Құран жол жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Өмірлік жолды таңдау әр адам үшін маңызды. Дұрыс еру жолынан осы өмірдегі де және болашақ өмірдегі де амандық тәуелді. Себебі адамдар қалай жабдықталса да, бұрыс таңдау тек адасуға және түңілуге ғана алып келеді ғой.

Мұсылмандар үшін Құран дұрыс жолды көрсететініне күмән жоқ. Алайда сенушілердің арасында екі жақты түсінік пайда болды. Бір жағынан – Құран – жол, басқа жағынан, Мухаммад – Кітапта көрсетілмеген жолды көрсетті дейді. Дәлелдеме ретінде келесі аяттарға сілтейді:

Кім өзі үшін Нұсқау түсінікті болғаннан кейін елшіге қарсы келсе және сенушілердің емес, басқа жолға (сәбиили) ерсе, Біз оны өзі бет бұрған жаққа жіберіп, Тозақта өртейміз! Бұл жаман нәтиже! (4:115)

Расында, өздері үшін Нұсқау түсінікті болғаннан кейін жабылып қалғандар, Алла жолынан (сәбиили) ауытқығандар және елшіге қарсы келгендер Аллаға ешқалай зиян келтірмейді және олардың істері нәтижесіз болады! (47:32)

Бұл жерде «сәбил» – «жол» термині қолданылған. Дәстүрді ұстанушылар бұл түбірден шыққан сөздер Мухаммадтың жолына сілтейді деп санайды. Бұл Алла елшісі туралы аңыздарды ақтау үшін маңызды дәлел болып табылады. Оның үстіне, «сүннетке» ермегендерге келесі қорқытатын үзіндіні келтіреді:

Расында, Алладан, Оның елшілерінен жабылғандар және Алланы Оның елшілерінен айырғысы келетіндер: «Біз біреулеріне сеніп, басқаларынан жабылып қалғанбыз!» – дейді, олар бұның арасынан жол (сәбиилян) тапқысы келеді, олар – шынымен жабылып қалғандар! Біз жабылып қалғандарға қорлайтын жаза дайындап қойдық! (4:150-151)

«Қанша адам болса, сонша пікір болады» демекші, біз тек Жаратушының пікіріне ғана сүйенейік.

Иеңнің Сөзі шын әрі әділ аяқталды! Оның Сөздері өзгерілмейді! Ол – Естуші, Білуші! Егер сен жердегі көпшілік адамды тыңдасаң, олар сені Алланың жолынан жаңылдырады! Олар тек жорамалдардың артынан ереді! Расында, олар ойдан шығарады! (6:115-116)

Бұнда Алла жолды өзінің Сөздеріне қатыстырғаны, ал адамдардың нұсқауларын болса жорамалдарға жатқызғаны анық көрініп тұр.

Бұл пікірді ақиқат жолына сілтеуіш туралы ақпарат күшейтеді.

Жолға (әссәбиили) жетелеу Аллада жатыр. Одан ауытқытатындар да бар. Егер Ол қаласа, барлықтарыңды бағыттайтын еді! (16:9)

Көрсетілген бағдар бойынша Үстем кімді бағыттайды екен? Ақиқатты іздеу үшін ынта салатындарға.

Біз үшін ынталанатындарды Біз міндетті түрде Біздің жолдарымызға (субуләнә) бағыттаймыз ғой! Раында, Алла жақсылық жасаушылармен бірге ғой! (29:69)

Керісінше, ойлануға күш салмайтындар, Жаратушының белгілерін түсінуге ұқыпсыз болғандар міндетті түрде адасушылық жолын таңдайды.

