Құран ескерту жайында
Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Ес адамдар үшін қажетті қасиет болып қызмет етеді. Ес жиналған тәжірибенің негізінде қалыптасады. Адамдар есімен ассоциацияларда қолданады, яғни схемалар мен байланыстарды құра отырып, уақыт пен кеңістікте болып жатқан нәрсенің барлығын есте сақтап қалады. Бұл қасиет келіп жатқан мәліметтерді талдап, өзіне белгілі бір түйін жасауға көмектеседі.
Қабылданғанақпаратпен керек кезде қолдана алуымыз үшін Алланың Кітабы естің осы қызметіне көзделген. Құранда түбірлері «зәкәрә» болып келетін, «атап өту, атау, келтіру, баяндау, есте сақтау, еске түсіру» деген мағыналарды білдіретін сөздер қолданылады.
Жасаушы нұсқауды ескертумен ассоциялайды:
Ол: «Барлықтарың осы жерден кетіңдер. Бірілерің басқаларыңа қарсылассыңдар! Ал Менен сендерге Нұсқау келгеннен кейін, кім Менің Нұсқауыма ерсе, сол жаңылмайды әрі бақытсыз болмайды! Ал Менің Ескертуімнен кім шеттенсе, расында, соның өмірі қиын болады! Қиямет күнінде Біз оны соқыр қылып жинаймыз!» – деді. (20:123-124)
Елшілер арқылы іске асырылған осы нақты уәде бүкіл тарих бойы бақыланып келеді:
Әлде сендерге Иелеріңнен араларыңдағы еркекке сендерді алдын-ала ескертіп қою үшін және сендер сақсынуларың үшін Ескертудің келгені таңғаларлық па, мүмкін сендерге рақымшылық етіледі?! (7:63)
Оларға Нұх туралы хабарды оқы.
Міне ол өз халқына: «Иә халқым менің! Егер сендерге менің мекендеуім және Алланың белгілерін ескертуім ауыр болса, онда мен Аллаға тәуекел етемін. Істерің мен серіктеріңді біріктіріңдер, содан соң істерің өздеріңді алаңдатпасын. Кейін мен туралы шешім қабылдаңдар және маған қосымша мерзім бермеңдер! (10:71)
Әділдік үшін құрандық баяндау стилі ерекше екенін байқау керек. «Ескерту» термині өз кезегінде бір-бірінің синонимі болып келетін «Кітап» пен «Нұсқау» терминдеріне синоним болып келеді:
Біз Иелерінен жасырын қорқып, Сағаттың келуінен сескенетін абай болушылар үшін Ажырату, Жарық, Ескертуді Мұса мен Харұнға бердік! (21:48-49)
Расында, Біз Мұсаға Нұсқау бердік. Біз Исраилдің балаларына мирас ретінде ақыл иелері үшін Кітап, Нұсқау және Ескерту қалдырдық. (40:53-54)
Ескерту адамдарға кей кезде ауызша түрде берілетін, себебі ол белгілі бір себеп үшін нақты бір халыққа арналған болатын:
Әлде сендерге Иелеріңнен араларыңдағы еркекке ол сендерді алдын-ала ескертіп қоюы үшін Ескертудің келгені таңғаларлық па? Ол сендерді Нұхтың халқынан кейін мирасқор етіп, сендер үшін жаратылған кеңістікті үлкейткенін есте сақтаңдар. Аллаһтың жарылқауын есте сақтаңдар, бәлкім сендер жетістікке жетерсіңдер! (7:69)
Алдын-ала ескертуді Самуд халқы өтірік санады. Олар: «Араларымыздағы бір адамның артынан ереміз бе? Олай болса біз адасып есалаңдықта боламыз ғой! Ескерту арамыздан оған жүктелді ме? Керісінше, ол ызақор өтірікші!» – деп айтты. (54:23-25)
