Құран Алланың адамдарға деген үндеулері жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Адамдардың әр алуан дүниетанымдары қоғамның даму жолдарының көптеген нұсқаларын ұсынады. Пікірталас алаңдары әлеуметті сауықтыру рецепттерімен толы, олардың басты бөлігін адамдар әлдеқашан қолданып қойған.
Адамдарды қозғайтын күштерінің арасынан ең қуатты болып рухани ынталандырма келеді. Бұл сала да ерудің көптеген нысандары мен жолдарын ұсынады. Бүгінгі күнде ең көп талқылатанатын «жоба» болып Ислам келеді. Бірақ ол да біртұтас емес. Ешкімге артықшылық бермей, мұсылмандардың негізіне – Құранға бет аударып, Алланың адамдарға деген үндеулерін қарастырайық.

Иә адамдар, Алланың сендерге деген жарылқауын естеріңде ұстаңдар! Жаратушы Алла емес пе еді?
Ол сендерді аспан мен жерден ризықтандырады! Тәңірі тек қана Ол! Сендер қалайша жала жауып отырсыңдар?! (35:3)

Жасаушы адамзаттың назарын биосфераның тіршілік әрекетінін көзіне аударады. Барлығымыз, нәсіл, ұлт және сенімдерімізге қарамастан, тіршілігімізді сақтайтын нәрселерге бірдей мұқтажбыз. Адамға қажетті басты нәрсе, бұл – денсаулыққа жағымды аспен тамақтану.

Иә адамдар! Жер бетіндегі рұқсат етілген, пайдалы нәрселерден жеңдер, әрі тілазардың ізіне ермеңдер! Расында, ол сендер үшін – айқын қарсылас! (2:168)

Қоғамның даму қисыны халық ішінде да, халықтардың арасында да ротацияға апарды. Әлеуметтің ішінде дегдарлар құрылды, ал елдердің халықтарының арасында оларды даму дәрежесі бойынша салыстыру дәстүрге кірді. Бірақ барлық осы бағдарлар субъективті және де Жаратушының бағалауымен ортақтас емес:

Иә адамдар! Расында біз сендерді ер әрі әйел қылып жараттық. Біз сендерді бір-бірлеріңді білулерің үшін тайпа мен рулар етіп қойдық. Расында, араларыңнан Алланың алдында ең құрметті болып ең абай болушы келеді! Расында, Алла – Білуші, Хабардар! (49:13)

Иеміздің жоғары бағасына лайық болуымыз үшін ақылды «қосу» керек, бұл үшін маңызды нәрсе болып абай болушылық (сақтық) келеді.

Иә адамдар! Сендерді Бір Тұлғадан жаратып, одан жұпты жаратып және де ол екеуінен көптеген ерлер мен әйелдерді таратқан Иелеріңнен сақсыныңдар! Ол жайлы сендер бір-бірлеріңе сұрақ қоятын Алладан сақсыныңдар, және де қан араласудан! Расында, Алла сендерді бақылайды! (4:1)

Иә адамдар, Иелеріңнен сақсыныңдар! Расында, соңғы сағаттың сілкінісі – ұлы нәрсе! (22:1)

Иә адамдар! Алладан сақсыныңдар әрі әке-шешесі баласы үшін өтей алмайтын және туылған әке-шешесі үшін ештеңемен өтей алмайтын күнінен қорқыңдар! Расында, Алланың уәдесі хақ! 
Таяу өмір сені еліктірмесін! Алла жайлы сендерді алдағыш алдамасын! (31:33)

Абай болушылық сенушіні кез келген оқиғаны ойланып бағалауға әрі ұсынылған мәліметтерден дұрыс шешім шығаруға түрткі береді, кері жағдайда қалыпты қызмет ету мүмкін емес әрі ауыстыруға әкеле алады:

Ол қаласа, сендерді жоқ қылады, иә адамдар, әрі басқаларды әкеледі! Расында, Алла бұны істей алады! (4:133)

Иә адамдар, сендер Аллаға мұқтажсыңдар, ал Алла болса – Бай, Даңқты! Ол қаласа, сендерді жоқ қылып, жаңа жаратылысты әкеледі! Бұл Алла үшін қиын емес! (35:15-17)

Барлығы адамдардың өмірлік әрекеттеріне тіреліп келеді. Қоғамдық формациялардың кезеңдері бұл не басқа жүйеге қызмет етумен шартталған. Хабарландырушылар мен оппоненттердің қарсыласуы Алла ұсынған міндет пен адамдар ұсынған міндет деген екі қызметтердің түрін ашты.

Иә адамдар! Сендерді әрі сендерге дейін болғандарды жаратқан, сендер үшін жерді төсенген түрде, ал аспанды конструкция түрде қылған Иелеріңе қызмет етіңдер, мүмкін, абай боларсыңдар. (2:21-22)

«Иә адамдар! Сендер менің міндетімнен күмәндансаңдар, сендер Алладан басқаларға қызмет ететіндеріңе мен қызмет етпеймін, бірақ мен сендерді тыныштандыратын Аллаға қызмет етемін. Маған сенуші болуға әмір етілді!» – деп айт. (10:104)

«Иә жабылғандар!
Сендер қызмет ететіңдеріңе мен қызмет етпеймін!
Әрі сендер де менің қызмет ететіміме қызмет етпейсіңдер!
Сендер қызметші болып жүргендеріңе мен қызметші емеспін!
Әрі сендер де менің қызметші болып жүргеніме қызметші емессіңдер!
Сендерге – өздеріңнің міндеттерің, ал маған – өзімнің міндетім!» – деп айт. (109:1-6)

Белгілі бір жүйеге қызмет етушілік дүниетанымды болмыс негізінде қамтитын идеологияны билейді. Оппонтенттердің дискуссиясының басты аспекттері болып келешекті түсіну – өлімнен кейінгі тірілуге сену – мәселесі келеді.

