Құран Алланың Мухаммадқа деген үндеуі жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Алла ұйғарған жолдан таюдың басты себебі болып сүйікті объекттерді құдай деп танушылық адами факторы келеді. Өз жүйесінде мүмкіндігінше көбірек адам жинау үшін адасушылық «жентек қарша» догма мен рәсімдер «қатпарын» ұлғайтатын. Осы «Авгийдің атқорасын» тазарту үшін таңдаулы адамдар, – хабарландырушылар, – шақырылған болатын.
Соңғы хабарландырушы, Мухаммад, берілген бұйрықтарды бұлжытпай нұсқау етіп қолданып, интеллектуалды нәжістерді тазарту жұмысын Құран арқылы едәуір табысты атқарды.

Иә елші! Иең тарапынан саған түсірілгенді жеткіз. Бұны орындамасаң, Оның жолдауы жеткізілмей қалады. Алла сені адамдарға қарсы бекітеді. Расында, Алла жабылған адамдарды бағыттамайды! (5:67)

Иә қымтанушы! Тек кейде ғана түнде тұр: оның жарымы бойы, не одан сәл қысқарт, не қос.
Құранды ырғақты түрде оқы. (73:1-4)

Иә оранушы!
Тұр әрі алдын ала ескерт!
Иеңді ұлықта!
Киімдеріңді тазарт!
Ластықтан көш!
Көбейтуді қалама!
Иең үшін сабыр ет! (74:1-7)

Сол уақытта басқарған «абыздық элитасы» идеологияны тазартуға қарсы саботаждық істердің көптеген тәсілдерін қолданып көрді. Саботаждың басты құралдары ретінде Жасаушының белгілерін мойындамаушылық пен сұрқиялық болды. Бұндай жүріс-тұрысқа деген жауабы ретінде Жаратушының келесі ұйғарымдары болды:

Иә елші! Жабылуға ұмтылатындардың арасынан, ауыздарымен: «Біз сенім арттық!» – деп айтып, жүректерімен сенбейтіндері үшін қайғырма.
Яһудилердің арасында өтірікке құлақ асатындары бар. Олар саған келмеген басқа адамдарға құлақ салады. Олар сөздердің орнын ауыстырып: 
«Бұл сендерге берілсе, алыңдар, ал берілмесе – сақтаныңдар!» – дейді.
Расында, Алла кімді ылаңға салғысы келсе, соған сен Алланың алдында билік жүргізе алмайсын! Алла олардың жүрегін тазартқысы келмейді. 
Оларға осы өмірде – масқаралық, оларға ақырғы өмірде – үлкен азап! (5:41)

Иә хабарландырушы, Алладан сақсын әрі жабылған мен сатылғыштарды тыңдама. Расында, Алла – Білуші, Дана!
Саған Иең тарапынан уаһи етілгенге ер! Расында, Алла істегендерің жөнінде хабардар!
Аллаға тәуекел ет, Аллаға тәуекел ету жеткілікті ғой! (33:1-3)

Иә хабарландырушы, Біз сені куәгер, қуандырушы әрі алдын ала ескертуші, Оның рұқсатымен Аллаға шақырушы, жарықтандыратын шамшырақ ретінде жібердік! Олар үшін Аллада үлкен молшылық бар екен деп сенушілерді қуант! Жабылған мен сатылғыштарды тыңдама! Оларда реніш сезімін тудыр әрі Аллаға тәуекел ет! Сенімгер ретінде Алла жеткілікті! (33:45-48)

Елші қандай да жан-жақты адам болса да, сенушілердің қолдауысыз жүктелген миссияны табысты атқару едәуір қиындалатын еді. Сапалы біртұтас азшылық, табиғаты бойынша, алуан түрлі көпшілікті әрдайым жеңіп шығады.

Иә хабарландырушы! Саған әрі саған ерген сенушілерге Алла жеткілікті! 
Иә хабарландырушы! Сенушілерді соғысқа айдап сал! Араларыңнан жиырма сабырлы болса, олар екі жүзді жеңеді, егер араларыңнан жүз болса, олар жабылғандардың мыңын жеңеді, олар түсінбейтін халық болғандары үшін! (8:64-65)

Әскери қақтығыстар идеологиялардың қарсыласуында соңғы аргумент болып келетін. Ескі доктрина ақиқаттың қысымының себебінен өз шіріген жүйесін сақтау үшін күш қолдануға мәжбүр болған. Бұл жағдайда Мухаммадқа келесі ұйғарымдар берілді:

Иә хабарландырушы! Жабылғандармен және сатылғыштармен күрес! Олармен қатал бол! Олардың баспанасы – Тозақ! Бұл жаман нәтиже! (9:73)

Иә хабарландырушы! Жабылғандармен және сатылғыштармен күрес! Олармен қатал бол! Олардың баспанасы – Тозақ! Бұл жаман нәтиже! (66:9)

Соғыстың нәтижесінде Құранға сенушілердің қол астында қарсылас тұтқындар қалды. Игі нәтиже үшін осындай оқиғаға жол бергеннен кейін Алла тікелей оларға үндейді.

