Құран Алланың сенушілерге деген үндеуі жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Ақпаратты жеткізетін негізгі құрал болып объектке деген үндеу жасау тәсілі келеді. Бұл жеке-дара жағдайларға да, бұқаралық ауқымдарға да тура келеді. Үндеу әдетте адресті түрде келеді әрі әзірленген негізге бағышталады, адресат, кем дегенде, оқиғалар жөнінде хабардар болуы тиіс.

Құранда Алла жалпы заңдар мен шектеулерді сипаттудан бөлек әр-түрлі адамдар категориясына арнайы түрде үндейді. Сол адамдар категориясының бірі болып сенуші адамдар келеді.

Арабша бұл фраза келесідей оқылады: «иә әйюхәл-ләзинә әмәну», бұның аудармасы: «Иә сенім артқандар».

Сөйлемшенің өзі адамдарда сенім бар екенін айтып отыр, сондықтан:

1) сенімге деген шақыру қисынды болып келеді

            Иә сенім артқандар! Аллаға, Оның елшісіне, Ол Өзінің елшісіне түсірген Кітапқа, Ол бұрында түсірген Кітапқа сенім артыңдар! Кім Алладан, Оның басқарушыларынан, Оның Кітаптарынан, Оның елшілерінен әрі Соңғы күннен жабылса, сол терең адасушылыққа батады! (4:136)

Жай ғана сенім келтіру жеткіліксіз, себебі сенім іссіз өлі ғой. Осыдан:

2) бойұсынушылыққа деген шақыру туындайды

Иә сенім артқандар! Бойұсынушылыққа толықтай кіріңдер әрі тілазардың ізіне ермеңдер! Расында, ол сендер үшін – айқын қарсылас! (2:208)

Бойұсынушылықта орындаудың шарттары болуы керек. Оларды білу үшін тыңдау қажет, бұны:

3) тыңдаушылыққа деген шақыру талап етеді

Иә сенім артқандар! Алланы, елшіні әрі араларыңда ықпалға иелерді тыңдаңдар! Бір-нәрсеге даулассаңдар, осымен Аллаға әрі елшіге жүгініңдер, егер Аллаға және Ақырғы күнге сенсеңдер. Бұл мағынасын ашу жағынан жақсырақ әрі көркемірек болады! (4:59)

            Иә сенім артқандар! Алланы әрі Оның елшісін тыңдаңдар, және де тыңдап жатқан кездеріңде, одан теріс бұрылмаңдар! (8:20)

            Иә сенім артқандар! Алла мен Оның елшісіне жауап қайтарыңдар, ол сендерді тірілтетінге шақырған кезде! Алла ер мен оның жүрегінің арасында орналасқанын біліңдер! Расында, сендер Оған жиналасыңдар! (8:24)

            Иә сенім артқандар! Алланы тыңдаңдар, елшіні тыңдаңдар әрі істеріңді бекер қылмаңдар! (47:33)

Адам өз бастамасында берік болуы тиіс, сондықтан:

4) берілгенділікке деген шақырушылық өте маңызды болып келеді

Иә сенім артқандар! Алла мен Оның елшісін сатпаңдар! Біле тұра аманаттарыңды сатпаңдар! (8:27)

Жұртқа мәлімдісі, Құран ойлампаз адамдарға бағдарланған, сондықтан:

5) абай болушылыққа деген шақыру ерекшеленеді

Иә сенім артқандар! Алладан сақсыныңдар әрі өсімнен қалғанды қалдырыңдар, егер сенуші болсаңдар! (2:278)

            Иә сенім артқандар! Алладан шынайы сақсынумен сақсыныңдар әрі тек бойұсынған болып қана өліңдер! (3:102)

            Иә сенім артқандар! Еселенген өсімнен тамақтанбаңдар және де Алладан сақсыныңдар, мүмкін, жетістікке жетерсіңдер! (3:130)

            Иә сенім артқандар! Қырағылық танытыңдар! Жасақ болып аттаныңдар, немесе барлықтарың бірге аттаныңдар! (4:71)

            Иә сенім артқандар! Алланың сендерге деген жарылқауын еске алыңдар, адамдар сендерге қолдарын созғанда, Ол олардың қолдарын тыйды! Алладан сақсыныңдар, сенушілер Аллаға тәуекел етсін! (5:11)