Егер де ескертуді келесі ұрпаққа қалдырыу керек болса, ол жазбаша түрде бекітілетін:
Расында, Біз Ескертуден соң Жазбада: «Жерді Менің түзелген қызметшілерім мұра етеді» – деп ұйғардық қой! (21:105)
Алайда ескертуді мұра етіп алғандар көп жағдайда одан теріс бұрылатын, ол жағымсыз салдарға алып келетін:
Олар өздеріне ескертілген нәрсені ұмытқаннан кейін Біз оларды өздеріне берілген қуаныш кезінде кенеттен ұстап алу үшін оларға әр-түрлі нәрсеге есік аштық! (6:44)
Олар өздеріне ескертілген нәрсені ұмытқан соң Біз жамандықтан тыйылғандарды құтқарып, зұлымдарды жолдан таюшы болғандары үшін қатты азаппен жазаладық. (7:165)
Алланың ескертуіне деген осындай қатынас адамдар арасында қазірге дейін кездеседі:
Егер ақиқат олардың құмарлықтарына ерсе, аспандар мен жер әрі онда болғандар бұзылатын еді ғой! Бірақ Біз оларға Ескертуді келтірген едік, алайда олар Ескертуден шеттенді! (23:71)
Оларға Аяушыдан жаңа ескерту келген, алайда олар одан теріс бұрылды. (26:5)
Олардың қорқып, мәжбүрленуден қашқан есектер сияқты ескертуден жалтаруы да! (74:49-50)
Жаратушының ескертуіне жауапсыздықпен қараушылық рухани күйге Иенің Нұрымен жарықтануға мүмкіндік бермей, адамды түнекте қалдырады:
Иесінің белгілері өзіне ескерілгеннен соң олардан теріс бұрылып, қолдары бұрын жасаған нәрселерді ұмытқаннан кім зұлымырақ? Біз олар түсінбес үшін жүректеріне шымылдық, құлақтарына кереңдік орнаттық! Егер сен оларды Нұсқауға шақырсаң, олар ешқашан бағытталмайды! (18:57)
Иесінің белгілері өзіне ескерілген соң олардан теріс бұрылғандардан кім зұлымырақ? Біз қылмыскерлерге кек алушымыз! (32:22)
Адамдардың кеңесшісі ретінде Аллаға құлақ аспаушылар болғаны осының салдары болып келеді:
Кім Аяушының ескертуіне соқыр болса, соған Біз тілазардыжібереміз, ол соған ббайлаулы болады! (43:36)
Көптеген жағдайларда ескертумен келген елшілерді мазаққа қалдырып, олардың істерін тәлкек пен мысқылмен сүйемелдейтін:
Иелері тарапынан оларға келген әңгімеленген ескерту олардың назарынан тыс қалды. Олар көңіл көтерді. (21:2)
Менің Ескертуімді ұмытпағандарыңша сендер оларды тәлкекке алғансыңдар! Сендер келекелеуші болдыңдар! (23:110)
Елшілерді келемеждеушілік дәстүр мен сол қоршаған ортада қалыптасқандүниетанымнан алынған белгілі бір дәлелдермен қосақталды. Ал бұған қарама-қарсы, Жасаушы есті ескере отырып нағыз дәлел ретінде тек қана Кітапты келтіруді талап етеді:
Сендерге не болған? Сендер қалай пайымдайсыңдар? Сендер естеріңді жинамайсыңдар ма? Әлде сендерде айқын жарлық бар ма? Егер шыншыл болсаңдар, өз Кітаптарыңды беріңдер! (37:154-157)
Алайда тәжірибе көрсеткендей, көбісі ақиқатқа құлақ аспайды , бұл оларды опатқа ұшыратады.
