Құран өтініштер жайында

Аяушы, Рақымды Алланың атымен

Өмір барысында әр-түрлі жағдайлар туа алады, оның бірі – тіректің жоқтығы, бағытсыздануға жетелеп, көмек іздеуге ұмтылысын тудыра алады. Үйреншікті емес жағадайға қойылған адам, көрініп тұрған шешімдердің жоқтығынан көмекті қасиеттіден сұрай бастайды.
Құран, пантеизм мен политеизмге қайшы келіп, көмекті тек Жаратушыдан ғана іздеуге шақырады. Аллаға үндеудің негізгі түрі болып бірінші тарау келеді:

Аяушы, Рақымды Алланың атымен
Аллаға даңқы, әлемдердің иесіне, Аяушыға, Рақымдыға, Борыш Күннің Билеушісіне!
Саған ғана біз қызмет етеміз!
Сенен ғана біз көмек сұраймыз!
Бізді тура жолға бағытташы!
Сенің жарылқауына бөленгендердің жолына!
Өздеріне риза болмаушылықты шақырғандардың және жаңылғандардың жолына емес! (1:1-7)

Бұл шақырудың «басымды» орны келесі үзіндімен дәлелденеді:

Біз саған қайталанатын жетілікті әрі ұлы Құранды бердік қой! (15:87)

Құранның талдауы жеті бөлшектен тұратын екі-ақ тарауды көрсетеді, бұл – бірінші және жүз жетінші тараулары. Дәп бірінші тараудың қайталануының пайдасына қарай екінші тараудың басталуы айтады:

Бұл – Кітап, оған шүбә жоқ, – абай болушылар үшін Нұсқау, (2:2)

Бірінші тарау Құранның алғысөзі болып шығып тұр.
Отаншылдар үшін Жасаушы ел үшін үндеудің келесі мысалын көрсетті:

Ием! Осы елді қауіпсіз қылшы, және Аллаға әрі Ақырғы күнге сенген адамдарды жемістермен ризықтандыршы! (2:126)

Ием! Осы қаланы қауіпсіз қылшы және мені әрі менің балаларымды пұттарға қызмет етуден ұстап қалшы! (14:35)

Өзімен бірге балаларды қоса айту жөнді болып көрінеді. Кәдімгі адам болғандықтан, сенушілер үшін жанұя құруды қалаушылық жат болып келмейді. Бұл жалғыздықтан аулақ болу деген сұраумен сүйемелденеді.

Ием! Мені жалғыз қалдырмашы! Сен мұрагерлер берушілердің ең жақсысысың! (21:89)

Иеміз! Жұбайыларымыз бен ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы қылшы! Бізді сақсынғандардың басшылары қылшы! (25:74)

Ием! Маған түзеушілерді берші! (37:100)

Бірақ жанұяның пайда болуыменен өзге жағдайлар туа алады. Әкелер мен балалардың мәселесі кейінгі буындардың рухани дағдарысында. Өз балаларының тағдырына бәрі бірлікпен қарамайтын ата-аналарға Жаратушы олар үшін өтініштің түрін көрсетті.

Иеміз! Біз екеуімізді саған бойұсынушы етіп қойшы, ал біздің ұрпақтарымыздан Саған бойұсынған басшылық қойшы. Бізге құрбан шалу рәсімдерін көрсетші әрі біздің тәубемізді қабылдашы. Расында, Сен – тәубені қабылдаушы, Рақымдысың! (2:128)

Ием! Мені және ұрпағымды сиыну байланысына шығушы қылшы! (14:40)

Ұрпақтар нәтижесінде бақытсыз болса, кез келген қолайлы сценарий олар үшін мәнсіз. Осыны түсінгендіктен, Борыш Күніне сенушілер екі өмірде де жетістікті нәтиженің болуын қалайды.