             Иә сенім артқандар! Алладан сақсыныңдар, Оның ықыласына бөленуге ұмтылыңдар әрі Оның жолында ынталаныңдар, мүмкін, жетістікке жетерсіңдер! (5:35)

            Иә сенім артқандар! Алладан сақсынсаңдар, Ол сендерге ажыратушылық береді, жаман істеріңді жабады және сендерді кешіреді. Расында, Алла үлкен артықшылыққа ие! (8:29)

            Иә сенім артқандар! Алладан сақсыныңдар әрі шыншылдармен бірге болыңдар! (9:119)

            Иә сенім артқандар! Алладан сақсыныныңдар әрі лайықты сөздер айтыңдар! (33:70)

            Иә сенім артқандар! Алладан және Оның елшісінен озбаңдар! Алладан сақсыныңдар, расында, Алла  Естуші, Білуші! (49:1)

            Иә сенім артқандар! Жорамалдардың көбісінен шеттеніңдер, расында, жорамалдардың бір бөлігі  күнә. Бір біріңді аңдымаңдар және бір бірлеріңді жамандамаңдар. Араларыңнан біреулеріңе марқұм бауырының етін жеу ұнамды бола ма? Бұл сендерге жиіркенішті ғой! Алладан сақсыныңдар! Расында, Алла – тәубе қабылдаушы, Рақымды! (49:12)

Иә сенім артқандар! Алладан сақсыныңдар, Оның елшісіне сенім артыңдар, әрі Ол сендерге Өз мейірімінің екі еселік кепілін береді! Ол сендерге сендер сонымен жүретін Нұрды орнатады, әрі сендерді кешіреді! Алла – Кешіруші, Рақымды! (57:28)

            Иә сенім артқандар! Жасырын түрде әңгімелескен кездеріңде, күнә, дұшпандық әрі елшіге бағынбаушылық жайлы әңгімелеспеңдер, бірақ таупиықтық пен абай болушылық жайлы әңгімелесіңдер! Сендер Оған жиналатын Алладан сақсыныңдар! (58:9)

            Иә сенім артқандар! Алладан сақсыныңдар! Әр тұлға ертеңгі күнге өзіне не дайындағанын қарасын. Алладан сақсыныңдар! Расында, Алла істерің жайлы хабардар! (59:18)

            Иә сенім артқандар! Расында, жұбайларың мен балаларыңның арасында өздеріңе қарсыластарың бар! Олардан сақтаныңдар! Егер сендер кешсеңдер, кеңшілік жасасаңдар әрі кешірсеңдер, расында, Алла – Кешіруші, Рақымды! (64:14)

            Иә сенім артқандар! Отындары адамдар мен тастар болатын оттан өздеріңді әрі жанұяларыңды қорғаңдар! Оның үстінде – қатаң әрі қатал басқарушылар. Олар Алланың әмірлерінен жалтармай, әмір етілгенді орындайды. (66:6)

Тиімділік үшін, әрекеттердің ынталандыруы бейнелі сөздер арқылы болады:

6) көмек сұрау арқылы

Иә сенім артқандар! Аллаға көмектессеңдер, Ол сендерге көмектесіп, табандарыңды бекітеді! (47:7)

Біз өзіміздің адами шектелгендігімізді жақсы түсінеміз, сондықтан:

7) тәубеге келушілікке деген шақыру бізге түсінікті келеді

Иә сенім артқандар! Алланың алдында жүректен тәубе етіңдер! Мүмкін, Иелерің жаман істеріңді жауып, ішінде өзендер ағатын бақтарға кіргізеді!.. (66:8)

Үстемнің үндеулерін орындаушылық қоғамның үйлесімді дамуы үшін керек, бұл:

8) қызмет етушілікке деген шақыруды түсіндіреді

Иә сенім артқандар! Біз сендерді ризықтандырғаннан пайдалыны жеңдер, әрі Аллаға алғысты болыңдар, егер Оған қызмет етсеңдер! (2:172)

            Иә сенім артқандар! Тізелеріңе тұрыңдар, сәждеге жығылыңдар, Иелеріңе қызмет етіңдер әрі жақсылық жасаңдар, мүмкін, жетістікке жетерсіңдер! (22:77)