Иә хабарландырушы! Сендердің қолдарыңның астындағы тұтқындарға:
«Алла жүректеріңде жақсылықтың барлығын білсе, Ол сендерден тартып алынғаннан сендерге жақсылық береді! Ол сендерді кешіреді, Алла – Кешіруші, Рақымды ғой!» – деп айт. (8:70)

Пассионарлы қайраткер болып ерлер ғана емес, әйелдер де шығатын. Олардың ақиқатты таратуға деген үлесі ерлердікінен кем болған жоқ. Құрани идеямен нұрланып, олар хабарландырушының әмірлігіне ерікті түрде келген.

Иә хабарландырушы! Саған сенуші әйелдер келіп, Аллаға серік қоспаймыз, ұрламаймыз, зина жасамаймыз, балаларымызды өлтірмейміз, өз арамызда және күйеулеріміздің алдында ойдан шығарылған жала келтірмейміз, мақұлданған нәрседе саған қарсылық көрсетпейміз деп саған қасам берсе, олардың қасамын қабылда да олар үшін Алладан кешірім сұра! Расында, Алла – Кешіруші, Рақымды! (60:12)

Құранда ерлер мен әйелдер арасындағы қарым-қатынас тақырыбы да қозғалған. Сенуші әйелдердің басқалардан айырмашылғы болуы тиістілігі, оларға деген әділ қарым-қатынастың болуы тиістілігі, құқықтарына шек қоюшылықтың болмауы тиістілігі – Құранның негізгі талаптары.

Иә хабарландырушы, өз әйелдеріңе, қыз-балаларыңа әрі сенушілердің әйелдеріне, үстілерінде көйлектерін жақындатсын деп айт. Бұл олардың танылуларына әрі жағымсыз сезімдерді тудырмауларына жақынырақ. Алла – Кешіруші, Рақымды! (33:59)

Иә хабарландырушы, әйелдеріңмен ажырассаңдар, олармен олар үшін белгіленген мерзімде ажырасыңдар. Мерзімді есептеңдер. Иелерің Алладан сақсыныңдар! Оларды үйлерінен қумаңдар. Олар айқын шектен тысқарылық жасаса ғана оларды қууға болады. Алланың шектеулері осындай. Кім Алланың шектеулерін бұзса, сол өзіне зұлымдық жасады.
Сен білмейсің, мүмкін осыдан кейін Алла бір әмір беретін шығар. Олар белгіленген мерзімге жеткен кезде, оларды не мақұлдауменен ұстап қалыңдар, не мақұлдауменен айырылысыңдар. Араларыңнан екі әділ кісі куәландырсын, әрі Алланың алдында куәлік орнатыңдар. Алла мен Ақырғы күнге сенім келтіруші бұдан үгіт алады. Кім Алладан сақсынса, Ол оған шығу орнын орнатып, оны ойламаған жерінен ризықтандырады. Аллаға тәуекел етушіге Ол жеткілікті. 
Расында, Алланың ісі жетілген. Алла әр нәрсеге өлшемін белгілеп қойды. (65:1-3)

Мухаммадтың әйелдеріне деген қарым-қатынасы ең әуелі сенушілер үшін маңызы аз емес нәрсе, себебі көбісі оны бағдар ретінде алып, оның өмірінің белгілі бір аспекттерін өзіне проекциялауға тырысады.

Иә хабарландырушы, әйелдеріңе: «Таяу өмірді әрі оның әшекейлерін қаласаңдар, келіңдер, мен сендерге пайдалануға беріп, көркем бостандық беремін. Егер сендер Алланы, Оның елшісін және ақырғы баспананы қаласаңдар, расында, Алла жақсылық істеушілерге үлкен сый дайындады!» – деп айт. (33:28-29)

Иә хабарландырушы, расында, Біз саған келесі әйелдерді жұбайы ретінде алуға рұқсат бердік: сенің тарапыңнан сыйға ие болғандарды; Алла саған олжа ретінде берген тәуелділерді; сенімен бірге қоныс аударған әкең жағынан ағаңның қыздарын, әкең жағынан тәтелеріңнің қыздарын, анаң жағынан ағаңның қыздарын, анаң жағынан тәтелеріңнің қыздарын; өзін хабарландырушыға сый ретінде берген, сенушілерден қарағанда бүтіндей сендік қана сенуші әйелді, егер хабарландырушы онымен сырластық-қатынаста болғысы келсе. Жұбайлары мен тәуелділері жөнінде біз оларға (ер сенушілерге) нені міндеттегенімізді білеміз, қымсынуыңда мөлшерлік болуы үшін. Алла – Кешіруші, Рақымды! Араларынан қалағаныңа үміт бере аласың, әрі шеттетуге ниеттенгеніңнен қалағаныңды баспаната аласың, бұл сен үшін теріс қылық болмайды. Бұл олардың риза болуына жақындатады. Олар күйінбесін, әрі сен оларға берген нәрсеге олардың бәрі ырза болсын! Алла жүректеріңде не бар екенін біледі! Алла – Білуші, Жұмсақ! (33:50-51)

Хабарландырушының әйелдерімен деген қарым-қатынастарының оқиғаларының мысалында Жасаушы өз сөзінің, елшінің жеке пікірінен гөрі, үстемділігін көрсетті.

Иә хабарландырушы, жұбайларыңның разы болуын қалап, Алла саған рұқсат еткен нәрсеге неліктен тыйым саласың? Алла – Кешіруші, Рақымды! (66:1)

Мухаммадқа дұрыс еру үшін, ол жайлы аңыздарды емес, Құранды, нұсқау ретінде қолдану керек.