Мен Өз белгілерімнен жерде құқықсыз тәкаппарланатындарды ауытқытамын! Олар кез келген белгіні көрсе, оған сенбейді. Егер қисындылық жолын (сәбиилә) көрсе, оны өз жолы (сәбиилән) қылмайды, ал егер адасушылық жолын (сәбиилә) көрсе, оны өз жолы (сәбиилән) қылып алады. Бұл олар Біздің белгілерімізді өтірік санап, оған ұқыпсыз болғандары үшін. (7:146)

Алланың белгілері жазбаша түрде Құранда белгіленгенін ескеріп кеткім келеді. Адамдар Жаратушы туралы мүлде ойламайды деп айтуға болмайды, бірақ олардың басты қателігі – адами түсініктер мен зерттемелерге сүйену. Тек Иенің Кітабына ғана сүйену адам ойларының түкпірінде адасып кетпеуге мүмкіндік береді.

Адамдардың арасында Алла жайлы Білімсіз, Нұсқаусыз, нұрландырушы Кітапсыз ерегесетін бар, мойнын теріс бұрып, Алла жолынан (сәбиили) жаңылдыру үшін. Оған бұл өмірде – қорлық, ал Қиямет Күнінде Біз оған өрт жазасын татқызамыз. (22:8-9)

Бұл жерде де жол мен Кітаптың байланысы көрініп тұр.

Кітаптар елшілермен халық арасында таратылғаны көпшілікке мәлім дерек болып келеді.

Оларға елшілері: «Расында, біз – сендер сияқты адамдар ғанамыз! Алайда Алла Өзінің қызметшілерінен қалағанын жарылқайды! Біз жарлықты сендерге Алланың рұқсатымен ғана әкеле аламыз! Сенушілер Аллаға тәуекел етсін! Біз тек Аллаға ғана тәуекел етеміз! Ол бізді жолдарымызға (субулянә) бағыттады! Біз сендердің ренжітулеріңді міндетті түрде шыдаймыз ғой! Тәуекел етушілер Аллаға тәуекел етсін!» – деп жауап беретін. (14:11-12)

Елшілердің сөздерінен көрініп тұрғандай, олардың саяхаттары жеке елестермен емес, Алламен белгіленген. Мухаммад хабарландырушылар тізбегінен ерекше болған емес.

Әлиф. Ләм. Ра. Кітап. Біз оны саған сен онымен адамдарды олардың Иелерінің рұқсатымен түнектен нұрға, Үстемнің, Даңқты Алланың жолына шығаруың үшін түсірдік, Оған аспандардағы мен жердегілер тиесілі. Жабылғандарға қатты азаптан қайғы, олар бергі өмірді Ақырғы өмірден артық жақсы көреді және Алла жолынан (сәбиили) бездіреді, оны қисайтуға ұмтылады! Осындайлар терең адасушылықта! (14:1-3)

Адамдарды білімсіздік пен бұрмалау түнегінен шығаруға арналған болып Құранның дәп өзі келеді. Ақиқаттың қарсыластары Кітаптың мәнін бұрмалауға тырысты. Ақиқат жолдан тайдырудың ең тиімді жолы – параллельді жолды ұсыну. Сенушілерде күмән болмау үшін, ол жолды хабарландырушыға оны көрген куәгерлер арқылы байланыстырады. Бірақ Кітап – ақиқат жолы екеніне Иенің Өзі куәгер.

Алайда Алла саған түсірілгенді Ол Өз білімімен түсіргеніне куәлік етеді, басқарушылар да куәлік етеді. Куәгер ретінде Алла жеткілікті! Расында, жабылып, Алла жолынан (сәбиили) ауытқығандар терең адасушылыққа түсті! (4:166-167)

Аянның ұйғарымдарын мойындамаушылық адасу туралы түсінік береді.

Сонымен қатар, әр қадамын хабарландырушымен мақұлдауға ұмтылушылық Жасаушымен қошталмайды.

Әлде сендер елшілеріңнен Мұсадан сұрағандай сұрағыларың келе ме? Кім сенімді жабықтыққа айырбастаса, сол тура жолдан (сәбиили) жаңылған. (2:108)

Исраилдің балалары Мұсадан бастапқы анық ұйғарымға қарамай, әртүрлі жауаптарды алуға ұмтылды ғой. Бұл көрініс қазіргі таңда Алланыңң түсіндіргені аз болған мұсылмандардың арасында да байқалады. Осымен Жаратушы мен сенушілердің арасындағы басшылық топ пайдаланады, олар Мухаммадтың атынан «хадис» түрінде жүйеленген жауап береді, ол пайғамбардың «сүннеті» деп аталады.