Иеміз! Бізге осы өмірде жақсылық және Ақырғы Өмірде де жақсылық берші әрі бізді от азабынан қорғашы! (2:201)

Әкелер мен балалардың мәселесі болып әке-шешеге деген алғыссыздық келеді. Әке-шешесін бағаламайтын адам міндетті түрде өзінің балалары тарапынан өзіне деген сондай қарым-қатынаспен кездеседі.
Құранда Аллаға шынайы сенушілердің әке-шешелеріне деген өтініштері көрсетілген:

Иеміз! Мені, әке-шешемді және сенушілерді алда тұрған есеп күнінде кешірші! (14:41)

Ием! Олар мені балалық шағымнан тәрбиелегендей Сен де оларды аяшы! (17:24)

Ием! Мені, әке-шешемді, менің үйіме сенуші болып кіргендерді, сенуші ерлерді әрі сенуші әйелдерді кешірші! Зұлымдардың тек жоқ болуларын ғана арттыр! (71:28)

Беріктікті сынаушылық сыбарлықты талап етеді. Тек Үстем ғана әрбір қиыншылыққа төзімділік бере алады.

Иеміз! Бізге сабырлылықты төкші, табандарымызды бекітші әрі жабылған халыққа қарсы бізге жәрдем берші! (2:250)

Бізге сабырлылықты төкші әрі бізді бой ұсынғандар ретінде тыныштандыршы! (7:126)

Сынақтардың алуан түрлігі шақырудың кең түрлерін талап етеді. Дұға әр түрлі өтініштерді қамти алады – қателер үшін кешірім сұраудан бастап жауларға қарсы көмек сұрауға дейін.

Иеміз! Біз ұмытсақ немесе қателессек, бізді жазғырмашы! Иеміз! Бізге дейін болғандарға ауыртпалық түсіргендей, бізге де сондай ауыртпалық түсірмеші! Иеміз! Көтеруімізге шамамыз келмейтін ауыртпалықты бізге түсірмеші! Бізді құтқаршы! Бізді кешірші! Бізге рақымшылық етші! Сен біздің жебеушімізсің! Жабылған адамдарға қарсы бізге жәрдем берші! (2:286)

Иеміз! Осы иелері зұлым елді мекеннен бізді шығаршы! Бізге деген Сенен жебеуші мен көмекшіні орнатшы! (4:75)

Иеміз! Бізді зұлым адамдармен бірге орналастырмашы! (7:47)

Біз жалғыз Аллаға ғана тәуекел етеміз! Иеміз, бізді зұлым адамдар үшін азғыру қылмашы әрі бізді жабылған адамдардан мейіріміңмен құтқаршы! (10:85-86)

Ием, мені зұлым адамдармен бірге орналастырмашы! (23:94)

Ием, бұзылған халыққа қарсы маған жәрдем берші! (29:30)

Кешірім сұрау сенушілер үшін қисынды болып келеді. Адам – шектеулі тіршілік, оның өмірлік іс әрекеті барысында қателік жасау ықтималдығы ылғи болады.

Иеміз! Сен бізді бағыттағаннан кейін біздің жүректерімізді ауытқытпашы, әрі бізге Өзіңнен мейірім берші! Расында, Сен – Берегенсің! (3:8)

Иеміз! Біз сенім арттық. Біздің айыптарымызды кешірші әрі бізді от азабынан қорғашы! (3:16)

Иеміз! Біздің айыптарымызды әрі ісіміздегі ысыраптылықты кешірші, табандарымызды бекітші әрі жабылған адамдарға қарсы бізге жәрдем берші! (3:147)

Иеміз! Біз сенім арттық! Бізді кешірші әрі бізге аяушылық танытшы! Сен аяушылардың ең жақсысысың ғой! (23:109)

Ием, кешірші әрі рақымшылық етші! Сен рақымшылық етушілердің ең жақсысысың ғой! (23:118)

Иеміз! Бізді және бізден бұрын сенім артқан бауырларымызды кешірші! Жүректерімізге сенім артқандарға қарсы ашулық орнатпашы! Иеміз! Расында, Сен – Есіркегіш, Рақымдысың! (59:10)

Иеміз! Біз Саған тәуекел еттік! Саған үндедік! Саған ораламыз! Иеміз! Бізді жабылғандар үшін азғыру қылмашы! Кешірші бізді, Иеміз! Расында, Сен – әр нәрсеге шамасы жетуші, Данасың! (60:4-5)

Иеміз! Біздің нұрымызды аяғына дейін жеткізші әрі бізді кешірші! Расында, Сен әр нәрсеге Құдіреттісің! (66:8)

Адекватты ақылға ие адам, ұйғарымдардың бұзушылығы Борыш Күнінде «ұнамсыз сюрпризге» айналуы мүмкіндігін түсінеді. Аллаға бағынушылардың қатарына жай ғана өзін жатқызушылық болашақ өмірде жетістікке жетудің кепілі бола алмайды. Осыны ұғынушылық келесі өтініштерді тудырады.