Қызмет үлкен жауапкершілікті әрі

9) әділдікте деген тұрыстылықты талап етеді

Иә сенім артқандар! Белгілі бір мерзімге қарыз алсаңдар, бұны жазыңдар. Жазбаны екеуіне де әділетті хатшы жүргізсін. Алла оны үйреткендей жазудан ол бас тартпасын. Ол жазсын, ал қарыз алуға құқықты кісі айтып жаздырсын. Ол өзінің Иесі Алладан сақтансын, әрі одан еш нәрсе кемітпесін. Қарыз алуға құқықты кісі не ақылсыз, не әлсіз болса, не айтып жаздыра алмаса, оның жебеушісі әділдікпен айтып жаздырсын. Бұны сендердің ерлеріңнің арасынан екеуімен куәландырыңдар. Ал екі ер болмай қалса, куәгер ретінде өздеріңе қанағаттанарлық бір ермен және екі әйелмен. Әйелдердің біреусі қателессе, басқасы оған еске салады. Куәгерлер, оларды шақырған кезде, бас тартпасын. Шағын немесе үлкен қарызды және оның мерзімін жазудан зерікпеңдер. Бұл Алланың алдында сендер үшін мөлшерлесті, куәлік ретінде дұрысырақ әрі күмәннің болмауына жақынырақ. Араларыңда жүретін қолма-қол сауда бұған жатпайды. Бұны жазбасаңдар, теріс қылық болып саналмайды. Бірақ сауда келісімдердің жасалынуы жайында куәлік беріңдер. Хатшы мен куәгерге зиян келтіруге тырыспаңдар. Ал егер зиян келтірсеңдер, расында, бұл сендер үшін жолдан тайғандық болады! Алладан сақсыныңдар! Расында, Ол сендерді үйретеді! Алла әр нәрсені Білуші! (2:282)

             Иә сенім артқандар! Мүліктеріңді өзара бекерге жұтпаңдар, бірақ бұл өзара келісімдерің бойынша сауда болмаса ғана! Өздеріңді өлтірмеңдер! Расында, Алла сендерді аяйды! (4:29)

            Иә сенім артқандар! Алланың алдында мөлшерлестікте тұрысты куәгерлер болыңдар, тіпті өздеріңе де, немесе ата-аналарыңа, немесе жақындарыңа қарсы болса да, мейлі бай не кедей болсын, ал Алла болса екеуіне де жақын! Құмарлықтарға ермеңдер, бұл – әділдікті бұзбас үшін! Қисайтсаңдар немесе жалтарсаңдар, Алла істеп жүрген нәрселерің жайлы хабардар! (4:135)

            Алланың алдында тұрысты, мөлшерлес куәгерлер болыңдар!

            Адамдардың жек көрушіліктері себебінен қылмыскер болмаңдар, бұл әділдікті бұзбас үшін!

            Әділ болыңдар, бұл абай болушылыққа жақынырақ!

            Алладан сақсыныңдар! Расында, Алла істеп жүрген нәрселерің жайлы хабардар! (5:8)

Иә сенім артқандар! Араларыңнан біреулеріңе өлім келген кезде, өсиет еткен сәтте, өздеріңнен әділетке ие екі кісі немесе өздеріңнен басқа екі кісі, араларыңдағы куәлік болулары тиіс. Жер кезіп жүрген кездеріңде, өлім бәлекетіне ұшырасаңдар, оларды байланыстан кейін тоқтатыңдар. Күмәндансаңдар, олар:

«Тіпті жақындар болса да, біз бұны ешқандай бағаға сатпаймыз, әрі біз Алла куәлігін бұзбаймыз. Расында, олай болса, біз сонда күнәһар боламыз ғой!» – деп Алланың атымен ант берсін. (5:106)

Құрбандылықсыз нәтижеге жету мүмкін, бірақ ол да дұрыс жүзеге асырылуы тиіс, бұл

10) дұрыс шығын шығаруға деген шақырушылықта айтылды

Иә сенім артқандар! Біз сендерді ризықтандырғаннан шығындаңдар, мәміле де, достық та, жақтаушылық та болмайтын күн келмей тұрғанда. Жабылғандар – зұлымдар ғой! (2:254)

