Құран түзу жол жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Адамдардың кез-келген идеологиясы жалғыз дұрыс деп жарияланатын өздік бір бағыттау векторын, өздік еру жолын ұсынады. Әрине, әркімде өз ойына деген құқығы бар, алайда бұл сұраққа деген рационалды тәсілдеме оның бір жетіспеушілігін көрсетеді – ол субъективті, себебі адам тәжірибесінен құралған, демек ол әлдебір қайшылыққа душар болады.

Құранның ізбасарларының басқа идеология жақтаушыларынан қандай айырмашылығы бар? Олар берілген бағыттың объективтігін сезінеді, себебі ол трансценденттік дереккөзбен бастамаланған, демек қандай да бір қайшылықтардан арылған. Мұсылмандардың түзу жолға – «сыроталь мустақим»-ға бағытташы деген күнделікті өтініші  дәл осымен себептелген.

Бізді түзу жолға бағытташы (сыроталь мустақим)!

Сенің жарылқауына бөленгендердің жолына! (1:6-7)

Әрбір тарихи мезетте жіберілген ақиқат адамдардың шектелген ақылы қалыптастырған дүниетанымында бар түбегейлі қайшылықтарды ашатын. Тек Кітапқа  сүйенушілік қана оларды жоюға себептесетін.

Адамдар бір негізде болған. Алла, қуантушы әрі алдын ала ескертуші, хабарландырушыларды жіберетін. Адамдардың арасындағы келіспеушілікке себеп болған мәселені шешу үшін, олармен бірге, ішінде ақиқат жазылған Кітапты жібердік. Тек оған ие болғандар ғана, өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін, бір-бірін қыспақтап, сол мәселеде келіспеушілікте болды. Алланың рұқсатымен олардың келіспеушілігіне себеп болған ақиқатқа сенім артқандарды Алла бағыттады. Расында, кім қаласа, Алла соны түзу жолға бағыттайды! (2:213)

Иеге сену мен сенімдену – адамға ақиқат жолының векторын ұсынуда кепіл ретінде келеді.

Аллаға сенім артып, Одан ұсталынғандарға келсек, Ол оларды Өзінің мейірімі мен молшылығына кіргізеді! Ол оларды Өзінің түзу жолына бағыттайды! (4:175)

Алайда бұндай кепіл бос жерге емес, тұлғаның Жаратушының белгісіне бағынуға деген дайындығына негізделеді.

Білім иелері, бұл – Иең тарапынан ақиқат екенін біліп, оған сенім артып, оған жүректері бағынулары үшін! Расында, Алла сенім артқандарды түзу жолға бағыттайды! (22:54)

Тек өз білім қорына, қалыптасқан дәстүрге және бағалау өлшеміне ғана бағдарлану Алла ұйғарымдарының мағынасын түсінуге мүмкіндік бермейді.

Адамдардың арасындағы ақылсыздары: «Оларға өз бағыттарынан теріс бұрылуға не себеп болды?» – деп сұрайды.

 «Шығыс пен батыс Аллаға тиесілі. Ол қалағанды түзу жолға бағыттайды!» – деген жауап бер. (2:142) 

Осылайша, еру жолы тек адамның ықыласына себептеледі, бұл түзу жолға да әділ келеді.

Біздің белгілерімізді өтірік деп санағандар түнекте соқыр және керең болады. Кім қаласа соны Алла адастырады, кім қаласа соны түзу жолға салады! (6:39)

Алла бейбітшілік мекеніне шақырып, қалағанды түзу жолға бағыттайды. (10:25)

Расында, Біз белгілерді түсіндірілген түрде түсірдік! Кім қаласа, Алла соны түзу жолға бағыттайды! (24:46)

Хабарландырушылар мен сенушілердің айналасында екіжүзділердің пайда болғандары құпия емес. Бұндай адамдардың шынайы бетін ашу үшін Үстем оларға түрлі сынақтар жасайтын.

Егер де Біз оларға: «Не өздеріңді өлтіріңдер, не өз баспаналарыңнан шығыңдар!» – деп ұйғарсақ, тек аздағаны осылай істейтін еді. Егер олар үгіттегенді  жасаса, бұл олар үшін жақсырақ және  дәлел жағынан бекемірек болар еді. Сонда Біз оларға Өзіміздің тарапынан үлкен сый беретін едік және түзу жолға бағыттайтын едік! (4:66-68)

Осындай тәсілдеме сенімді сынау үшін қолданған.