Иеміз! Сен бұны бостан-босқа жаратпадың! Мадақ Саған! Бізді от азабынан қорғашы! 
Иеміз! Кімді сен отқа салсаң, соны сен масқараладың деген сөз! Зұлымдарда көмекшілері жоқ! 
Иеміз! «Иелеріңе сенім артыңдар!» – деп сенімге шақырған шақырушыны естіп, сенім арттық. 
Иеміз! Айыптарымызды кешірші, жаман істерімізді жапшы және бізді таупиықтылармен бірге тыныштандыршы! 
Иеміз! Елшілерің арқылы бізге Өзің уәде еткен нәрсеңді бізге берші, және қиямет күнінде бізді масқараламашы, Сен уәдеңді бұзбайсың ғой! (3:191-194)

Иеміз! Бізді Тозақ азабынан шеттетші! Расында, оның азабы – зарар шегушілік! (25:65)

Тірілу Күнінде мені масқараламашы! (26:87)

Иеміз! Сен әр нәрсені мейірімің мен біліміңмен қамтисын! Тәубелеріне келіп, Сенің жолыңа ергендерді кешірші! Оларды от азабынан сақташы!
Иеміз! Оларды Ғадн бақтарына кіргізші, бұны Сен оларға және олардың түзелген ата-аналарына, жұбайыларына әрі ұрпақтарына уәде еттің ғой! Расында, Сен әр нәрсеге шамасы жетуші, Данасың!
Оларды жаман істерден сақташы! Кім жаман істерден сақталса, соған Сен сол Күні рақымшылық етесің ғой! Бұл – үлкен жетістік! (40:7-9)

Жарқын болашаққа деген үмітпен жетеленетін сенушілер өздерін, Борыш Күнінде жауапкершлік көтермейтін, куәгерлер (шахидтер) когортасына жатқызуын сұрайды.

Иеміз! Сен түсірген нәрсеге біз сенім арттық! Біз елшіге ердік, бізді куәгерлермен бірге жаза гөрші! (3:53)

Иеміз! Біз сенім арттық, бізді куәгерлермен бірге жазып қойшы! Неліктен бізге Аллаға әрі бізге ақиқаттан келген нәрсеге сенім артпасқа?! Иеміз бізді түзелген адамдармен бірге кіргізгенін аңсаймыз! (5:83-84)

Теріс қылықтарға деген азғырушы болып тілазарлар келеді, олар түңілгеннің (ібілістің) тарапынан да, адамдардың тарапынан да шығады. Олардың бәрінен қорғану керек.

Ием, тілазарлардың арандатушылығынан Сенен қорғаныш іздеймін! Ием, олардың келуінен де Сенен қорғаныш іздеймін! (23:97-98)

Таңның Иесіне жүгінемін!
Жаратылған нәрсенің жаманшылығынан!
Жабылған кезде, ымырттың жаманшылығынан!
Түйіндерге түкірушілердің жаманшылығынан!
Күншілдердің күндеуінің жаманшылығынан! (113:1-5)

Адамдардың Иесіне жүгінемін!
Адамдардың Патшасына!
Адамдардың Тәңіріне!
Көкіректерге жаман ниет салатын, көрінбейтіндердің де, адамдардың да арасынан шығатын, жасырынушылардың сыбырлауының жаманшылығынан! (114:1-6)

Аллаға деген үндеушілікті қарайпайым өмірлік жағдаяттар да тудыра алады. Мәселен, көлік адамдар үшін әрқашан да өзекті.

Оның жүруі мен тоқтауы Алланың атымен, расында, менің Ием – Кешіруші, Рақымды ғой! (11:41)

Осыны әрі бізге жалғастырылмаған нәрсені бізге бағындырғанға мадақ! Расында, біз Иемізге ораламыз ғой! (43:13-14)

Қателіктердің азаюы алынған білімдермен тікелей байланысты. Сол себептен білімді олардың көзінен – Үстемнен сұраушылық түсінікті келеді.