Иә сенім артқандар! Садақаларыңды азарлау мен реніштеріңмен бекер қылмаңдар. Бұл, Алла мен Ақырғы өмірге сенім артпай, мүлігін адамдардың алдында көрініп тарататынға ұқсас. Бұл топыраққа жабылған жартастың мысалына ұқсас. Жартасқа нөсер жауды да оны жалаңаш қалдырды. Тапқандарының бір нәрсесімен де қолданыла алмайтын болады. Расында, Алла жабылған адамдарды бағыттамайды! (2:264)

Иә сенім артқандар! Сендер тапқан және Менің сендер үшін жерден шығарған салауатты нәрселерден шығындаңдар. Бұған көздеріңді жаппасаңдар, өздерің ала қоймайтын сапасыз нәрселерден шығындамаңдар. Алла – Бай, Даңқты екенін біліңдер! (2:267)

Жаратушыға сүйенбей дұрыс жолда берік тұру қиын келеді, сондықтан Ол бізді

11) еске алушылыққа бағыттайды

Иә сенім артқандар! Алланы көп еселік еске алумен еске алыңдар (33:41)

Иә сенім артқандар! Мүліктерің мен балаларың Алланы еске алудан алаңдатпасын! Бұны жасағандар, олар – зарарда! (63:9)

Өкінішке орай сенушілердің әрқайсысы қажетті қасиеттерге ие бола бермейді, бұл

12) жазғырумен бірге ілескен үндеуде көрініп тұр

Иә сенім артқандар! Сендерге Алла жолында аттаныңдар делінгенде, сендер неліктен ауырсынып жерге жабыса жығыласыңдар?! Сендер таяу өмірді ақырғы өмірден артық қанағат тұтып жүрсіңдер ме?! Расында, таяу өмірдің рақаты ақырғымен салыстырғанда аз ғана болып келеді! (9:38)

Иә сенім артқандар! Істемеген нәрселеріңді неге айтасыңдар? Айтып, істемегендерің үшін Алланың жиіркеніші үлкен! (61:2-3)

Сенушілер өз істерін түзетулері үшін Алла оларға

13) өсиеттермен бірге үндейді

Иә сенім артқандар! «Бізді бақшы» – демеңдер, «Бізге қарап қойып жүрші!» – деңдер және тыңдаңдар. Ал жабылғандарға – ауыр азап! (2:104)

Иә сенім артқандар! Көмекті сабырлық пен байланыста іздеңдер! Расында, Алла сабырлылармен бірге! (2:153)

Иә сенім артқандар! Кітап берілгендердің бір тобының тілін алсаңдар, олар сендерді сенімдеріңнен кейін жабылушылыққа қайтарады! (3:100)

Иә сенім артқандар! Айналаларыңа өздеріңнен басқа ешкімді алмаңдар. Олар сендерге бөгет жасаудың мүмкіндігін жіберіп алмайды. Олар сендердегі бар нәрсені қалайды. Олардың сөздерінен жеккөрушілік көрінді, ал көкіректерінде жасыратындары одан да артық. Біз сендерге белгілерімізді түсіндірдік, ақылды болсаңдар! (3:118)

Иә сенім артқандар! Егер сендер жабылғандардың тілін алсаңдар, олар сендерді ергендеріңнен тайдырады әрі сендер зарар шеккен болып қайтасыңдар! (3:149)

Иә сенім артқандар! Өз бауырларына, олар жер кезіп жүрген немесе жорыққа шыққан кезде: «Олар біздің қасымызда болғанда, олар өлмес еді және өлтірілмес еді!» – деп айтқан жабылғандарға тәріздес болмаңдар. Алла бұл пікірді жүректеріне орнатты, ол қасірет болуы үшін. Алла тірілтеді әрі өлтіреді. Алла істеген нәрселеріңді көреді! (3:156)

Иә сенім артқандар! Жабылғандарды сенушілердің орнына жебеуші қылып алмаңдар! Алла сендерге қарсы анық жарлық орнатсын деп қалайсыңдар ма? (4:144)

Иә сенім артқандар! Яһудилер мен мәсіхшілерді жебеушілер қылып алмаңдар! Олар бір-біреулерінің жебеушілері. Араларыңнан кім оларды өзіне жебеуші қылып алса, соның өзі олардан! Расында, Алла зұлымдарды бағыттамайды! (5:51)