Біз Менің ескертуіммен алдын-ала ескертілген елді мекендерді ғана құрттық! Біз зұлым болған емеспіз! (26:208-209)
Мұхаммедтің міндеті болып түсірілген ескертуді барлық адамның арасында тарату болды:
Міндеттерін ойын-сауық ретінде қабылдайтындарды қалдыр! Таяу өмір оларды еліктірді! Тұлға тапқанына ұшырайтындығын осыларға ескерт. Оған Алладан басқа, жебеуші де, көмекші де жоқ! Тіпті барлығын бағасы бірдеймен теңестірсе де, одан қабылданбайды! Бұлар – тапқандарына ұшырайтындар! Оларға жабылған болғандары үшін қайнаған ішімдіктер мен ауыр азап болады! (6:70)
«Мен сендерден осы үшін сыйақы сұрап тұрғаным жоқ! Расында, бұл әлем халықтарына тек Ескерту ғана!» – деп айт. (6:90)
Кітап саған түсірілді, одан кеудеңде қысымшылық болмасын, ол арқылы алдын-ала ескерту және сенушілерге еске салу үшін! Иелеріңнен өздеріңе түсірілгенге еріңдер, Одан өзгелерді жебеуші тұтып, оларға ермеңдер, аз еске аласыңдар! (7:2-3)
Сен олардан бұл үшін сыйақы сұрамайсың! Расында, бұл әлем халықтарына деген Ескерту ғана! (12:104)
Мұхаммедке түсірілген ескерту болып оған дейінгі елшілер жайлы айтылған Құран болды:
Бұның бәрін Біз саған елшілер туралы хабардан айтып отырмыз, ол арқылы ақылыңды бекемдеу үшін, және осы түрде саған сенушілер үшін ақиқат, үгіт және Ескерту келді. (11:120)
Олар екі мүйіздің иегері жайлы сұрайды.
«Мен сендерге ол туралы Ескерту оқып беремін» – деп айт. (18:83)
Иеңнің Оның қызметшісі – Зәкәрияға деген мейірімі туралы Ескерту. (19:2)
Кітапта Мәриәмды ескер. Ол өз отбасынан шығыс жақтағы жерге кеткені жайлы. (19:16)
Кітапта Ибраһимді ескер. Расында, ол шыншыл хабарландырушы болды, (19:41)
Кітапта Исмаилді ескер. Расында, ол уәдесінде шыншыл болды және жіберілген хабаршы болды. (19:54)
Кітапта Ыдырысты ескер . Расында, ол шыншыл хабарландырушы болды. (19:56)
Осылайша Біз саған алдында болғанды әңгімелейміз. Біз саған Өзімізден Ескертуді бердік! (20:99)
Олардың айтқандарына сабыр етіп, қолдауға ие болған Біздің Дауд қызметшімізді ескер. Расында, ол тәубе етуші болды! (38:17)
Біздің қызметшілерімізді: қолдауға ие және көргіштерді – Ибраһимді, Исхақты, Яқубты ескер. Расында, Біз мекен туралы шынайы Ескертумен оларға бейілділік таныттық! Расында, олар Біздің алдымызда таңдаулы, ең жақсыларданғой!
Исмаилді, Әл-Ясағты, Зуль-Кифльді ескер – бәрі ең жақсылардан!
Бұл – Ескерту!
Расында, абай болушылар үшін – көркем баспана (38:45-49)
Өзінің халқын бұйрат құмда алдын-ала ескерткен Ғад халқының бауырын ескер. Алдын-ала ескертулер оған дейін де, одан кейін де өтіп кетті: «Уа, тек Аллаға қызмет етіңдер! Сендерге Ұлы Күнінің азабы болады деп қорқамын!». (46:21)
Мұхаммедтің айналасында болған адамдар әртүрлі болды, олардың көбісі бұрын болған Кітаптардан білімге ие болған. Пікірталаста жаңа ескертудің сабақтастығынкөрсету үшін бұрынғы дереккөздергежүгіну санкциланды:
Біз саған дейін де өздеріне уаһи етіп, айқын белгілермен және Жазбамен бірге тек қана ерлерді жіберетінбіз! Білмесеңдер, Ескерту иелерін сұраңдар! Адамдарға түсірілгенді түсіндіруің үшін Біз саған Ескертуді түсірдік, мүмкін, олар ойланар! (16:43-44)
Біз саған дейін де өздеріне уаһи етіп, тек қана ерлерді жіберетінбіз. Білмесеңдер, Ескерту иелерінен сұраңдар! (21:7)
Сөз қазіргі исламшыл-«ғалымдарға» емес, бұрынғы Кітаптарға сүйену жайлы айтылып тұрғанын мәтіннің мәнінен көруге болады.