Ием! Білімімді арттыршы! (20:114)

Бүкіл білімге ие болмаушылық адамдардың өздеріне жақсы болып келеді. Бұл салада сондай ақпараттан өзін сақтаушылық әбден орынды болып келеді.

Ием! Сенен білмейтін нәрсе жайлы сұраудан мен Саған жүгінемін! Сен мені кешірмесең әрі мені аямасаң, сонда мен зарар шеккендерден боламын! (11:47)

Құран ойланатын адамдарға бағдарланған. Ақыл қызмет негізін құрайды. Осыған орай қисынды ретті сұраушылық жөнді келеді.

Иеміз! Бізге Сенен мейірім берші әрі істерімізді қисынды ретке салшы! (18:10)

Құдайдың ақиқатын жеткізудің ажырамас бөлігі болып ақпаратты таратушылық келеді. Бұл тіл мүкістігі кезінде қиын келеді. Жасаушының ұйғарымдарын жетістікті түрде жеткізу үшін ұғымды тіл керек, бұл жөнінде Аллаға Мұса үндеді.

Ием! Кеудемді ашшы, ісімді жеңілдетші, тілімдегі түйінді шешші, олар менің сөздерімді түсінсін (20:25-28)

Өмірге деген қауіп біздің әлсіздігімізді көрсетеді. Жағдайлардың алдындағы дәрменсіздік Иенің мейіріміне деген қатты мұқтаждықты тудырады.

Расында, маған зиян тиді, Сен – рақымдылардың арасынан ең Рақымдысың ғой! (21:83)

Сенушілерден талап етілетін қасиеттердің бірі болып әділдік келеді. Әділдік кез келген мәселенің ақиқат бойынша шешілуін талап етеді, бұны сенушілердің өздері де сұрайды.

Ием! Мені кірер жеріме шындықпен кіргізші әрі шығар жерімнен шындықпен шығаршы! Маған Өзіңнен көмекке жарлық орнатшы! (17:80)

Ием! Ақиқат бойынша шешші! (21:112)

Идеологиялық соғыс қарсылас тарапынан шабуылдың әр түрлі әдістерін ойлап-табуға себепшіл болады. Оппонеттер сенушілерге қарсы өтірікті қолданудан жиренбейді. Бұдан сақтануды сұрайтын да өтініш бар.

Ием! Олардың маған таққан жаласына қарсы маған көмектесші! (23:26)

Ием! Олардың маған таққан жаласына қарсы маған көмектесші! (23:39)

Адамның тұратын жерінің де маңызы аз емес. Өмір сүру жағдайы мекендеу ортасының жағдайына тәуелді. Құранда қолайлы орта жайлы да сұрау бар.

Ием! Мені берекелі мекенге жайғастыршы, Сен жайғастырушылардың ең жақсысысың ғой! (23:29)

Басқаларды емес, өзіңнің ішкі күйіңді қадағалаушылық келесі үндеулерге түрткі себеп болды:

Ием! Маған талғағыштық беріп, мені түзелгендермен бірге сақташы! Менің тілімді басқалар үшін шындық етіп орнатшы! Мен үшін жарылқанған бақта мұра орнатшы! (26:83-85)

Ием! Сенің мені әрі менің әке-шешемді жарылқағаныңа алғысты болуға және Сен ырза болатын түзету іс істеуге мені ниеттендірші, әрі мені түзелген қызметшілеріңмен бірге мейіріміңе кіргізші! (27:19)

Ием! Сенің мені әрі менің әке-шешемді жарылқағаныңа алғысты болуға және Сен ырза болатын түзету іс істеуге мені ниеттендірші! Менің ұрпағымды жақсартушы қылшы! Расында, мен Саған тәубемен келдім! Расында, мен – бойұсынушымын! (46:15)

Кітаптың рухын бойына сіңірген адамда тәкаппарлық жоқ болуы тиіс. Мұқтаждығын мойындаушылық сенуші адам үшін ұятты нәрсе емес.

Ием! Расында, Сен маған жақсылықтан жіберетін нәрсеңе мен мұқтажбын! (28:24)

Жаратушыға деген үндеудің көпқырлылығы өтініш етудің көптеген түрлерін көрсетеді. Құранға еретін адам қалыптасқан бірсарынды «жырлардың» тұтқыны болмауы тиіс, ол әр жағдайда өзіне керекті өтінішті қолданады.