Иә сенім артқандар! Міндеттеріңді мазақ пен ойынға айналдыратын, сендерден бұрын Кітапқа иеленушілерді әрі жабылғандарды өздеріңе жебеуші қылып алмаңдар! Алладан сақсыныңдар, сенушілер болсаңдар! (5:57)

            Иә сенім артқандар! Өздерің өздерің үшінсіңдер. Бағытталған болсаңдар, жаңылушы сендерге зиянын келтірмейді! Аллаға барлықтарын қайтасыңдар, сол кезде Ол сендерге істеген нәрселерің жайлы хабарлайды! (5:105)

            Иә сенім артқандар! Расында, дін иелері мен монахтардың көбісі адамдардың мүліктерін босқа жұтады әрі Алланың жолынан бездіреді! Алтын мен күмісті жинап, Алланың жолында шығындамайтындарды ауыр азаппен қуандыр! (9:34)

            Иә сенім артқандар! Сендерге әскерлер келген кезде, Алланың сендерге деген жарылқауы болғаны естеріңде болсын. Біз оларға сендер көрмеген әскерлер мен желді жібердік. Алла істеген нәрселеріңді көріп тұрады! (33:9)

            Иә сенім артқандар! Хабарландырушыны сүйемелдеңдер және оны мойындауға келісіңдер! (33:56)

            Иә сенім артқандар! Мұсада жақтырмаушылық сезімін тудырған кісілер тәрізді болмаңдар. Алла оны олардың сөздерінен құтылтты. Ол Алланың алдында байыпты болды. (33:69)

            Иә сенім артқандар! Жолдан тайған кісі сендерге хабар жеткізсе, надантықтың себебінен кесір тигізбес үшін оны айқындаңдар, әйтпесе істегендеріңе өкінесіңдер. (49:6)

            Иә сенім артқандар! Бір адамдар басқа адамдарды тәлкектемесін, мүмкін солар олардан жақсы шығар. Бір әйелдер басқа әйелдерді де, мүмкін солар олардан жақсы шығар. Бір-бірлеріңде кемшіліктерді тіміскілемеңдер әрі бір-бірлеріңе намысқа тиерлік лақап ат қоймаңдар. Сенім келтіргеннен кейін жолдан таюшы болып аталғандық нендей жаман нәрсе. Тәубеге келмегендер, олар зұлымдар болып табылады! (49:11)

            Иә сенім артқандар! Елшімен әңгімелесейін десеңдер, жасырын әңгімелесудің алдында садақа беріңдер. Бұл өздерің үшін жақсы әрі тазарақ болады. Бірақ ештеңе таппасаңдар, Алла – Кешіруші, Рақымды ғой! (58:12)

            Иә сенім артқандар! Менің әрі сендердің қарсыластарымызды жебеуші қылып алмаңдар! Сендер оларға сүйіспеншілікпен қарайсыңдар, ал олар болса сендерге ақиқаттан келген нәрседен жабылды. Олар елшіні әрі сендерді Иелерің Аллаға сенім артқандарың үшін қуады. Менің жолымда ынталануға шықсаңдар әрі Менің ризашылығыма ұмтылсаңдар, бірақ оларға деген сүйіспеншілікті жасырсаңдар, сендер нені жасырып, нені жария ететіндеріңді Мен артығырақ білемін. Кім араларыңнан соны істесе, сол тура жолдан жаңылды. (60:1)

            Иә сенім артқандар! Алланың риза болмаушылығын шақырған адамдарға жебеушілік қылмаңдар! Олар ақырғы өмірге деген үміттерін үзді, жабылғандардың қабірдің мекендеушілеріне деген үміттерін үзгендері тәрізді! (60:13)

            Иә сенім артқандар! Ауыр азаптан сендерді құтқаратын саудаға сілтейін бе? (61:10)

Тәрбиелеу түрлері әр-түрлі, жүріс-тұрыстың бірыңғай стандарты болуы үшін сенушілерді Иесі

14) этикет ережелерімен таныстырады

Иә сенім артқандар! Таныспағандарыңша үйлеріңе кірмеңдер. Олардың тұрғындарымен сәлемдесу – өздерің үшін жақсы болады, мүмкін, есте сақтарсыңдар! (24:27)

            Иә сенім артқандар! Елшінің үйіне, тамақты күтпей, сендерді тамаққа шақырса ғана, кіріңдер. Бірақ шақырған кезде, кіріңдер, тамақтанғаннан кейін, тарқалыңдар әрі әңгімелесушілерден болмаңдар. Бұл хабарландырушыда жағымсыз сезімді тудырады, бірақ ол сендерден ұялады, ал Алла хақтан ұялмайды.