Жаратушының ескертуінің таралуы әдеттегідей елшіні балағаттауға көшетін қоғамның қарсылығына тап болды:
Олар: «Иә өзіне Ескерту түсірілген адам! Сен есінен ауысқансыңғой!..» – деп айтты. (15:6)
Расында, жабылып қалғандар Ескертуді естігеннен кейін сені көздерімен жығуғадайын! Олар: «Расында, оның есі ауысқан ғой!» – дейді. Бұл – әлем халықтарына арналған Ескерту ғана! (68:51-52)
Алайда Жасаушының Өзі керісінше мәлімдейді:
Ескерт! Және сен, Иеңнің жарылқауы бойынша, абыз бен есі ауысқан емессің! (52:29)
Иенің ескертуін қабылдамаушылық пантеистік дүниетаныммен себептеледі:
… Сен Иеңді Құранда жалғыз түрде ескергенің кезде, олар жиіркенішпен жүздерін теріс аударады. (17:46)
«Сендерді Аяушыдан түн мен күндізде кім қорғайды?» – деп сұра. Керісінше, олар Иелерінің Ескертуінен шеттенеді! (21:42)
Қорлаушы әңгімелерге, адами дәлелдерге сүйенушілік пен әр-түрлі ақтауларға қарамастан, Мұхаммед оппоненттеріне реакциялық іс-әрекеттерді танытпай, назарын ескертуді түсінетіндерге аударатын:
Біз саған Құранды бақытсыз болуың үшін емес, қорқатындарға Ескерту ретінде ғана түсірдік! Жер мен биік аспандарды жаратқаннан түсірілді (20:2-4)
Өздеріне оқылатын Кітапты саған түсіргеніміз оларға жеткілікзіз бе? Расында, осыда – сенуші адамдар үшін мейірім мен ескерту! (29:51)
Сен Ескертуге еріп, Рақымдыдан жасырын түрде қорқатынды алдын-ала ескертесің. Оны кешіру мен құрметті сыймен қуант! (36:11)
Өзіңе уаһи етілгенді мықтап ұста! Расында, сен – түзу жолдасың! Расында, бұл саған және халқыңа Ескерту ғой! Сендер сұраласыңдар! (43:43-44)
Біз олар не айтатынын жақсырақ білеміз. Сен оларға қатал емессің, кім Менің қорқытуымнан қорықса, соны Құранмен ескерт! (50:45)
Ескертуімізден теріс бұрылған және тек қана бергі өмірді қалайтындардан шеттен. (53:29)
Жасаушының ескертуіне құлақ аспайтындарға насихаттаудың еш мәні жоқ. Егер адам нұсқауға деген қызығушылық танытпаса, сонда ол осы амалымен өзі-өзін жазалайды.