Алла сендерге мол олжа аласыңдар деп уәде берген, әрі Ол сендерге оны тездетті. Сендер сенушілерге белгі болуларың үшін және сендерді түзу жолға бағыттау үшін адамдардың қолдарын сендерден ұстап қалды! (48:20)

Айтылғандай, түзу жолға бағыттау әлемдердің Иесіне бағынуға деген дайындығына бағдарланады. Ибраһимнің өмірі дәл осылай өтті.

Расында, Ибраһим басымдылық етуші, Аллаға шынайы бағынушы болды! Ол Аллаға серік қосушылардан болған жоқ! Ол Оның жарылқауына алғысты болды! Ол оны таңдап, түзу жолға бағыттады! (16:120-121)

Түзу жолға Нұх та, Ибраһимнің ұрпағы да бағытталды.

(Иса): «… Расында, Алла – менің де сендердің де Тәңірлерің! Оған қызмет жасаңдар, бұл – түзу жол!» (- деп айтты). (3:51)

Осындай дәлелдерді Біз саған бердік. Біз оларды Ибраһимге халқына қарсы бердік. Біз кімді қаласақ, соның дәрежесін көтереміз. Расында, сенің Иең – Дана, Білуші! Біз оған Исхақ пен Яқубты сыйға тарттық, – әрқайсысын бағыттадық. Оған дейін Біз Нұхты бағыттадық. Оның (Ибраһимнің) ұрпақтарынан да: Даудты, Сүлейменді, Әйюбты, Йусуфты, Мұсаны, Һарұнды. Осылайша Біз жақсылық жасаушыларға тиісті сыйын береміз! Зәкәрияны, Яхияны, Исаны, Ілиясты. Олардың барлығы түзеушілерден болды! Исмаилды, Ильясағты, Йунусты, Лұтты. Олардың барлығына Біз әлем халықтарының алдында артықшылық бердік! Біз оларды әкелерінің, ұрпақтарының, бауырларының арасынан таңдап алдық! Біз оларды түзу жолға бағыттадық! (6:83-87)

Біз Мұса мен Һарұнға жақсылық еттік қой. Ұлы қайғыдан оларды халықтарымен қоса құтқардық. Оларға көмектестік, олар жеңуші болды. Біз оларға түсіндіруші Кітап бердік және екеуін де түзу жолға бағыттадық. (37:114-118)

(Иса): «… Расында, Алла – менің де сендердің де Тәңірлерің! Оған қызмет жасаңдар, бұл – түзу жол!» (- деп айтты). (43:64)

Барлық елшілердің арасында Мұхаммед те болды.

«Расында, мен тура жолға, Ибраһимнің  шынайы қауымының тұрысты міндетіне бағытталдым! Ол Аллаға серік қосушы болған жоқ!» – деп айт. (6:161)

Расында, сен оларды түзу жолға  шақырасың! (23:73)

Йа. Син.

Дана Құранмен ант етемін! Расында, сен жіберілгендерденсің, түзу жолдасың, (36:1-4)

Осылайша Біз саған әміріміз арқылы Рухты уаһи еттік! Сен Кітап туралы да, сенім туралы да хабардар болған жоқсың! Алайда Біз Кітапты Нұр етіп орнаттық! Біз онымен қалаған қызметшімізді бағыттаймыз! Расында, сен түзу жолға бағыттайсың ғой – Алланың жолына, аспандағылар мен жердегілер Оған тиесілі! Уа, істің бәрі Аллаға кетеді! (42:52-53)

Өзіңе уаһи етілгенді мықтап ұста! Расында, сен – түзу жолдасың! (43:43)

Ол (Иса): «Расында, Сағат туралы білім Ода ғой! Оған күмәнданбаңдар және маған еріңдер! Бұл – түзу жол!..» – деді. (43:61)

Расында, Алла сенің бұрын болған және кейінірек болатын айыптылықтарыңды кешіруі үшін және Өзінің саған деген жарылқауын аяғына дейін жеткізу және сені түзу жолға бағыттау үшін  Біз сені айқын жеңіске ие қылдық! (48:1-2)

Құран бұрынғы Кітаптардың шынайы мирасқоры ретінде ұсынылып, ақиқатты анықтау үшін әлдебір лакмус қағазы болуға арналған. Осыған орай Мухаммад Кітап иелеріне де елші ретінде ұсынылады, ол арқылы оларға да түзу жол көрсетілді:

Сендерге Алланың белгілері оқылып тұрған кезде әрі араларыңда елші бар болып тұрған кезде, сендер қалайша жабыласыңдар? Кім Алладан ұсталынса, сол түзу жолға бағытталды! (3:101)

Иә Кітап иелері! Көп нәрсенің жанынан өтіп, Кітаптан жасырғандарыңның көбісін түсіндіру үшін сендерге Біздің елшіміз келді. Сендерге Алладан Нұр әрі айқын Кітап келді! Алла, бойұсыну жолдарымен Оның разылығына ергендерді, онымен бағыттайды! Ол Өзінің рұқсатымен оларды түнектен нұрға шығарады әрі оларды түзу жолға бағыттайды! (5:15-16)

Соңғы Кітапқа – Құранға деген мұқтаждықтын себебі болып, түзу жолдың мәнінін бұрмалануы болды, бұның басты бастамашысы түңілген (ібіліс) болды, ол дәл сол түзу жолға орнығып алды.

Ол: «Мені адастырғаның үшін мен міндетті түрде сенің түзу жолында оларға қарсы отырып аламын…» – деп айтты. (7:16)

Дұрыс қызмет етудің әдейі ауыстырылуының ықтималдығы жайлы Алла алдын-ала барлық адамды ескертті.

Иә, Адамның балалары,  тілазарға қызмет етпеңдер, ол сендерге айқын қарсылас қой, Маған қызмет етіңдер деп Мен сендерге міндет артпап па едім? Бұл – түзу жол! (36:60-61)

Жаратушы қабылдауды жеңілдету үшін бейнелі ойлауға жүгініп, салыстыру үшін мысалдарды жиі келтіреді:

Алла екі еркекті мысал ретінде келтіреді: біреусі – мылқау, ештеңе қолынан келмейді, және ол өзінің жебеушісіне ауыртпалық түсіреді. Оны қайда жіберсе де, ол сол жақтан жақсылықпен қайтпайды. Ол және түзу жолда тұрып әділеттілікті әмір ететін бірдей ме? (16:76)

Қайсысы дұрысырақ бағытталған: етпеттеп құлап жүруші ме әлде түзу жолда тік жүруші ме? (67:22)

Еркінділік қағидасы априори Жаратушы тарапынан артықшылыққа орын бермейді. Бұл дерек Борыш Күнінің нәтижелерін кейінге шегеруді түсіндіреді.

«Әркім күтеді, сендер де күтіңдер, кім түзу жолға қосылғанын және кім бағытталғанын кейін білесіңдер!» – деп айт. (20:135)

 Сонымен түзу жол дегеніміз не? Елші Мұхаммедтің пікіріне қарайық.

Расында мен, менің Ием және сендердің Иелерің Аллаға тәуекел еттім! Жануарларды кекілден тек Ол ғана ұстайды! Расында,  менің Ием түзу жолда! (11:56)

Түзу жолдың дереккөзінің айқын анықтаған соң елші өзін де Жаратушы  ұсынған бағытпен ассоциациялады.

Расында, бұл – менің түзу жолым! Оған еріңдер, Оның жолынан бөлініп кетпес үшін басқа жолдарға ермеңдер! Бұл сендерге өсиет, бәлкім сақсынарсыңдар! (6:153)

Мухаммадтың ізбасарларының арасында келіспеушілік болмас үшін, Үстем түзу жолға сілтегішті – Құранды анық айқындады.

Біз бұл Кітапты берекелі түрде түсірдік! Оған еріңдер, абай болыңдар, мүмкін, сендерге рақымшылық беріледі! (6:155)

Кітаптың адам үшін түзу жол ретіндегі рөліне Алла елшінің миссиясында бірнеше рет көңіл аударған.

Бұл – Иеңнің түзу жолы! Естерінде сақтайтын адамдар үшін Біз белгілерді толық баяндадық! (6:126)

Әлиф. Ләм. Ра.

Кітап.

Біз оны саған сен онымен адамдарды олардың Иелерінің рұқсатымен түнектен нұрға, Үстемнің, Даңқты Алланың жолына шығаруың үшін түсірдік. (14:1)

Иенің Кітабында – Құранда көрсетілгеннен басқа түзу жол жоқ.