            Оның әйелдерінен бір зат сұрасаңдар, олардан шымылдықтың артынан сұраңдар. Бұл сендердің әрі олардың жүректеріне тазарақ болады. Алланың елшісінде жағымсыз сезімдерді тудырмаңдар әрі одан кейін оның әйелдерімен сырластық қарым-қатынастарға түспеңдер. Расында, бұл сендердің тарапынан Алланың алдында үлкен! (33:53)

Иә сенім артқандар! Дауыстарыңды хабарландырушының дауысынан жоғары көтермеңдер әрі онымен бір-бірлеріңмен дауыс көтеріп сөйлескендей сөйлеспеңдер, істерің сәтсіздікке ұшырамас үшін, ал сендер болсаңдар бұны сезбей қаласыңдар! (49:2)

            Иә сенім артқандар! Мәжілістерде сендерге: «Орын беріңдер» – делінсе, орын беріңдер. Алла сендерге кеңшілік берді. Көтеріліңдер делінсе, көтеріліңдер. Алла араларыңнан кім сенім артқан, кімге білім берілгеннің дәрежесін көтереді! Алла істеген нәрселерің жайында хабардар! (58:11)

Бұл байланыстың алдындағы дайындыққа да әділ келеді, сондықтан

15) дәрет алудың ережелері көрсетілген

Иә сенім артқандар! Байланысқа, айтқан сөздеріңді өздерің түсінбегендеріңше, мастық күйде шықпаңдар әрі, жуып тазартпағандарыңша, жыныстық арамдалу күйінде шықпаңдар, саяхаттауды санамаса ғана! Ал ауырсаңдар, немесе жолаушы болсаңдар, немесе біреулерің әжетханадан келсеңдер, немесе сырластықта әйелдерге тисеңдер, сонымен қатар су таппасаңдар, таза бетке бет алып, жүздерің мен қолдарыңды сүртіңдер. Расында, Алла – Кешуші, Кешіруші! (4:43)

Иә сенім артқандар! Байланысқа шықсаңдар, жүздеріңді әрі шынтақтарыңа дейін қолдарыңды жуыңдар, бастарыңды әрі тобықтарыңа дейін аяқтарыңды сүртіңдер. Жыныстық арамдалу күйінде болсаңдар, тазаланыңдар. Ал ауырсаңдар, немесе саяхатта болсаңдар, немесе немесе біреулерің әжетханадан келсеңдер, немесе әйелдермен қатынаста болып келсеңдер, бірақ су таппасаңдар, таза бетке бет аударып, онымен жүздерің мен қолдарыңды сүртіңдер. Алла сендер үшін қиындық жасағысы келмейді, бірақ Ол сендерді тазартқысы әрі сендерге деген жарылқауын аяғына дейін жеткізгісі келеді, мүмкін, алғысты боларсыңдар! (5:6)

Үстем, бізден әділдікті талап ете тұра, Өзі әділдіктің үлгісі болып келеді әрі алдын ала

16) ескертулермен үндейді

Иә сенім артқандар! Келісімдеріңді орындаңдар! Сендерге мал рұқсат етілген, сендерге оқылғанды санамаса ғана. Сендерге тыйым салынған кезінде аңшылыққа рұқсат жоқ. Расында, Алла, қалаған үкімін шығарады!