«… Ескерту армыздан осыған түсірілді ме?» Керісінше, олар Ескертуімнен күмәнда! Бірақ олар азабымды татқан жоқ! (38:8)
Жүректері Алланың Ескертуіне қатайғандарға қайғы! Олар айқын адасушылықта! Алла ұқсас, қайталанатын ұйғарымдары бар, ең жақсы әңгімені түсірді. Иесінен қорқатындардың терілері қалтырайды! Сонан соң Алланы еске алған кезде, олардың терілері мен жүректері жұмсарады! Бұл – Алланың Нұсқауы! Кім қаласа, Ол соны онымен бағыттайды! Алла кімді жаңылдырса, соған бағыттаушы жоқ! (39:22-23)
Уа, олар жолда қалса, Біз оларды онымен өздерін сынау үшін мол сумен сусындыратын едік! Кім Иесінің Ескертуінен шеттенсе, соны Ол жоғарылайтын азапқа кіргізеді! (72:16-17)
Жабылған болып қалсаңдар, қалайша сақтанып қаласыңдар? Сол Күні балалардың шаштары ағарады! Сол кезде аспан бөлінеді де Оның уәдесі орындалады! Расында, бұл – Ескерту! Кім қаласа, Иесіне жетелейтін жолдан ұстансын! (73:17-19)
Біздің өмірімізде сенуші үшін Иенің Ескертуі ең жоғары мәртебеге ие, себебі тек ол арқылы ғана келесі өмірде жетістікке жетуге болады:
Кітаптан өзіңе уаһи етілгенді оқы және сиыну байланысына шық. Расында, сиыну байланысы шектен тысқарылық пен жағымсыздан тыяды, бірақ Алланы еске алу одан үлкенірек қой! Алла істеп жүретін нәрселеріңді біледі! (29:45)
Осымен Мухаммадтың басты миссиясы – ескертуді тарату – түсіндіріледі:
Ескерт, ескерту сенушілерге пайда келтіреді ғой! (51:55)
Алла оларға қатты азап дайындады. Иә сенім артқан ақыл иелері, Алладан сақсыныңдар! Сенім артып, түзелгендерді түнектен Нұрға шығару үшін Алла сендерге Алланың белгілерін түсіндірілген түрде оқитын елшімен бірге Ескертуді жіберді. Кім Аллаға сеніп, түзеліп жатса, соны Алла төменгі жақтарында өзендер ағатын бақтарға кіргізеді! Олар сол жерде тұрақты түрде қалады! Соған Алла ең жақсы ризықты берді! (65:10-11)
Ескерт, расында, сен – ескертушісің! (88:21)
Алланың ескертуін қабылдағандар сенуші болып келеді, олардың ойлары Жаратушыға бағышталған, ал Үстемді еске алушылық әлдебір кері байланысты қамтамасыз етеді:
Мені еске алыңдар, сонда Мен де сендерді еске аламын! Маған алғысты болыңдар да жабылмаңдар! (2:152)
Ескертудің өзінде орындауға арналған кейбір ережелер бар:
1) қажылықта орындауға
Иелеріңнің артықшылығына ұмтылсаңдар, бұл сендерге теріс қылық болмайды. Ғарафат тауына келген кездеріңде, Алланы рәсімдікиелі жердің маңында еске алыңдар. Оны бағытталғандарыңдай еске алыңдар. Расында, осыған дейін сендер адасқан болғансыңдар. (2:198)
Рәсімдерді аяқтағаннан кейін, Алланы әкелеріңді еске алатындарыңдай немесе одан артық еске алыңдар. Адамдардың арасында: «Иеміз! Бізге осы өмірде бер!» – деп айтатындары бар, ал Ақырғы Өмірде оларға сыбаға жоқ. (2:200)
Алланы санаулы күндерде еске алыңдар. Кім екі күнге тездетсе, оған күнә жоқ. Кім баяулатса, оған да күнә жоқ. Бұл – абай болушылар үшін. Алладан сақсыныңдар және Ол сендерді жинайтынын біліңдер! (2:203)
