Құран Кітап иелеріне деген үндеулері жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Адамдардың көбісінің өмірлік мағынасының негізін қалаушы векторы болып Құдайға деген сенім келеді. Көбісінің сенімі бір кезде түсірілген Кітаптармен құрылған монотеистік дүниетаным түрінде келтірілген. Көпшілік Киелі Кітаптарды ибраһимдік бағытқа жатқызады, сонымен бірге әр әлемдік конфессия өзінің діни доктринасын негізін қалаушысы болып келетін Кітаптан кейін келген Кітаптың растығын мойындамайды. Бұл мағынада Жасаушының соңғы Кітабы, яғни Құран, бөлек тұрады, себебі ол алдыңғы Кітаптарды нивелирлемейді әрі баршаға шақырумен үндейді.

Иә Кітап иелері! Көп нәрсенің жанынан өтіп, Кітаптан жасырғандарыңның көбісін түсіндіру үшін сендерге Біздің елшіміз келді. Сендерге Алладан Нұр әрі айқын Кітап келді! Алла, бойұсыну жолдарымен Оның разылығына ергендерді, онымен бағыттайды! Ол Өзінің рұқсатымен оларды түнектен нұрға шығарады әрі оларды тура жолға бағыттайды! (5:15-16)

Иә Кітап иелері! Сендердің:
«Бізге қуантушы да, алдын ала ескертуші де келген жоқ!» – деп айтпауларың үшін, елшілерден кейін уақыт аралығы өткеннен кейін сендерге елшіміз келді.
Мінекей, сендерге қуантушы да, алдын-ала ескертуші де келді. Расында, Алла әр нәрсеге Құдіретті! (5:19)

Қалыптасқан догматикалық жүйенің салдарынан, келіп тұрған «тазартылған ой» оның өкілдерінің тойтарысына тап болатын. Бұрынғы доктринаның мүдделерін қорғаушылығы Алла белгілерін мойындамауды талап ететін, бұл Жаратушының жазғыруына әкелетін.

Иә Кітап иелері! Неліктен сендер Алла белгілерінің куәгерлері бола тұра, олардан жабыласыңдар?
Иә Кітап иелері! Неліктен сендер, біле тұра, ақиқатты бос нәрсеге жамылдырып, ақиқатты жасырасыңдар?!
Кітап иелері қатарларынан кейбіреулері: 
«Сенім артқандарға түсірілгенге, күндіздің басында сенім артыңдар, ал күндіздің соңында одан жабылыңдар, мүмкін, олар қайта оралатын шығар. Алланың алдында сендердің міндеттеріңе еретін кісіге ғана сенім артыңдар!» – деп айтты. (3:70-73)

«Иә Кітап иелері! Неліктен сендер Алланың белгілерінен жабыласыңдар? Алла істеріңе куәгер ғой!» – деп айт.
«Иә Кітап иелері! Неліктен сендер, куәлік бере тұра, Алланың жолын қисайтуға тырысып одан сенім артқандарды тайдырасыңдар? Расында, істеген нәрселеріңді Алла елемей тұрған жоқ!» – деп айт. (3:98-99)

«Иә Кітап иелері! Біз Аллаға, бізге түсірілгенге, бұрын түсірілгенге сенім артқанымыз үшін ғана бізден кектеріңді алып отырсыңдар ма? Расында, араларыңнан көбісі – жолдан тайғандар!» – деп сұра. (5:59)

«Иә яһудилер! Өздеріңді басқалардан гөрі Аллаға жақын санасаңдар, өздеріңе өлім қалаңдар, шыншыл болсаңдар!» – деп айт. (62:6)

Ұсынылған нұсқауды дұрыс түсінуге мүмкіндік беру үшін, Үстем оппоненттердің назарын олардың тіреу көзіне – Ибраһимге, аударады.