 Иә сенім артып, Иесінің артықшылығы мен ырзашылығына ұмтылғандар! Алланың рәсімдерінен босатылмаңдар: не шайқасқа тыйым салынған айдан да, не құрбандық малдан да, не киімдерден де, не шайқасқа тыйым салынған қауіпсіз үйден де! Тыймнан босатылған кездеріңде, аң аулауларыңа болады. Шайқасқа тыйым салынған сәжде жасайтын жерден сендерді шеттететін адамдарға деген өшпенділік үшін қылмыскер болмаңдар! Таупиықтық пен абай болушылыққа жәрдемдесіңдер, күнә мен қастастыққа жәрдемдеспеңдер! Алладан сақсыныңдар, Алла жазалауда қатты ғой! (5:1-2)

Иә сенім артқандар! Алла сендерге рұқсат еткен пайдалы нәрселерге тыйым салмаңдар, шектен аспаңдар, расында, Алла шектен асушыларды сүймейді! (5:87)

Иә сенім артқандар! Ақыл жабатын заттектер, ақшаға ойналатын ойындар, пұттарға арнап құрбан шалынатын жерлер, бал ашатын жебелер – тілазардың былғаныш істерінің бірі! Осылардан шеттеніңдер, мүмкін жетістікке жетерсіңдер! (5:90)

Иә сенім артқандар! Алла міндетті түрде, қолдарыңмен және найзаларыңмен өздерің иеленетін аңшылық олжа арқылы, сендерді сынайды, кім Алланы көзімен көрмей тұрса да, Одан қорқатындарды Алла білуі үшін! Кім осыдан кейін шектеулерден аттаса, соларға ауыр азап!

Иә сенім артқандар! Тыйым тұрған кезде аңшылық олжаны өлтірмеңдер. Араларыңнан кім оны әдейі өлтірсе, өзі өлтіргеніндей бір мал оған жаза ретінде болсын. Бұны араларыңнан екі әділ кісі шешсін. Бұл құрбандық куб пішінді құрылысқа (Қағбаға) дейін жетуі керек, немесе өтеу ретінде кедейлерді тамақтандырсын, немесе сайма-сай ораза ұстасын, ол өзінің ісіне сынақ татуы үшін. Алла бұрын болған нәрсені кешті, бірақ кім қайта бастаса, Алла соған есесін қайтарады! Алла – әр нәрсеге шамасы жетуші, кек қайтарудың Иесі! (5:94-95)

Иә сенім артқандар! Ашылса сендерге жамандық келтіретін нәрселер жайлы сұрамаңдар. Олар жайлы Құранның түсуі кезінде сұрасаңдар, олар сендерге ашылады. Алла бұны сендерге кешірді, Алла – Кешіруші, Жұмсақ қой! (5:101)

Иә сенім артқандар! Тілазардың ізіне ермеңдер! Кім тілазардың ізіне ерсе, расында, соған ол шектен тысқарылық пен жағымсыздық істеуге әмір етеді! Сендерге деген Алланың артықшылығы болмаса, әрі Оның мейірімі болмаса, сендердің араларыңнан ешкім ешқашан ақталмас еді! Алайда, кім қаласа, Алла соны ақтайды. Алла – Естуші, Білуші! (24:21)

«Ескертілген – демек қарулы» – деген қанатты сөз бар еді. Сондықтан зардаптармен таныстыру үшін Жасаушы

17) қорқытумен үндейді

Иә сенім артқандар! Кім өз міндетінен теріс айналса, Алла, сенушілерге жұмсақ, абыройымен жабылғандардан жоғары, Ол оларды cүйетін әрі олар Оны сүйетін адамдарды әкеледі! Олар Алла жолында ынталанып, еш жазғырудан қорықпайды. Бұл Алланың артықшылығы! Ол оны қалағанына береді, Алла – тегіс қамтушы, Білуші ғой! (5:54)

Жаратушының алдындағы міндет күштеп міндеттелмейді, сол себептен оны қабыл алудан бас тартатын адамдар бар. Сондайларға Алла

18) хабарландырумен үндейді

Иә сенім артқандар! Расында, Аллаға серік қосушылар – нәжіс! Осы жылдарынан кейін олар шайқасқа тыйым салынған сәжде жасайтын жерге жақындамасын! Мұқтаждықтан қорықсаңдар, Алла қаласа, Ол сендерді Өз жомарттығынан байытады. Расында, Алла – Білуші, Дана! (9:28)

Сенушілерге, әлеуметтің мүшелері болғандықтарынан, қоғаммен байланысуға тура келеді, бұл белгілі бір ережелерді ұстануға талап етеді. Сондықтан Үстем