2) сиыну байланысында орындауға
Бір нәрседен қорықсаңдар, жаяу жүре немесе салт бара тұра, сиынуға рұқсат. Ал қауіпсіздікте болсаңдар, Алланы, Өзі үйреткендей, еске алыңдар. Ол сендерді білмеген нәрселеріңе үйретті. (2:239)
Сиыну байланысын аяқтасаңдар, Алланы тұрған, отырған және бүйірлерінде жатқан бойда еске алыңдар. Тыныштықта болсаңдар, сиыну байланысына шығыңдар. Расында, сенушілер үшін сиыну байланысы белгілі бір уақытта ұйғарылған. (4:103)
Иә сенім артқандар! Сендерді жиналыс күні сиыну байланысына шақырса, Алланы еске алуға ұмтылыңдар әрі сауда келісімдерін қойыңдар. Егер білетін болсаңдар, бұл өздерің үшін жақсы! Сиыну байланысы аяқталған кезде, жерде таралып, Алланың молшылығына ұмтылыңдар. Алланы көп еске алыңдар, мүмкін, жетістікке жетерсіңдер! (62:9-10)
Алланың Ескертуі сенушінің рухани өмірінің желісі, бағыттаушы күш пен әрекеттерді реттеуіш болып келеді:
Расында, сенушілер, бұл – Алланы еске алған кезде, жүректері ығысатындар, ал оларға Оның белгілерін оқыған кезде, бұл олардың сенімдерін арттырады әрі олар Иелеріне тәуекел етеді, (8:2)
Сенім артқандардың жүректері Алланы еске алған кезде тынышталады. Алланы еске алған кезде жүректер тынышталмас па еді?! (13:28)
– өздеріне Иелерінің белгілерін еске салған кезде, керең және соқыр болып қалмайтындар (25:73)
Расында, Біздің белгілерімізге өздеріне олар туралы еске салған кезде сәждеге жығылып, Иелерін даңқпен мадақтайтындар сенім келтіреді! Олар тәкаппар емес! (32:15)
Үйлеріңде Алланың белгілері мен талғағыштықтан оқылатынды еске алыңдар. Расында, Алла – Жұмсақ, Хабардар! (33:34)
Расында, осыда жүрегі бар немесе есту қабілетін алған тұлға үшін белгі бар ғой, және де ол – куәгер! (50:37)
Сенім артқандар үшін Алланы әрі Ол ақиқаттан түсіргенді ескергенде жүректері қастерлеудің кезі келген жоқ па?! Бұрын Кітап берілгендерге тәріздес болмаңдар. Олар үшін мерзім созылып кеткен, олардың жүректері қаталданып кеткен, әрі олардың көбісі жолдан таюшы болып кеткен! (57:16)
Осы өмірдің қызықтарына деген елігушілікті шектетудің кеңесі, бұның ескертуден алаңдату мүмкіндігімен себептелген:
Иә сенім артқандар! Мүліктерің мен балаларың Алланы еске алудан алаңдатпасын! Бұны жасағандар, олар – зарарда! (63:9)
Ескертуден шеттету үшін «ібіліс және к◦» адамдарды ақылды жабуға болысатын құмарлықтарға азғырып, еліктіреді, ал ес болса біздің ми қызметімізбен ажырағысыз байланыста ғой:
Расында, тілазар ақыл жабатын заттектер мен ақша тігіп ойналынатын ойындар арқылы араларыңда қастастық пен жек көрушілікті тудырғысы келіп тұр, және де сендерді Алланы еске алудан және байланысқа шығудан ауытқытқысы келіп тұр. Тыйыласыңдар ма? (5:91)
Борыш Күні – адамзаттың өмірлік іс әрекетінің қорытындысы, ода Жасаушының ескертуін басшылыққа алуы шешуі рөлін ойнайды:
Сол Күні Біз жабылғандарға Тозақты анық көрсетеміз! Көздері Ескертуімнен жамылғыда болғандарға және ести алмағандарға. (18:100-101)