Иеңнің жолына (сәбиили) талғағыштық әрі жақсы үгіт арқылы шақыр! Олармен ең жақсы нәрсе арқылы пікірталас! Расында, Иең – Оның жолынан (сәбиилихи) жаңылғандарды жақсырақ біледі! Ол бағытталғандарды жақсырақ біледі! (16:125)

Мухаммадқа болса Үстем көрсеткен жолға шақыру ұйғарылды. Хабарландырушы Кітаптың өзі оның жолы екенін анық көрсетті.

«Бұл – менің жолым (сәбиилии)! Мен Аллаға саналы түрде шақырамын – мен және менің артымнан ергендер! Аллаға даңқы, мен Аллаға серік қосушылардан емеспін!» – деп айт. Саған дейін де Біз елді мекендерден өздеріне уаһи етіп ерлерді ғана жіберетінбіз. Олар жер жүзін кезіп, өздеріне дейін болғандардың нәтижесі қандай болғанын көрмеп пе еді?! Расында, Ақырғы Өмірдің мекені абай болушыларға жақсырақ! Сонда олар түсінбейді ме? (12:108-109)

Елші көрсеткен жол уәһимен тығыз байланысты екені тағы да көрініп тұр, бұл жерде өткен оқиғаларға сүйеніп көрсетілген.

Уаһи деп Кітаптың айтылып тұрғанына еш күмән жоқ. «Уаһи» тақырыбы «Құран уаһи жайында» деген мақалада ашылған.

Бұған дәлел ретінде Мухаммадтың ОҚЫЛАТЫН ақпаратты, яғни Құранды, тыңдауға шақырғаны келеді.

«Келіңдер! Мен Иелерің сендерге тиым еткен нәрселерді оқып беремін…» – деп айт. (6:151)

Және азғантай аралықтан кейін елші өзінің жолы  Құран екенін айтады.

«Расында, бұл – менің түзу жолым (сыроталь мустақым)! Оған еріңдер, Оның жолынан (сәбиилиһи) бөлініп кетпес үшін басқа жолдарға (субулә) ермеңдер! Бұл сендерге өсиет, бәлкім сақсынарсыңдар!» (6:153)

Жақсылап қараған түзу жол (сыроталь мустақим) мен Алла жолының барбарлығын байқайды. Бұл үзіндіде біз елші Жасаушының Сөзіне еруді үзілді-кесілді түрде өсиет ететінін көреміз. Ол Құран өзінің жолы екенін нақты әрі айқын айтты, сол жолға хабарландырушы барлық сенушілерді еруге шақырды.

Ал Кітапты қабылдамағандарды Жаратушы мәжбүрлемеуді, оларды тыныштықта қалдыруды бұйырды.

Ескертуімізден теріс бұрылып, тек қана бергі өмірді қалайтындардан шеттен.

Олардың білім деңгейлері сондай. Расында, сенің Иең, Оның жолынан (сәбиилиһи) кім жаңылғанын жақсырақ біледі. Ол кім бағытталғанды жақсырақ біледі! (53:29-30)

Айтылып өткен «ескерту» – Құранның синонимдерінің бірі. Хабарландырушының бар міндеті Кітапты таратуда болды. Әрине қарсыластар көп болды, бірақ Ие Мухаммадты олардың ықпалынан бекем қорғады.

Сен Құранды оқыған кезіңде, Біз сенің әрі Ақырғы Өмірге сенбейтіндердің арасына жасыратын шымылдық жасаймыз. Біз олардың жүректеріне түсінбеулері үшін жамылғы орнаттық, ал құлақтарына болса – кереңдік. Сен Иеңді Құранда жалғыз түрде ескергенің кезде, олар жиіркенішпен жүздерін теріс аударады. Олар сені тыңдаған кезде, нені тыңдайтынын Біз жақсырақ білеміз. Олар жасырын түрде әңгімелескенде, зұлымдар: «Сендер тек жадыланған кісінің артынан еріп жатырсыңдар!» – дейді. Олар саған қалайша мысал келтіретініне қара. Олар жаңылып, жол (сәбиилән) таба алмай жатыр! (17:45-48)

Алланың Кітабынан жабылып қалғандар, Құранға қарсы келетіндер дұрыс жолды таба алмай жүрген адасқандар болып саналады. Тек Кітапқа сәйкес келу өлшемшарты таңдалған жолды дұрыс деп санауға негіз береді.