19) ұйғарымдармен үндейді

Иә сенім артқандар! Еркін кісі басқа еркін кісіні, қызметші – қызметшіні, әйел – әйелді өлтірген жағдайларда, сендерге жазалау ұйғарылды. Ал кім оның бауырымен кешірілсе, сол мақұлданғанға сәйкес жасасын әрі оған жақсылықпенен төлесін. Бұл Иелерің тарапынан сендерге деген жеңілдік пен мейірім. Кім осыдан кейін шектен асса, соны ауыр азап күтуде! (2:178)

Иә сенім артқандар! Алланың жолында аттанған кездеріңде, анықтаңдар әрі таяу өмірдің ұсыныстарын қалап, сендерді бейбітшілікпен қарсы алған кісіге: «Сен сенуші емессің»  демеңдер. Алла мол табысқа ие. Сендер бұрын сондай болғансыңдар, бірақ Алла сендерге жәрдем берді, анықтаңдар, расында, Алла істейтін нәрселерің жайлы хабардар! (4:94)

Иә сенім артқандар! Әкелерің мен бауырларың сенушілікке қарсы жабықтықты сүйсе, оларды жебеуші қылып алмаңдар! Кім оларды жебеуші қылып алса, солар – зұлымдар! (9:23)

Иә сенім артқандар! Сендерге тәуелділер әрі есеймегендер, сендерден үш рет рұқсат сұрасын:
— сәрідегі байланысқа дейін;
— түсте, киімдеріңді шешкен кездеріңде;
— түнгі байланыстан кейін.
Сендерде жалаңаштықтың үш уақыты бар. Осыдан кейін, бір-бірілеріңе барсаңдар, бұл сендерге де, оларға да теріс қылық болмайды.
Сөйтіп Алла сендерге белгілерді түсіндіреді! Алла – Білуші, Дана! (24:58)

Иә сенім артқандар! Сенуші әйелдермен сырластық қарым-қатынасқа түсуге ниеттенсеңдер, бірақ оларға тимей, айырылыссаңдар, олардың сендердің алдында күту мерзімі жоқ болады. Оларды әдемі босатып, пайдалануға мүмкіндік беріңдер. (33:49)

Иә сенім артқандар! Қоныс аударған сенуші әйелдер сендерге келген кезде, оларды сынаңдар. Алла олардың сенімдерін жақсырақ біледі. Олар сенуші екенін білсеңдер, оларды жабылғандарға қайтармаңдар. Олар соларға рұқсат емес, солар да оларға рұқсат емес. Шығындаған нәрселерін қайтарып беріңдер. Сыйларын берсеңдер, олармен сырластық-қарым қатынасқа түсулерің теріс қылық болмайды. Жабылғандармен байланыста болмаңдар әрі шығындағандарыңды қайта сұраңдар, әрі олар да шығындағандарын қайта сұрасын.

Алланың сендерге деген үкімі сондай. Ол араларыңды шешеді. Алла  Білуші, Дана! (60:10)

Иә сенім артқандар! Сендерді жиналыс күні байланысқа шақырса, Алланы еске алуға ұмтылыңдар әрі сауданы қойыңдар. Егер білген болсаңдар, бұл өздерің үшін жақсы! (62:9)

Қоғамдағы байланыстар, Алланың ұйғарымдарын орындаушылық адамдардың қарсыластығын тудырады, бұл жәйт кейде ұрыстық қақтығысқа дейін апарады. Бұл жағдайлар үшін Жасаушы

20) соғыс ережелерін айта кетіп үндейді

Иә сенім артқандар! Шабуыл жасап келе жатқан жабылғандармен кездескен кездеріңде, шегінбеңдер. (8:15)

Иә сенім артқандар! Жасақпен кездескен кездеріңде, берік болыңдар әрі Алланы жиі еске алыңдар, мүмкін, жетістікке жетерсіңдер! (8:45)

Иә сенім артқандар! Өздеріңе жақын маңдағы жабылғандармен соғысыңдар. Олар сендерден қаталдық тапсын! Алла абай болушылармен бірге екенін біліңдер! (9:123)

Жаратушының сенушілерге деген барлық үндеулері кездейсоқ емес, мұсылмандардың қазіргі жағымсыз жағдайының себебі көбісінде Иенің үндеулерін елемегендігінде жатыр ғой.