа көтерушінің жүгін көтермейді деп жеткізген Мұса мен Ибраһимнің шиыршық қағаздарындағы мәлімет хабарланбап па еді? (53:36-38)
Алдын жабылғандар туралы хабар сендерге жетпеп пе еді? Олар өз істерінің зақымын татты! Олар үшін – ауыр азап! (64:5)
Жасаушы Кітапта Мухаммад куә болмаған нәрсенің бір бөлігін ашып айтты.
Бұл – сырлы нәрсе туралы хабар. Біз оны саған уаһи еттік. Араларынан кім Мәриәмға қамқор болатынын шешу үшін олар таяқтарын бергенде олардың қасында болмадың. Олар пікірталасқан кезде олардың қасында болмадың. (3:44)
Бұл – сырлы нәрсе туралы хабар. Біз оны саған уаһи еттік. Бұған дейін сен де, халқың да оны білмеді. Сабыр ет! Расында, нәтиже абай болушыларда! (11:49)
Бұл – сырлы хабар. Біз оны саған уаһи еттік... (12:102)
Өзінің бабаларының айтқанынан құралған дәстүріне үйреніп қалған қоғам, сол бабаларының айтқаны елшінің айтқанымен үйлеспейтінін көріп, Құдай берген ақпаратқа қарсы шығатын.
Бұрын да елшілерді өтірікшілер деп санайтын, олар өздеріне Біздің көмегіміз келмегенше өтірікші саналғандықтарына мен қысымшылыққа шыдаған. Алланың Сөздері өзгерілмейді! Расында, жіберілгендер жайлы хабар саған келді! (6:34)
Елшілердің негізгі қызметі болып қабылданған уәһиді адамдарға жеткізу келетін. Сондықтан хабарландырушыға алдын болған оқиғалар мен Алланың елшілері туралы хабарларды оларға оқу жүктелді.
Оларға Адамның екі ұлы жайлы шынайы хабарды оқы... (5:27)
Бізден белгілерге ие болғаннан кейін, оларды лақтырып тастаған жайлы хабарды оқы. Ол тілазардың артынан ерді де адасқандардың арасынан болып қалды. (7:175)
Оларға Нұх туралы хабарды оқы... (10:71)
Оларға Ибраһимнің қонақтары туралы хабарла. (15:51)
Оларға Ибраһим туралы хабарды оқы. (26:69)
Мухаммадтың замандастары оның айтқан әңгімелерін ойдан шығарылған деп санады, себебі ол бүкіл өмірі бойы олардың арасында болып, алдын осыған ұқсас ештеңе айтпаған, бірақ Үстем айтылған оқиғалардың авторлығын нақты белгіледі.
Біз саған осы елді мекендер туралы хабар айтып жатырмыз. Оларға елшілер анық дәлелдермен келген еді, бірақ олар алдын өтірік санаған нәрселеріне сенбеді. Осылайша Алла жабылғандардың жүректерін мөрлеп қояды! (7:101)
Бұл – Өзіміз саған айтып жатқан елді мекендер туралы хабар. Олардың біреулері тұр, басқалары шабылған. (11:100)
Бұның бәрін саған елшілер туралы хабардан айтып жатырмыз, ол арқылы ақылыңды бекемдеу үшін, әрі осында саған ақиқат және сенушілер үшін үгіт пен Ескерту келді. (11:120)
Біз саған олар жайлы шын хабарды айтамыз... (18:13)
Осылайша Біз саған алдын болған нәрсе туралы хабар айтып жатырмыз. Біз саған Өзімізден Ескертуді бердік! (20:99)
Сенуші адамдар үшін саған Мұса мен перғауын туралы шын хабарды оқимыз. (28:3)
Құранда хабарландырушы сөзі «нәби» деп естіледі, ол «хабарландырушы» дегенді білдіретін «әнбә,ә» түбірінен құрылған. Сөздің мәнінен көрініп тұрғандай, елшінің негізгі міндеті болып Алладан хабар жеткізу келеді, сол себепті сондай адамды Иеден жіберілген хабарландырушы деп атау құқықты болып келеді!
«Бұл – зор хабар!» – деп айт. (38:67)
Оларға ұстап қалатын хабарлар – жетілген үкім келді ғой, бірақ алдын-ала ескертулер пайдасыз болып қалды! (54:4-5)
Олар бір-бірін не туралы сұрастырып жатыр? Өздерінде келіспеушілік тудыратын зор хабар туралы. (78:1-3)
Алайда Кітапта Мухаммад өткен елшілердің кезегінде соңғысы болып саналады, яғни адамдар арасында Алладан хабар алып келетін елшілер енді болмайды.
Мухаммад еркектеріңнің әкесі емес, бірақ ол – Алланың елшісі және хабарландырушылардың аяқталуы! Алла әр нәрсені Білуші! (33:40)
Адамзатқа қажет трансцендентті хабарламалардың бәрі адамзатқа толығымен ұсынылған. Адамдар өзінің міндеттерін табысты атқару үшін Құдай берген белгілі ақпарат жеткілікті.
Жасаушының жіберген хабары уақыт өте келе адамзаттың деңгейіне сай толығырақ ашылуы бұл бөлек нәрсе. Бұл пікір әртүрлі іргелі ғылымдардың соңғы жетістіктері мен ашылымдарымен расталады. Ғалымдардың еңбегін еш кемітпей, олардың ашылымдары мен жетістіктері Жаратушы жіберген хабарлардың шеңберінен аспайды деп нақты айтуға болады.