Жабылып қалғандар: «Бұл – оның ойдан шығарылған жаласы, ал бұған басқа адамдар көмектесті!» – деді. Олар зұлым жалғандықты көрсетті! Олар: «Көне аңыздар! Ол оларды көшіріп жазды, оны оған таң мен кеште айтып жаздырады ғой!» – деп айтты. «Бұны (Құранды) аспандар мен жердің сырын білетін түсірді. Расында, Ол – Кешіруші, Рақымды!» – деп жауап бер. Олар: «Бұл қандай елші? Ол тамақ жеп, базар аралап жүреді. Неге оған басқарушы түсіріліп, онымен бірге алдын-ала ескертуші болған емес? Немесе неге оған қазына берілмеген? Немесе неге ода ол қоректенетін бақша пайда болған жоқ?» – деп айтты. Зұлымдар: «Сендер тек жадыланған адамға ересіңдер!» – деп айтты. Олар саған қалай мысал келтіргенін қара, бірақ олар жаңылып, жол (сәбиилин) таба алмай жатыр! (25:4-9)

Нәтижесінде, Жаратушы белгілерден жабылып қалғандарды сенгендермен салыстырады. Бұл салыстыру Кітапты – Құранды қабылдауға негізделеді.

Жабылып, Алла жолынан (сәбиили) теріс айналғандардың істері жаңылды. Сенім артып, түзелгендерің әрі Мухаммадқа түсірілгенге сенім артқандардың, ал бұл болса – олардың Иелері тарапынан ақиқат, – Ол жаман істерін жабады да ақылдарын жақсартады! (47:1-2)

Кітап иелеріне деген үндеу үлгілі болып табылады, сол жерде ақиқатты өткендегі бұрмалаудың мәні ашылады.

Иә Кітап иелері! Көп нәрсенің жанынан өтіп, Кітаптан жасырғандарыңның көбісін түсіндіру үшін сендерге Біздің елшіміз келді. Сендерге Алладан Нұр әрі айқын Кітап келді! Алла, бойұсыну жолдарымен (субулә) Оның разылығына ергендерді, онымен бағыттайды! Ол Өзінің рұқсатымен оларды түнектен нұрға шығарады әрі оларды түзу жолға бағыттайды (сыротын мустақым)! (5:15-16)

Кітап иелерінің «абыздары» өздеріне түсіп тұрған қауіптін көзі туралы нақты түсінетін де, Құранның беделін түсіруге бұрын да, қазір де күш салып жатыр.

«Иә Кітап иелері! Неліктен сендер, куәлік бере тұра, Алланың жолын (сәбиили) қисайтуға тырысып одан сенім артқандарды ауытқытасыңдар? Расында, істеген нәрселеріңді Алла елемей тұрған жоқ!» – деп айт. (3:99)

Олар сенушілерді ақиқат жолдан қалай ауытқытқысы келді? Белгілерден жабылу жолымен.

Иә Кітап иелері! Неліктен сендер Алла белгілерінің куәгерлері бола тұра, олардан жабыласыңдар? (3:70)

«Иә Кітап иелері! Неліктен сендер Алланың белгілерінен жабыласыңдар? Алла істеріңе Куәгер ғой!» – деп айт. (3:98)

Әрине, әр адам үшін ең басты оқиға Борыш Күні болады. Бұл күні адасудың нағыз себебі анықталады. «Ұшуларды талқылау» міндетті түрде түсірілген Кітапқа деген қарауға тіреледі.