Иә Кітап иелері! Неліктен сендер Ибраһим жайлы таласасыңдар? Таурат пен Інжіл одан кейін ғана түсті ғой. Сендер ұғынбайсыңдар ма? Міне, сендер – білетін нәрселерің жайлы таласушыларсыңдар, сонда сендер неліктен білмейтін нәрселерің жайлы таласасыңдар? Расында, Алла біледі, ал сендер білмейсіңдер!
Ибраһим яһуди де, мәсіхші де болған жоқ, ол иілген, бой ұсынған болды, әрі Аллаға серік қосатындардан болған жоқ!
Расында, Ибраһимге ең жақындар, бұл – оның артынан ергендер, осы елші және сенім артқандар. Расында, Алла – сенушілердің жебеушісі! (3:65-68)

Талдағыш ойға деген жүгінушілік алдыда болған бірқұдайшылық діндердің өкілдерін үгіттеуде басты құрал болып келеді.

Иә Кітапқа иеленгендер! Біз бейнелерді жойып тастауымыздан бұрын, сендердегіні ақтау үшін сендерге түсірілген нәрсеге сенім артыңдар! Біз оларды кері қайтарамыз немесе сенбіні бұзушылардың жақтаушыларын лағынеттегеніміздей лағынеттейміз! Расында, Алланың әмірі орындалған болады! (4:47)

Иә Кітап иелері! Өз міндеттеріңде шектен шықпаңдар және Алла жайлы тек қана шындықты айтыңдар! 
Расында, Мәриәм ұлы, майланған Иса, тек қана Алланың елшісі! Алладан Мәриәмға Оның сөзі мен Оның Рухы берілді. Аллаға және Оның елшілеріне сеніңдер! 
Үш деп айтпаңдар! Тыйылсаңдар, өздеріңе жақсы болады! 
Расында, Алла – Жалғыз тәңірі! 
Ол – баласы болудан шексіз алыс!
Аспандар мен жердегілердің бәрі Оған тиесілі! Алла сенімгер болғаны жеткілікті! (4:171)

«Иә Кітап иелері! Сендер Таурат, Інжіл және сендерге Иелерің тарапынан түсірілгенге сүйенбгендеріңше, сендерде ештеңе жоқ!» – деп айт. Бірақ Иең тарапынан саған түсірілген нәрсе олардың көбісінде міндетті түрде шектен шығушылық пен жабықтықты арттырады. Жабылған адамдар үшін қапаланба! (5:68)

«Иә Кітап иелері! Міндеттеріңде хақсыз шектен аспаңдар және бұрын жаңылған адамдардың құмарлықтарына ермеңдер! Олар көпті адастырды және өздері де түзу жолдан жаңылды!» – деп айт.
Исраил балаларының арасынан жабылғандары Даудтың және Мәриям ұлы Исаның тілімен лағынеттелді! Бұл олардың құлақ аспай, қылмысты болғандары үшін. Олар жағымсыз істен тыйылмай, оны жасайтын! Расында, істеген нәрселері нашар! (5:77-79)

Кітап иелеріне үндеудің мәні бұрында түсірілген кітаптардан бас тартпай, өзінің көзқарастарын түзетуде қорытылады. Ал ибраһимдік қауымдардың бірлесу алаңы ретінде Кітаптарымыздың бір бағытта келе жатқан түйісу нүктелері бола алады.

«Иә Кітап иелері! Біздің Алладан басқа ешкімге қызмет етпеуіміз, Оған ешкімді серік ретінде қоспауымыз әрі араларымыздағы біріміз басқаларымызды Алламен қатар ие қылып алмауымыз үшін, біз үшін әрі сендер үшін, бірдей сөзге келіңдер!» – деп айт.
Олар теріс айналса:
«Біз бой ұсынған екеніміз жайлы куәлік беріңдер!» – деп айт. (3:64)

Бұл үш тараптың адами түсінік беру мен дәстүрден бас тартып, Құдайдың нұсқауына ғана сүйенгенінен кейін ғана мүмкін бола алады.