Олар: «Мадақ Саған! Біз Сенен өзгелерді жебеуші қылып алған емеспіз! Алайда Сен оларға және әкелеріне олар ескертуді ұмытпағанша және құрыған халық болмағанша рахатқа бөленуге жол бердің!» – деп айтады. (25:18)
«… Қайшы маған! Мен пәленшені дос тұтып алмағанымда! Маған Ескерту келгеннен кейін, ол мені одан жаңылдырды ғой!..» – деп айтады. Расында, тілазар адамды тастап кетеді! (25:28-29)
Бүгінгі күнімізде сенушілер үшін ескертудің басты көзі болып Құран келеді. Алайда «Кітап» пен «ескерту» ұғымдарын ажыратуда білдірілетін бір нюанс бар. Кейбіреулер келесіге сүйене тұра Иеміз Кітаптің өзін емес, тек ескертуді ғана сақтап қаламын деп айтты дейді:
Расында, Біз Ескертуді түсірдік! Біз оны сақтаймыз ғой! (15:9)
Өздік жеке субъективті пікірді таңымас үшін бұл тақырыпқа қатысты басқа мәліметтерге көз аударайық:
Расында, Біз сендерге Кітап түсірдік, ода – сендерге деген Ескерту бар, осыдан кейін ақылға келмейсіңдер ме? (21:10)
Бұл – Бізден түсірілген берекеленген Ескерту! Бұл сендерге жеккөрінішті ме? (21:50)
Расында, өздеріне Ескерту келгеннен кейін, одан жабылғандарды Ол көріп тұр! Расында, бұл – мықты Кітап қой! (41:41)
Ескерту «техникалық тұрғыдан» түсірілгенін ескергім келіп тұр, бұл Кітаптың келу сипатына сай келеді. Пәлен бір ақпаратты, оның жазбаша түрде белгіленуісіз, Борыш Күніне дейін бұрмалануын болғызбай сақтау мүмкін емес, оған қоса ол жердегі барлық адамдарға арналған болса:
Расында, бұл – әлем халықтарына деген Ескерту ғана! (38:87)
Жоқ! Расында, бұл – Ескерту!
Кім қаласа, оны есіне түсіреді!
Олар тек Алла қалағанды ғана еске алады! Ол сақтандыру мен кешірімнің иесі! (74:54-56)
Жоқ! Расында, бұл – Ескерту! Кім қаласа, оны құрметті, игі жазғыштардың қолдарымен тазарылған құрметті, көтеріңкі тақталарда есіне түсіреді! (80:11-16)
Расында, бұл – әлем халықтары үшін тек Ескерту ғана! Түзу тұруды қалайтындар үшін! Сендер тек әлем халықтарының Иесі, Алла қалайтынды ғана қалайсыңдар! (81:27-28)
«Құран» деген араб сөзінің өзі «әдебиет» дегенді білдіреді, бұл жазбаша түрдегі заттың атрибуты болып келеді.
Біз оған поэзияны үйреткен емеспіз, бұған қажеттілік жоқ та. Расында, бұл – тек Ескерту мен айқын Әдебиет (Құран) қана, (36:39)
Сод. Ішінде ескерту бар Әдебиетпен (Құранмен) ант етемін! (38:1)
Айқын Кітаппен ант етемін! Расында, Біз оны араб тіліндегі Әдебиет (Құран) қылдық, мүмкін, ақылға келерсіңдер! Расында, ол Біздің қасымызда жоғарыланған, дана негізгі Кітапта! Сендер шектен асқан адам болуларың үшін Біз Ескертуді сендерден айналып өткіземіз бе?! (43:2-5)
Біз Әдебиеттің (Құранның) еске сақталуын жеңілдеттік қой, бірақ еске сақтаушы бар ма?! (54:17, 22, 32, 40)
Осылайша, «ескерту» термині Құран, Кітап, талғағыштық, ажырату, нұсқау, түзу жол деген сөздердің қатарында синоним болып келеді.
Бұл Біздің саған белгілер мен айқын ескертуді оқығанымыз. (3:58)