Сол Күні Ол оларды және олар Одан өзгелерге қызмет еткендерді жинайды. Алла: «Осы Менің қызметшілерімді сендер жаңылдырдыңдар ма немесе жолдан (сәбиилә) өздері жаңылды ма?» – деп сұрайды. Олар: «Мадақ Саған! Сенен өзгелерді жебеуші қылып алу бізге жат! Алайда Сен оларға және олардың әкелеріне олар ескертуді ұмытпағанша және құрыған халық болмағанша рахатқа бөленуге жол бердің!» – деп айтады. (25:17-18)

Бәріне қарама-қарсы ретінде дәстүр келесі дәлелдемені келтіреді:

Сол Күні зұлым қолдарын тістеп: «Иә, мен елшімен бірге жол тұтқанымда ғой!..» – дейді. (25:27)

Бұны келтіргенімен «сүннетпен» жүрмеген қайғырады деген ойды жеткізеді. Алайда, бүкіл мәнмәтінді қарап, ары қарай оқысақ, барлығы өз орнына келеді.

«… Қайғы маған! Мен пәленшені дос тұтып алмағанымда! Маған Ескерту келгеннен кейін, ол мені одан жаңылдырды ғой!..» – деп айтады. Расында, тілазар адамды тастап кетеді! Елші: «Иә Ием! Расында, халқым осы Құранды сандырақ көрді!» – деді. (25:28-23)

Елшімен бірге бір жолды таңдау Кітаптың артынан еру дегенді білдіреді, ал Мухаммадтың адамдарға қарсы басты ескертпесі болып олардың Құранға деген қарауы болады.

Егер біз «сүннет» туралы айтылып жатыр деген үзінділерге қайтып келсек, оларды мәнмәтімен бірге оқыған дұрыс. Анықталғандай, келесіні:

Кім өзі үшін Нұсқау түсінікті болғаннан кейін елшіге қарсы келсе және сенушілердің емес, басқа жолға (сәбиили) ерсе, Біз оны өзі бет бұрған жаққа жіберіп, Тозақта өртейміз! Бұл жаман нәтиже! (4:115)

осы жақтан түсіну қажет:

Біз саған ақиқат бойынша Кітап түсірдік, Алла саған көрсеткендей адамдардың арасына үкім шығаруың үшін. Сатқындарға жарыстас болма! (4:105)

Ал келесі үзіндіні:

Расында, өздері үшін Нұсқау түсінікті болғаннан кейін жабылып қалғандар, Алла жолынан (сәбиили) ауытқығандар және елшіге қарсы келгендер Аллаға ешқалай зиян келтірмейді және олардың істері нәтижесіз болады! (47:32)

Мына жақтан түсіну қажет:

Олар Құран турасында ойланбайды ма? Әлде олардың жүректерінде құлып бар ма? (47:24)

Алдын-ала ескертуді болса:

Расында, Алладан, Оның елшілерінен жабылғандар және Алланы Оның елшілерінен айырғысы келетіндер: «Біз біреулеріне сеніп, басқаларынан жабылып қалғанбыз!» – дейді, олар бұның арасынан жол (сәбиилян) тапқысы келеді, олар – шынымен жабылып қалғандар! Біз жабылып қалғандарға қорлайтын жаза дайындап қойдық! (4:150-151)

кем дегенде осыдан бастап, зерттеу керек:

Иә сенім артқандар! Аллаға, Оның елшісіне, Ол Өзінің елшісіне түсірген Кітапқа, Ол алдын түсірген Кітапқа сенім артыңдар! Кім Алладан, Оның басқарушыларынан, Оның Кітаптарынан, Оның елшілерінен әрі Соңғы Күннен жабылса, сол терең адасушылыққа батты! (4:136)

Көптеген адамдардың көзқарастары мен пікірлерін олардың рухани жетекшілері мен беделділері қалыптастырады. Бұндай жағдайдың нәтижесі Борыш Күніндегі торығушылық болады.

Олар: «Иеміз! Расында, біз басшыларымыз бен беделділерімізді тыңдадық, бірақ олар бізді жолдан жаңылдырды!..» – дейді. (33:67)