Иә адамдар! Тірілу жайында күмәнда болсаңдар, расында, Біз, сендерге түсіндіру үшін сендерді тозаңнан, сонан соң тамшыдан, сосын ұйысқан қаннан, сосын жарамды әрі жарамсыз шағым еттен жараттық. Жатырларда белгілі бір мерзімге дейін қалағанымызды орнатамыз. Сосын есеюлерің үшін кейін сендерді нәресте түрде шығарамыз. Араларыңнан тыныштандырылатындарың бар, араларыңнан білімнен кейін ештеңені білмес үшін жексұрын өмірге қайтатындарың бар. 
Сен жердің сөнгенін көріп тұрсың, ал Біз оған су түсіргенімізде, ол күллі көркем өсімдіктер жұптырының өсуінен дірілдейді! (22:5)

Ақиқатты жеткізушілік көбінесе аналогияларға сүйенеді, себебі айқын мысалдар ұғынуға жат негіздерді түсінуін жеңілдетеді.

Иә адамдар! Мысал келтіріліп отыр, оны тыңдаңдар! Расында, Алладан өзгелерді шақыратындарың, шыбынды да жарата алмайды, бұл үшін барлықтары бірге жиналса да. Шыбын оларды бір-нәрселерінен айырса, бұлар оны құтқара алмайды. Талап етуші де, талап етілуші де дәрменсіз! (22:73)

Түңілген (ібіліс) мен «абыздардың» Құдайдың нұсқауларына қарсылық көрсету тәжірбиесі мол. Олардың қару-жарақтары болып сатылғыштық пен алдағыштық келеді, бұларды Исламның ішінде сенушілерді Құраннан шеттету үшін қолданады.

Иә адамдар, Алланың уәдесі хақ қой! Таяу өмір сендерді еліктірмесін, Алла жайлы сендерді алдағыш алдамасын!
Расында, тілазар – қарсыластарың! Оның қарсыласы болыңдар! Расында, ол өзінің партиясын жалынға қосылуға шақырады! (35:5-6)

Сені жаратып, түзулетіп, туралап, қалаған түрінде құрастырған ардақты Иең жайлы сені не адастырады, иә адам?! (82:6-8)

Әрине, түгел баршаға сенбеушілікпен қараудың қажеті жоқ. Істерде көрінетін сенімділік тудыратын қасиеттер жиынтығы бар. Сенімділік тудыратын қаситтердің үздік иесі болып Мухаммад келетін. Жаратушы өз ұйғарымдарының таратушысы роліне Мухаммадты бекерге таңдаған жоқ.

Иә адамдар! Сендерге, Иелеріңнен ақиқатпен, елші келді! Сенім артуларың өздеріңе жақсы болады! Ал жабылсаңдар, аспандар мен жерлер Аллаға тиесілі ғой! Расында, Алла – Білуші, Дана! (4:170)

«Иә адамдар! Мен, аспандар мен жерге билігін жүргізетін – Алланың, сендерге жіберілген елшісімін. Тәңірі тек қана Ол! Ол тірілтеді және қаза таптырады!» – деп айт.
Аллаға әрі Оның тәжірбиесіз елшісіне, хабарландырушысына, сеніңдер, ол Аллаға әрі Оның сөздеріне сенеді. Оның артынан еріңдер, мүмкін, бағытталарсыңдар! (7:158)

Жауапты миссияға бөленген елші бос уақытын тынбай үгіттеуде өткізетін.

Иә адамдар! Сендерге Иелеріңнен дәлел келді, әрі Біз сендерге анық нұр түсірдік! (4:174)

Иә адамдар, сендерге Иелеріңнен үгіттеу келді, әрі кеудедегі үшін шипа, – сенушілер үшін Нұсқау мен мейірім. (10:57)

«Иә адамдар! Мен сендер үшін анық алдын-ала ескертушімін!» – деп айт. (22:49)

Хабарландырушымен келіспегендердің көбісі ол жариялаған хабарды оның жеке туындысы деп санайтын. Олар оның миссиясын қабылдамай ақиқаттан ерікті түрде бас тартты.

«Иә адамдар! Сендерге Иелеріңнен ақиқат келді! Кім бағытталған болса, сол, расында, өзі үшін бағытталған, ал кім жаңылса, сол өзі өзін жаңылдырады! Мен сендер үшін кепілгер емеспін!» – деп айт. (10:108)

Мухаммадтың кепілгер болмайтыны барлықтары үшін әділ келеді.
Құранға сенушілер Борыш Күніне сенімді, олардың игі істері келешек өмірге деген талпыныспен себептеледі.

Иә адам, сен Иеңе қарай мықшындап, ұмтыласың әрі Оныменен кездесесің! (84:6)

Ойнасқорлар үшін олардың бүкіл өмірлерінің қорытындылары шығарылатын кез келеді.

… Иә адамдар, ойнастықтарың – өздеріңе қарсы! Бұл – таяу өмірдің қолданысы! Сонан соң сендер бізге ораласыңдар, әрі Біз не істегендерің жайлы сендерге хабар береміз! (10:23)